Қолданыстағы ред. 02.05.2001

Облыстың 2002 жылдың I тоқсанындағы әлеуметтiк-экономикалық даму қорытындылары туралы от 02.05.2001 г. № 227 (Облыстың 2002 жылдың I тоқсанындағы әлеуметтiк-экономикалық даму қорытындылары туралы)

0

Облыстың 2002 жылдың I тоқсанындағы әлеуметтiк-экономикалық даму қорытындылары туралы
Есептi кезеңде жергiлiктi атқарушы органдардың iс-қимылы Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Республикасы тәуелсiздiгiнiң 10 жылдығына арналған салтанатты жиналыста және 2002 жылғы 25 қаңтардағы барлық деңгейдегi әкiмдермен өткiзген кеңесте сөйлеген сөздерiнен туындайтын мiндеттердi орындауға бағытталды.
Қабылданған мемлекеттiк және аймақтық бағдарламаларды iске асыруда бiрсыпыра табыстарға қол жеттi.
Облыстың әлеуметтiк-экономикалық жағдайын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2002 жылғы 13 наурыздағы Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында берiлген тапсырмаларын орындау жөнiндегi iс-шаралар жоспары жүзеге асырылуда.
Нәтижесiнде экономиканың нақты секторы мен әлеуметтiк салада он iлгерiлеушiлiк тенденциясы байқалады.
Өнеркәсiп өнiмiнiң көлемi 34,9 пайызға, ауыл шаруашылығының жалпы өнiмi 1,4 пайызға, негiзгi капиталға салынған инвестициялар 34,9 пайызға өстi. Жалпы салық түсiмдерi бойынша болжам 124,2 пайызға, жергiлiктi бюджеттiң кiрiс бөлiгi 103,6 пайызға орындалды. Орташа айлық жалақы 15,1 пайызға, халықтың банк мекемелерiндегi салымдары 56,0 пайызға көбейдi. Сонымен қатар, облыстың әлеуметтiк-экономикалық дамуында жекелеген кемшiлiктер мен олқылықтар бар.
Өңдеу өнеркәсiбiнде өнiм өндiру көлемiнiң төмендеуi жалғасуда. Қармақшы және Жалағаш аудандарында өнеркәсiп өнiмiн өндiру қысқарған.
Ауыл шаруашылығында егiс науқанына тұқымдық және жанар-жағар май материалдары, минералды тыңайтқыштар жеткiлiксiз. Шаруашылықаралық және шаруашылықiшiлiк каналдарды жөндеу жөнiндегi жұмыс баяу жүргiзiлуде. Кедейшiлiк деңгейi, әсiресе Қармақшы ауданы (7,5 %) мен Қызылорда қаласында (6,9%) көбейдi.
Халықтың қатерлi iсiкпен науқастануы бiршама өскен. Бюджетке салықтардан берешектiң, мерзiмi өткен дебиторлық және кредиторлық қарыздың өсуiне жол берiлдi.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 28 наурыздағы № 827 «Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын iске асыру жөнiндегi одан арғы шаралар туралы» Жарлығын орындау мақсатында облыс әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1

1. Облыстық экономика басқармасының бастығы Б. Шәменованың «Облыстың 2002 жылдың I тоқсанындағы әлеуметтiк-экономикалық даму қорытындылары туралы» хабарламасы қаперге алынсын.

2

2. Аудан және Қызылорда қаласы әкiмдерi, облыстық басқармалар мен ведомстволар:

1

1) аймақтардың (салалардың) 2002 жылдың I тоқсанындағы әлеуметтiк-экономикалық даму қорытындыларын қарасын және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiнде нақты шаралар айқындасын;

2

2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң «2002 жылды - Денсаулық жылы деп жариялау туралы» Жарлығын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарының орындалуын қамтамасыз етсiн;

3

3) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2002 жылғы 13 наурыздағы Қызылорда облысында жұмыс сапары барысында берiлген тапсырмаларын орындау жөнiндегi iс-шаралар жоспарын орындауды қамтамасыз етсiн;

4

4) «Қазтелеком» ААҚ-ымен бiрлесiп ауылдық округтердi телефон байланысымен және телерадио қызметтерiмен қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдасын. Газеттер мен журналдарға жазылу науқанын жүргiзуге жәрдем көрсетсiн.

3

3. Облыстық энергетика, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы (К. Нұрекешов) аудан және Қызылорда қаласы әкiмдерiмен бiрлесiп 2002/2003 жылдарғы жылу маусымына дайындық және өткiзу жөнiнде iс-шаралар жоспарын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтуге ұсынсын.

4

4. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы (Қ. Ахметов), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң аумақтық басқармасы (П. Балкеев), «Қызылордасушаруашылығы» МКК-ы (Ү. Құтжанов) аудан және Қызылорда қаласы әкiмдерiмен бiрлесiп 2002 жылдың көктемгi - дала жұмыстары мен мал төлдету науқанын табысты өткiзу жөнiнде шаралар қабылдасын.

5

5. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы (Қ. Ахметов) сүт өндiру мен қайта өңдеудi жақсарту жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.

6

6. Облыстық жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитет (Б. Мухамедов) жердi тиiмдi пайдалануға ерекше назар аударып жер реформасы жөнiндегi жұмысты жалғастырсын.

7

7. Облыстық экономика басқармасы (Б. Шәменова) мүдделi облыстық ұйымдармен бiрлесiп облыстың әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2003-2005 жылдарға арналған индикативтiк жоспарын әзiрлеп, белгiленген мерзiмде Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгiне келiсуге тапсырсын.

8

8. Арал ауданының әкiмi (Б. Құдаманов) Арал қаласының экономикасын әртараптандыруға, оның инфрақұрылымын нығайтуға әсер ететiн инвестициялық жобаларды дайындап, Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгiне тапсырсын.

9

9. Аудан және Қызылорда қаласы әкiмдерi, облыстық басқармалар мен ведомстволар осы қаулының орындалуы туралы 2002 жылғы 31 қаңтардағы № 152 қаулысында белгiленген мерзiмде баяндасын.

10

10. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары Б. Қуандықовқа жүктелсiн.