2003 жылғы 19 маусымдағы № 99 "Азаматтардың жеке санаттарына берілетін әлеуметтік төлемдер туралы" аудан әкімдігінің қаулысымен (тіркеу № 2219) бекітілген Ережеге өзгерістер енгізу туралы Күшін жойған
Басқа 0
2003 жылғы 19 маусымдағы № 99 "Азаматтардың жеке санаттарына берілетін әлеуметтік төлемдер туралы" аудан әкімдігінің қаулысымен (тіркеу № 2219) бекітілген Ережеге өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына және 2003 жылғы 19 маусымдағы Жаңақала аудандық мәслихаттың 2002 жылғы 27 желтоқсандағы "2003 жылға арналған аудандық бюджет туралы" № 25-1 шешіміне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" № 29-1 шешіміне (тіркеу № 2214) сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан әкімдігінің "Азаматтардың жеке санаттарына берілетін әлеуметтік төлемдер туралы" 2003 жылғы 12 маусымдағы № 99 (2003 жылдың 27 маусымда тіркелген, тіркеу № 2219, "Жаңарған өңір" газетінде 30 шілде 2003 жылы № 29 жарияланған) қаулысымен бекітілген Ережеге төмендегідей толықтырулар енгізілсін:
Тармақ 2
2. "Әлеуметтік төлемдерді тағайындау тәртібі" бөлігінде "Соғысқа соңғы әскерге шақырылғандар үшін" тармағы атты тізімінен кейін "Бейбіт кезде қаза тапқан жауынгерлер жанұяларына қажетті құжаттар тізімі" атты тармағымен толықтырылсын. Бейбіт кезде қаза тапқан жауынгерлер жанұяларына қажетті құжаттар тізімі:
Тармақша 1
1) Әлеуметтік төлем тағайындау жөнінде арыз;
Тармақша 2
2) Арыз иесінің жеке куәлігінің көшірмесі (жаңа үлгіде);
Тармақша 3
3) Жанұя құрамы туралы анықтама;
Тармақша 4
4) Аудандық әскери комиссариаттан жанұя мүшесінің әскери қызмет атқару кезде қаза тапқандығы жөнінде анықтама;
Тармақша 5
5) Қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі;
Тармақша 6
6) Қаза болған жанұя мүшесінің туу туралы куәлігі немесе неке қию туралы куәліктің көшірмесі;
Тармақша 7
7) Арыз иесінің салық төлеушінің тіркеу нөмірі.
Тармақ 3
3. "Төлем мөлшері және мерзімі" деп аталатын бөлігі мына мазмұндағы 5 тармақшасымен толықтырылсын:
Тармақша 5
5) Бейбіт кезде қаза тапқан жауынгерлер жанұяларына 2003 жылдың 1 шілдесінен бастап ай сайын 1 мың теңгеден материалдық көмек тағайындалсын".