Қоршаған ортаны ластағаны үшін 2002 жылға төлем мөлшерін бекіту туралы Қолданыста
Басқа 0
Қоршаған ортаны ластағаны
үшін 2002 жылға төлем мөлшерін
бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңының 29-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы негізінде, Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 462-бабын ескеріп, II сайланған облыстық Мәслихаттың XV сессиясы ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Облыс әкімінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы «Қоршаған ортаны ластағаны үшін 2002 жылға арналған төлем мөлшерлемесін облыстық Мәслихаттың кезекті сессиясына бекітуге енгізу туралы» № 344 шешімімен ұсынылған төмендегідей төлем мөлшерлері бекітілсін:
Тармақша 1
1) тұрақты көздерден ластағыш заттардың атмосфералық ауаға шығарғаны үшін (қосымша №1);
Тармақша 2
2) жылжымалы көздерден ластағыш заттарды атмосфералық ауаға шығарғаны үшін (қосымша №2);
Тармақша 3
3) ластағыш заттары тастаған үшін су обьектілеріне, фильтрден өткізу алаңдарына және жер бедеріне, жинақтаушыларға сарқынды суларды ағызғаны үшін, жер қойнауына (қосымша №3);
Тармақша 4
4) өндіріс және тұтыну қалдықтарын улылық сыныптары бойынша орналастырғаны, сақтағаны (көмгені) үшін (қосымша №4);
Тармақша 5
5) атмосфераны жылулықпен ластағаны үшін (қосымша №5).
Тармақ 2
2. Қоршаған ортаны белгіленген лимиттен тыс ластағаны үшін төлем мөлшері он есе өсіріледі.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық Мәслихаттың экономика, кәсіпкерлікті дамыту, қаржы және бюджет тұрақты комиссиясының төрағасы М.Т.Шырдабаевқа жүктелсін.
Басқа 9
Атырау облысы әкімінің шешімі
2001 жылғы 11 желтоқсан № 344
Қоршаған ортаны ластағаны үшін 2002 жылға арналған төлем мөлшерлемесін облыстық Мәслихаттың кезекті сессиясына бекітуге енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңының 29-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының, Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 462-бабын
ескеріп, облыс әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем мөлшерлемесі облыстық Мәслихаттың кезекті сессиясында бекітуге енгізілсін:
Тармақша 1
1) тұрақты көздерден ластағыш заттардың атмосфералық ауаға шығарылғаны үшін (қосымша №1);
Тармақша 2
2) жылжымалы көздерден ластағыш заттарды атмосфералық ауаға шығарғаны үшін (қосымша №2);
Тармақша 3
3) ластағыш заттарды тастаған үшін суобъектілеріне, фильтрден өткізу алаңдарына және жер бедеріне, жинақтағыштарға
сарқынды суларды ағызғаны үшін (қосымша №3);
Тармақша 4
4) өндіріс және тұтыну қалдықтарын улылық сыныптары бойынша орналастырғаны, сақтағаны (көмгені) үшін (қосымша №4);
Тармақша 5
5) атмосфераны жылулықпен ластағаны үшін (қосымша №5).
Тармақ 2
2. Қоршаған ортаны белгіленген лимиттен тыс ластағаны үшін төлем мөлшері он есе өсіріледі.
Тармақ 3
3. Осы шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ф.Г.Ерғалиевке жүктелсін.
Басқа 18
Облыстық мәслихаттың 2001 жылғы
27 желтоқсандағы ХV сессиясының
175 – II шешіміне №1 қосымша
Атмосфералық ауаға тұрақты көздерден шығарып тастағаны үшін төлемнің аймақтық нормативтері (мөлшерлеменің) (шарты тонна)
Аймақ
Теңге/шартты
Атырау облысы
250
Ескерту: Шартты тонна үшін мөлшерлемені 1/ШЖБШ (шектеулі жол берілетін шоғырландыру) мг\м3 (1\ПДК мг\м3) формуласы бойынша белгіленетін әрбір заттың қауіптілік коэффициентіне көбейте отырып, табиғатты пайдаланушылар – кәсіпорындар заттың әр түрі бойынша шығарудың шартты үшін төлем есептерін бере алады (Елді мекенднрдің атмосфералық ауасына ластағыш заттардың шамамен қауіпсіздік деңгейде әсер етуінің жинағы ГН 2.1.6. 696-98, РК 3.02.037.99).
