О подготовке объектов жилищно-коммунального хозяйства, предприятий и организаций бюджетной сферы к работе в осенне-зимний период 2003-2004 годов Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.04.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтардың, кәсіпорындар мен бюджеттік ұйымдардың нысандарын 2003-2004 жылғы күзгі-қысқы кезеңге дайындау туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 06.04.2004 № А-4/93 қаулысымен. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтардың, кәсіпорындар мен бюджеттік ұйымдардың нысандарын 2003-2004 жылғы күзгі-қыскы кезеңге дайындаудың нәтижелері қысқы кезеңді өткізу барысында қалалар мен аудандардың әкімдері, кәсіпорындар мен бюджеттік сала ұйымдарының басшылары нақты шаралар жүргізудің арқасында жоспарланған жөндеу - қалпына келтіру жұмыстары мен оларды қысқы жағдайда пайдалануға дайындау мақсатты түрде жүргізгендігін көрсетті. Аудандар мен қалаларда көрсетілген коммуналдық қызметтер бойынша қарызды жою үшін нақты жұмыстар жүргізілді. Бүкіл облыс көлемінде халықтың және бюджеттік ұйымдардың 2002 жылдың 1 қазанынан 2003 жылдың 1 сәуіріне дейін су, электр және жылу көздерін пайдаланудағы дебиторлық қарызы 210 000 000 теңгеге төмендеді және 524 200 000 теңгені құрады. Осы көрсетілген кезеңде коммуналдық қызметтер үшін қарыз Степногорск қаласында 138 000 000 теңгеге, Щучье ауданында 54 000 000 теңгеге, Атбасар ауданында 4 000 000 теңгеге, Бұланды ауданында 2 300 000 теңгеге азайды. Көкшетау қаласында өткен жылдардың қарызы біршама азайды. Облыс бойынша қарыздың барлық көлемінің 73% Көкшетау қаласының, 18% Степногорск қаласының, 5% Щучье ауданының үлесіне тиеді. Сонымен қатар, 2002-2003 жылғы күзгі-қысқы кезеңде жұмыс жүргізуге дайындалу барысында кейбір аудандар мен қалалар дайындалған іс-шаралар мен кестелерге сәйкес жұмыс жүргізе алмады. Аудандар мен қалалардың әкімдері, облыстық басқармалар мен ведомстволардың басшылары, мемлекеттік және жеке меншік коммуналдық қызмет орындарының басшылары мамыр-тамыз айлары кезінде қатты және сұйық отын сатып алуды дайындау бойынша нақты іс-шаралар қолданбады, ол өз кезегінде жылу беру кезеңін өткізу сапасын нашарлатты. Мысалы қаражаттың және жеткілікті отын қорының болмауына байланысты Степногорск, Щучье, Бұланды аудандарында жылу беру кезеңі бірқалыпты өтпеді. Кей күндері отын қоры 3-5 күндік қана болды. Көкшетау қаласында, Бұланды, Щучье, Ерейментау аудандарында жылу беру көрсеткіштерінің төмендеуі орын алды. Нысандардың қысқы кезенде жұмыс істеуге жеткіліксіз дайындалуының нәтижесінде Егіндікөл, Атбасар, Шортанды және басқа да аудандарда сумен қамтамасыз ету жүйелі түрде жүргізілмеді. Жолан (Егіндікөл ауданы) ауылының тұрғындары ауыз суды көл шұңқырынан алып тазартылмаған, зақымсыздандырылмаған түрінде пайдаланды. Сондай-ақ осы ауданның Абай, Бауман, Жаманқұлақ және Жұлдыз ауылдарының да сумен үнемі қамтамасыз етілмеген кездері болды. Атбасар ауданында Тілекей, Новомариновка және Сочинск елді-мекендерінің тұрғындары суды ашық айдындардан пайдаланады. Шортанды ауданында Гуляй-Поле, Конкрынка, Барышевка ауылдық пункттерінің шаруашылық-ауыз су құбырларының санитарлық-техникалық жағдайы (құдық беттері ашық, сумен толған, уақытымен сорылмайды, су тарататын колонка жоқ) қанағаттанғысыз, ал Шортанды және Жолымбет поселкелерінде су құбыры жүйелері толық жөндеуден өткізуді қажет етеді. Кейбір қалалық, аудандық әкімдіктер жеке меншік иелері кооперативінің жұмысына тиісті көңіл бөлмеді. Осы себептен қалаларда, аудан орталықтарында көптеген көпқабатты тұрғын үйлер қысқы кезеңде пайдалануға дайын емес болып шықты. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын, кәсіпорындарды және бюджеттік сала ұйымдарын 2003-2004 жылғы күзгі-қысқы кезеңде жұмыс жүргізуге уақытында және сапалы дайындау мақсаттарында облыс әкімияты қаулы етті:
