О квоте иммиграции оралманов на 2002 год Қолданыста
Басқа 0
Оралмандардың 2002 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 16 қыркүйектегі N 945 "Оралмандардың 2002 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы" Жарлығын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 1 қазандағы №1076 Қазақстан Республикасы Президентінің "Оралмандардың 2002 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы" 2002 жылғы 16 қыркүйектегі N 945 Жарлығын іске асыру туралы қаулысын жүзеге асыру мақсатында ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Алыс және жақын шетелдерден отандастарымызды қабылдау квотасы бекітілсін (тіркелді).
Тармақ 2
2. Оралмандардың отбасыларын қабылдау мен жайғастыруға арналған шығындар (бір жолғы жәрдемақылар, көлік шығындарын өтеу, тұрғын үй сатып алу, бейімделу орындарын ұстау және оралмандар отбасыларын ұйымдастыру шығындары) республика бюджетінен қаржыландыратыны қатерге алынсын.
Тармақ 3
3. Қала және аудан әкімдері, облыстық көші-қон және демография басқармасы (Имашев М.И.) оралмандардың отбасыларын қабылдап, жайластыруды және олар үшін қажетті әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар жасауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Қарасаева Ә.) оралмандар отбасыларына медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Облыстық ішкі істер басқармасы (Хайдар Х.С.) белгіленген орындарға дейін жүру кезінде қоныстанатын жерлерінде оралмандардың жеке басының және мүліктік қауіпсіздігін қамтамасыз етсін. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес оралмандардың Қазақстан Республикасы азаматтығын алуына жәрдемдессін.
Тармақ 6
6. Облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет (Жмыхов А.А.) заңнамада белгіленген тәртіппен оралмандарға жер телімдерін беруді қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы (Қайрешев С.М.):
Тармақша 1
1) оралмандарға кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға, ұлттық қол өнер кәсібін жаңғыртуға, фермерлік және шаруа қожалықтарын ұйымдастыруға, жұмысқа орналасуына жәрдемдессін;
Тармақша 2
2) оралмандардың отбасыларының құжаттарын шұғыл жүргізу үшін еріктілер ретінде студенттер мен зейнеткерлерді қоғамдық жұмыстарға қатыстырсын.
Тармақ 8
8. Облыстық білім беру басқармасы (Қайненов Қ.Қ.) оралмандардың білім және мамандық алуына, балаларының білім алуына жәрдемдессін.
Тармақ 9
9. Облыстық телерадиокомпаниясы (Нұрғалиев А.) оралмандардың келуі мен жайғастыру мәселелерін кеңінен жарияласын.
Тармақ 10
10. Облыстық мәдениет басқармасы (Иманғалиев Б.С.) жергілікті ақсақалдар, жастар, облыс, қала және аудан көлеміне танымал адамдардың қатысуымен салтанатты кездесу кештерін өткізсін.
Тармақ 11
11. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.Мүрсәлиеваға жүктелсін.
Басқа 14
Облыс әкімінің
2002 жылғы 11 қазандағы
N 495 шешіміне қосымша
Атырау облысы бойынша қоныстанушы оралмандардың
2002 жылғы бөлінген көші-қон квотасы
Рет саны
Оралмандар орналасу аудандары
Өзбекстан Республикасы
Барлығы
1
Атырау қаласы
10
10
2
Исатай
3
Жылыой
25
25
4
Құрманғазы
2
2
5
Мақат
6
Индер
1
1
7
Қызылқоға
8
Махамбет
2
2
Барлығы
40
40