«Қызылорда облысында 2002 жылға облыстық медициналық мекемелердiң көрсететiн медициналық қызметiнiң мемлекеттiк тапсырысына төлеу туралы Ережесiн» және Қызылорда облысында 2002 жылға облыстық медициналық мекемелердiң көрсететiн медициналық қызметiне мемлекеттiк тапсырысының орта (базалық) тарифiн бекiту туралы Қолданыста
Басқа 0
«Қызылорда облысында 2002 жылға облыстық медициналық мекемелердiң көрсететiн медициналық қызметiнiң мемлекеттiк тапсырысына төлеу туралы Ережесiн» және Қызылорда облысында 2002 жылға облыстық медициналық мекемелердiң көрсететiн медициналық қызметiне мемлекеттiк тапсырысының орта (базалық) тарифiн бекiту туралы
«Ақысыз медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн бекiту туралы» 2000 жылғы 27 қаңтардағы № 135, «Медициналық көмек шығынын төлеу Ережесiн бекiту туралы» 2000 жылғы 27 мамырдағы № 806 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларына сәйкес облыс әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. № 1-2 қосымшаларға сәйкес «Қызылорда облысында 2002 жылға облыстық медициналық мекемелердiң көрсететiн медициналық қызметiнiң мемлекеттiк тапсырысына төлеу туралы Ережесiн және Қызылорда облысының 2002 жылғы облыстық медициналық мекемелерiнiң көрсететiн медициналық қызметiне мемлекеттiк тапсырысының орта (базалық) тарифi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары Н.Ерiмбетовке жүктелсiн.
Басқа 3
Облыс әкiмиятының
2002 жылғы 12 шілдедегі № 286
қаулысымен БЕКIТIЛГЕН
№ 1 қосымша
Қызылорда облысында 2002 жылға мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде облыстық медициналық мекемелер көрсететiн медициналық қызметiн төлеудiң орта (базалық) тарифi Ережесi
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Орта (базалық) тариф «Ақысыз медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн бекiту туралы» 2000 жылғы 27 қаңтардағы № 135, «Медициналық көмек шығынын төлеу Ережесiн бекiту туралы» 2000 жылғы 27 мамырдағы № 806 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары негiзiнде мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде медициналық қызмет көрсететiн облыстық емдеу-сауықтыру мекемелерiн қаржыландыру үшiн жасалған.
Тармақ 2
2. Тариф ережесi барлық медициналық қызмет көрсетушiлерге, яғни меншiк түрiне қарамастан облыстық денсаулық сақтау басқармасымен келiсiм шартқа отырған барлық облыстық денсаулық сақтау мекемелерiне таралады.
Тармақ 3
3. Облыстық денсаулық сақтау басқармасымен медициналық қызмет көрсетушiлер арасындағы қарым-қатынас мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде медициналық көмектiң кепiлдi ақысыз көлемiн көрсетуге арналған Типтiк келiсiм-шарт негiзiнде құрылады.
Тармақ 4
4. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы медициналық қызмет көрсетушiлерден реестрге сәйкес орындалған жұмысты қабылдағаннан кейiн осы мекемелердiң шығындарын жоғарыда көрсетiлген қаулымен бекiтiлген мынадай принциптерге сәйкес:
Тармақша 1
1) стационарлар үшiн клиникалық-шығынды топтың коэффициенттерiн қолдану арқылы емделгендердiң санына қарай;
Тармақша 2
2) амбулаторлы-емханалық мекемелер бойынша амбулаторлы-емханалық тарификаторға сәйкес медициналық қызметтi қоса есептегендегi дәрiгерге қаралу санына қарай;
Тармақша 3
3) стоматологиялық мекемелер бойынша үйлескен еңбек бiрлiгiне қарай;
Тармақша 4
4) қан өндiрiсi бойынша орындалған жұмыс көлемiне қарай;
Тармақша 5
5) салауатты өмiр салтын насихаттау бойынша орындалған жұмыс көлемiне қарай төлейдi.
