О мерах по реализации трехстороннего Соглашения между Акимом города Алматы, Алматинским Союзом профсоюзов и городским Союзом промышленников и работодателей на 2003-2004 годы Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.03.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы қаласының Әкiмi, Алматы Кәсiподақтар одағы және қалалық өнеркәсiпшiлер және жұмыс берушiлер одағы арасындағы 2003-2004 жылдарға арналған үш жақты Келiсiмдi жүзеге асыру шаралары туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы Әкімшілігінің 01.02.2005 N 1/35 қаулысымен. Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әлеуметтiк серiктестiктер туралы" Заңына сәйкес және Алматы қаласының Әкiмi, Алматы Кәсiподақтар одағы және қалалық өнеркәсiпшiлер және жұмыс берушiлер одағы арасындағы 2003-2004 жылдарға арналған Аймақтық (Қалалық) Келiсiмдi жүзеге асыру мақсатында Алматы қалалық Әкiмшiлiгi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Аудандардың әкiмдерi, басқармалардың, комитеттердiң, департаменттердiң басшылары: Алматы қаласының Әкiмi, Алматы Кәсiподақтар одағы және қалалық өнеркәсiпшiлер және жұмыс берушiлер одағы арасындағы 2003-2004 жылдарға арналған Аймақтық (Қалалық) Келiсiмдi басшылыққа алсын және қабылдасын (N 1 қосымша).
Тармақ 2
2. Аудандардың әкiмдерi, Экономика комитетi (Л.А.Васильева), Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау департаментi (А.Ж.Нұрланов), Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Департаментi (А.К.Өнбаев): тиiстi құрылымдардың, кәсiпорындар мен ұйымдардың үш жақты Келiсiмдi, ұжымдық шарттарды орындауына және меншiк түрлерiне, ведомстволық тиiстiлiгiне қарамастан кәсiпорындар мен ұйымдардағы еңбек заңнамасының сақталуына бақылау жасасын және үйлестiрсiн; аудандар бойынша меншiктiң барлық түрiндегi субъектiлерде жасалған ұжымдық шарттардың есептiк тiркелуiн ұйымдастырсын.
Тармақ 3
3. Аудан әкiмдерi, басқармалар, комитеттер, департаменттер басшылары тоқсан сайын есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 10-күнiнен кешiктiрмей Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау департаментiне (А.Ж.Нұрланов) Келiсiмдi орындау жөнiндегi мәлiметтердi берсiн. 📌 Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Алматы қаласы Әкімшілігінің 2004 жылғы 28 сәуірдегі N 2/374 қаулысымен.
Тармақ 4
4. Алматы қаласы Әкiмi аппаратының денсаулық сақтау және халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмi (А.И.Ким) Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау департаментi (А.Ж.Нұрланов) Алматы кәсiподақтар Одағы (М.М.Молдахмет), қалалық өнеркәсiпшiлер мен жұмыс берушiлер Одағы (А.И.Долотин) бiрлесiп, Өнеркәсiп және сауда департаментi (М.А.Мұхамбетов) Алматы Кәсiподақтар одағымен (М.Молдахмет), қалалық өнеркәсiпшiлер және жұмыс берушiлер одағы (М.Ш.Тiлеужанов) және Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау департаментi (А.Ж.Нұрланов): әлеуметтiк серiктестiк және әлеуметтiк-экономикалық және еңбек қатынастарын (iс қағаздарын жүргiзудi қоса алғанда) реттеу жөнiндегi үш жақты комиссияның жұмысын, оның шешiмдерi жобаларының және олардың орындалуының мониторингiнiң әзiрленуiн қамтамасыз етсiн; жартыжылдықта бiр рет Алматы қаласының Әкiмi, Алматы Кәсiподақтар одағы және қалалық өнеркәсiпшiлер және жұмыс берушiлер одағы арасындағы Келiсiмнiң орындалуы туралы құрама есеп үш жақты комиссияның қарауына ұсынсын. 📌 Ескерту. 4-тармаққа өзгерістер енгізілді - Алматы қаласы Әкімшілігінің 2004 жылғы 28 сәуірдегі N 2/374 қаулысымен.
Тармақ 5
5. Алматы қалалық Әкiмшiлiгiнiң 2003 жылғы 07 ақпандағы "Алматы қаласының Әкiмi, Алматы кәсiподақтар одағы және қалалық өнеркәсiпшiлер және жұмыс берушiлер одағы арасындағы 2003-2004 жылдарға арналған үш жақты Келiсiмдi жүзеге асыру шаралары туралы" 1/66 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Қ.А.Бүкеновке жүктелсiн.
