«Оралмандардың 2003 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 ақпандағы №1017 Жарлығын жүзеге асыру туралы Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.04.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Оралмандардың 2003 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 ақпандағы №1017 Жарлығын жүзеге асыру туралы «Оралмандардың 2003 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 ақпандағы №1017 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Оралмандардың 2003 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 ақпандағы №1017 Жарлығына сәйкес облыс аумағына Өзбекстан Республикасынан 94 оралман отбасын қабылдау мен орналастыру жөнінде белгіленген тапсырманың орындалуы қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. Квота арқылы көшіп келген оралмандарды орналастыру схемасы бекітілсін.(жалғанды)
Тармақ 3
3. Аудандар мен Қызылорда қаласының әкімдері оралмандарға жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін жер телімдерін беруде «Оралмандарға жеке тұрғын үй салу үшін жер телімдерін беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 9 шілдедегі №748 қаулысын басшылыққа алсын.
Тармақ 4
4. Аудандар мен Қызылорда қаласының әкімдері, облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы (М.Мәселеева), Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігінің облыс бойынша департаменті (С.Мырзабеков, келісім бойынша), зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық филиалы (Г. Ганская, келісім бойынша) Қазақстан Республикасының заңнамаларында көрсетілген тәртіп бойынша:
Тармақша 1
1)оралмандарға мемлекеттік атаулы көмек пен арнайы жәрдемақылардың уақытылы тағайындалуын;
Тармақша 2
2)еңбекке қабілетті оралман отбасы мүшелерін жұмысқа орналастыруға, біліктілігін арттыруға және жаңа кәсіпті меңгеруге жәрдемдесу шараларын қабылдасын;
Тармақша 3
3)жаңа туылған балаларға төленетін біржолғы жәрдемнің, зейнетақылар мен тұрғын үй жәрдемақыларын уақтылы тағайындалуы мен төленуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Аудандар мен Қызылорда қаласының әкімдері, облыстық коммуналдық меншік және жекешелендіру жөніндегі басқармасы (Қ.Әбенов) оралмандарға бос тұрған ғимараттар есебінен тұрғын үй бөлудің мүмкіндігін қарастырсын.
Тармақ 6
6. Облыстық аймақтық даму және кәсіпкерлікті қолдау басқармасы (Қ.Арынов) оралмандардың отбасыларына шаруа қожалықтарын құруға, шағын және орта бизнесті дамытуға несие бөлінуіне ықпал жасасын.
Тармақ 7
7. Облыстық ішкі істер басқармасы (Х.Досқалиев, келісім бойынша) оралмандардың облыс аумағы бойынша жүру жолдарында және орналасатын жерлерінде жеке басының, мүлкінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, тұрғылықты жеріне уақтылы тіркелуін және Қазақстан Республикасының азаматтығын алуы үшін қажетті құжаттардың берілуін қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдасын.
Тармақ 8
8. Облыстық білім басқармасы (М.Өтемұратов) оралмандардың мектеп жасындағы балаларын білім беру мекемелеріне тартуды, сондай-ақ, қажет болған жағдайда қазақ тілін оқыту мен жазу үшін дайындық курстар ашуды ұйымдастырсын, оралмандардың мектеп жасындағы балаларына жалпыға бірдей міндетті орта білім қорының қаражаты есебінен материалдық жәрдем көрсетсін.
Тармақ 9
9. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Д.Дәулетбаев) облыс аумағына көшіп келген оралмандардың дәрігерлік тексеруден өтулерін, тиісті зандарға сәйкес медициналық көмектің тегін кепілді көлемін алуды ұйымдастырсын.
Тармақ 10
10. Облыстық көшіқон және демография жөніндегі басқармаға (Б. Жәукебаева, келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 тамыздағы №1194 Қаулысымен бекітілген Ережеге сәйкес біржолғы жәрдемақы төлеуді қамтамасыз ету, кәсіптік орта білім беру оқу орындарына түсу үшін квота белуге ұсыныс енгізу тапсырылсын.
Тармақ 11
11. Аудандар мен Қызылорда қаласының әкімдері, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, облыстық көші-қон және демография жөніндегі басқармасы (Б.Жәукебаева, келісім бойынша) 2003 жылдың 25 желтоқсанына осы қаулының орындалу барысы туралы облыс әкімиятына ақпарат беретін бол сын.
Тармақ 12
12. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Н.Ерімбетовке жүктелсін.
Басқа 16
Облыс әкімиятының 2003 жылғы « 2 » сәуірдегі № қаулысымен бекітілген ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ОРАЛМАНДАРДЫҢ 2003 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН КѲШІП КЕЛУ КВОТАСЫНА ЕНГІЗІЛЕТІН ОРАЛМАНДАРДЫ ОРНАЛАСТЫРУ СХЕМАСЫ Р/с Аудан, қала аттары Отбасы саны Адам саны 1 2 3 4 1 Қызылорда қаласы 53 265 2 Арал ауданы - - 3 Қазалы ауданы 2 10 4 Қармақшы ауданы 21 105 5 Жалағаш ауданы 5 25 6 Сырдарья ауданы 3 15 7 Шиелі ауданы 5 25 8 Жаңақорған ауданы 5 25 Облыс бойынша барлығы: 94 470