2002 жылғы көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастыруға ауылшаруашылығы тауарларын өндiрушiлерiн несиелендiру туралы Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.03.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2002 жылғы көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастыруға ауылшаруашылығы тауарларын өндiрушiлерiн несиелендiру туралы Облыстық мәслихаттың 2002 жылғы 20 наурыздағы X сессиясының «Облыстық мөслихаттың 2001 жылғы 21 желтоқсандағы «2002 жылға арналған облыстық бюджет туралы» IX сессиясының шешіміне езгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімін жүзеге асыру мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. 2002 жылға арналған облыстық бюджетте қаралған 45 млн. теңгені ауылшаруашылық тауар өндірушілерін несиелендіруге қаражат бөлу жөніндегі уәкілетті органы болып облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы белгіленсін.
Тармақ 2
2. 2002 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға ауыл шаурашылығы тауарларын өндірушілерді несиелендіру ережесі бекітілсін (қоса беріліп отыр).
Тармақ 3
3. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы (Қ.Ахметов) тиісті қаржыны егілетін ауылшаруашылығы дақылдарының көлеміне қарай аудандарға және Қызылорда қаласына бөлуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалүына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Б.Қуандықовқа жүктелсін.
Басқа 5
Облыс әкімінің 2002 жылғы 21 наурыздағы № 196 қаулысымен бекітілген 2002 жылдың көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға ауылшаруашылық тауарлар өндірушілерін несиелендіру ЕРЕЖЕСІ
Тармақ 1
1. Осы ереже Қ.Р. Үкіметінің 2002 жылғы 20 ақпандағы № 229 «2002 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға жергілікті бюджеттерді несиелендірудің кейбір мәселелері туралы» қаулысымен бекітілген 2002 жылдың көктемгі егіс және егін жинау жұмысын жүргізуді ұйымдастыруға жергілікті бюджеттерді несиелендіру ережесіне сәйкес әзірленді және 10.1.257.83 «2002 жылдың көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу ұйымдастыруды жергілікті бюджеттен несиелендіру» бюджеттік бағдарламасы бойынша несиелендірудің шарттары мен тәртібін анықтайды және 45000000 (қырық бес миллион) геңге сомадағы несиенің (бұдан әрі- Несие) әкімшісі - облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы болып табылады.
Тармақ 2
2. Қ.Р.Үкіметінен облыстық бюджетке бөлінген 45000000 (қырық бес миллион) теңге сомадағы несие қайтарымды, төлем, мерзімді шартымен 4,9 пайыз жылдық ставка бойынша сыйақыны қамтамасыз етумен 2002 жылғы 1 желтоқсанға дейінгі мерзімге бөлінеді.
Тармақ 3
3. Облыстық бюджетке Несие бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің тәсілі ретінде Қазақстан Республикасынын Қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне 2002 жылдың ішінде қысқартылмайтын тиісті жергілікті бағдарламаларды айқындай отырып, 2002 жылға арналған облыстық бюджеттерде Несие бойынша түсім, өтем және сыйақы төлеу көзделген тиісті мәслихаттардың шешімдерін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді несиелендіру жөніндегі бюджеттік бағдарламаларды және осы ережені тапсырады.
Тармақ 4
4. Екінші деңгейдегі банктер облыстағы ауыл шаруашылығы тауарлар өндірушілеріне несие берудегі қаржы операторы қызметін орындайды. Қ.Р. Ұлттық Банкісінің бекітілген шектелген нормативтерін орындау барысында тек екінші деңгейдегі банктер ғана қаржы операторы болады.
Тармақ 5
5. Екінші деңгейдегі банктердің несие берген қызметі үшін жылдық 10 пайыздан аспайтын сыйақы белгіленеді. Республикалық бюджеттің заемы бойынша сыйақы (мүдделер) және банкіге сыйақы сомалары 14.1.105.53.31. «Көктемдегі егіс және жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға жергілікті бюджеттерді несиелендіру бойынша сыйақыларды (мүдделерді) төлеу», 14.1.105.53.30. «Заемдарды орналастырғаны үшін комиссиялық төлемдер» облыстық бюджет есебінен төленеді, бағдарламаларында көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Несиелендіру лимитін Қызылорда қаласы мен әр аудандардың егілетін егіс көлеміне сәйкес басқарма белгілейді.
Тармақ 7
7. Ауыл шаруашылығы тауарлар өндірушілердің тізімін-несие алушыларды банктегі қаржы операторларымен келісе отырып, Қызылорда қаласы және аудан әкімдері анықтайды. Сондықтан, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері банктердің несие алушыларға қойған стандартты шарттарын орындауға міндетті.
Тармақ 8
8. Қызылорда қаласы және аудан әкімдері республиканың қолданыстағы заңнамасына сәйкес, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері-несие алушылармен бірдей банк алдында жәрдемдесуге жауапкершілік алады.
Тармақ 9
9. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері алған несиені жанар-жағар май алуға, тұқымға, тыңайтқышқа, гербицидке, қосалқы бөлшектерге, ауыл шаруашылығы техникасын жалға немесе сатып алуға ғана жұмсайды.
Тармақ 10
10. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің бөлінген лимитті толық игеруіне, несиені уақытылы алуына және оның басқа мақсаттарға жұмсалмауына қала және аудан әкімдері жауапты.
Тармақ 11
11. Екінші деңгейдегі банктер-қаржы операторлары Несиенің облыстык бюджетке 2002 жылдың 1 қарашасынан кешіктірмей қайтарылуын қамтамасыз етеді. Өтелген несие сомалары 501603 «Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне берілген несиенің қайтарылуы» коды бойынша көрсетіледі.
Тармақ 12
12. Реслубликалық бюджетке несиенің қайтарылуын белгіленген мерзім бойынша 2002 жылдың 1 желтоқсанына дейін Облыстық қаржы басқармасы 16.1.105.55 «Астана, Алматы қалалары және жергілікті атқарушы органның қарыздарын өтеу» бағдарламасы бойынша қайтарылуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 13
13. Республикалық бюджеттен займ бойынша алынған көлемі 1660000 (бір миллион алты жүз алпыс мың) теңгенің сыйақы сомасын қайтару 402.101 «Республикалық бюджеттегі трансферттер» бағдарламасында көрсетіледі.
Тармақ 14
14. Басқарма ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің алған несиесін мақсатына пайдалануына бақылау жүргізеді. Осы Ереженің 10 пунктіне сәйкес Қызылорда қаласы және аудан әкімдері несиенің мақсатты жұмсалуына бақылау жүргізуіне құқығы бар.