Басқа 7. Жалпы ережелер
Алматы қалалық Әкiмшiлiгiнiң 2003 жылғы 5 наурыздағы N 1/136 қаулысына N 1 қосымша Алматы қаласының Әкiмi, Алматы Кәсiподақтар одағы және қалалық өнеркәсiпшiлер және жұмыс берушiлер одағы арасындағы 2003-2004 жылдарға арналған АЙМАҚТЫҚ (ҚАЛАЛЫҚ) КЕЛIСIМ 📌 Ескерту. Келiсiмнiң қызмет мерзiмi 1 жылға ұзартылды - Алматы қалалық Әкімшілігінің 2004 жылғы 28 сәуірдегі N 2/374 шешімімен. Экономиканы одан әрi нығайту және Алматы қаласы жалдамалы қызметкерлерiнiң және халқының тұрмысы төмен топтарының әлеуметтiк-экономикалық мүдделерiн және еңбек құқықтарын, мүдделерiн қорғауды күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әлеуметтiк әрiптестiк туралы" Заңын және Президенттiң "Iшкi және сыртқы саясаттың 2003 жылғы негiзгi бағыттары туралы" Қазақстан халқына Жолдауын басшылыққа алып, Алматы қаласының Әкiмi (Әкiмшiлiк), Алматы Кәсiподақтар одағы (Кәсiподақтар) және қалалық өнеркәсiпшiлер және жұмыс берушiлер одағы (Жұмыс берушiлер) (әрi қарай Тараптар) 2003-2004 жылдарға арналған осы бiрлескен Келiсiмдi жасасады. Жалпы ережелер Тараптар аймақтық деңгейдегi жалдамалы еңбек қызметкерлерiне арналған еңбек жағдайларын жасау, жұмыспен қамту және әлеуметтiк кепiлдiктер бойынша Тараптардың мазмұнын және мiндеттемелерiн айқындайтын әлеуметтiк әрiптестiктiң негiзгi құжаты ретiнде осы Келiсiмдi таниды. Ол құқықтық актi болып табылады және Әкiмшiлiктiң, Кәсiподақтардың және Жұмыс берушiлердiң барлық құрылымдық бөлiмшелерiнде қолданылады. Осы Келiсiмнiң Тараптар арасындағы қатынастары қолданыстағы заңнаманың нормаларын дәл және мүлтiксiз сақтау, тең құқықтық әрiптестiк, өзара түсiнiстiк және сенiм негiзiнде құрылады.
Тарау 1. 1. Экономиканы өркендету және кәсiпкерлiк саласында
1. Экономиканы өркендету және кәсiпкерлiк саласында Әкiмшiлiктiң мiндеттемелерi:
Тармақ 1
1. Отандық өндiрiстi тұрақтандырудың, салықтардың жиналуын және басқа да аударылатын қаражаттарды көбейтудiң үкiметтiк және аймақтық бағдарламаларының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету. Санация тәртiптерiн қолдана отырып, рентабельдiлiгi төмен кәсiпорындарды құрылымсыздандыру жұмысын жандандыру. Бюджет алдында қарыздары бар iрi және орта кәсiпорындардың қаржы-шаруашылық жағдайының мониторингiн жүзеге асыру. Жұмыс iстемей тұрған iрi кәсiпорындарды сегменттеудi және құрылымсыздандыруды өткiзу және олардың базасында шағын кәсiпорындар құрып, оларға ондағы негiзгi өндiрiстiк қорларды пайдалану құқықтарын беру.
Тармақ 2
2. өнеркәсiптiк кәсiпорындарға импортты алмастыратын және экспортқа бағытталған өнiмдердi шығаруды жолға қою үшiн инвестициялар тартуға жәрдемдесу. Жұмыс берушiлермен бiрлесе отырып, өнеркәсiптiк кәсiпорындардың кепiлдiк сапасы жүйелерiн сертификаттау бағдарламасы бойынша ISO 9000-9002 халықаралық стандартына сәйкестiгiне негiзделген жұмысын жалғастыру.
Тармақ 3
3. Кәсiподақтармен бiрлесе отырып, әлеуметтiк төлемдердiң, шәкiртақылардың барлық түрлерiнiң және бюджеттiк ұйымдардағы, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердегi жалақының уақтылы төленуiне тұрақты бақылау жасауды жүзеге асыру. Бюджеттiк сала қызметкерлерiнiң жалақы деңгейiне заңсыз тыйым салынуына және қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiленген тәртiптiң бұзылуына, олардың тарифтiк разрядтарын өзгертуге жол бермеу.
