О подготовке производственного и социального комплекса Костанайской области к работе в осенне-зимний период 2003-2004 годов Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.04.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай облысының өндірістік және әлеуметтік кешенін 2003-2004 жылдардың күзгі-қысқы кезеңіндегі жұмысқа дайындау туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 09.04.2004 № 89 қаулысымен. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Занының 27-бабына сәйкес және облыстың өндірістік және әлеуметтік кешенін 2003-2004 жылдардың күзгі-қысқы кезеңіндегі жұмысқа уақытында және сапалы дайындау мақсатында, Қостанай облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қалалар, аудандар әкімияттары, мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары:
Тармақша 1
1) 2003 жылғы 1 қазанға дейінгі мерзімде жылу көздерін, электр, газ, жылу және су құбырлары желілерін, сондай-ақ тұрғын және әлеуметтік сала объектілерін 2003 - 2004 жылдардың күзгі-қысқы жағдайына жұмысқа дайындау жөніндегі ұйымдастыру-техниқалық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 2
2. Қалалар және аудандар әкімдері төмендегідей ұйымдастыру жұмыстарын жүргізсін:
Тармақша 1
1) қалалар мен аудандардың кәсіпорындарының жабдықтаушыларымен қатты, сүйық және газ түріндегі отынды, электр энергиясын жеткізу мен қатты және сұйық отынның жинақталу кестесінің орындалуына өзара шарт жасауға бақылауды қамтамасыз етуді;
Тармақша 2
2) коммуналдық қызметті тұтынушылардың пайдаланған электр, жылу энергиясы, табиғи газ, су үшін борыштарын 2003 жылғы 1 шілдеге дейін өтеуді;
Тармақша 3
3) пәтер иелері кооперативтерінің басшыларымен тұрғын үйлерді алдағы күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа даярлау жөніндегі жөндеу-алдын алу іс-шараларын өткізу жөніндегі ұйымдастыру жұмысын жүргізуді;
Тармақша 4
4) энергетика, өнеркәсіп және құрылыс департаментіне апта сайын, әр сәрсенбіде қысқа дайындық барысы туралы белгіленген үлгі бойынша ақпарат түсіріп отыруды (1-қосымша).
Тармақ 3
3. Қаржы департаменті (М.А. Щеглова) алынатын жылу- энергетикалық ресурстарға уақытында төлем төлеу және коммуналдық қызметтер үшін бұрындары жинақталған борыштарын өтеу үшін бюджеттік мекемелерді уақытында қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Өндірістік және әлеуметтік кешеннің 2003-2004 жылдардың күзгі- қысқы кезеңінің жұмысына даярлығы жөніндегі облыстық комиссия құрылсын (2-қосымша).
Тармақ 5
5. Қостанай облысы әкімиятының 2002 жылғы 9 сәуірдегі № 81 «Костанай облысының өндірістік және әлеуметтік кешенін 2002-2003 жылдардың күзгі-қысқы кезеңіндегі жұмысқа даярлау туралы» қаулысының күші жойылды деп есептелсін (тіркеу № 1464, «Қостанай таңы» газеті, № 77, 2002 жылғы 25 мамыр).
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің бірінші орынбасары В.В. Мейстерге жүктелсін.
Басқа 12. 2003 - 2004 жылдардағы күзгі-кысқы кезеңге дайындықтың барысы жөніндегі ақпарат
Қазакстан Республикасы Қостанай облысы әкімиятының 2003 жылғы 8 сәуірдегі № 66 қаулысына 1-қосымша 2003 - 2004 жылдардағы күзгі-кысқы кезеңге дайындықтың барысы жөніндегі ақпарат Рет саны Атауы Өлшем бірлігі Жоспар Нақты орындалғаны 1 Көмір қорын кұру, барлығы оның ішінде: бюджеттік ұйымдар тұрғындар мың тонна мың тонна мың тонна 2 Мазут корын құру мың тонна 3 Қазандықтар, барлығы, оның ішінде: жөндеуге жататыны бірлік бірлік 4 Жылу жүйелері, барлығы оның ішінде: жөндеуге жататыны шақырым шақырым 5 Су құбырлары жүйелері, барлығы оның ішінде: жөндеуге жататыны шақырым шақырым 6 Канализация жүйелері, барлығы оның ішінде: жөндеуге жататыны шақырым шақырым 7 Электр беру желісі 35 - 220 кВ, барлығы оның ішінде жөндеуге жататыны шақырым шақырым Электр беру желісі 10 - 0,4 кВ, барлығы оның ішінде жөндеуге жататыны шакырым шақырым 8 Кіші электр станциялары, 35 - 220 кВ - барлығы оның ішінде: жөндеуге жататыны бірлік бірлік (Тарату пункттері, трансформаторлық кіші станциялар, кешенді трансформаторлық кіші станциялар) - 10/0,4 кВ - барлығы, онын ішінде : жөндеуге жататыны бірлік бірлік 9 Объектілер дайындығы: тұргын үйлер білім беру объектілері денсаулык сақтау объектілері бірлік бірлік бірлік
Басқа 13. Облыстың өндірістік және әлеуметтік кешенін 2003 - 2004 жылдардың күзгі-қысқы кезеңіне дайындау жөніндегі облыстық комиссияның құрамы
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкімиятының 2003 жылғы 8 сәуірдегі № 66 қаулысына 2-қосымша Облыстың өндірістік және әлеуметтік кешенін 2003 - 2004 жылдардың күзгі-қысқы кезеңіне дайындау жөніндегі облыстық комиссияның құрамы Мейстер Виктор Владимирович - облыс әкімінің бірінші орынбасары, комиссия төрағасы Кочин Владимир Федорович - «Қостанай облысының энергетика, өнеркәсіп және құрылыс департаменті» мемлекеттік мекемесінің директоры, төрағаның орынбасары Комиссия мүшелері: Батов Евгений Владимирович - «Төтенше жағдайлар жөніндегі Қостанай облыстық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы Щеглова Мария Александровна - «Қостанай облысының қаржы департаменті» мемлекеттік мекемесінің директоры Ғалымжанов Едіге Молдахметұлы - «Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы Нақанов Болат Әуезханұлы - «Қостанай облысының жол шаруашылығы және көлік департаменті» мемлекеттік мекемесінің директоры Тайкешов Әубәкір Салкенұлы - «Қостанайгаз» мемлекеттік комуналдық кәсіпорының бас директоры (МКК) (келісім бойынша) Пак Людмила Сергеевна - «Қазақтелеком» ашық акционерлік қоғамының «Қостанай облыстық телекоммуникация дирекциясы» филиалының бас директоры (келісім бойынша) Репин Алексей Юрьевич - «Қостанай электржелілер компаниясы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас директоры (келісім бойынша Ақмурзин Абат Аманұлы - «КЕGОС» электр желілерін басқару жөніндегі «Қазақстан компаниясы» ашық акционерлік қоғамының «Сарыбай жүйе аралық электр желілері» филиалының директоры (келісім бойынша)