Облыстық Мәслихаттың 2003 жылғы 20 желтоқсандағы ІІІ сессиясының "2004 жылға арналған облыстық бюджет туралы" № 23 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қолданыста
Басқа 0
Облыстық Мәслихаттың 2003 жылғы
20 желтоқсандағы ІІІ сессиясының
"2004 жылға арналған облыстық бюджет туралы"
№ 23 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бюджет жүйесі туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі № 357-І Заңына, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының
1-тармақшасына сәйкес облыстық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1-тармақта:
"18861404" цифрлары "19021404" цифрларымен ауыстырылсын;
"56970" цифрлары "216970" цифрларымен ауыстырылсын;
"19054015" цифрлары "19214015" цифрларымен ауыстырылсын;
"66000" цифрлары "226000" цифрларымен ауыстырылсын;
"8500" цифрлары "168500" цифрларымен ауыстырылсын;
келесі мазмұндағы 5-тармақшамен толықтырылсын:
Тармақша 5
"5) облыстың жергілікті атқарушы органының борышын өтеу - 160000 мың теңге".
Тармақ 2
2. 7-тармақ келесі мазмұндағы 5-тармақшамен толықтырылсын:
Тармақша 5
"5) көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге кредит беру".
Тармақ 3
3. 8-тармақта:
"56468" цифрлары "49051" цифрларымен ауыстырылсын;
"31201" цифрлары "23784" цифрларымен ауыстырылсын.
Тармақ 4
4. 9-тармақ келесі мазмұндағы 4-7 тармақшалармен толықтырылсын:
Тармақша 4
"4) республикалық бюджеттен 160000 мың теңге көлеміндегі несиенің түсуі;
Тармақша 5
5) ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге берілген 160000 мың теңге көлеміндегі несиенің қайтарылуы;
Тармақша 6
6) 2004 жылғы көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге 160000 мың теңге көлемінде кредит беру;
Тармақша 7
7) облыстың жергілікті атқарушы органының 160000 мың теңге көлеміндегі борышын 2004 жылдың 1 желтоқсанына дейін өтеу".
Тармақ 5
5. Келесі мазмұндағы 9-1 тармақпен толықтырылсын:
Тармақ 9-1
"9-1. Мақсатты трансферттер бөлінсін:
Арал ауданының әкіміне Арал қаласындағы орамішілік су құбыры және кәріз желілерін қайта жаңартуды бастауға республикалық бюджеттен шағын қалаларды, соның ішінде экономикасы күйзеліске ұшыраған қалаларды дамытуға алынған қаражаттардан 15000 мың теңге;
7-қосымшаға сәйкес аудандар мен Қызылорда қаласының әкімдеріне республикалық бюджеттен білім беру және денсаулық сақтау салаларына берілетін қаражаттардан.".