Қолданыстағы ред. 28.03.2004

Жаңақала ауданы әкімдігінің 2003 жылғы 12 маусымдағы № 99 «Азаматтардың жеке санаттарына берілетін әлеуметтік төлемдері туралы» қаулысымен (тіркеу № 2219) бекітілген Ережеге өзгерістер енгізу туралы от 28.03.2004 г. № 36 (Жаңақала ауданы әкімдігінің 2003 жылғы 12 маусымдағы № 99 «Азаматтардың жеке санаттарына берілетін әлеуметтік төлемдері туралы» қаулысымен (тіркеу № 2219) бекітілген Ережеге өзгерістер енгізу туралы)

0

Жаңақала ауданы әкімдігінің 2003 жылғы 12 маусымдағы № 99 «Азаматтардың жеке санаттарына берілетін әлеуметтік төлемдері туралы» қаулысымен (тіркеу № 2219) бекітілген Ережеге өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңы және Қазақстан Республикасының "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Заңын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Аудан әкімдігінің "Азаматтардың жеке санаттарына берілетін әлеуметтік төлемдер туралы" 2003 жылғы 12 маусымдағы № 99 (2003 жылдың 27 маусымда тіркелген, тіркеу № 2219, "Жаңарған өңір" газетінде 30 шілде 2003 жылы № 29 жарияланған) қаулысына, 2003 жылғы 12 маусымдағы № 99 "Азаматтардың жеке санаттарына берілетін әлеуметтік төлемдері туралы" аудан әкімдігінің қаулысымен (тіркеу № 2219) бекітілген Ережеге өзгерістер енгізу туралы 2003 жылғы 6 қазандағы № 168 (2003 жылдың 11 қазанда тіркелген, тіркеу № 2332, "Жаңарған өңір" газетінде 6 желтоқсан 2003 жылы № 45 жарияланған) қаулысымен енгізілген өзгерістерді есепке алғанда, төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
"Төлем мөлшері және мерзімі" бөлігіндегі 1, 2 тармақтары мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
дербес зейнеткерлер үшін белгілегендей 1 айлық есептік көрсеткіш ай сайын 2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап 919 теңге;
1926-1927 жылдары дүниеге келген Ұлы Отан соғысына соңғы шақырылған адамдарға 2,9 есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайын 2665 теңге көлемінде".