О программе профилактики правонарушений и борьбы с преступностью в Западно-Казахстанской области на 2003-2004 годы и плане мероприятий по ее выполнению Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.04.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Батыс Қазақстан облысында құқық бұзушылықтың алдын алу мен қылмысқа қарсы күрестің 2003 – 2004 жылдарға арналған бағдарламасы және оны іске асыру жөніндегі шаралар жоспары туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 20.12.2004 № 13-6 шешімімен. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында құқық бұзушылықтың алдын алу мен қылмысқа қарсы күрестің 2003-2004 жылдарға арналған Бағдарламасы туралы" 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1430, "Қазақстан Республикасында Бағдарламаларды әзірлеудің ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 25 мамырдағы N 789 қаулыларына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Батыс Қазақстан облысында құқық бұзушылықтың алдын алу мен қылмысқа қарсы күрестің 2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасы және оны іске асыру жөніндегі шаралар жоспары бекітілсін.
Басқа 2. Батыс Қазақстан облысында құқық бұзушылықтың алдын алу мен қылмысқа қарсы күрестiң 2003-2004 жылдарға арналған БАҒДАРЛАМАСЫ
Облыстық мәслихаттың 2003 жылғы 19 сәуірдегі N 30-7 шешіміне қосымша Батыс Қазақстан облысында құқық бұзушылықтың алдын алу мен қылмысқа қарсы күрестiң 2003-2004 жылдарға арналған БАҒДАРЛАМАСЫ МАЗМҰНЫ
Тармақ 1
1. Бағдарламаның паспорты
Тармақ 2
2. Кiрiспе
Тармақ 3
3. Қоғамдық тәртiптiң жағдайына талдау жасау
Тармақ 4
4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
Тармақ 5
5. Бағдарламаның негiзгi бағыттары және оны iске асырудың тетiктерi
Тармақ 6
6. Бағдарламаны ресурстық қамтамасыз ету
Тармақ 7
7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер
Тармақ 8
8. Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
Тарау 1. 1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ
1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ Бағдарламаның атауы: Батыс Қазақстан облысында құқық бұзушылықтың алдын алу мен қылмысқа қарсы күрестiң 2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасы Әзiрлеуге негiз болғандар: Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасында құқық бұзушылықтың алдын алу мен қылмысқа қарсы күрестiң 2003-2004 жылдарға арналған Бағдарламасы туралы" 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1430 қаулысы Әзiрлеушiлер мен орындаушылар: БҚО iшкi iстер басқармасы, Батыс Қазақстан облыстық прокуратура, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Батыс Қазақстан облыстық департаментi, БҚО әдiлет басқармасы, БҚО қаржы полициясы департаментi, Батыс Қазақстан облысы бойынша кеден басқармасы, облыстық денсаулық сақтау, мәдениет, бiлiм беру, туризм және спорт, экономика басқармалары, облыстық қаржы басқармасы, облыстық iшкi саясат департаментi, Батыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөнiндегi басқарма, Орал қаласының және облыс аудандарының әкiмдерi Негiзгi мақсаты: Құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесiн қалыптастыру, қоғамдық тәртiптi және қоғамның қауiпсiздiгiн нығайту, бұл жұмыстарға барлық мемлекеттiк органдарды, қоғамдық құрылымдар мен тұрғындарды тарту, құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмыспен күрестi қамтамасыз етудегi жергiлiктi атқарушы органдардың рөлi мен жауапкершiлiгiн арттыру Негiзгi мiндеттерi: Құқық бұзушылықтың мақсатты әлеуметтiк-құқықтық алдын алуды жүзеге асыру, қылмыспен күреске азаматтардың мүдделiлiгiн арттыру, тұрғындардың құқықтық мәдени деңгейiн көтеру, ұйымдасқан қылмысқа, есiрткi бизнесiне, лаңкестiк пен басқа да экстремизм көрiнiстерiне, заңсыз көшi-қонға, экономикалық қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ететiн сенiмдi жүйе құру Негiзгi күтiлетiн нәтижелер: Құқық бұзушылықтың әлеуметтiк алдын алу жүйесiн құрудың негiздерiн нығайту, қылмыспен күрестi күшейту, халықтың құқықтық санасы деңгейiн арттыру, олардың мемлекеттiк өкiмет және құқық қорғау органдарына деген сенiмiн арттыру Қаржыландыру көздерi: Жергiлiктi бюджет Iске асыру мерзiмi мен кезеңдерi: 1 кезең - 2003 жыл 2 кезең - 2004 жыл
