"2002 жылға арналған басқа да көмектерді қажет ететін жалғызілікті мүгедектерді күтуге тағайындалған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қосымша төлем жүргізу және тағайындау" Қағидасын бекіту туралы Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.10.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қарқаралы ауданы әкімияты резервінің қаражатын пайдаланудың Қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі N 357-I "Бюджет жүйесі туралы" заңы, 2001 жылдың 23 қаңтарындағы N 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 қыркүйектегі N 1408 "Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің қаражатын пайдаланудың тәртібін бекіту туралы" қаулысы және Қарағанды облысы әкімиятының 2002 жылғы 2 тамыздағы "Қарағанды облысы әкімияты резервінің қаражатын пайдаланудың Қағидасын бекіту туралы" қаулысын іске асыру мақсатында Қарқаралы ауданы әкімияты қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қарқаралы ауданы әкімияты резервінің қаражатын пайдаланудың Қағидасы бекітілсін (N 1 қосымша).
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Ж. Аймақовқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді.
Басқа 4
Қарқаралы ауданы әкімиятының 2002 жылғы 07 қазандағы N 21 қаулысымен бекітілген N 1 қосымша Қарқаралы ауданы әкімияты резервінің қаражатын пайдаланудың ҚАҒИДАСЫ Осы Қағида Қарқаралы ауданы әкімияты резервінің қаражатын бөлудің және пайдаланудың ретін белгілейді.
Тарау 1. 1. Жалпы қағидасы
1. Жалпы қағидасы
Тармақ 1
1. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) аудан әкімиятының резерві - тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджетте көзделген және бір жолғы сипаттағы көлденең шығыстарды қаржыландыру үшін аудан әкімиятының қаулысы бойынша бөлінетін қаражат;
Тармақша 2
2) көлденең шығыстар - ағымдағы қаржы жылына арналған аудандық бюджетті қалыптастыру кезінде күні бұрын жоспарлау мүмкін емес және ағымдағы қаржы жылында кейінге қалдырмай қаржыландыруды талап ететін шығыстар;
Тармақша 3
3) аудандық бюджеттен қаржыландырылатын аудан әкімияты мен атқарушы органдарының міндеттемелерін өтеу үшін, аудан әкімияты резервінің құрамындағы қаражат - аудан әкімияты резервінің құрамында көзделетін және сот шешімдері бойынша аудан әкімияты мен атқарушы органдарының міндеттемелерін өтеу үшін аудандық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне бөлінетін қаражат;
Тармақша 4
4) аудан әкімияты резервінің қаражатын алушы аудандық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі.
Тармақ 2
2. Аудан әкімияты резервінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын бір жолғы сипаттағы көлденең шығыстарға келесі шаралар:
Тармақша 1
1) табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жою;
Тармақша 2
2) төтенше жағдайлардың пайда болу нәтижесінде зардап шеккендерге материалдық көмек көрсету;
Тармақша 3
3) зардап шеккендер үшін уақытша тұруға және тамақтануға орындар дайындау және ұстау;
Тармақша 4
4) шұғыл қимыл жасайтын авариялық-құтқару және авариялық-қалпына келтіру бөлімшелерін техникалық құтқару құралдарымен, жабдықтарымен және жарақтарымен қосымша жарақтандыру;
Тармақша 5
5) төтенше жағдайлар аймағына күштер мен құралдардың тасымалдануын қамтамасыз ету;
Тармақша 6
6) сот шешімдері бойынша аудан әкімиятының, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеу;
Тармақша 7
7) аудан әкімиятының қаулысымен айқындалатын өзге де күтілмеген шығыстар жатады.
Тарау 2. 2. Аудан әкімияты резервінің қаражатын бөлудің және пайдаланудың тәртібі
2. Аудан әкімияты резервінің қаражатын бөлудің және пайдаланудың тәртібі
Тармақша 1
1) Аудан әкімиятының резервінен қаражат бөлуді, аудан әкімиятының қаулысы негізінде, заңдармен белгіленген тәртіппен жүргізілетін қаржыландыруды ашу арқылы, тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджеттің шығыстарының құрамында осы мақсаттарға бекітілген мөлшерлер шегінде қаржы бөлімі жүзеге асырады, онда алушы, бөлінетін қаражаттың көлемі мен оларды пайдаланудың мақсаттары, сондай-ақ қаражат қайтарымды негізде бөлінген жағдайда оларды берудің шарттары мен қайтарудың мерзімдері көрсетіледі.
Тармақша 2
2) Аудан әкімиятының резерв қаражатының қатаң арнаулы мақсаты болады және осы Қағида мен аудан әкімиятының резервтен қаражат бөлу туралы қаулысында көзделмеген мұқтаждарға пайдалануға болмайды.
Тармақша 3
3) Аудан әкімиятының резервінен қаражат бөлу туралы аудан әкімиятының қаулысын дайындаған кезде мынадай шарттар: аудандық бюджетте ағымдағы қаржы жылына арналған бөлінетін ақшаның болмауы; сот шешімдері бойынша аудан әкімияты мен атқарушы органдарының міндеттемелерін өтеу жағдайларын қоспағанда, аудан әкімиятының резерв қаражатына қажеттілік ағымдағы қаржы жылында пайда болуы және олардың қажеттілігі алушының бұрынғы міндеттемелерімен байланысты болмауы ескеріледі.
