Аудандық Мәслихаттың 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 3-15 «Жылыой ауданы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру туралы Ереже туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.09.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық Мәслихаттың 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 3-15 «Жылыой ауданы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру туралы Ереже туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының 23 қаңтар 2001 жылғы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабының 2 тармағына сәйкес және аудандық әкімияттың 2006 жылғы 6 шілдедегі № 288-і «Аудандық әкімияттың 2003 жылғы 10 желтоқсандағы № 215 «Жылыой ауданы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру туралы Ереже туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы» қаулысын талқылап, аудандық Мәслихаттың ХХVІ сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудандық Мәслихаттың 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 3-15-і «Жылыой ауданы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру туралы Ереже туралы» шешіміне төмендегідей толықтыру енгізілсін: Көрсетілген шешіммен бекітілген мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру туралы Ережеде: 6 тармағы мынадай мазмұндағы 9 тармақшамен толықтырылсын: «9) Социалистік Еңбек Ерлері және олардың отбасы мүшелері».
Тармақ 2
2. Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.