Тарау 2. 2. Кiрiспе
2. Кiрiспе Құқық бұзушылықтың алдын алу мен қылмысқа қарсы күрес, қоғамның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету қоғамдағы тұрақтылықтың, азаматтардың тұрмысына лайықты жағдайлар жасаудың алғы шарттарының бiрi болып табылады. Мұндай кешендi мәселелердi жергiлiктi өкiметтiң өкiлеттi, атқарушы органдарының, басқармалардың күш-жiгерiн жұмылдырмай және үйлестiрiп отырмай, бұған мемлекеттiк емес ұйымдарды, жұртшылықты және халықты жұмылдырмай шешу мүмкiн емес. Сондықтан осындай жағдайлар құқық бұзушылықтың алдын алу мен қылмысқа қарсы күрестiң 2003-2004 жылдарға арналған Бағдарламасын әзiрлеуге қажет болды. Бағдарлама Қазақстан Республикасында құқық бұзушылықтың алдын алу мен қылмысқа қарсы күрестiң 2003-2004 жылдарға арналған Бағдарламасын iске асыру шеңберiнде әзiрлендi. Осы Бағдарлама бұрынғы бағдарламаны және құқық бұзушылықтың алдын алу мен қылмысқа қарсы күрестiң жоспарларын орындауды ескере отырып жасалды. Бағдарламада облыстық, сондай-ақ қалалық және аудандық деңгейде шешудi қажет ететiн ережелер де бар.
Тарау 3. 3. Қылмыстың жағдайына талдау жасау
3. Қылмыстың жағдайына талдау жасау 2003 жылы көшеде және қоғамдық орындарда жасалған қылмыстық көрiнiстер саны 60,8 % (388-ден 624-ке дейiн), маскүнемдiк жағдайда жасалғаны 12,4 % (523-тен 588-ге дейiн), адамдар тобы жасаған қылмыс саны 4,3 % (610-нан 636-ға дейiн) ұлғайды. Тiркелген қылмыстың әрбiр сегiзi көшеде және қоғамдық орындарда жасалған болып отыр. Егер 2001 жылы 388 көше қылмысы жасалған болса, өткен жылдың осы кезеңiнде 624 болып, оның өсуi 60,8 %-ды құрады. Әрбiр тоғызыншы қылмыс маскүнемдiк жағдайда жасалған болса, оның өсуi 12,4 % құрады (523-тен 588 фактiге дейiн). Мұнымен бiрге облысты тұтас алғанда уақ бұзақылық үшiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық көрiнiстерi 33,9 % кемiдi. Маскүнемдiкке қарсы заңнамаларды бұзушыларды анықтау 8,3 % азайды. Жергiлiктi атқарушы және құқық қорғау органдарының қылмыспен күрес жөнiндегi мұның алдындағы бағдарламаны iске асыру бағытында алған шараларының арқасында оңды нәтижелерге қол жеткiзуге мүмкiндiк болды. Мәселен, барлық бағыттар бойынша тiркелген қылмыстар саны 17,2 % кемiдi, мұнымен бiр мезгiлде қылмыстың ашылуы 6,4 %-ға (81,1 %) жақсарды. Сонымен қатар жалпы қылмыстың кему жағдайында қарақшылық шабуыл, бұзақылық көрiнiстер саны ұлғайып отыр. Экономика саласында қылмыстың анықталуы ұлғая тұрса да, олар көбiнесе елеусiз болып отыр. Күрделi және ерекше қылмыстарды, жемқорлық құқық бұзушылықты ашу, коммерциялық ұйымдар арқылы жалған ақша табу фактiлерiнiң жолын кесу жөнiндегi жұмыстар төмен деңгейде. Iшкi iстер бөлiмiнiң ұйымдасқан қылмыстық топты анықтау бөлiмшесi жұмысты әлсiретiп жiберген. Соның салдарынан топтық қылмыстық көрiнiстер 12,4 %-ға өстi, ал оның үлестi салмағы 16,4 %-ды құрап отыр. Есiрткiнiң заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды анықтау бағытына ерекше мән берiлуiне байланысты, оның саны 38,6 %-ға кемiдi. Дейтұрғанмен бұл проблема өткiр күйде қалып отыр, облыс аумағында айналымнан шығарылған есiрткi көлемiнiң 4 еседен астам өсуi осыған дәлел болады. Кәмелетке толмағандардың қылмысы немесе олардың қатысуымен болатын қылмыстар кемiмей отыр. Тұрғындардың құқық бұзушылықпен күрестегi белсендiлiгi төмен. Заңсыз көшiп келушiлiк белгiлi бiр дәрежеде әлеуметтiк шиеленiс туғызуда. Қалалық жерлердегi қылмыстың деңгейiне ауыл жастарының жұмыс жоқтықтан келуi және мәдени-демалыс мекемелерiнiң болмауы да елеулi әсер етуде.