Тарау 3. 3. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға қаражат бөлу
3. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға қаражат бөлу
Тармақша 1
1) Жергілікті ауқымдағы табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жою аудан әкімиятын резерв қаражаты есебінен қаржыландырыла алады.
Тармақша 2
2) Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туындағанда, резервтен қаражат бөлу туралы айқындалған тәртіппен берілетін, негізделген материалдар мен олардың тізімдемелерін Төтенше жағдайлар жөніндегі аудандық комиссия қарайды және табиғи мен техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жою қажет кезде қаржы бөлімінің келісімі бойынша төтенше жағдайларды жоюға арналған қаражат бөлу туралы аудан әкімияты қаулысының жобасын аудан әкімиятының мәжілісіне тапсырады.
Тарау 4. 4. Сот шешімдері бойынша аудан әкімияты мен атқарушы органдарының міндеттемелерін өтеуге қаражат бөлу
4. Сот шешімдері бойынша аудан әкімияты мен атқарушы органдарының міндеттемелерін өтеуге қаражат бөлу
Тармақша 1
1) Сот шешімдері бойынша аудан әкімиятының, атқарушы органдарының міндеттемелерін өтеу, соттың атқарушы құжаттары болған жағдайда аудан әкімиятының қаражаты есебінен қамтамасыз етіледі.
Тармақша 2
2)Қолданыстағы заңдардағы көзделген негіздемелер болған жағдайда сот шешімдері бойынша төлемдер жүргізуге міндетті, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар аталған шешімдерге барлық сот сатыларына шағым беруге тиіс.
Тармақша 3
3) Атқарушы органдар шағым берілген сот кесімдерінің көшірмелерін аудандық бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне беруі тиіс.
Тармақша 4
4) Атқарушы органдар өздерінің заңсыз қабылдаған кесімдері үшін, сондай-ақ өздерінің лауазымды адамдарының әкімшілік басқару саласындағы заңсыз іс-әрекеттері үшін оларға "Әкімшілік шығыстар бағдарламасы бойынша бөлінген ақшамен жауап береді.
Тармақша 5
5) Аудан әкімиятының міндеттемелерін өтеуге аудан әкімиятының резервінен қаражат бөлу туралы аудан әкімияты қаулысының жобасын белгіленген заңдылықтар тәртібімен қаржы бөлімімен келісіп дайындайды және аудан әкімиятының аппаратына тапсырады.
Тарау 5. 5. Өзге де күтілмеген шығыстарға қаражат бөлу
5. Өзге де күтілмеген шығыстарға қаражат бөлу
Тармақша 1
1) Аудан әкімиятының резервінен өзге де күтілмеген шығыстарға қаражат бөлу үшін аудандардың (қалалардың) әкімдері қаржы басқармасына тиісті негіздемелерімен және есептеулерімен бірге қаражат бөлу туралы өтініш тапсырады.
Тармақша 2
2) Қаржы бөлімі берілген өтініштің негізінде аудан әкімиятының резервінен қаражат бөлудің мүмкіндігі, не болмаса мүмкін еместігі туралы қорытынды береді. Қаржы жылының ішінде қаражатты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтілмеген шығыстарға тиімді бөлу мақсатында өтінішті қарау кезінде, аудан әкімиятының резервінен өзге де күтілмеген шығыстарға бөлінетін қаражаттың сомасы, әрбір ағымдағы тоқсанда аудандық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтілмеген шығыстарға көзделген жылдық соманың 25%-нен аспауы тиіс. Бұл ретте аудан әкімиятының резервінен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтілмеген шығыстарға қаражат бөлу туралы аудан әкімиятының бұрын қабылданған қаулылары есепке алынады.
Тармақша 3. 6. Бақылау және есептілік
3) Аудандық бюджеттік бағдарлама әкімшісінің өтініші бойынша оң қорытынды болған жағдайда аудан әкімиятының резервінен өзге де күтілмеген шығыстарға қаражат бөлу туралы аудан әкімияты қаулысының жобасын белгіленген заңдылықтар тәртібімен аржы бөлімімен келісіп осы аудандық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі дайындайды. 6. Бақылау және есептілік
Тармақша 1
1) Аудан әкімиятының резервінен бөлінген қаражатты алушылар қаржы бөлімі белгілеген тәртіппен және уақытында олардың пайдаланылуы, орындалған жұмыстардың көлемі мен құны туралы есеп беруі тиіс.
Тармақша 2
2) Қаржы бөлімі аудан әкімиятының резерв қаражатын пайдалану және тиісті кезеңге оның қалдықтары туралы аудан әкімиятына ай сайын ақпарат тапсырады.
Тармақша 3
3) Аудан әкімиятының резервінен бөлінетін қаражатты мақсатсыз пайдаланғаны үшін, алушы Қазақстан Республикасының заңдарында қарастырылған тәртіппен жауап береді.
Тармақша 4
4) Аудан әкімиятының резервінен қаражатты мақсатқа пайдалануға бақылау жасауды қаржы бөлімі жүзеге асырады.