Тармақ 4
4. Шағын, орта бизнестiң одан әрi дамуын қамтамасыз ету және жаңа өндiрiс орындарын ашу, қызметтердiң жаңа түрлерiн құру жолымен сұранысы жоғары өнiмдердi көптеп шығару арқылы қолайлы экономикалық жағдайлар жасауға жәрдемдесу. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн бюджеттiк мекемелер сатып алатын өнiмдердiң (жұмыстар, қызметтер) жекелеген түрлерiн өндiру және жеткiзiп беру бойынша сатып алудың 10 пайызына дейiн резервке қоюды қарастыру.
Тармақ 5
5. Қаланың аумағында жұмыс iстейтiн табиғи монополиялардың өнiмдерiне және қызметтерiне арналған бағаларды және тарифтердi реттеу жүйесiн жетiлдiру және Кәсiподақтардың қатысуымен олардың құрылуының дұрыстығына бақылау жасау.
Тармақ 6
6. Кәсiподақтардың және Жұмыс берушiлердiң өкiлдерiн Әкiмшiлiктiң Заңдар жобаларын және әлеуметтiк-экономикалық даму бағдарламаларын әзiрлеу және қарау бойынша комиссиялардың, жұмыс топтарының құрамында, сондай-ақ жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындарын құруды ынталандыру және жұмыссыздық деңгейiн төмендету бойынша кешендi шараларды әзiрлеуге және оларды жүзеге асыруға қатыстыру. Кәсiподақтардың және Жұмыс берушiлердiң мiндеттемелерi:
Тармақ 7
7. Бюджеттiк ұйымдарда және меншiктiң барлық түрлерiндегi кәсiпорындарда мемлекеттiң және Алматы қаласының экономикалық дамуы стратегияларының негiзгi бағыттарының мәнiн түсiндiру және оларды жергiлiктi орындарда iс жүзiнде жүзеге асыруға жәрдемдесу.
Тармақ 8
8. Шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң ұжымдық шарттарына өндiрiстiң тиiмдiлiгiн арттыруға және жалдамалы қызметкерлердi даярлаудың сапасын көтеруге бағытталған мiндеттемелердiң енгiзiлуiне қол жеткiзу. Барлық орындарда кәсiби шеберлiк және тәлiмгерлiк конкурстарының өткiзiлуiн ұйымдастыру.
Тарау 2. 2. Еңбек нарығын, еңбек қатынастарын дамыту және халықты жұмыспен қамту саласында
2. Еңбек нарығын, еңбек қатынастарын дамыту және халықты жұмыспен қамту саласында Әкiмшiлiктiң мiндеттемелерi:
Тармақ 9
9. Қалада инвестициялық және жекешелендiру бағдарламаларын әзiрлеу және жүзеге асыру кезiнде еңбек нарығындағы қалыптасатын жағдайларды ескерiп, қосымша жұмыс орындарының ашылуын қамтамасыз ету.
Тармақ 10
10. Меншiктiң барлық түрiндегi Жұмыс берушiлердiң ҚР Үкiметi белгiлеген квотадан тыс шет елдiк жұмысшыларды және мамандарды негiзсiз жұмысқа қатыстыруына жол бермеу.
Тармақ 11
11. Қала шаруашылығының мұқтаждары үшiн тауарларды (жұмыстар және қызметтер) мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру және тапсырыстарды орналастыру кезiнде олардың өндiрiс көлемдерiн ұлғайту және қосымша жұмыс орындарын ашу мақсатында қаланың кәсiпорындарына басымдықпен құқық беру.
Тармақ 12
12. Жұмыс берушiлермен және Кәсiподақтармен бiрлесе отырып, материалдық табысы төмен отбасыларынан шыққан жасөспiрiмдердi еңбекке орналастыруға тұрақты жәрдемдесу және олардың оқи жүрiп, жұмыс iстеуiне рұқсат ету.
Тармақ 13
13. Қаланың ерекшелiктерiн және экономикалық жағынан дұрыс болуын ескерiп, мақсатты топтардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етудiң нақты шараларын жүзеге асыру және қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру жүйесiн жетiлдiру. Кәсiпорындар үшiн әлеуметтiк қорғауға айрықша мұқтаж адамдарды жұмысқа қабылдау үшiн жұмыс орындарын резервке қою бойынша жыл сайын тапсырма белгiлеу.
