О плане мероприятий на 2003 год по реализации программы экономического сотрудничества между Павлодарской областью и приграничными областями Российской Федерации на 2001 - 2003 годы Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.06.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Павлодар облысы мен Ресей Федерациясының шекаралас облыстары арасындағы 2001 - 2003 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастық бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2003 жылға арналған iс-шаралар жоспары туралы Облыс экономика департаментiнiң бастығы М.З. Қажыкеннiң Павлодар облысы мен Ресей Федерациясының шекаралас облыстары арасындағы 2001 - 2003 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастық бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2003 жылға арналған iс-шаралар жоспары туралы баяндамасын тыңдап және талқылай келе, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 1 тармақшасына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырєан Павлодар облысы мен Ресей Федерациясының шекаралас облыстары арасындағы 2001 - 2003 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастық бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2003 жылға арналған iс-шаралар жоспары бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Облыс экономика департаментi жыл сайын 20 қаңтар мерзiмiне дейiн облыстық мәслихаттың экономика және бюджет жөнiндегi тұрақты комиссиясына Жоспардың iске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынатын болсын.
Тармақ 3
3. Жоспардың iске асырылуын бақылау Павлодар облыстық мәслихатының экономика және бюджет жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.