Тарау 4. 4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi Бағдарламаның мақсаты:
Тармақша 1
1) құқық бұзушылықтың әлеуметтiк алдын алу жүйесiн қалыптастыру, қоғамдық тәртiптi және қоғамның қауiпсiздiгiн нығайту, бұл жұмысқа барлық мемлекеттiк органдарды, қоғамдық құрылымдар мен тұрғындарды тарту, құқық бұзушылықтың алдын алуды және қылмыспен күресудi қамтамасыз етуде жергiлiктi атқарушы органдардың рөлi мен жауапкершiлiгiн арттыру;
Тармақша 2
2) қылмысқа қарсы алынатын шаралардың тиiмдiлiгiн арттыру, қылмыстың ұйымдасқан түрлерiмен, есiрткi бизнесiмен, лаңкестiкпен, экстремизммен, заңсыз көшi-қонмен, экономикалық қылмыспен және жемқорлықпен күрестi күшейту;
Тармақша 3
3) заңдылықты және құқық тәртiбiн одан әрi нығайту, азаматтардың конституциялық құқықтарын, бостандығы мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету. Бағдарламаның мiндеттерi:
Тармақша 1
1) құқық бұзушылықтың, соның iшiнде кәмелетке толмағандар мен жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алудың, бас бостандығынан айыру орындарынан оралғандар мен тұратын орны жоқ адамдарды әлеуметтiк оңалтудың, бөтеннiң мүлкiне қол сұғушылықты болдырмаудың мақсатты әлеуметтiк-құқықтық жұмыстарын iске асыру;
Тармақша 2
2) қоғамның қауiпсiздiгiн, құқық тәртiбiн қамтамсыз етуде, құқық бұзушылықтың алдын алуда және қылмыспен күресте жергiлiктi атқарушы органдардың рөлi мен жауапкершiлiгiн арттыру;
Тармақша 3
3) азаматтардың қылмыспен күреске мүдделiлiгiн арттыру, қоғамдық сананың қылмысқа бейiм болуына жол бермеу, тұрғындардың құқықтық мәдениетiн қалыптастыру;
Тармақша 4
4) ұйымдасқан қылмысқа, есiрткi бизнесiне, лаңкестiкке және басқа да экстремизм көрiнiстерiне, заңсыз көшi-қонға, экономикалық қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенiмдi жүйе құру;
Тармақша 5
5) құқық қорғау қызметi, қылмыспен күрес саласында жүргiзiлiп отырған саясатқа тұрғындардың сенiмiн қалыптастыру және оны ақпараттық қолдау.
Тарау 5. 5. Бағдарламаның негiзгi бағыттары
5. Бағдарламаның негiзгi бағыттары Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары:
Тармақша 1
1) құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртiптi қорғау, патрульдiк қызметтi тиiмдi ұйымдастыру есебiнен көшелер мен қоғамдық орындарда құқық бұзушылықты жүйелi түрде қысқарту, бұған жұртшылық пен тұрғындарды белсендi тарту;
Тармақша 2
2) мектеп оқушылары мен студенттер арасында өзара байланысты кешендi жұмыстар; кәмелетке толмағандардың бақылаусыздығы мен құқық бұзушылығының алдын алу, қолайсыз отбасылар балаларын әлеуметтiк жағынан қорғау, олардың оқуы мен демалуына жағдайлар жасау, балалардың бақылаусыздығын жою, жастар мен жас өспiрiмдердiң құқықтық тәрбиесi, Даринск орта мектебiндегi "Барыс" отряды және БҚГУ-дiң студенттiк шұғыл отряды үлгiсiнде құқық қорғау бағытында мектептiк және студенттiк қоғамдық құрылымдар құру;
Тармақша 3
3) салауатты өмiр салтын қалыптастыру, маскүнемдiктiң, шылым шегушiлiктiң және нашақорлықтың алдын алу жөнiндегi кешендi iс-шараларды жүзеге асыру;
Тармақша 4
4) заңсыз көшiп келудi болдырмау;
Тармақша 5
5) қылмысты ашудың және тергеудiң тиiмдiлiгiн арттыру;
Тармақша 6
6) бағдарламаны ақпараттық-техникалық жағынан қамтамасыз ету болып табылады.