Тармақ 1
1. Көкшетау, Степногорск қалаларының, аудандардың әкімдіктері:
Тармақша 1
1) кәсіпорындар мен коммуналдық шаруашылық ұйымдарының, бюджеттік саланың 2002-2003 жылдардағы күзгі-қысқы кезендегі жұмыстарының нәтижесіне жан-жақты терең сараптама жасасын. өткізілген алқа мәжілістері мен жиналыстарының нәтижесі бойынша қалалық, аудандық іс-шаралар мен жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарының кестесін дайындап бекітсін; қысқы кезеңге дайындалу жұмыстарының аяқталу мерзімі 2003 жылдың 20 тамызы болып белгіленсін;
Тармақша 2
2) аудандар мен қалалардың әкімдері жанынан жылу жүйелерін, жылу көздерін, су және канализация жүйелерін, су қоймаларын, тұрғын үй қорын қысқы жағдайда пайдалануға дайындау жөніндегі бекітілген іс-шаралардың орындалу барысына бақылау жүргізу жөніндегі штабтар құрсын, тұрғын үйлерді, жылу құбырларын, әкімшілік ғимараттарды қымтап, жөндеуге, жылу шығынан азайтуға, жылу қуаты ресурстарын және қаржыны үнемдеуге баса назар аударсын;
Тармақша 3
3) бекітілген аудандық, қалалық іс-шараларға сәйкес қысқа дайындық жұмыстарын жоспарлы түрде және толық қаржыландыруды жүзеге асырсын;
Тармақша 4
4) пайдаланылған электр, жылу энергиясы және су үшін, сонымен қатар, алынған қатты және сұйық отын үшін сәуір-мамыр айының ішінде қарыздарды толық өтеу жөнінде нақты шаралар қолдансын;
Тармақша 5
5) 2003 жылдың 1 маусымына дейін бюджеттік ұйымдар үшін сұйық және қатты отын сатып алу, орталықтандырылған жылу көздеріне жеткізу кестелерін дайындап бекітсін. Сәуір-мамыр айларында қысқы отынды мемлекеттік сатып алу бойынша тендерлер өткізіліп, жеңімпаздар айқындалсын. Қатты және сұйық отынмен ауқатты жабдықтаушылар іріктелсін;
Тармақ 2
2. Бюджеттік қаражатты үнемдеу мақсатында Щучье және Бұланды аудандарының әкімдеріне 2003 жылдың 1 қыркүйегіне дейін қымбат тұратын отындық мазуттан Екібастұз разрезінің көміріне көшу ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Көкшетау қаласының әкімі Е.Б.Баяхметов, «Көкшетау Пауэр» ЖШС басшысымен бірлесе отырып жылу кезеңі басталғанға дейін «KEGOC» жүйелері бойынша 1, 2, 3 аудандық жылу беру қазандықтарын электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар кешенін орындасын.
Тармақ 4
4. Ерейментау ауданының әкімі Ө.Қ.Мұсабаевқа Ерейментау қаласындағы №5 орталық қазандықтарын технологиялық жабдықтарын жөндеуге қаражат табу және ескірген жабдықты жылу кезеңі басталғанға дейін ауыстыру және уақытымен жөндеуді қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Аудандардың, Көкшетау, Степногорск қалаларының әкімдітері, облыстық білім басқармасы (Дмитриенко Е.А.), денсаулық сақтау басқармасы (Комалдинов И.М.), мәдениет басқармасы (Сейітжанова Н.С.), еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы (Мадияров А.С.), туризм және спорт басқармасы (Ахметов К.А.):
Тармақша 1
1) үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегіне дейін жылу көздеріндегі жөндеу жұмыстары аяқталуын, магистральдық және тарату жүйелеріндегі жуу және сынақтан өткізу жұмыстары аяқталуын қамтамасыз етсін, жылу кұбырларының изоляциясын толық қалпына келтірсін;
Тармақша 2
2) 2003 жылдың 1 қазанына дейін Көкшетау қаласында 6 км. жылу магистралін және 1, 2, 3 аудандық қазандықтардың жылумен жабдықтау жүйелерін қымтап орау жұмыстары жүргізілсін, қаланың кварталдарын сумен қамтамасыз ету жүйелерінің жұмысы қалпына келтірілсін;
Тармақша 3
3) 2003 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жылумен қамтамасыз ету нысандарында үш айлық отын қорын жинау және оны қыс аяғына дейін толықтырып отыру бойынша шаралар қолдансын.
