Об утверждении Правил возмещения ставки вознаграждения (интереса) по лизингу сельскохозяйственной техники, осуществляемому за счет средств, предусмотренных в республиканском бюджете на 2002 год Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.11.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2002 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен жүзеге асырылатын ауыл шаруашылығы техникасының лизингi бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған 2002 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен жүзеге асырылатын ауыл шаруашылығы техникасының лизингi бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiмен бiрлесiп 2003-2008 жылдарға арналған республикалық бюджеттiң жобаларын дайындау кезiнде заңнамада белгiленген тәртiппен, республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын ауыл шаруашылығы техникасының лизингi бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу мақсатына арналған қаражатты республикалық бюджетке енгiзу жөнiндегi ұсыныстарды тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiң жобасын қалыптастыру жөнiндегi Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгiзсiн.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Басқа 4. 2002 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен жүзеге асырылатын ауыл шаруашылығы техникасының лизингi бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу ережесi
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 26 желтоқсандағы N 1375 қаулысымен бекiтiлген 2002 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен жүзеге асырылатын ауыл шаруашылығы техникасының лизингi бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу ережесi
Тармақ 1
1. Осы Ереже "Лизингтiк негiзде ауылшаруашылық техникасымен қамтамасыз етудi несиелендiру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 11 наурыздағы N 289 қаулысына және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң көрсетiлген қаулысын iске асыру шеңберiнде жасасылатын кредиттiк келiсiмдерге (бұдан әрi - Кредиттік келiсiмдер) сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бөлетiн, "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңында 085 "Лизингтiк негiзде ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз ету" деген бюджеттiк бағдарлама бойынша көзделген қаражат есебiнен жүзеге асырылатын ауыл шаруашылығы техникасының лизингi (бұдан әрi - Лизинг) бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеудiң тәртiбi мен шарттарын анықтайды.
Тармақ 2
2. Лизинг бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу " 2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2001 жылғы 15 желтоқсандағы және " 2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңдарымен Лизинг бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу мақсатына 042 "Бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын ауыл шаруашылығы техникасының лизингi бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу" деген бюджеттiк бағдарлама бойынша көзделген қаражат (бұдан әрi - Қаражат) есебiнен "Республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын ауыл шаруашылығы техникасының лизингi бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 19 қарашадағы N 1491 қаулысына сәйкес ауыл шаруашылығы техникасының лизингi бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеуге бағытталған сомалар шегерiле отырып жүргiзiледi. <*> Ескерту.2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.11.26. N 1181 қаулысымен .
Тармақ 3
3. "ҚазАгроҚаржы" жабық акционерлiк қоғамына (бұдан әрi - Қарыз алушы банк) Лизинг бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеудi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi (бұдан әрi - Әкiмшi) жүргiзедi.
Тармақ 4
4. Лизинг бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу ретiнде Әкiмшiнiң Қаражат бөлуi үшiн Қарыз алушы банк республикалық бюджеттiң кiрiсiне бiр жолғы немесе бөлiп-бөлiп, оның iшiнде мерзiмiнен бұрын Қарминнiң сыйақысын Кредиттiк келiсiмдерге сәйкес төлеу сәтiнде игерiлген кредиттердiң бiр бөлiгi бойынша олардың өтелуiн ескере отырып төлеудi қамтамасыз етедi.
Тармақ 5
5. Әкiмшiнiң Қарыз алушы банкке Қаражат бөлуi республикалық бюджеттен өтеусiз немесе қайтарусыз төлемдер жолымен, республикалық бюджеттiң кiрiсiне Қарминнiң тиiстi сыйақысын немесе оның бiр бөлiгiн Қарыз алушы банктiң Кредиттiк келiсiмдер бойынша төленгендiгi фактiсiн растайтын құжаттарды Әкiмшiге берген сәттен бастап 5 жұмыс күнi iшiнде Қарминнiң сыйақысын Қарыз алушы банктiң осы Ереженiң 4-тармағына сәйкес жүргiзiлетiн төлем сомасына тең көлемiнде жүргiзедi.
Тармақ 6
6. Әкiмшi тоқсан сайын есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 10 күнiне дейiнгi мерзiмде Қарминге Қарыз алушы банктiң республикалық бюджетке Қарминнiң сыйақысын аударғаны туралы және Әкiмшiнiң Лизинг бойынша Қарыз алушы банкке сыйақы (мүдде) ставкасын өтегенi туралы ақпаратты жiбередi.
Тармақ 7
7. Қарыз алушы банктiң осы Ереженi орындауын бақылауды Әкiмшi жүзеге асырады.