Тарау 6. 6. Бағдарламаны iске асырудың тетiктерi
6. Бағдарламаны iске асырудың тетiктерi Бағдарлама қылмыспен күрестiң қазiр қолда бар нысандары мен әдiстерiнiң тиiмдiлiгiн арттыруға, заңдылықты және құқық тәртiбiн қамтамасыз ету жүйесiн одан әрi дамытуға және нығайтуға бағытталып отыр. Бағдарламаны орындау үшiн оны iске асыру жөнiнде iс-шаралар Жоспары әзiрленедi, ол жергiлiктi өкiмет және басқару органдарының мүмкiндiктерiн шоғырландыруға, олардың қызметiн барынша үйлестiрiп отыруға мүмкiндiк бередi. Бағдарламаны iске асырудың тиiмдi тетiктерi қылмыспен күрестiң барлық бағыттары бойынша мақсатты және келiсiлген iс-қимылдар арқылы қамтамасыз етiледi. Iс-шараларды бiрiншi тiкелей орындаушылар ведомствоаралық топ құруға, жұмысты ұйымдастыруға және белгiленген мерзiмде есептi тапсыра отырып жұмысты бақылауға құқылы. Қосымша орындаушылармен бiрлесiп, iс-шаралардың сапалы және дер кезiнде орындалуына, Бағдарламаны iске асыруға бөлiнетiн ақша қаражаты мен ресурстардың тиiмдi пайдаланылуына жауап бередi. Бағдарламаның iс-шараларын қаржыландыру болмаған жағдайда орындаушылар облыс әкiмдiгiнiң келiсiмi бойынша оны iске асырудың мерзiмiн өзгертуге немесе оны орындаудан алуға ұсыныс енгiзедi.
Тарау 7. 7. Бағдарламаны ресурстың қамтамасыз ету
7. Бағдарламаны ресурстың қамтамасыз ету Бағдарламаның iс-шараларын жүзеге асыруды қажет ететiн қаржы шығындары жергiлiктi бюджет қаржысы есебiнен қаралған.
Тарау 8. 8. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер
8. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер Бағдарламаны iске асыру нәтижесiнде құқық бұзушылықтың әлеуметтiк алдын алу жүйесiн жасауға негiз қаланады, құқыққа қарсы әрекетке бейiм адамдарды бақылау күшейедi. Жалпы облыста қылмыстар азаяды, қылмыспен күрес күшейедi, ауыр қылмыстардың кему үрдiсi белгiленедi, қоғамның қауiпсiздiгiне келетiн қауiп-қатердi дер кезiнде бағдарлау қамтамасыз етiледi. Көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда жағдай жақсарады. Экономикалық қылмыс деңгейi кемидi, халықтың құқықтық санасының деңгейi артады, олардың полицияға деген, сондай-ақ құқық қорғау органдарымен өзара iс-қимыл жасауға деген сенiмi артады.