Тармақша 4
4) әлеуметтік сала нысандарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етсін, ауыз суын тазалау сүзгілері мен құралдарын сатып алып орнатсын.
Тармақ 6
6. 2003 жылдың 1 қыркүйегіне дейін «КазСабтон» ЖАҚ басқармасына Степногорск жылу электр орталығында жылу электр жабдықтарын жоспарлы түрде жөндеу бойынша іс-шаралар жүргізу, жылу магистральдарында, су-канализация жүйелерінде жөндеу жүргізу, үш айлық сұйық және қатты отын қорын дайындау шараларын қолдану жөнінде ұсыныстар жасалсын, қала тұрғындары мен бюджеттік ұйымдардың қарыздары өтелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Көкшетау қаласының әкімі Е.Б.Баяхметовке көпқабатты үйлерде бөлшек-саудадағы газ балондарының қолданылауын мейлінше қысқарту мақсатында тұрмыстық сұйық газбен қамтамасыз ету қондырғыларың (ГРУ) толық іске қосу жөніндегі іс-шаралар қолдану ұсынылсын.
Тармақ 8
8. «АРЭК» жабық түрдегі акционерлік қоғамының басшысы (О.А.Новиков) және «КөкшетауЭнерго» ЖШС (Т.Ө.Жамұханов) басшыларына жылу көздерін, насос стацияларын, сумен қамтамасыз ету және басқа да өмірлік маңызды нысандардың электр қуатымен тұрақты қамтамасыз ету туралы ұсыныс жасалсын. Энергетикалық жабдықтарды, электр жүйелерін қысқы кезенде жұмыс істеуге дайындау жөніндегі кешенді шаралар дайындасын. Ақысын төлей алатын тұтынушыларды электр энергиясымен үзбей қамтамасыз етсін.
Тармақ 9
9. «Астана-су» РМК-на (Петрищев В.Н.) аудан әкімдерімен бірлесе отырып, үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегіне дейін Нұраның топтамалық су құбырындағы сумен қамтамасыз ету тарату жүйелерінде, магисталында, су тораптарында жөндеу бойынша нақты шаралар қолдану және қажетті су қорын су қоймаларында жинақтау шараларын қолдану туралы ұсыныс жасалсын. Су шаруашылығы нысандарын күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуге дайындау жөніндегі кешенді іс-шаралар әзірлесін. Пайдалануға берілген су үшін қаржыны толық көлемде жинау бойынша іс-шаралар қолдансын, пайдаланған электр энергиясы үшін есеп айырыссын. Нұра су құбырында пайдаланған суды есептеу құралдарын орнатсын. Сумен жабдықтау нысандарында технологиялық телефон және радио байланысымен қалыптастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 10
10. Ақмола теміржолымен тасымалдау бөлімінің (Б.Ш.Шамиғанов) «Қазақстан темір жолы» ЖАҚ ЕМК-на жасалған келісім-шартқа сәйкес облысқа қатты және сұйық отын тасуды бірінші кезекті жүзеге асыру ұсынылсын.
Тармақ 11
11. Аудандар мен қалалардың әкімдіктері, облыстық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық және жол шаруашылығы басқармасы (А.М.Рыспаев), Ақмола облыстық автомобиль жолдары басқармасы (Долгих Г.В.), «Қазақавтодор» РМК-ның Ақмола филиалы (Құлышев Б.Ш.) жалпы қолданыстағы автожолдарды сапалы түрде жөндеу, күтіп ұстау және жайлыландыру жөніндегі іс-шаралар қолдансын, жол жөндеу жұмыстарын уақытында қаржыландыруды қамтамасыз етсін. Жергілікті автожолдарды жөндеу жөніндегі қалалық, аудандық шағын отрядтар құру жұмыстарын жандандырсын. Жол қызметтерінің басшылары көпірлердің, жол көрсеткіштерінің, су өткізу құбырларының, тюбингтердің және басқа жасанды құрылыстардың жағдайына баса назар аударсын.