Тармақ 14
14. Кәсiподақтардың және Жұмыс берушiлердiң қатысуымен кәсiби бiлiм беру және оқыту саласындағы әлеуметтiк әрiптестiк бойынша сараптық кеңес жұмысының тиiмдiлiгiн көтеру. Жұмыс берушiлердiң мiндеттемелерi:
Тармақ 15
15. Жұмыспен қамту орталықтарына кәсiпорындардағы және ұйымдардағы бос тұрған жұмыс орындары, бiлiктiлiк талаптарына сәйкес қызметтер және кәсiптер туралы ақпаратты жүйелi ұсыну және кемiнде екi ай бұрын еңбек жөнiндегi органдарды Кәсiподақтарды алдағы уақытта жұмыс орындарының қысқартылатыны туралы хабардар ету, одан соң жалдамалы қызметкерлердiң еңбек құқықтарының қатаң түрде сақталуы қажеттiгi туралы олармен келiссөздер жүргiзу.
Тармақ 16
16. Оқушылардың өндiрiстiк тәжiрибеден өтуi, сондай-ақ арнаулы пәндер бойынша оқытушылардың және өндiрiстiк оқыту шеберлерiнiң тәжiрибеден өтуi үшiн жұмыс орындарын беру жөнiнде бастауыш және орта кәсiптiк оқу орындарына жәрдемдесу. Кәсiподақтардың мiндеттемелерi:
Тармақ 17
17. ұжымдық шарттарға және мiндеттемелер келiсiмдерiне өндiрiс көлемiн ұлғайтуға, жұмыс орындарының санын көбейтуге, босаған қызметкерлердi қайта даярлауға, еңбек заңнамасында көрсетiлгендегiден тыс оларға жеңiлдiктер және өтемақылар төлеуге бағытталған мiндеттемелердi енгiзуге жәрдемдесу.
Тармақ 18
18. Жұмыс берушiлердiң сайланбалы кәсiподақ қызметкерлерiн он күннен аспайтын мерзiмде және Қазақстан Республикасының "Кәсiптiк одақтар туралы" Заңына сәйкес жұмыстан босату туралы ұсыныстарын қарау.
Тармақ 19
19. Кәсiподақ ұйымдарында кәсiподақ активiн әлеуметтiк әрiптестiк, еңбек, жұмыспен қамту және еңбектi қорғау жөнiндегi заңнамалар бойынша бiлiм берiп оқытуды ұйымдастыру.
Тарау 3. 3.Әлеуметтiк-құқықтық кепiлдiктердi сақтау, денсаулықты, қоршаған ортаны қорғау, жұмыс iстейтiндерге қауiпсiз еңбек ету жағдайларын жасау саласында
3.Әлеуметтiк-құқықтық кепiлдiктердi сақтау, денсаулықты, қоршаған ортаны қорғау, жұмыс iстейтiндерге қауiпсiз еңбек ету жағдайларын жасау саласында Әкiмшiлiктiң мiндеттемелерi:
Тармақ 20
20. Қалалар және аудандар әкiмдерiнiң Алматы қаласының жалдамалы қызметкерлерiнiң және халықтың тұрмысы төмен топтарына әлеуметтiк-экономикалық мүдделерiне қатысы бар мәселелер жөнiндегi шешiмдерi мен қаулыларын талқылау және қабылдау кезiнде Кәсiподақтардың және Жұмыс берушiлердiң пiкiрлерiн ескеру.
Тармақ 21
21. Кәсiподақтардың қатысуымен қаланың кәсiпорындары мен ұйымдарындағы қызметкерлерге Қазақстан Республикасының " Әлеуметтiк әрiптестiк туралы", " Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы", "Еңбектi қорғау туралы", " Ұжымдық шарттар туралы", " Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы" Заңдарында көрсетiлген кепiлдiктердiң сақталуына пәрмендi бақылау жасау.
Тармақ 22
22. Жеке кәсiпкерлердiң қарамағындағы қызметкерлерге қолданыстағы заңнамада, ұжымдық және жеке еңбек шарттарында көрсетiлгенiндей жалақының және әлеуметтiк төлемдердiң уақтылы және толық төленуiне қол жеткiзу. Әлеуметтiк жеке кодтардың (ӘЖК) мiндеттi түрде рәсiмделуiн және осы қызметкерлердiң жеке зейнетақы жинақтау есептерiне зейнетақы қаржыларының жүйелi аударылуын қамтамасыз ету.
Тармақ 23
23. Уағдаласушы тараптардың қатысуымен Алматы қаласындағы кедейшiлiктi азайту бойынша 2003-2005 жылдарға арналған Бағдарламада көрсетiлген шаралардың орындалуын қамтамасыз ету.