Басқа 33. 2003-2004 жылдары Батыс Қазақстан облысында тәртiп бұзушылықтың алдын алу мен қылмысқа қарсы күрес бағдарламасын iске асыру жөнiндегi IС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
2003-2004 жылдары Батыс Қазақстан облысында тәртiп бұзушылықтың алдын алу мен қылмысқа қарсы күрес бағдарламасын iске асыру жөнiндегi IС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ № № Шаралар мазмұны Аяқтау нысаны Орындауға (жүзеге асыруға) жауаптылар Орындалу мерзiмi 1 2 3 4 5 1 2003 жылдың жергiлiктi бюджетiне қоғамдық тәртiптi қорғауға қатысқан азаматтарды ынталандыруға салынған ақша қаражатын дер кезiнде игеруге сәйкестi шаралар алу Облыс әкiмiне ақпарат БҚО IIБ Жарты жылда 1 рет 2 Көше таксофондарының жүйесiн, көшелердi жарықтандырудың, аулалардың, подъездердiң, сондай-ақ мектеп жасына дейiнгi балалар мекемелерi мен оқу орындарының аумағын кеңейту жөнiндегi жұмысты жалғастыру. Жергiлiктi бюджеттен осы мақсаттарға бөлiнген ақша қаражатын дер кезiнде және тиiмдi пайдалану Облыс әкiмдiгiне есеп БҚО IIБ, Орал қаласының әкiмдiгi Жарты жылда 1 рет 3 Полицияның учаскелiк пункттерiн телефондандыру жөнiнде шаралар алу Облыс әкiмiне ақпарат БҚО IIБ, "Қазтелеком" ААҚ филиалы 2003-2004 жылдары 4 "Рубеж" посталарын автоматты қадағалау және осы заманғы байланыс құралдарымен модернизациялау және жабдықтау жөнiндегi жұмыстарды жалғастыру Облыс әкiмiне ақпарат БҚО IIБ 2003-2004 жылдары 5 Ауылдық жерлерде және саяжай аймақтарында қылмыстың мүлiктiк түрлерiнiң алдын алу және ашу мақсаттарында полицияның атты құрамаларын ұйымдастыру мәселесiн шешу Облыс әкiмiнiң шешiмi Облыс әкiмдiгi, аудандардың әкiмдiктерi, БҚО IIБ 2003-2004 жылдары 6 Пәтер ұрлықтарының алдын алу және жолын кесу мақсаттарында облыс орталығы мен Ақсай қаласындағы көп қабатты үйлердiң подъездерiн күзету жөнiнде Павлодар мен Қызылорда қалаларының оңды тәжiрибесiн енгiзу Облыс әкiмiне ақпарат Орал қаласының, Бөрлi ауданының әкiмдiктерi, БҚО IIБ 2003 жылдың 1 маусымына дейiн 7 Облыс аумағында "Жеткiншек", "Қадағалау", "Сабақ" және сол сияқты кешендi шұғыл-профилактикалық шаралар жүргiзу практикасын жалғастыру Облыс әкiмiне ақпарат БҚО IIБ, облыстық бiлiм басқармасы, Орал қаласы мен аудандардың әкiмдерi Тоқсан сайын 8 Оқуға қатыспайтын балалар мен жасөспiрiмдердi анықтау жөнiндегi шараларды тұрақты жүргiзу. Олардың оқудан шеттеуiне ықпал ететiн себептер мен жағдайларды болдырмау шараларын алу Облыс әкiмiне ақпарат Аудандар мен Орал қаласының әкiмдерi, облыстық бiлiм басқармасы, БҚО IIБ, Жарты жылда 1 рет 9 Табысы аз қолайсыз отбасыларының кәмелетке толмаған балаларын спортпен шұғылдануға және мәдени ойын-сауық шараларына тарту жөнiндегi шаралар кешенiн жүзеге асыру Облыс әкiмiне ақпарат облыстық бiлiм, спорт және мәдениет басқармалары Жыл бойы 10 Ата-аналық құқынан айыру, ата-аналарының ажырасуы, тұрғын үйлерiн сату немесе жеткiншектерге қатысты басқа да жағдайларда кәмелетке толмағандардың заңды құқтары мен мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету. Iшкi iстер органдарының кәмелетке толмағандар iсi жөнiндегi бөлiмiнiң кәмелетке толмағандардың құқтары мен мүдделерiн қорғау жөнiндегi комиссиямен және қамқорлыққа алған