Қолданыстағы ред. 02.03.2006

Аудандық мәслихаттың 2003 жылғы 20 мамырдағы № 22-3 «Ара тұра сипатта кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғалар үшін бір жолғы талондар құнының мөлшері туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы от 02.03.2006 г. № 20-3 (Аудандық мәслихаттың 2003 жылғы 20 мамырдағы № 22-3 «Ара тұра сипатта кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғалар үшін бір жолғы талондар құнының мөлшері туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы)

0

Аудандық мәслихаттың 2003 жылғы 20 мамырдағы №22-3 «Ара тұра сипатта кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғалар үшін бір жолғы талондар құнының мөлшері туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі Салық Комитетінің 2005 жылғы 29 қарашадағы №534 «Бір жолғы талондарды беру Ережелерін бекіту туралы» Мемлекеттік кіріс Министрлігінің 2001 жылғы 30 қазандағы №1469 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Бұйрығына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. Аудандық мәслихаттың 2003 жылғы 20 мамырдағы № 22-3 «Ара тұра сипатта кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғалар үшін бір жолғы талондар құның мөлшері туралы» (тіркеу № 2172, 2003 ж. 30. 05., аудандық «Екпін» газетінің 2003 жылғы 13 маусымдағы 24 - номерінде жарияланған) шешімінің «Салық Кодексінің 373- бабына сәйкес іске асырылатын түрлі кәсіпкерлік қызметтер тізбесі бойынша белгіленген бір жолғы талондар бағасының мөлшері» туралы 1 қосымшасына төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін;

1

1) 1-тармақ 6, 7 тармақшалармен толықтырылсын:
«6. Жануарлар мен құстарға арналған дайын жем-шөп - 50 теңге»;
«7. Сыпырғылар, сыпыртқылар, орман жидектерін, бал, саңырауқұлақтар және балық - 30 теңге» ;

2

2) 2- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді алып өткізу:
1) жақын шетелден;
2) алыс шетелден».

3

3) 1-қосымша мынадай мазмұндағы 5 - тармақпен толықтырылсын:
«5. Үй жануарлары мен құстарды жаю - 50 теңге».