Тармақ 24
24. Қалалық ұйымдардың еңбек туралы және еңбектi қорғау туралы заңнама талаптарын сақтауы мәселелерi бойынша кешендi зерттеулер жүргiзу кезiнде қажетiне қарай Кәсiподақтардың өкiлдерiн қатыстыру. Жұмыс берушiлердiң мiндеттемелерi:
Тармақ 25
25. Кәсiподақтармен бiрлесе отырып, ұжымдық шарттарда Алматы қаласындағы 2002 жылға арналған күнкөрiс минимумының орташа айлық шамасынан төмен емес мөлшерде жалақы ставкаларының (айлықақылардың) ең аз мөлшерлерiн белгiлеу, сондай-ақ оларда Жұмыс берушiнiң қаражаттары есебiнен әлеуметтiк мәселелердi шешуге, медициналық қызмет көрсетудi жақсартуға, қызметкерлердi сауықтыруға және оларды қосымша тағамдармен қамтамасыз етуге бағытталған нақты мiндеттемелердi қарастыру.
Тармақ 26
26. Жеке және ұжымдық еңбек дауларын қараудың барлық кезеңдерiнде өз мүшелерiнiң еңбек және басқа да әлеуметтiк-экономикалық құқықтарын, мүдделерiн қорғайтын Кәсiподақтардың пiкiрлерiн ескеру. Кәсiподақтың мүшелiк жарналарын қолма қол есеп айырысуға кедергi жасамау, алайда бұл орайда осы мәселеге байланысты кәсiподақтар мүшелерiнiң келiсiмi болуы немесе бұл тәртiптiң ұжымдық шартта көрсетiлуi тиiс.
Тармақ 27
27. Аудандық еңбек және халықты жұмыс қамту орталықтарында мiндеттi түрде меншiк түрлерiне және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, олардың кәсiпорындары мен ұйымдарында жасалған ұжымдық шарттарды тiркеу.
Тармақ 28
28. Кәсiподақтардың еңбек және еңбектi қорғау туралы заңнаманың сақталуы мәселелерi бойынша өтiнiштерiн он күндiк мерзiмде қарау және олар бойынша толық жауап беру. Қызметкерлердiң денсаулығына немесе өмiрiне тiкелей қауiп төнген жағдайда, Кәсiподақтардың ұсынуы бойынша жұмыстардың тиiстi бiр түрлерiн тоқтату. Кәсiподақтардың мiндеттемелерi:
Тармақ 29
29. Құрамында кәсiподақтары бар кәсiпорындар мен ұйымдарға тұрақты консультативтiк және құқықтық көмек көрсету, Жұмыс берушiлер тарапынан жалдамалы қызметкерлердi әлеуметтiк және құқықтық қорғаудың қажеттi шараларын, жұмыспен қамту, жалақыны уақтылы төлеу, өндiрiсте еңбектi қорғауды және еңбек жағдайларын жақсартуды, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруды және басқаларды қарастыратын ұжымдық шарттарды әзiрлеуге және жасасуға жәрдемдесу.
Тармақ 30
30. Мүшелерге, сондай-ақ қаланың зейнеткерлерiне және оқушы жастарына еңбек, тұрғын үй және зейнетақы туралы заңнаманың iс жүзiнде қолданылуы мәселелерi бойынша тегiн заң көмегiн көрсету.
Тармақ 31
31. Еңбектi қорғау бойынша әрбiр Кәсiподақ ұйымында сайланған және тиiсiнше бiлiм алған өкiлдердiң күшiмен өндiрiсте қауiпсiз және салауатты еңбек жағдайларын жасауға қоғамдық бақылауды жүзеге асыру. өндiрiстегi бақытсыз жағдайларды тексеруге, олардың алдын алу шараларын әзiрлеуге қатысу, зардап шеккендердi негiзсiз кiнәлауға жол бермеу.
Тармақ 32
32. Кәсiподақ мүшелерiне, олардың еңбек мiндеттерiн орындауға байланысты нақты қызметкердiң зардап шегуiне немесе денсаулығына басқа да зиян келуiне орай келтiрiлген материалдық шығынның Жұмыс берушi тарапынан уақтылы және толық өтелуi мәселелерiн шешу бойынша тегiн құқықтық жәрдем көрсету. Барлық уағдаласушы тараптардың мiндеттемелерi:
Тармақ 33
33. Кәсiпорындарда және жұмыс орындарында салауатты және қауiпсiз еңбек жағдайларын жасау, апаттардың уақтылы алдын алу, өндiрiстiк жарақат алу фактiлерiн және кәсiптiк сырқаттарға шалдығудың алдын алудың кешендi шараларын әзiрлеу және жүзеге асыру. Қаланың индикативтiк жоспарларына, ұжымдық шарттарына және келiсiмдерiне енгiзiлген еңбектi және қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi шаралардың қаржыландырылуын қамтамасыз ету.
