О региональной Программе функционирования и развития языков в Западно-Казахстанской области на 2003-2004 годы и плане мероприятий по ее реализации Күшін жойған
Басқа 0
Батыс Қазақстан облысында тілдерді қолдану мен дамытудың 2003-2004 жылдарға арналған аймақтық Бағдарламасы және оны іске асыруға арналған шаралар жоспары туралы
📌 Ескерту. Күші
жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 20.12.2004 № 13-4 шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ Заңының 6 бабы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 7 ақпандағы N 550 Жарлығы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 25 мамырдағы N 789 "Қазақстан Республикасында Бағдарламаларды әзірлеудің ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Батыс Қазақстан облысында тілдерді қолдану және дамытудың 2003-2004 жылдарға арналған аймақтық Бағдарламасы және оны іске асыруға арналған шаралар жоспары бекітілсін (жалғанады).
Басқа 1. Батыс Қазақстан облысында тілдерді қолдану мен
дамытудың 2003-2004 жылдарға арналған
АЙМАҚТЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ
Облыстық мәслихаттың
2003 жылғы 19 сәуірдегі
N 30-8 шешіміне қосымша
Батыс Қазақстан облысында тілдерді қолдану мен
дамытудың 2003-2004 жылдарға арналған
АЙМАҚТЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ
Орал қаласы, 2003 жыл
Батыс Қазақстан облысында тілдерді қолдану мен дамытудың
2003-2004 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы
Атауы:
Батыс Қазақстан облысында тілдерді қолдану мен дамытудың 2003-2004 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы
Әзірлеуге негіздеме:
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы N 550 Жарлығымен бекітілген "Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына", Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 сәуірдегі N 450 қаулысымен бекітілген "Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2001-2002 жылдарға арналған іс-шаралары жоспарының" 3 тармағына сәйкес әзірленген
Бағдарламаны
жүзеге асыру мерзімдері және кезеңдері:
1-кезең - 2003 жыл;
2-кезең - 2004 жыл.
Негізгі әзірлеушісі және үйлестірушісі:
Батыс Қазақстан облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы
Мақсаттары:
Қазақстан халықтарының тілдерін дамытудың стратегиясына сәйкесті мемлекеттік-қазақ тілінің пәрменділікпен дамуын және оның қоғамдық өмірдің барлық салаларында кеңінен қолданылуын қамтамасыз ету, орыс тілінің жалпы мәдени қызметін сақтай отырып, басқа да этникалық топтардың тілдерін дамытуға қолдау көрсету
Міндеттері:
мақсаттардың орындалуын қамтамасыз ету үшін төменде көрсетілген негізгі міндеттерді шешу көзделеді: облыс көлемінде мемлекеттік тілдің мемлекеттік басқару тілі ретінде қолданылуын қамтамасыз ету;
облыс әкімдігінің 2002 жылғы 3 сәуірдегі Батыс Қазақстан облысында "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының іске асырылу барысы туралы" N 78 қаулысымен бекітілген іс жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру жөніндегі кестеге сәйкес барлық деңгейдегі мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару жұмыс орындарында мемлекеттік тілдің өз мәртебесінде қолданылуына қол жеткізу;
мектепке дейінгі балалар мекемелерінен бастап барлық дәрежедегі оқу орындарында тілдерді оқытудың сапасын жақсарту, олардың әдістемелік оқу құралдарымен, оқулықтарымен жабдықталуына жәрдемдесу;
облыстық және жергілікті бюджеттердің, барлық меншік түріндегі мекемелер мен кәсіпорындарының есебінен азаматтардың мемлекеттік тілді тегін оқып үйрену курстарының жұмысын жалғастыру, облыстағы барлық деңгейдегі мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік тілді жеделдетілген әдіспен үйренуін және оларды тіл меңгеруіне қатысты аттестациялаудан өткізуді, материалдық ынталандыру шаралардың іс жүзінде енгізілуін үйлестіру;
мекемелер мен ұйымдарда, барлық меншік түріндегі кәсіпорындарда орыс тілінің қызмет етуіне, басқа этникалық қауымдастықтар өкілдерінің ана тілін оқытуға мемлекеттік қолдау көрсету;
облыстағы әлеуметтік-лингвистикалық ахуалға талдау жасау;
көрнекі ақпаратты және оның мәтіндерін, ономастикалық объектілер атауларын тәуелсіз мемлекеттің ерекшеліктеріне сәйкес ретке келтіру
Қаржыландыру көздері:
Бағдарламаны қаржылай қамтамасыз ету осы Бағдарламаны іске асыруға бөлінетін облыстық бюджеттен, жергілікті бюджеттер, мекемелер мен ұйымдарға белгіленген қаражаттар есебінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен тиым салынбаған басқа да көздерден жүзеге асырылады
Күтілетін нәтижелер:
Бағдарламаны іске асыру облыс аумағында Қазақстан Республикасы Конституциясының 7, 19, 93 баптарына сәйкес облыс көлемінде әлеуметтік-лингвистикалық кеңістік құруды көздейді. Атап-айтқанда:
Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін нақты іске асыру, оның облыс аумағындағы қоғамдық қатынастардың барлық салаларында іс жүзінде қолданылуына қол жеткізу;
орыс тілінің Заң жүзінде кепілдік берілген негізгі функцияларын толық көлемінде сақтауды қамтамасыз ету және облысты мекендеген өзге де ұлттардың ана тілдерін оқып-үйренуі мен дамыту үшін қолайлы жағдай жасау
Тарау 2. 2. Кіріспе
2. Кіріспе
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2003-2004 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) 2 жылға арналған.