Тармақ 12
12. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтарының нысандарын, кәсіп-орындарды және бюджеттік сала ұйымдарын және тұрғын үй шаруашылығы бюджеттік саладағы кәсіпорындар мен ұйымдардың 2003-2004 жылғы күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуге дайындау жөніндегі облыстық іс-шараларының орындалу барысын бақылау жөніндегі облыстық комиссия құрамы бекітілсін (Қосымша 1,2).
Тармақ 13
13. Аудандардың, Көкшетау, Степногорск қалаларының әкімдері ай сайын, келесі айдың 10-на дейін облыс әкімі аппаратына осы қаулының орындалу барысы туралы ақпарат тапсырып отырсын.
Тармақ 14
14. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.С.Сейітжановқа жүктелсін.
Тармақ 15
15. Облыс әкімдігінің 2002 жылғы 3 мамырдағы №а-5/59 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтардың, кәсіпорындар мен бюджеттік ұйымдардың нысандарын 2002-2003 жылғы күзгі-қысқы кезеңге дайындау туралы» қаулысының күші жойылсын.
Басқа 25
Қосымша 1 Ақмола облысы әкімдігінің 2002 ж. 11.04 № а-4/120 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтардың, кәсіпорындар мен бюджеттік ұйымдардың нысандарын 2003-2004 жылғы күзгі-қысқы кезеңге дайындау туралы» қаулысы Коммуналдық шаруашылықтардың, кәсіпорындардың және бюджеттік сала ұйымдарының нысандарын 2003-2004 жылғы күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуге дайындау жөніндегі ІС-ШАРАЛАР р/с Іс-шаралардын атауы Орындалу мерзімі Орындаушылар Орындалуына жауаптылар 1 2 3 4 5 1. Электржылу энергетика нысандары 1. Көкшетаудың аудандық қазандықтарында (РК-1, 2, 3), Степногорск ТЭЦ және қалалар мен аудан орталықтарындағы жеке қазандықтардың негізгі технологиялық жабдықтарын жөндеу 20.08.03 ж. дейін «Көкшетау Пауэр» ЖШС, «КазСабтон» ЖАҚ әкімшіліктері, жеке қазандық басшылары Аудандардың, қалалардың әкімдері, білім, денсаулық, әлеуметтік қорғау басқармаларының бастықтары 2. Қалалар мен аудандарда жылу, су, канализация жүйелеріне ағымдағы және күрделі жөндеу Үстіміздегі жылдың мамыр, тамыз айларында жұмыс жоспары бойынша «Көкшетау Пауэр» ЖШС, «КазСабтон» ЖАҚ әкімшіліктері, коммуналдық кәсіпорындардың басшылары мен жүйелердің иелері Аудандар мен қалалардың әкімдері, білім, денсаулық, әлеуметтік қорғау басқармаларының бастықтары 3. 0,4-110 кВ кабельдік электр желілеріне, трансформаторларға, подстанцияларға, ағымдағы орташа және күрделі жөндеу 1.09.03. ж. дейін жұмыс жоспары бойынша «АРЭК» ЖАҚ, «КөкшетауЭнерго» ЖШС Аудандар мен қалалардың әкімдері, білім, денсаулық, әлеуметтік қорғау басқармаларының бастықтары 4. Қалалар мен аудан орталықтарының жеке қазандықтарында, орталықтандырылған жылу көздерінде магистральдық, таратушы, кварталдық жылу жүйелерін жуып, тазалау, сынақтан өткізу, гидравликалық режимін жөндеу 1.09.03. ж. дейін жұмыс жоспары бойынша Жылумен қамтамасыз ету ұйымдарының басшылары Аудандар мен қалалардың әкімдері, білім, денсаулық, әлеуметтік қорғау басқармаларының бастықтары 5. Көкшетау қаласының РК-1, 2, 3 қазандықтарына, Степногорск ТЭЦ-не, аудан орталықтары мен елді-мекендердегі барлық қазандықтарға үш айлық қатты және сұйық отын қоры сатып алынып әкелінуін қамтамасыз ету Бекітілген кестеге сәйкес Жылумен қамтамасыз ету ұйымдарының басшылары Аудандар мен қалалардың әкімдері, білім, денсаулық, әлеуметтік қорғау басқармаларының бастықтары 6. Орталық энергия жүйесінен ағытып тастаған жағдайда қолдану үшін қазандықтарды автономиялық энергиямен қамтамасыз ету көздерінен (резервтік және дизельдік электр станцияларымен). Автономиялық электрмен қамтамасыз ету көздерін қажетті дизельдік жанар май қорымен қамтамасыз ету 01.09.03 ж. дейін Жылумен қамтамасыз