Тармақ 34
34. Халықтың тұрмысы төмен топтарының және жалдамалы қызметкерлердiң әлеуметтiк-экономикалық қорғалуын күшейту мақсатында Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қарауына мына мәселелер көрсетiлетiн қолданыстағы заңнамаға өзгерiстер енгiзу жөнiнде нақты ұсыныстар жасау: жалақының ресми ең төменгi мөлшерiнен салықтың ұсталуынан босату, жалдамалы қызметкерлерге немесе еңбек ардагерлерiне бiр жолғы мекендiк материалдық көмек көрсететiн Жұмыс берушiлер мен қоғамдық бiрлестiктердi осындай салықтан босату; кедейшiлiк шегi бойынша баға беру өлшемiн жақсы жағына қарай ұлғайту үшiн өзгерiс енгiзу және халықтың тұрғын үй жәрдемақыларын алу қажеттiлiгiне байланысты оның мөлшерiн анықтау кезiнде оны төмендету; орташа айлық жалақының ең жоғарғы мөлшерiн өзгерту есебiнен жасына байланысты зейнетақылардың мөлшерiн көтеру, бұл орайда оны есептеу үшiн 15-тен 25-ке дейiнгi айлық есептiк көрсеткiштер (АЕК), сондай-ақ жасының ұлғаюына байланысты зейнетке шыққан өндiрiс мүгедектерiнiң жалақысы, егер оларға 1995 жылдың 1 қаңтарынан берi жұмыс стажы болмаса, индекстелуi тиiс; бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiне, бұған дейiн оларға 24 жұмыс күндiк демалыс мерзiмi белгiленетiн, ұзақ еңбек демалыстарын (18 күнтiзбелiк күннен көп) беру.
Тарау 4. 4. Халыққа әлеуметтiк, тұрғын үй-коммуналдық, көлiк қызметiн көрсету саласында
4. Халыққа әлеуметтiк, тұрғын үй-коммуналдық, көлiк қызметiн көрсету саласында Әкiмшiлiктiң мiндеттемелерi:
Тармақ 35
35. Қалалық бюджеттiң жыл сайын орындалуын қамтамасыз ету, бұл орайда бiлiм беру, денсаулық сақтау, мәдениет және санитарлық-эпидемиологиялық жұмыстарды жүргiзуге қажеттi қаражаттардың (бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу қорларын, мiндеттi төлемдердi, коммуналдық қызметтер және еңбектi қорғау бойынша ақы төлеуге арналған қаражаттарды қоса алғанда) уақтылы төленуi жөнiнде айтылып отыр. Оларды ұтымды пайдалану мақсатында әлеуметтiк көмек беру бағдарламаларының жергiлiктi атқару органдары тарапынан бюджеттiң орындалуына бақылау жасауды күшейту.
Тармақ 36
36. Денсаулық сақтаудың жүйесiн реформалауды жүзеге асыру кезiнде медицинаның ана мен баланы қорғау, алғашқы медициналық-әлеуметтiк жәрдемдi және өкпе ауруына қарсы күрестi дамыту сияқты басым бағыттарына жан-жақты көмек көрсету. Бюджеттiк мекемелердегi қалыптасқан еңбекке жарамсыздығына байланысты парақшалар бойынша ақы төлеу жөнiндегi қарыздарды төлеу шараларын қолдану.
Тармақ 37
37. Тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн және қала халқының тұрмысы төмен топтарының оған қол жеткiзуiн қамтамасыз ету мақсатында медицина қызметкерлерiнiң санын және емдеу-алдын алу мекемелерiнiң жүйесiн негiзсiз қысқартуға жол бермеу.
Тармақ 38
38. Уағдаласушы тараптармен бiрлесе отырып, мүгедектердi, соғысқа қатысушыларды және оларға теңестiрiлген адамдарды, тұрмысы төмен азаматтардың басқа да топтарын әлеуметтiк қолдауға бағытталған шараларды жүзеге асыруды жалғастыру.
Тармақ 39
39. Тағам өндiретiн кәсiпорындардың, сауда және тамақтандыру салаларын, емдеу-алдын алу және балалар мекемелерi қызметкерлерiнiң, сондай-ақ қаланы сумен жабдықтау жүйелерi қызметкерлерiнiң Жұмыс берушiлердiң қаражаттары есебiнен алдын ала және жүйелi медициналық тексеруден уақтылы өтуiн қамтамасыз ету.