Басқа 19. Жылжымалы көздерден: автокөліктерден, Тепловоздардан, тракторлардан , өзен және теңіз кемелерінен, жол – құрылыс, ауыл шаруашылығы, басқа да іштен жанатын двигательдермен жабдықталған техникадан шығарылатын ластағыш заттар үшін нормативтік төлемдер (мөлшерлемелер) (физ.т.).
Облыстық мәслихаттың 2001 жылғы
27 желтоқсандағы ХV сессиясының
175 – II шешіміне №2 қосымша
Жылжымалы көздерден: автокөліктерден, Тепловоздардан, тракторлардан , өзен және теңіз кемелерінен, жол – құрылыс, ауыл шаруашылығы, басқа да іштен жанатын двигательдермен жабдықталған техникадан шығарылатын ластағыш заттар үшін нормативтік төлемдер (мөлшерлемелер) (физ.т.).
№
Отын түрлері
Теңге физ/т.
1
Этилденбеген бензин
330
2
Этилденген бензин
410
3
Дизель отыны
520
4
Сұйытылған мұнай газы
296
5
Табиғи газ
200
Басқа 20
Облыстық мәслихаттың 2001 жылғы
27 желтоқсандағы ХV сессиясының
175 – II шешіміне №3 қосымша
Қоршаған ортаға ластағыш заттарды тастағаны үшін төлем (мөлшерлеме) нормативтері (шарты тонна).
Аймақ
Теңге/шартты
тонна
Атырау облысы:
-су объектілеріне
-сүзгіден өткізу алаңдарына,
жер бедеріне,
жинақтаушы тоғандарға
16600
9000
Ескерту: Табиғат пайдаланушы – кәсіпорындар ластаған заттардың шартты, сондай –ақ физикалық тоннасы үшін төлемдер есептерін ұсынуы мүмкін.
Сарқынды сулармен су объектілеріне түсетін ластағыш заттарды тастағаны үшін төлемдерді есептегенде балық шаруашылығы маңызындағы сулар үшін ЖБШШ мг\л (жол берілетін шекті шоғырлану (ПДКмг\л) алынады.
Басқа 21. Улылық сыныптарына қарай өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырғаны, сақтағаны (көмгені) үшін төлем нормативтері (мөлшерлемелері) (физ.тонна)
Облыстық мәслихаттың 2001 жылғы
27 желтоқсандағы ХV сессиясының
175 – II шешіміне №4 қосымша
Улылық сыныптарына қарай өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырғаны, сақтағаны (көмгені) үшін төлем нормативтері (мөлшерлемелері) (физ.тонна)
№
Қалдықтардың улылық сыныбы
Балл Саны
Қауіптілік дәрежесі
Төлем нормативі (мөлшерлемесі) теңге/физ.т.
1
1
32
Төтенше қауіпті
3200
2
2
16
Жоғары дәрежеде қауіпті
1600
3
3
4
Бірқалыпты дәрежеде қауіпті
400
4
4
2
Жеткіліксіз дәрежеде қауіпті
200
5
5
1
улылықсыз
100
Басқа 22. Атмосфералық ауаны жылулықпен ластағаны үшін аймақтық төлем нормативі
(мөлшерлемесі) (Гкал)
Облыстық мәслихаттың 2001 жылғы
27 желтоқсандағы ХV сессиясының
175 – II шешіміне №5 қосымша
Атмосфералық ауаны жылулықпен ластағаны үшін аймақтық төлем нормативі
(мөлшерлемесі) (Гкал)
Аймақ
Өлшем бірлігі
Атырау облысы
Теңге/Гкал
Алауларда газ жағудан атмосфераның жылулықпен ластануы
450