О дополнительном перечне объектов коммунальной собственности, подлежащих приватизации и передаче в жилищный фонд в 2002 году Қолданыста
Басқа 0
2002 жылы жекешелендіруге және тұрғын үй қорына беруге жататын коммуналдық меншік объектілерінің қосымша тізбесі туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2721 "Жекешелендіру туралы" Заң күші бар Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 қыркүйектегі № 1431 "Коммуналдық меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері" қаулысы, аудан әкімдерінің ұсыныстары негізінде, сондай-ақ жергілікті орындарда қосымша тұрғын үй қорын құру мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 21 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 27 бабы 1 тармағының 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2002 жылы жекешелендіруге (№1 қосымша) және тұрғын үй қорына беруге (N 2 қосымша) жататын коммуналдық меншік объектілерінің қосымша тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Атырау облысының коммуналдық меншік басқармасы (Ж.Әкімжанов) қолданыстағы заңнамаға сәйкес объектілердің жекешелендірілуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Аудан әкімдері қосымша тұрғын үй қорын әлеуметтік қорғауға жататын аз қамтылған тұрғындар және тұрғын үйге мұқтаж азаматтар арасында бөлуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.К.Нокинге жүктелсін.
Басқа 5
Облыс әкімиятының
2002 жылғы 23 қыркүйектегі
N 233 қаулысына N 1 қосымша
2002 жылы жекешелендіруге жататын коммуналдық меншік объектілерінің қосымша тізбесі
№
Объектінің атауы
Орналасқан жері
Балансы ұстаушы
Жекешелендіру түрі
Ұсыныс
1
N 6 мектептің ғимараты
Атырау қаласы, Азаттық көшесі N 162
Қалалық білім бөлімі
Сауда саттық түрінде саудада сату
06.08.02 ж. N 06-278 қалалық
әкімияттың хаты
2
Қ.Смағұлов атындағы мектептің пайдаланылмай тұрған ғимараты
Атырау қаласы Томарлы селосы
Қалалық білім бөлімі
Сауда-саттық түрінде саудада сату
25.03.02 ж. қалалық білім бөлімінің актісі
3
N 27 орта мектептің бос тұрған жылы-жай хаттамасы ғимараты
Атырау қаласы Вокзал маңы, 3 ықшам ауданы
Қалалық білім бөлімі
Сауда-саттық түрінде саудада сату
27.05.02 ж. Қалалық білім бөлімінің
4.
Бұрынғы балалар бақшасының
ғимараты
Құрманғаз ауданы, Шортанбай селосы
Шортанбай селолық округі
Сауда-саттық түрінде саудада сату
13.04.02 ж. N 449 Құрманғазы аудандық әкімиятының хаты
5.
Пайдаланылмай тұрған мектеп интернатының ғимараты
Құрманғазы ауданы, Сүйіндік селосы
Сүйіндік селолық округі
Сауда-саттық
түрінде саудада сату
13.04.02 ж. N 449 Құрманғазы аудандық әкімиятының хаты
6.
Пайдаланылмай тұрған бұрынғы банкінің түрінде
ғимараты
Құрманғазы ауданы, Сүйіндік селосы
Сүйіндік селолық округі
Сауда-саттық
түрінде саудада сату
01.08.02 ж. N 870 Құрманғазы аудандық
әкімиятының хаты
7.
Қамысқөл ықшам ауданындағы жылыту түрінде
қазандығы цехының ауданы бас корпусы
Құлсары қаласы Қамысқөл ықшам ауданы
Жылыой әкімінің аппараты
Сауда-саттық
түрінде саудада сату
Есептен шығару жөніндегі комиссия мәжілісінің 2002 жылғы 17.06.
N 13 хаттамасы
8.
Картоп өсіруге арналған пайдаланылмай тұрған голландық технология
Индер ауданы, Жарсуат селосы
Коммуналдық меншік объектісі
Сауда-саттық
түрінде саудада сату
Коммуналдық меншік басқармасы
9.
Г.Масалимов атындағы мектептің жатақхана ғимараты
Исатай ауданы
Г.Масалимов атындағы орта мектеп
Сауда-саттық
түрінде саудада сату
Есептен шығару жөніндегі комиссия мәжілісінің 2002
жылғы 17.06.
N 13 хаттамасы
Басқа 6
Облыс әкімиятының
2002 жылғы 23 қыркүйектегі
N 233 қаулысына N 2 қосымша
2002 жылы тұрғын үй қорына беруге жататын
коммуналдық меншік объектілерінің қосымша тізбесі
N
Объектінің атауы
Орналасқан жері
Балансы ұстаушы
Ұсыныс
1.
Бұрынғы амбулатория ғимараты
Индер ауданы, Елтай селосы
Индер аудандық денсаулық сақтау бөлімі
21.06.02 ж. N 568 Индер аудандық әкімиятының хаты
2.
"Ақ бота" балалар бақшасының бұрынғы ғимараты
Исатай ауданы Аққыстау селосы
Исатай аудандық білім бөлімі
04.06.02 ж. N 591 Исатай аудандық әкімиятының хаты
3.
Сүт дайындайтын ас үйдің бұрынғы ғимараты
Исатай ауданы Чапаев селосы
Исатай аудандық денсаулық сақтау бөлімі
04.07.02 ж. N 597 Исатай аудандық әкімиятының хаты
4.
Аудандық аурухана терапиясының бұрынғы ғимараты
Махамбет ауданы Махамбет селосы
Махамбет аудандық ауруханасы
12.08.02 ж. N 723 Махамбет аудандық әкімиятының хаты