Май ауданы әкімдігінің 2003 жылғы 17 қазандағы "Аудан әкімдігінің қарамағындағы тұрғын үйлерді кезектілік тәртібімен белгілеу жөніндегі комиссиясын құру туралы" № 153/15 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, Әділет департаментінде 2003 жылдың 24 қазанында № 2112 тіркелді Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.06.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Май ауданы әкімдігінің 2003 жылғы 17 қазандағы "Аудан әкімдігінің қарамағындағы тұрғын үйлерді кезектілік тәртібімен белгілеу жөніндегі комиссиясын құру туралы" № 153/15 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, әділет департаментінде 2003 жылдың 24 қазанында № 2112 тіркелді Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Май ауданы әкiмдiгiнiң 2003 жылғы 17 қазандағы "Аудан әкiмдiгiнiң қарамағындағы тұрғын үйлердi кезектiлiк тәртiбiмен белгiлеу жөнiндегi комиссиясын құру туралы" № 153/15 қаулысына (2003 жылдың 24 қазанында № 2112 тiркелдi және аудандық "Шамшырақ" газетiнде 2003 жылдың 6 желтоқсанында № 49 ресми жарияланды) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: Аудан әкiмдiгiнiң қарамағындағы тұрғын үйлердi кезектiлiк тәртiбiмен белгiлеу жөнiндегi комиссиясының Ережесiнiң 4 бөлімінің 9 тармағы "аудан әкiмiнiң аппарат басшысы басқарады" деген мазмұны "аудан әкiмiнiң орынбасары басқарады" деп ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Комиссияның құрамына өзгерiстер енгiзiлiп, құрамы заңнамаға сәйкес аудандық мәслихаттың сессиясына енгiзiлсiн.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары А. Закиярьяновқа жүктелсiн.
Басқа 4. Аудан әкiмдiгiнiң қарамағындағы тұрғын үйлердi кезектiлiк тәртiбiмен белгiлеу жөнiндегi комиссиясының ЕРЕЖЕСI
Май аудан әкiмдiгiнiң 2004 жылғы мамырдағы "Май ауданы әкiмдiгiнiң 2003 жылғы 17 қазандағы "Аудан әкiмдiгiнiң қарамағындағы тұрғын үйлердi кезектiлiк тәртiбiмен белгiлеу жөнiндегi комиссиясын құру туралы" № 153/15 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы, әдiлет департаментiнде 2003 жылдың 24 қазанында № 2112 тiркелдi" № 67/1 қаулысымен бекiтiлген Аудан әкiмдiгiнiң қарамағындағы тұрғын үйлердi кезектiлiк тәртiбiмен белгiлеу жөнiндегi комиссиясының ЕРЕЖЕСI
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Аудан әкiмдiгiнiң қарамағындағы тұрғын үйлердi кезектiлiк тәртiбiмен белгiлеу жөнiндегi комиссиясы - консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Комиссия қызметiнiң құқықтық негiзгi Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Заңдарымен, сондай-ақ осы Ереже құрайды.
Тарау 2. 2. Комиссияның мақсаты мен мiндеттерi
2. Комиссияның мақсаты мен мiндеттерi
Тармақ 3
3. Комиссияның негiзгi мақсаты: Комиссия мүшелерi тұрғын үй қажет ететiндердiң кезектiлiгiн ұйымдастыру.
Тармақ 4
4. Комиссияның мiндеттерi:
Тармақша 1
1) тұрғын үй қажет ететiндердiң кезектiлiгiн бақылау;
Тармақша 2
2) қажеттi құжаттардың тапсырылуын бақылау;
Тармақша 3
3) қолданылып жүрген заңдарға сәйкес, тұрғын үй қажет ететiндерге кезексiз үй беру туралы шешiм қабылдау.
Тарау 3. 3. Комиссия қызметiн ұйымдастыру және жұмыс тәртiбi
3. Комиссия қызметiн ұйымдастыру және жұмыс тәртiбi
Тармақ 5
5. Комиссия мәжiлiстерi қажет болғанда, өткiзiледi.
Тармақ 6
6. Комиссия мүшелерiнiң үштен екi бөлiгi қатысса , оның мәжiлiстерi құқықты болып саналады.
Тармақ 7
7. Мәжiлiске қатысқан комиссия мүшелерiнiң көпшiлiк дауысымен қабылданып, ұсыныс сипатында болады. Комиссия мәжiлiсiне қатысып отырған мүшелердiң көпшiлiгi дауыс берсе, шешiм қабылданған болып саналады. Дауыс саны тең болса, төрағаның дауысы шешуi болады.
Тармақ 4
Тарау 4. 4. Комиссияның құрылуы
4. Комиссияның құрылуы
Тармақ 8
8. Аудан әкiмдiгiнiң қарамағындағы тұрғын үйлердi кезектiлiк тәртiбiмен белгiлеу жөнiндегi комиссияның құрамы, заңнамаға сәйкес аудандық мәслихатында бекiтуге ұсынылады.
Тармақ 9
9. Комиссияның төрағасы - аудан әкiмiнiң орынбасары басқарады. Комиссия төрағасының орынбасары аудандық коммуналды шаруашылық, көлiк және коммуникация бөлiмiнiң бастығы болады.
Тарау 5. 5. Комиссия өкiлеттiгi
5. Комиссия өкiлеттiгi
Тармақ 10
10. Комиссия өкiлеттi:
Тармақша 1
1) тұрғын үйлердi кезектiлiк тәртiбiн белгiлеу;
Тармақша 2
2) тұрғын үйдi алу тәртiбiнiң iс-құжаттары толық болмаған кезде, заңнамаға сәйкес iс-құжаттарды түгелдей жинақтауға сұрау құқылы;
Тармақша 3
3) комиссияның мәжiлiстерiнiң қорытындысы бойынша шешiмдер қабылданады.