органдармен өзара байланыста жұмыс iстеуiн ұйымдастыру Облыс әкiмiне ақпарат Кәмелетке толмағандардың құқтары мен мүдделерiн қорғау жөнiндегi комиссия, облыстық бiлiм басқармасы, БҚО IIБ Тұрақты 11 Балалар колониясынан оралған және ата-анасымен байланысты үзген, басқа да ата-анасының қамқорлығынан айырылған жастардың еңбекке орналасуына және тұрмыстық жағдайына көмектесу Облыс әкiмiне ақпарат Кәмелетке толмағандардың құқтары мен мүдделерiн қорғау жөнiндегi комиссия, облыстық бiлiм басқармасы, БҚО IIБ 12 Облыс аудандарында селолық клуб, кiтапханалар мен мәдени ойын-сауық орталықтарын салу Инвестициялық жобаларға ұсыныстар Аудандардың әкiмдерi, облыстық мәдениет басқармасы Облыстың 2003-2005 жылдары әлеуметтiк-саяси дамуының индикативтi жоспарына сәйкес 13 Мәдениет мекемелерiнiң қазiргi балалар мен жастардың талабы ескерiлген мәдени ойын-сауық жұмысын қамтамасыз ету. Жастар арасында құқ бұзушылықтың алдын алу жөнiндегi шаралардың тәрбиелiк ролiн күшейту Шарала жоспары Аудандардың әкiмдерi, облыстық мәдениет басқармасы Тұрақты 14 Кәмелетке толмағандарды оңалдыру үшiн уақытша оқшаулау орталығы үшiн спорттық және ойын жабдықтарын алуға бөлiнген ақша қаражатының мақсатты жұмсалуына және игерiлуiне сәйкестi шаралар алу Облыс әкiмiне ақпарат БҚО IIБ Жарты жылдық бойынша 15 Орал қаласында ақылы ауыспалы кәмелетке толмаған балалар үшiн 120 орындық арнайы орта бiлiм беретiн мектеп-интернат ашу Облыс әкiмiнiң қаулысы Облыстық бiлiм басқармасы 2003 жыл 16 Жоғары оқу орындары мен колледждерде оқушылар мен студент жастар арасында құқ бұзушылықтың алдын алу кеңесiн құру Облыс әкiмiне ақпарат Облыстық бiлiм басқармасы, БҚО IIБ, жоғары оқу орындарының ректорлары Жарты жылдық бойынша 17 Қылмыстық жағдайы күрделi аудандарда кәмелетке толмағандар iсi бойынша "мектеп" инспекторларын енгiзу практикасын жалғастыру Облыс әкiмiне ақпарат БҚО IIБ 2003-2004 жылдары 18 Мектеп каникулдары кезеңiнде балалар мен жасөспiрiмдердiң демалысын ұйымдастыру мақсатында спорттық және сауықтыру лагерлерiнiң жүйесiн құру Облыстық әкiмдiкке ақпарат Орал қаласының, аудандардың әкiмдiктерi, облыстық туризм және спорт басқармасы Жазғы каникул кезеңiнде 19 "Спортшылар есiрткiге қарсы" акциясы шеңберiнде жарыстар өткiзу Жарыстар өткiзу Облыстық туризм және спорт басқармасы Жазғы каникул кезiнде 20 Жалпы бiлiм беретiн мектептерде, колледждерде және жоғары оқу орындарында "Есiрткiсiз өмiр" акциясын тұрақты өткiзу Акция өткiзу Облыстық бiлiм, денсаулық сақтау, туризм және спорт басқармалары, БҚО IIБ, жоғары оқу орындарының ректорлары Жарты жылда 1 рет 21 Облыстық, қалалық және аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында кәмелетке толмағандар iсi жөнiндегi инспекторлардың жұмысын, сондай-ақ балалар қылмысы мен бақылаусыз қалғандығына байланысты проблемалық мәселелердi кеңiнен көрсету Телерадио хабарлары, жарияланымдар Iшкi саясат департаментi, БҚО ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармасы, БҚО IIБ Тұрақты 22 Акциздi өнiмдер айналымы саласында қылмыстық процестердi қадағалау және оның жолын кесу Рейдтер, тексерулер БҚО қаржы полициясы департаментi, БҚО IIБ, облыстық кеден басқармасы Барлық кезеңде 23 