Об итогах начальной военной подготовки в 2003 учебном году и задачах на новый 2004-2005 учебный год Күшін жойған
Басқа 0
2003 оқу жылындағы бастапқы әскери дайындықтың қорытындылары және 2004-2005 оқу жылының міндеттері туралы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Бастапқы әскери даярлау туралы» қаулысына сәйкес өткен 2003 оқу жылында Ақмола облысының білім беру ұйымдарында жастардың бастапқы әскери дайындығының сапасын жақсарту бағытында елеулі жұмыс атқарылды. Бастапқы әскери дайындық бағдарламасы толық орындалды. Шақыру жасына дейінгі және шақырылатын жастармен оқу-далалық (лагерлік) жиындар өткізу талаптарға сай жүргізілді. Бастапқы әскери дайындық барысына облыстың әскери комиссариаттары тарапынан бақылау және басшылық жасау жақсарды. Барлық оқу орындары әскери оқу мүліктерімен жабдықталды. Мұның өзі бастапқы әскери даярлық сабақтарының деңгейін көтеруге мүмкіндік берді.
Сонымен бірге облыстың білім беру ұйымдарында бастапқы әскери даярлық жүргізуде елеулі кемшіліктер мен олқылықтар бар.
Облыстың барлық аудандарында бірдей жастарды әскери қызметке даярлау және лагерлік жиындар өткізу үшін қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлері ұйымдастырылмаған. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 1 қарашадағы № 1340 «Бастапқы әскери даярлау туралы» қаулысын орындау жолында, жастардың бастапқы әскери даярлығын бұдан әрі жақсарта түсу мақсатында облыс әкімі шешім қабылдайды:
Тармақ 1
1. Ақмола облыстық білім басқармасы, Ақмола облыстық әскери комиссариаты, Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы, Ақмола облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы, аудандардың, Көкшетау мен Степногорск қалаларының әкімдері Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Бастапқы әскери дайындық туралы» қаулысын сөзсіз орындау жолында шұғыл шаралар қолдансын.
Тармақ 2
2. Аудандардың, Көкшетау мен Степногорск қалаларының әкімдері:
Тармақша 1
1) шақыру жасына дейінгі және шақырылатын жастарды әскери қызметке даярлау және оқу-далалық (лагерлік) жиындар өткізу үшін қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлерінің (ҚССЛ) жұмысын ұйымдастырсын;
Тармақша 2
2) оқу пункттерін (ҚССЛ) материалдық-техникалық жабдықталуын, кадрлармен және қаржымен қамтамасыз етілуін, сондай-ақ оқу-далалық (лагерлік) жиындарды жергілікті бюджет қаржысы есебінен қаржыландыру бойынша шаралар қолдансын.
Тармақ 3
3. Ақмола облыстық білім басқармасының бастығы:
Тармақша 1
1) шақыру жасына дейінгі және шақырылатын мектеп оқушыларын бастапқы әскери даярлыққа және жауынгерлік-пәтриоттық рухта тәрбиелеуді қамтамасыз етсін, олардың оқу-далалық (лагерлік) жиындарға қатысуын ұйымдастырсын;
Тармақша 2
2) жастардың бастапқы әскери даярлығы туралы ереже талаптарына сәйкес оқу-материалдық базаларын толығымен жетілдіру шараларын қолдансын;
Тармақша 3
3) облыс оқу орындарында бастапқы әскери даярлыққа қажетті арнаулы мүліктерді сақтайтын бөлмелер жабдықтасын;
Тармақша 4
4) бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқытушылардың біліктілігін жетілдіруді ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы:
Тармақша 1
1) дәрігерлік-санитарлық даярлық бойынша оқытушылар іріктеуді және даярлауды қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) оқу ұйымдарына мектеп оқушыларымен практикалық сабақтар өткізу және олардың жұмысын бақылау үшін емдеу мекемелерін бекітсін.
Тармақ 5
5. Ақмола облысының әскери комиссары:
Тармақша 1
1) белгіленген тәртіпте есеп жүргізу және есеп беруді ұйымдастырсын;
Тармақша 2
2) оқу орындарының бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқытушыларымен үш күндік оқу-әдістемелік жиындар мен бір күндік әдістемелік сабақтар ұйымдастырсын, ынталы ұйымдардың өкілдерін қатыстыра отырып оқу орындарында бастапқы әскери даярлық жағдайын тексерсін.
Тармақ 6
6. Ақмола облысының төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының бастығы адамдардың тіршілік қызметі қауіпсіздігінің негіздері бойынша жастардың оқуына басшылық жасауды және үйлестіріп отыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Ақмола облысының әскери комиссары, Ақмола облыстық білім басқармасының бастығы, Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы 2003-2004 оқу жылындағы бастапқы әскери даярлықтың қорытындыларын шығарып, жаңа оқу жылының негізгі іс-шаралар жоспарын жасасын. Атқарылған жұмыстар туралы облыс әкіміне 2004 жылғы 25 қыркүйекте ақпарат берсін.
Тармақ 8
8. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.М.Отаровқа жүктелсін.