Тармақ 40
40. Халықты әлеуметтiк қолдау мақсатында қайтыс болған азаматтарды жерлеу үшiн әлеуметтiк жәрдем беру мәселесiн қарау бұл орайда олардың отбасының жан басына шаққандағы жиынтық табысына қарамастан 10 айлық есептiк көрсеткiш (АЕК) мөлшерiнде жәрдемақы төленуi тиiс.
Тармақ 41
41. Аумақтық орталықтар және зейнеткерлерге әлеуметтiк қызмет көрсету бөлiмшелерi арқылы үйде қызметтi пайдаланатын зейнеткерлердiң санын көбейту.
Тармақ 42
42. Тараптардың пiкiрлерiн ескерiп, зейнеткерлердiң, оқушы жастардың және халықтың әлеуметтiк жағынан қорғалатын басқа да топтарының жеңiлдiкпен жүруiн қамтамасыз ету үшiн тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге және қоғамдық көлiкте жүруге арналған тарифтерiн белгiлеу.
Тармақ 43
43. Жыл сайын жергiлiктi бюджетте жаппай тұрғын үй құрылысы жүргiзiлетiн аудандарда жалпы бiлiм беретiн мектептердi салу, сондай-ақ әлеуметтiк және мәдени-тұрмыстық мақсаттағы нысандардың жер сiлкiнiсiне төзiмдiлiгiн күшейту үшiн ақша қаражаттарының бөлiнуiн қарастыру.
Тармақ 44
44. Мәдениеттiң ойын-сауық және театр мекемелерiнiң қызмет етуiн, сондай-ақ мәдени-тарихи құндылығы бар қалалық кiтапхана қорын сақтау. Кiтапханаларды тарату кезiнде алдағы уақытта да пайдалануға жарамды кiтаптарды есептен шығаруға жол бермеу, бұл орайда оларды Қарттарға арналған пансионаттарға, Балалар үйлерiне және интернаттарға жеткiзу. Әкiмшiлiктiң және Жұмыс берушiлердiң мiндеттемелерi:
Тармақ 45
45. Қаланы көрiктендiру және көгалдандыру жұмыстарының қажеттi көлемiн жыл сайын орындау. Көрiктендiру жұмыстарының барлық түрлерiне арналған тапсырыстарды қалалық тендерлiк комиссия арқылы орналастыруды жүзеге асыру.
Тармақ 46
46. Жолаушылар көлiгiнiң жүйелi қозғалысын қамтамасыз ету және жол-көлiк оқиғаларының алдын алу үшiн жол төсенiштерiне, көрiктендiру және энергиямен жабдықтау элементтерiне уақтылы жөндеу жұмысын жүргiзу.
Тармақ 47
47. Зиянды заттардың бөлiнiп шығуы және қалдықтарды қоршаған табиғи ортаға орналастыру бойынша қажеттi мемлекеттiк және ведомстволық бақылау және мониторинг жасалуын қамтамасыз ету. Белгiленген тәртiпке сәйкес мемлекеттiк қоршаған ортаны қорғау органдарына мәлiметтердi тапсырып, олардың есебiн жүргiзу және есеп беру.
Тармақ 48
48. Мұқтаж азаматтардың мемлекеттiк тұрғын үй қорының есебiнен тұрғын үй жағдайларын жақсарту, кезекте тұрған адамдарға пәтерлер алу жұмысын жалғастыру және жеке тұрғын үйлердi салатын тұрғындар үшiн магистральдық-инженерлiк коммуникацияларды жүргiзуге қаражаттар қарастыру шараларын қолдану. Кәсiподақтардың мiндеттемелерi:
Тармақ 49
49. Жұмыс берушiлер тарапынан кәсiпорындар мен ұйымдардың ұжымдық шарттарына жалдамалы қызметкерлердi, сондай-ақ жазғы каникул кезеңiнде олардың балаларын сауықтыру жөнiндегi мiндеттемелердiң енгiзiлуiне қол жеткiзу және Жұмыс берушiлердiң кәсiподақ комитеттерiне ұжымдардағы мәдени-бұқаралық және спорт жұмыстарын өткiзу үшiн еңбекке ақы төлеу қорынан бiр пайыз мөлшерiнде қаражаттарды бөлуiне қол жеткiзу.
Тармақ 50
50. өздерiнiң мүше ұйымдарының шығындар сметаларында ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушыларына, зейнеткерлер санатындағы еңбек ардагерлерiне, сондай-ақ халықтың тұрмысы төмен топтарына жататын кәсiподақ мүшелерiне қайырымдылық көмек көрсетуге арналған қаражаттардың көрсетiлiп, бөлiнуiн қарастыру.