ету ұйымдарының басшыларына Аудандар мен қалалардың әкімдері, білім, денсаулық, әлеуметтік қорғау басқармаларының бастықтары 7. Тұрғын үй қорын, мәдени-әлеуметтік сала, өнеркәсіп, сауда нысандарының, кәсіпорындар мен ұйымдардың әкімшілік ғимараттарының комиссия арқылы тексеріліп, оларға қалалардың, аудан орталықтары мен басқа да елді мекендердің орталықтандырылған жылу жүйелеріне қосылуға дайын екендіктерін растайтын құжаттар берілуін ұйымдастыру 01.09.03. ж. дейін Жылу беру кәсіпорындары мен шаруашылықтардың, энергонадзор басшылары Аудандар мен қалалардың әкімдері, білім, денсаулық, әлеуметтік қорғау басқармаларының бастықтары 2. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары нысандары 1. Үйлердің ішкі жылу жүйелерін жуып тазалау, сылау, су кұбырлары мен канализация жүйелерін жөндеу, подвалдарды жер асты және басқа да сулардан құрғату. Үйдің шатырларын, подъездерін, есіктерін, жылу жүйелерін жөндеу және изоляциялау Кәсіпорындардың жұмыс жоспарлары бойынша ПИК төрағалары, коммуналдық кәсіпорындардың басшылары Аудандар мен қалалардың әкімдері 2. Жылу энергиясын, суық су есептеу құралдарын орнату 01.09.03.ж. дейін ПИК жұмыс жоспары бойынша ПИК төрағалары, коммуналдық қызмет басшылары Аудандар мен қалалардың әкімдері 3. Көкшетау қаласында магистралдық тарату және кварталаралық жылу беру жүйелерін қымтап орау жұмыстары, жылы сумен қамтамасыз ету жүйелерін қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыру 25.09.03. ж. дейін кесте бойынша «Көкшетау Пауэр» ЖШС, «Горводоканал» МКК, округ төрағалары, ПИК, коммуналдық кәсіпорындар мен қызмет басшылары Көкшетау қаласының әкімі 4. Тұтынылған электр жылу энергиясы үшін, су құбырлары мен канализация кызметі, қоқыс шығарып төгу үшін ақы төленуіне бақылауды жүзеге асыру әрқашан ПИК төрағалары, коммуналдық кәсіпорындары мен энергетика қызметінің басшылары Аудандар мен қалалардың әкімдері 5. Коммуналдық кәсіпорындардың материалдық-техникалық базасын нығайту, әсіресе қар тазалау мен жер қазу техникаларын сатып алу мәселелері бойынша жағдайлар жасау әрқашан Коммуналдық қызмет басшылары Аудандар мен қалалардың әкімдері 6. Жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының жөнделуін қамтамасыз ету, оларды қысқы кезеңде пайдалануға дайындау. Қолда бар қар тазалау техникаларын уақытында жөндеу, көктайғаққа қарсы қажетті материалдар мен жанар май сатып алу әрқашан Автомобиль жолдары ұйымдарының басшылары Аудандар мен қалалардың әкімдері 3. Кәсіпорындар мен ауыл шаруашылық ұйымдардың нысандары 1. Жылу көздері мен (қазандықтар, АЖС және т.б.), жылу құбырларына, су құбырлары жүйелеріне күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізу. Электр, жылу, сумен қамтамасыз ету нысандарының сенімді және тұрақты жұмысын қамтамасыз ету 01.09.03. ж. дейін Кәсіпорындар мен шаруашылықтардың басшылары Аудандардың әкімдері, ауыл шаруашылық басқармасының бастығы 2. Негізгі өндірістің барлық нысандарында резервтік дизельдік электр станциялар сатып алынып қысқы кезеңде жұмыс істеуге дайын болуын қамтамасыз ету 01.09.03. ж. дейін Кәсіпорындар мен шаруашылықтың басшылары Аудандардың әкімдері, ауыл шаруашылық басқармасының бастығы 3. Қатты және сұйық отын алуға келісім-шарттар жасау, үш айлық отын қоры дайындалуын қамтамасыз ету 01.09.03. ж. дейін, кестеге сәйкес Кәсіпорындар мен шаруашылықтың басшылары Аудандардың әкімдері, ауыл шаруашылық басқармасының бастығы 4. Шаруашылықтардағы технологиялық автожолдарды қысқы кезеңде күтіп ұстауды ұйымдастыру, оларда қыс бойы автотранспорт тұрақты жүруін қамтамасыз ету Қыс бойы Кәсіпорындар мен шаруашылықтың басшылары Аудандардың әкімдері 4. Білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және халықты әлеуметтік қорғау нысандары 1. Мектеп, училище, лицей, колледж, жоғарғы оқу орындары, мектепке дейінгі мекеме, аурухана, емхана, СВА, ФАП, интернат-үйлері, мәдениет үйлері, клуб, кітапхана, кинотеатр, мұражай, спорт зал және тағы басқа ғимараттарда ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізу, олардың жергілікті және орталықтандырылған жылу көздерінен жылу қабылдауға дайындығын қамтамасыз ету. Жоғарыда аталған нысандарды электр энергиясымен, сумен тұрақты қамтамасыз ету. 20.08.03. ж. дейін Кәсіпорындар мен ұйымдардың, мекемелердің басшылары Аудандар мен қалалардың әкімдері, облыстық білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, халықты әлеуметтік қорғау баскармаларының бастықтары 2. Облыстық басқармалардың жанынан әлеуметтік сала нысандарын қысқы кезеңде жұмыс істеуге дайындауға және олардың жылыту кезеңінен қиналмай өтуін бақылау жөніндегі арнайы комиссиялар құру Күзгі-қысқы кезең бойы Облыстық басқармалардың басшылары Облыс әкімі аппаратының бөлімдері 3. Бюджеттік ұйымдарға отынды мемлекеттік сатып алу жөніндегі қалалық, аудандық комиссиялардың отырыстарын өткізу, оларды сатып алу және орындарына жеткізілуін қамтамасыз ету. Белгіленген уақытта үш айлық қатты және сұйық отын қоры дайындалуын ұйымдастыру 01.09.03. ж. дейін Мемлекеттік сатып алу жөніндегі облыстық, қалалық, аудандық комиссиялардың Аудандар мен қалалардың әкімдері, облыстық қаржы басқармасының бастығы Облыс әкімі аппаратының өндірістік салалар бөлімі
Басқа 26. Коммуналдық шаруашылықтарды, кәсіпорындарды және бюджеттік сала ұйымдарын 2003-2004 жылғы күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуге дайындау жөніндегі облыстық іс-шаралардың орындалу барысын бақылау жөніндегі облыстық комиссияның ҚҰРАМЫ
Қосымша 2 Ақмола облысы әкімдігінің 2002 ж. 11.04 № а-4/120 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтардың, кәсіпорындар мен бюджеттік ұйымдардың нысандарын 2003-2004 жылғы күзгі-қысқы кезеңге дайындау туралы» қаулысы Коммуналдық шаруашылықтарды, кәсіпорындарды және бюджеттік сала ұйымдарын 2003-2004 жылғы күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуге дайындау жөніндегі облыстық іс-шаралардың орындалу барысын бақылау жөніндегі облыстық комиссияның ҚҰРАМЫ
Тармақ 1
1. Сейітжанов А.С. - облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
Тармақ 2. Комиссия мүшелері:
2. Рыспаев А.М. - облыстық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық және жол шаруашылық басқармасының бастығы, комиссия төрағасының орынбасары Комиссия мүшелері:
Тармақ 1
1. Дмитриенко Е.А. - облыстық білім басқармасының бастығы
Тармақ 2
2. Жамұқанов Т.У. - «КөкшетауЭнерго» ЖШС президенті (келісім бойынша)
Тармақ 3
3. Комалдинов И.М. - облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы
Тармақ 4
4. Мадияров А.С. - облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы
Тармақ 5
5. Мырзахметов Б.К. - облыс әкімі аппаратының бөлім меңгерушісі
Тармақ 6
6. Мұстафин М.К. - ҚР Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігі Департаментің директоры (келісімі бойынша)
Тармақ 7
7. Новиков О.А. - «АРЭК» ЖАҚ басқармасының төрағасы (келісім бойынша)
Тармақ 8
8. Шамиғанов Б.С. - «Қазақстан темір жолы» РМК филиалының Ақмола теміржолмен тасу бөлімшесінің бастығы (келісім бойынша)
Тармақ 9
9. Петрищев В.Н. - «Астана-су» РМК директоры (келісімі бойынша)
Тармақ 10
10. Савицкий Д.Е. - облыстық қаржы басқармасының бастығы
Тармақ 11
11. Сейітжанова Н.С. - облыстық мәдениет басқармасының бастығы
Тармақ 12
12. Хамзин T.F. - облыс әкімі аппаратының бас маманы