Бұл орайда басқа критерийлер бойынша баға мен төлем қолданылмайды.
Тармақ 5
5. Аудандық, қалалық денсаулық сақтау бөлiмдерi аудан және қала әкiмдерi бекiтетiн өздерiнiң тарифтерiн әзiрлейдi.
Тармақ 6
6. Стационардың күндiзгi келiм-кетiмiне (аурухана iшiндегi) арналған медициналық қызметтерге төлем, сонымен қатар үй жағдайындағы стационарлар үшiн төлем емделген науқастың клиникалық-шығынды топ коэффициенттерiн қоса пайдаланғандағы құнынан немесе тарификаторға сәйкес амбулаторлы-емханалық мекемелердегi күндiзгi стационарының емделген жағдайының 20 пайызынан кем емес көлемде жасалады.
Тармақ 7
7. Стацинарлық емдеу кезiндегi тексерiлу барысында мамандандырылған медициналық мекемелерде емделудi талап ететiн туберкулез, онкологиялық, жұқпалы және басқа да аурулар диагнозы қойылған науқастар үшiн төлем клиникалық-шығынды топ құнының 50 пайызынан аспау керек.
Тармақ 8
8. Аурулардың халықаралық сыныптама-10-ға байланысты қойылған әртүрлi диагноздармен аурухана iшiндегi ауыстырылған науқастарды стационарлық емдеу үшiн төлем қорытынды диагноздың клиникалық-шығынды топ арқылы төленуi мүмкiн.
Тармақ 9
9. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы ведомстволық бағыныстағы мекемелер үшiн қаралған қаржы шегiнде мемлекеттiк тапсырыс көлемiн анықтайды және бөледi.
Мемлекеттiк тапсырыстың медициналық қызметiн көрсетушiлер
Тармақ 10
10. Қызмет ету бағытына және түрлерiне қарай медициналық қызмет көрсетушiлердiң келесi топтарын анықтау:
Тармақша 1
1) стационарлық көмек: көп салалы стационарлар, темiржол аурухана стационарлары, терi-жiңiшке аурулар диспансерлерi, Байқоңыр қаласының емдеу-сауықтыру мекемелерi (арнайы келiсiм-шартқа байланысты);
Тармақша 2
2) кеңес беру-диагностикалық көмек: кеңес беру-диагностикалық емханалары мен орталықтары;
Тармақша 3
3) стоматологиялық көмек: стоматологиялық емханалар мен меншiк түрiне тәуелсiз кабинеттер;
Тармақша 4
4) қан өндiру: облыстық қан орталығы;
Тармақша 5
5) салауатты өмiр салтын насихаттау: облыстық салауатты өмiр салты мәселелерiн қалыптастыру орталығы.
Тарифтердi есептеу
Тармақ 11
11. Орта (базалық) тарифтердi есептеу 54 (амбулаторлы-емханалық, диагностикалық медициналық көмек көрсету), 36 (жергiлiктi деңгейде халыққа мамандандырылған медициналық көмектi қосқандағы стационарлық көмек), 34 (қан өндiрiсiнде медициналық қызмет көрсету) және 41 (салауатты өмiр салтын насихаттау кезiнде медициналық қызмет көрсету) бағдарламалар бойынша денсаулық сақтау саласына бөлiнген бюджеттiк сомалар негiзiнде жасалады.
Тармақ 12
12. 36, 54, 34 және 41 бағдарламаларына бөлiнген қаржысынан өткiзiлген конкурсқа сәйкес мемлекеттiк тапсырысқа қатысатын емдеу мекемелерi анықталады.
Тармақ 13
13. Есепке алу бiрлiгiнiң болжамды санын анықтау.
Тармақша 1
1) Стационарлар үшiн есепке алу бiрлiгiнiң болжамды саны кепiлдi көлем бойынша емделген жағдай сомасына теңгерiледi.