Тарау 5. 5. Әлеуметтiк әрiптестiктi жетiлдiру саласында Келiсiмнiң қолданылуы және оны жүзеге асыру тетiктерi
5. Әлеуметтiк әрiптестiктi жетiлдiру саласында Келiсiмнiң қолданылуы және оны жүзеге асыру тетiктерi Барлық уағдаласушы тараптардың мiндеттемелерi:
Тармақ 51
51. Осы Келiсiм оған уағдаласушы тараптар қол қойған сәттен бастап күшiне енедi және жаңа Келiсiм жасалғанға дейiн қолданылады. Тараптар Келiсiмдi әлеуметтiк әрiптестiктiң негiзгi құжаты деп таниды және оның барлық шарттарын орындауға мiндеттенедi. Келiсiмнiң қолданылу кезеңiнде әрбiр тарап басқаларымен келiсе отырып, оған қажеттi толықтырулар және өзгерiстер енгiзу құқылы, аталған өзгерiстер бiр айлық мерзiмде Әлеуметтiк әрiптестiк және әлеуметтiк-экономикалық және еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi қалалық комиссияның мәжiлiсiнде қаралуға жатады. Барлық тараптар қабылдаған толықтырулар және өзгерiстер қолданыстағы Келiсiмге қоса тiркеледi және Алматы қаласының халқына хабардар етiледi.
Тармақ 52
52. ҚР-ның "Қазақстан Республикасындағы әлеуметтiк әрiптестiк туралы" Заңына сәйкес тараптар жергiлiктi салалық деңгейлердегi әлеуметтiк әрiптестiк тетiктерiн жетiлдiруге ұмтылады, сондай-ақ жалдамалы қызметкерлердiң тапсырмасы бойынша iс-қимыл жасайтын Кәсiподақтар мен Жұмыс берушiлердiң ұжымдық шарттар жасасуына ниет етедi.
Тармақ 53
53. Осы Келiсiмде көрсетiлген ережелер және әлеуметтiк-экономикалық сипаттағы мiндеттемелер, сондай-ақ әлеуметтiк Әрiптестiк және әлеуметтiк-экономикалық және еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi қалалық комиссияның шешiмдерi кәсiпорындарда және меншiктiң барлық түрiндегi ұйымдарда ұжымдық шарттарды жасасу кезiнде Жұмыс берушiлер және Кәсiподақтар тарапынан ескерiледi.
Тармақ 54
54. Әкiмшiлiк және Жұмыс берушiлер жалдамалы қызметкерлердi және халықтың әлеуметтiк жағынан қорғалатын топтарын әлеуметтiк қорғау туралы келiссөздер жүргiзу үшiн Алматы қаласындағы кәсiпорындар мен ұйымдарда салалық кәсiподақтардың құрылымдық бөлiмшелерiн құруы бойынша кәсiподақтарға жан-жақты қолдау көрсетедi.
Тармақ 55
55. Кәсiподақтар Келiсiм қолданылған кезеңде онда көрсетiлген барлық шарттар жүйелi жүзеге асырылған жағдайда, онда көрсетiлген барлық тармақтар бойынша наразылық акцияларын ұйымдастырмайды және өткiзбейдi. Әкiмшiлiк және Жұмыс берушiлер қаланың экономикасын нығайту, оның халқын жұмыспен қамтуды жақсарту және тұрмыс деңгейiн көтеру, Кәсiподақтар қызметiнiң кепiлдiктерiн сақтау бойынша өздерiне байланысты барлық iстердi жасайды.
Тармақ 56
56. Әлеуметтiк әрiптестiк және әлеуметтiк-экономикалық және еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi қалалық үш жақты комиссияның шешiмi өз өкiлеттiктерi шеңберiнде аудандардың әкiмдерi, меншiктiң барлық түрiндегi кәсiпорындар мен ұйымдардың басшылары және кәсiподақтар үшiн орындалуы мiндеттi.
Тармақ 57
57. Осы Келiсiмнiң орындалуын бақылауды Әлеуметтiк әрiптестiк және әлеуметтiк-экономикалық және еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi қалалық үш жақты комиссиясы жүзеге асырады, оның мәжiлiсi кемiнде 6 айда бiр рет оны өткiзетiн орынды таңдау құқығымен Келiсiмге қатысушы тараптардың бiреуiнiң басшысының төрағалық етуiмен өткiзiледi. Келiсiмнiң орындалуының қорытындылары туралы ақпарат "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерiнде жарияланады. 2002 жылғы 24 желтоқсанда Алматы қаласында мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi үш дана түпнұсқасына қол қойылды. Қол қоюға қатысушылардың әрқайсысында үш жақты осы Келiсiмнiң бiр данасы бар. Осы Келісімге қол қойғандар: