Мақат аудандық мәслихатының 2003 жылғы 20 маусымдағы «Тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеу үшін табысы аз отбасыларына (азаматтарға) көмек көрсету тәртібі туралы» № 194-II шешіміне толықтыру енгізу туралы Қолданыста
Басқа 0
Мақат аудандық мәслихатының 2003 жылғы 20 маусымдағы «Тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеу үшін табысы аз отбасыларына (азаматтарға) көмек көрсету тәртібі туралы» №194-II шешіміне толықтыру енгізу туралы
Аудан әкімиятының 2008 жылғы 8 қаңтардағы №11 «Аудан әкімиятының 2003 жылғы 30 мамырдағы №10 «Тұрғын үйді ұстауға ақы төлеу үшін табысы аз отбасыларына (азаматтарға) көмек көрсету тәртібі туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы» қаулысын талқылап және Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабын басшылыққа алып, ШЕШЕМІЗ:
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихаттың XXVI сессиясының 2003 жылғы 20 маусымдағы №194-II «Тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеу үшін табысы аз отбасыларына (азаматтарға) көмек көрсету тәртібі туралы» (Атырау облыстық Әділет басқармасында 2003 жылғы 15шілдеде №1564 санымен тіркелген, Мақат аудандық қоғамдық-саяси «Мақат тынысы» газетінің 2003 жылғы 25 шілдедегі №33 санында жарияланған Мақат аудандық мәслихаты сессиясының шешіміне енгізілген кейінгі өзгерістермен толықтырулар: (2004 жылғы 10 ақпандағы №33-III «Мақат аудандық мәслихатының 2003 жылғы 20 маусымдағы «Тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеу үшін табысы аз отбасыларына (азаматтарға) көмек көрсету тәртібі туралы» №194-II шешіміне толықтыру енгізу туралы» шешімі, Атырау облыстық Әділет департаментінде 2004 жылғы 2 наурызда №1865 санымен тіркелген, Мақат аудандық қоғамдық-саяси «Мақат тынысы» газетінің 2004 жылғы 13 наурыздағы №12 санында жарияланған; 2004 жылғы 13 қазандағы №102-III «Мақат аудандық мәслихатының 2003 жылғы 20 маусымдағы «Тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеу үшін табысы аз отбасыларына (азаматтарға) көмек көрсету тәртібі туралы» №194-II шешіміне толықтырулар енгізу туралы» шешімі, Атырау облыстық Әділет департаментінде 2004 жылғы 29 қазанда №2196 санымен тіркелген, Мақат аудандық қоғамдық-саяси «Мақат тынысы» газетінің 2004 жылғы 12 қарашадағы №46 санында жарияланған) шешіміне толықтыру енгізілсін:
Аудан әкімиятымен 2008 жылғы 8 қаңтардағы №11 «Аудан әкімиятының 2003 жылғы 30 мамырдағы №10 «Тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеу үшін табысы аз отбасыларына (азаматтарға) көмек көрету тәртібі туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы» қаулысымен ұсынылған толықтыру бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылаужасау аудандық мәслихаттың құрылыс, халықты қамту, кәсіпкерлікті дамыту, әлеуметтік, мәдени қызмет көрсету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Қ.Паритов) жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.