Тармақша 2
2) Алғашқы медициналық-санитарлық көмек үшiн есепке алу бiрлiгiнiң болжамды саны: дәрiгерге көрiну санына, соның iшiнде бұрынғы жылдар мәлiметтерi бойынша және тарификаторды қоса есептегенде амбулаторлы-емханалық, диагностикалық мекемелермен көрсетiлген медициналық қызметтерге.
Тармақша 3
3) Стоматология үшiн - бұрынғы жылдар мәлiметтерi деңгейiнде үйлескен еңбек бiрлiгi.
Тармақша 4
4) Қан өндiрiсi үшiн - бұрынғы жылдар мәлiметтерi деңгейiнде.
Тармақша 5
5) Салауатты өмiр салтын насихаттау үшiн - орындалған жұмыс көлемiне қарай.
Тармақ 14
14. Базалық тарифтердi есептеу:
Тармақша 1
1) клиникалық-шығынды топ бойынша мемлекеттiк тапсырыстың барлық стационарлары;
Тармақша 2
2) дәрiгерге қаралуға, соның iшiнде амбулаторлы-емханалық тарификаторды қоса есептегендегi медициналық қызмет;
Тармақша 3
3) үйлескен еңбек бiрлiгi бойынша - стоматологиялық емханалар;
Тармақша 4
4) орындалған жұмыс көлемiне байланысты - қан орталығы және салауатты өмiр салты мәселелерiн қалыптастыру орталығы.
Тарифке коэффициенттер
Тармақ 15
15. Көрсетiлген медициналық қызметтiң көлемi мен сапасын, медициналық мекемелердiң соңғы медициналық құрал-жабдықтармен жарақтануын, дәрiгерлердiң және басқа да медициналық персоналдардың мамандығын арттырудың, тексеру мен емдеудiң жан-жақтылығын есепке ала отырып, жасалған тарифке коэффициент қойылуы мүмкiн.
Қызметтердiң басымдығы бойынша медициналық қызмет көрсетуге төлеудiң кезектiлiгi
Тармақ 16
16. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек, кеңес беру-диагностикалық емханалар, облыстық кеңес беру-диагностикалық орталығы мекемелерi мен бөлiмдерi.
Тармақ 17
17. Көп салалы ауруханалар, диспансерлер, темiржол ауруханалары.
Тармақ 18
18. Стоматологиялық емханалар және басқа да медициналық ұйымдар.
Тармақ 19
19. Облыстық қан тапсыру орталығы.
Тармақ 20
20. Облыстық салауатты өмiр салтын қалыптастыру орталығы.
Медициналық қызмет көрсеткенi үшiн алынған қаржыларды жұмсау
Тармақ 21
21. Медициналық мекемелердiң iшiндегi еңбекпен табылған қаржыларды жұмсау, жеке меншiктегi кәсiпорынды қоспағанда, жасалған сметалар шеңберiнде жүзеге асырылады (ағымдағы жыл iшiндегi қажеттi өзгерiстердi қоса есептегенде).
Тармақ 22
22. Бiрiншi кезекте жалақы, жалақы есептеуi, дәрi-дәрмектер, тамақтандыру, содан кейiн медициналық мекемелердiң еңбек қорғау, сауықтыру шараларын өткiзу және медициналық қызметкерлердiң кәсiби қателерiн сақтандыру және жұмсақ, қатты жабдықтарды, құрал-жабдықтарды iс-сапар шығындарын, коммуналдық қызметтерге шығындарды қоса есептегендегi басқа да шығындар төленедi.
Есеп беру
Тармақ 23
23. Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын медициналық ұйымдар Үкiмет және басқа да жоғары тұрған органдар бекiткен тәртiп және формалар бойынша бюджет қаржыларының пайдаланылуы туралы бағдарламалардың әкiмшiлерiне есеп бередi.
Тарифтердiң iс-қимыл мерзiмдерi
Тармақ 24
24. Осы тарифтер 2002 жылғы 1 маусымнан бастап, жаңа тарифтер қабылданғанға дейiн жұмыс iстейдi.