О ставках платы за загрязнение окружающей среды на 2002 год Күшін жойған
Басқа 0
Қоршаған ортаны ластағаны үшiн 2002 жылға арналған төлем ставкалары туралы
III шақырылған
Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II Заңының 6-бабының 1 тармағының 2 тармақшасына,«"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы N 209-II Кодексiнiң 462-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қоршаған ортаны ластағаны үшiн 2002 жылға арналған төлем ставкалары қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің 1-тармағы қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдерді төлеу 2002 жылдың 1-қаңтарынан бастап 31-желтоқсанға дейін таратылады.
Тармақ 3
3. 1) ІІ шақырылған Шығыс қазақстан облыстық мәслихатының "қоршаған ортаны ластағаны үшiн 2002 жылға арналған төлем ставкалары туралы" 2001 жылғы 21 желтоқсандағы N 12/8-ІІ шешімі, тіркеу N 651 ("Рудный Алтай" 2002 жылғы 2 ақпандағы N 18-19);
Тармақша 2
2) ІІ шақырылған Шығыс қазақстан облыстық мәслихатының "қоршаған ортаны ластағаны үшін 2002 жылға арналған төлем ставкалары туралы" Шығыс қазақстан облыстық мәслихатының 2001 жылғы 21 желтоқсандағы N 12/8-II шешіміне толықтырулар енгізу туралы" 2002 жылғы 5 шілдедегі N 16/2-ІІ шешімі, тіркеу N 869 ("Рудный Алтай" 2002 жылғы 13 шілдедегі N 106-107) жойылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешiм Шығыс қазақстан облысының әділет департаментінде мемлекеттік тiркелген күнінен бастап заңды күшiне енедi.
Басқа 6. Шығыс қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаны
ластағаны үшiн төлемдердің 2002 жылға
арналған ставкалары
Шығыс қазақстан
облыстық мәслихатының
2004 жылғы 28 қыркүйектегі
N 7/93-ІІІ шешiмiне
қосымша
Шығыс қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаны
ластағаны үшiн төлемдердің 2002 жылға
арналған ставкалары
р/р
N
Төлем ставкаларының
көрсеткiштерi
2002 жылға
арналған
төлем ставкалары
1.
а) Тұрақты көздерден
атмосфераға ластаушы заттарды
шығарғандығы үшiн
б) Тұрғындарға қызмет
көрсететiн жылу көздерiнен
(жылуэлектр стансалары,
қазандықтар) атмосфераға
ластаушы заттарды шығарғаны үшiн
170 теңге/шартты
тонна
150 теңге/шартты
тонна
2.
а) Су қоймаларына сарқынды
суларды ағызғаны және жер асты
суларын ластағаны үшiн
б) Тұрғын үй-коммунальдық
шаруашылық кәсiпорындары үшiн
су қоймаларына сарқынды суларды
ағызғаны үшiн
7000 теңге/шартты
тонна
6000 теңге/шартты
тонна
3.
Рельефке, сүзу алаңдарына, су
жинағыштарға, жайылма суландыру
алаңдарына сарқынды суларды
ағызғаны үшiн
10 теңге/текше
метр
4.
а) Өнеркәсiп кәсiпорындарынан
өндiрiс және тұтыну қалдықтарын
орналастырғаны үшiн:
5 сынып
4 сынып
3 сынып
2 сынып
1 сынып
100 теңге/тонна
200 теңге/тонна
400 теңге/тонна
1600 теңге/тонна
3200 теңге/тонна
б) Халықтың қатты тұрмыстық
қалдықтарын орналастырғаны үшiн
30 теңге/тонна
в) Iрi тонналық қалдықтарды
орналастырғаны үшiн:
байыту қалдықтарын
аршу кендерiн
5 теңге/тонна
10 теңге/тонна
г) Ауыл шаруашылығы өндiрiсi
қалдықтарын (көң) су қорғау
аумақтарына орналастырғандығы
үшiн:
жабдықталмаған алаңдарға
жабдықталған алаңдарға
25 теңге/тонна
5 теңге/тонна
д) Арнайы пункттерде қатты және
сұйық радиоактивтi қалдықтарды
орналастырғаны үшiн
3200 теңге/тонна
5.
Арнайы пункттерде иондалатын
сәулеленудiң жабық көздерiн
орналастырғаны үшiн
Көму жөнiндегi
орындалған жұмыс
құнының 20 пайызы
6.
қатты және сұйық радиоактивтi
қалдықтарды нормативтен тыс
мерзiмге уақытша сақтау үшiн
Көму жөнiндегi
орындалған жұмыс
құнының 10 пайызы
7.
Мыналарды пайдалану кезiнде
жылжымалы көздердiң барлық
түрлерiнен зиянды заттарды
атмосфераға шығарғаны үшiн:
1 тонна бензиндi,
1 тонна дизотынды,
1 тонна қысымды және
сұйытылғын газды,
1 тонна керосиндi
300 теңге
250 теңге
200 теңге
200 теңге