Медициналық айықтырғыштардың қызметiне баса көңiл бөле отырып, маскүнемдiк пен алкоголизмге қарсы күрес бойынша алынған шараларға талдау жасау. Қорытындысы бойынша маскүнемдiк пен алкоголизмге қарсы күрестi күшейту туралы ұсыныстар енгiзу Облыс әкiмiне ақпарат БҚО IIБ 2003 жылғы 1 маусымға дейiн 24 Белгiлi тұрағы жоқ адамдарды жұмысқа және тұрмыстық орналастыру үшiн әлеуметтiк бейiмделу орталықтарының қызметiнiң тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету Облыстық әкiмдiкке ақпарат Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасы, БҚО IIБ Жарты жылда 1 рет 25 Экономикалық қызмет саласында қылмысты, соның iшiнде оның ұйымдасқан түрiн анықтау және ашу мәселелерi бойынша облыстық семинар өткiзу Семинар өткiзу БҚО қаржы полициясы департментi, БҚО IIБ, облпрокуратура (келiсiм бойынша) 2003 жылдың 4 тоқсаны 26 Лаңкестiк пен экстремистiк бағыттағы қылмыстың алдын алу, анықтау және жолын кесу бойынша бiрiккен арнайы шұғыл шаралар алу Шаралар БҚО IIБ, БҚО ҰҚКД (келiсiм бойынша) Жеке жоспар бойынша 27 Лаңкестiкке қарсы операциялар өткiзу салдарынан болатын төтенше жағдайларды жоюға жаттығу мақсатында арнайы тактикалық сабақтар (оқулар) өткiзу Арнайы жоспарлар БҚО ТЖ басқармасы Жарты жылда 1 рет 28 Республикалық "Мигрант" шұғыл профилактикалық шараларына қатысу Облыстық әкiмдiкке ақпарат БҚО IIБ Жыл сайын, шаралар өткiзудiң қорытындысы бойынша 29 Шетел азаматтарының заңсыз көшi-қонының жолын кесу мақсатында мұндай азаматтарды Қазақстан Республикасының шекарасынан шығару үшiн ақша қаражатын бөлудi қарастыру Облыс әкiмiне ақпарат Облыс әкiмдiгi, БҚО IIБ Жыл сайын 30 Экономикалық контрабанда фактiлерiн, астық, мұнай өнiмдерi мен басқа да шикiзат ресурстарын ұрлауды, қылмысқа икем лауазымды адамдарға байланысты ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметiн анықтау және жолын кесу бойынша келiсiлген шұғыл iздестiру шараларын алу және арнайы операциялар жасау Шаралар БҚО қаржы полициясы департаментi, БҚО IIБ, облпрокуратура (келiсiм бойынша), БҚО ҰҚКД (келiсiм бойынша) Тоқсан сайын 1 рет 31 Есiрткi заттарын облыс аумағына әкелу және шығару жолдарын және тарату көздерiн анықтау және жолын кесу бойынша үйлестiрiлген шараларды жүзеге асыру Шаралар жоспары БҚО IIБ, БҚО кеден басқармасы, шекаралық отряд, БҚО ҚҰКД (келiсiм бойынша), облпрокуратура (келiсiм бойыша) Жыл бойы 32 Бопсалауға, заңсыз кәсiпкерлiк қызметке байланысты экономикалық қылмыстың алдын алу, анықтау және жолын кесу бойынша бiрлескен шараларды жүзеге асыру Шаралар БҚО IIБ, ҚҰКД, БҚО кеден басқармасы Барлық кезеңде 33 Лаңкестiк бағыттағы қылмыстың алдын алу, анықтау және жолын кесу жолында бiрлескен шұғыл-профилактикалық шаралар алу. Шекарашылар мен кеден нарядтарының көмегi арқылы кеден бекеттерi мен автоөткелдерде қару-жарақтар мен оқ-дәрiлер кiргiзуге тұрақты бақылау жасау Арнайы жоспарлар БҚО IIБ, БҚО шекарашылар отряды, облыстық кеден басқармасы, ҚҰКД (келiсiм бойынша) Жыл бойы 34 Қоғамдық қауiпсiздiк пен аумақтық тұтастыққа қатер төндiретiн қоғамдық және дiни бiрлестiктердiң қызметiне бiрлескен тексерулер жүргiзу Облыс әкiмiне ақпарат БҚО IIБ, облпрокуратура (келiсiм бойынша), БҚО әдiлет басқармасы Жарты