Қолданыстағы ред. 16.03.2005

Алматы облыстық Мәслихаттың 2003 жылғы 15 шілдедегі "Ұлы Отан соғысының ардагерлерін, тыл еңбеккерлерін және мүгедектерді санаторлық-курорттық жолдамамен қамтамасыз ету туралы" N 35-205 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы от 16.03.2005 г. № 15-107 (Алматы облыстық Мәслихаттың 2003 жылғы 15 шілдедегі "Ұлы Отан соғысының ардагерлерін, тыл еңбеккерлерін және мүгедектерді санаторлық-курорттық жолдамамен қамтамасыз ету туралы" N 35-205 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы)

0

Алматы облыстық Мәслихаттың 2003 жылғы 15 шілдедегі "Ұлы Отан соғысының ардагерлерін, тыл еңбеккерлерін және мүгедектерді санаторлық-курорттық жолдамамен қамтамасыз ету туралы" N 35-205 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілері туралы" Заңына сәйкес, Алматы облысының Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. 2003 жылғы 15 тамызда Әділет департаментінде 1291 нөмір бойынша тіркелген, "Огни Алатау", "Жетісу" газеттерінде жарияланған, Алматы облыстық Мәслихаттың 2003 жылғы 15 шілдедегі "Ұлы Отан соғысының ардагерлерін, тыл еңбеккерлерін және мүгедектерді санаторлық-курорттық жолдамамен қамтамасыз ету туралы" N 35-205 шешіміне төмендегідей өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
шешімнің аталуындағы "мүгедектерді" деген сөз "жалпы ауру мүгедектеріне" деген сөзтіркесімен алмастырылсын және "ауған-жауынгерлеріне, Чернобыль апатына қатысушыларға, көпбалалы аналарға, еңбек ардагерлеріне, жасына байланысты зейнеткерлерге" деген сөзтіркестерімен, сондай-ақ мәтініндегі "жалпы ауру мүгедектері" деген сөзтіркесінен кейін "ауған-жауынгерлеріне, Чернобыль апатына қатысушыларға, көпбалалы аналарға, еңбек ардагерлеріне, жасына байланысты зейнеткерлерге" деген сөзтіркестерімен толықтырылсын;
"Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне және жалпы ауру мүгедектеріне санаторлық-курорттық жолдама беру туралы Ереженің" аталуындағы және мәтініндегі "жалпы ауру мүгедектері" деген сөзтіркесінен кейін "ауған-жауынгерлеріне, Чернобыль апатына қатысушыларға, көпбалалы аналарға, еңбек ардагерлеріне, жасына байланысты зейнеткерлерге" деген сөзтіркестерімен толықтырылсын;
осы Ереженің 4 тармағындағы "Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы" деген сөзтіркесі "Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" деген сөзтіркесімен ауыстырылсын;
5 тармақтағы "Аудандық, қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдері" деген сөзтіркесі "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері" деген сөзтіркесімен ауыстырылсын;
8 тармақтағы "Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы" деген сөзтіркесі "Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" деген сөзтіркесімен ауыстырылсын.

2

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары В.А.Долженковқа жүктелсін.