жылдық бойынша 35 Облыс аумағында тiркелмеген бiрлестiктердi анықтау мақсатында жұмыс жасап тұрған және ресми тiркелген дiни және қоғамдық бiрлестiктердiң, сондай-ақ олардың филиалдары мен өкiлеттiктерiнiң тоқсан сайын өзара тексерiсiп тұруын қамтамасыз ету Бiрлескен шаралар, облыс әкiмiне ақпарат БҚО IIБ, облпрокуратура (келiсiм бойынша), әдiлет басқармасы 2003-2004 жылдары 36 Шетелдiк фирмалардың жұмысшы күшiн тартуға ұлықсаты барлығына тексеру жүргiзу. Заңсыз көшi-қонға қарсы күрестi күшейтудiң кешендi шараларын жүзеге асыру Облыс әкiмiне ақпарат БҚО IIБ, Еңбек, әлеуметтiк қамту министрлiгiнiң департаментi БҚО ҚҰКД (келiсiм) 2003-2004 жылдары 37 Әуежайларда, вокзалдарда, стансаларда және басқа да көлiк объектiлерiнде жолаушылар мен қызмет көрсетушiлердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша қосымша шараларды жүзеге асыру. Осы объектiлерде жасырын көшi-қон фактiлерiн болдырмаудың шараларын алу Бiрлескен шаралар жоспары БҚО IIБ, Орал стансасы IIБЖБ, шекаралық отряд 2003-2004 жылдары 38 Қылмыстық процестерде азаматтардың конституциялық құқтары мен бостандықтарын сақтауға ведомстволық бақылауды күшейту Прокурорлық анықтаулар мен ведомстволық тексеру актiлерi Облыстық прокуратура (келiсiм бойынша), қаржы полициясы департаментi, ҚҰКД (келiсiм бойынша) БҚО кеден басқармасы 2003-2004 жылдары 39 Жемқорлық пен тәртiп бұзушылыққа жауапкершiлiктi күшейту бойынша алынған шараларды жинақтау Облыс әкiмiне ақпарат Облыстық Тәртiптiк кеңес, облыстық прокуратура (келiсiм бойынша) Жарты жылдық бойынша кестенің жалғасы №№ Орындалу мерзiмi Ұсынылатын шығын (млн. теңге) Қаржыландыру көзi 2003 2004 1 5 6 7 8 1 Жарты жылда 1 рет 0,5 млн. теңге 0,523 млн. теңге Жергiлiктi бюджет 2 Жарты жылда 1 рет 78,734 млн. теңге 80,0 млн. теңге Жергiлiктi бюджет 3 2003-2004 жылдары 0,153 млн. теңге 1,518 млн. теңге Жергiлiктi бюджет 4 2003-2004 жылдары 10,0 млн. теңге 20,0 млн. теңге Жергiлiктi бюджет 5 2003-2004 жылдары 5,0 млн. теңге 6,5 млн. теңге Жергiлiктi бюджет 6 2003 жылдың 1 маусымына дейiн 7 Тоқсан сайын 8 Жарты жылда 1 рет 9 Жыл бойы 10 Тұрақты 11 12 Облыстың 2003-2005 жылдары әлеуметтiк- саяси дамуының индикативтi жоспарына сәйкес 13 Тұрақты 14 Жарты жылдық бойынша 4,0 млн. теңге Жергiлiктi бюджет 15 2003 жыл 21,7 млн. теңге Жергiлiктi бюджет 16 Жарты жылдық бойынша 17 2003-2004 жылдары 18 Жазғы каникул кезеңiнде 2,0 млн. теңге 2,0 млн. теңге Жергiлiктi бюджет 19 Жазғы каникул кезiнде 0,2 млн. теңге 0,2 млн. теңге Жергiлiктi бюджет 20 Жарты жылда 1 рет 21 Тұрақты 0,150 млн. теңге 0,150 млн. теңге Жергiлiктi бюджет 22 Барлық кезеңде 23 2003 жылғы 1 маусымға дейiн 24 Жарты жылда 1 рет 25 2003 жылдың 4 тоқсаны 26 Жеке жоспар бойынша 27 Жарты жылда 1 рет 28 Жыл сайын, шаралар өткiзудiң қорытындысы бойынша 29 Жыл сайын 0,5 млн. теңге 0,5 млн. теңге Жергiлiктi бюджет 30 Тоқсан сайын 1 рет 31 Жыл бойы 32 Барлық кезеңде 33 Жыл бойы 34 Жарты жылдық бойынша 35 2003-2004 жылдары 36 2003-2004 жылдары 37 2003-2004 жылдары 38 2003-2004 жылдары 39 Жарты жылдық бойынша Жергiлiктi бюджеттен қажеттi қаржы мөлшерi - 234,328 млн. теңге Соның iшiнде 2003 жылға - 122,937 млн. теңге 2004 жылға - 111,391 млн. теңге