Бағдарлама Қазақстан Республикасы Конституциясының 7, 19, 93 баптарына, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына , Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 4 қарашадағы N 3186 өкімімен мақұлданған Қазақстан Республикасының Тіл саясаты тұжырымдамасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы N 550 Жарлығымен бекітілген "Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына", сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 сәуірдегі N 450 қаулысымен бекітілген "Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөнінде 2001-2002 жылға арналған іс-шаралар жоспарының" 3 тармағына сәйкес әзірленген.
Тарау 3. 3. Тілдік ахуалдың бүгінгі таңдағы жағдайын талдау
3. Тілдік ахуалдың бүгінгі таңдағы жағдайын талдау
"Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасы Заңын және Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы N 550 Жарлығымен бекітілген "Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы" мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 сәуірдегі N 450 қаулысымен бекітілген "Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2001-2002 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын" және осы заңнамаларды жүзеге асыру жөніндегі аймақтық бағдарламаны 2001-2002 жылдар аралығында іске асыру барысында облыс көлемінде біршама жұмыс атқарылды. Мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен барлық меншік түріндегі кәсіпорындар ұжымдарының үйлестірген мақсатты күш-жігерінің нәтижесінде тілдік дамудың үрдістері қоғамда түсіністік пен қолдау тапты деуге болады. Бүгінде облыстағы 12 ауданның 7-де іс қағаздары мемлекеттік тілде жүргізілсе, облыс әкімшілігінің 2002 жылғы 3 сәуірдегі N 78 қаулысымен бекітілген кестеге сәйкес Тасқала, Теректі, Шыңғырлау аудандарында 2003 жылдан, Бөрлі ауданында 2004 жылдан, Зеленов ауданы мен Орал қаласында 2005 жылдан іс жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру көзделініп отыр.
Облыстық атқарушы органдардың мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған жұмыстарының арқасында қазақ тілінде іс жүргізудің өсу үрдісі байқалады. Штаттық жүйелеріне аудармашы- мамандығын енгізіп, қызметкерлер құрамын тіл біліктілігі жоғары кадрлармен толықтырған бірқатар мекемелер мен ұйымдарда және меншік нысанына қарамастан кәсіпорындарда іс қағаздары екі тілде - мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Есепті мерзімде мемлекеттік тілді оқыту курстарының жұмыстарын жетілдіру, оқу орындарында қазақ тілінде сабақ өткізудің, мемлекеттік тілде іс жүргізушілер мен аудармашылардың құжат әзірлеу сапасын жақсарту мақсатында ғылыми-әдістемелік мәслихаттар, семинар-кеңестер ұйымдастырылды. Атап-айтқанда "Тәуелсіздік және мемлекеттік тіл: қазақ тілін оқыту мен оны іс жүзінде қолдану мәселелері туралы" аудандарда көшпелі семинар-кеңестер, "Дені сау, тілі таза, жан-жақты жетілген адамды тәрбиелеу-ұлттық дәуірлеудің кепілі" тақырыбында мектепке дейінгі ұйымдар қызметкерлерінің облыстық семинары, "Мемлекеттік тілде білім берудің үздіксіздігін қамтамасыз ету және жоғары білікті кадрлар даярлау-әлеуметтік тапсырыс" атты облыстық ғылыми-тәжірибелік мәслихат өткізілді.
Бірнеше авторлардың қазақ тілін оқыту курстарына арналған оқу-әдістемелік бағдарламалары, іс жүргізу оқулығы баспалық әдіспен кітап ретінде шығарылып, таратылды.
Алайда, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасы Заңын жүзеге асыруда жоғарыда аталғандай ілгерілеушілік болғанына қарамастан жалпы облыс көлемінде мемлекеттік тілде жұмыс жүргізу мәселесі өз шешімін таппай келеді. Орал қаласы мен Бөрлі, Зеленов, Теректі аудандарында, қаржы, банк салалары мен әскери құрамаларда, мемлекеттік емес ұйымдарда іс жүргізу негізінен орыс тілінде орындалады. Кейбір мемлекеттік органдар тарапынан мемлекеттік тілді іс жүргізуге енгізуде бейқамдық басым, қызметкерлерінің арасында іс қағаздарын қазақ тілінде әзірлей алатын кадрлар жеткіліксіз.
Сондықтанда осы Бағдарламаны іске асыру барысындағы басты бағыттар ретінде мемлекеттік тілді оқыту үрдісін жетілдіру, кадрларды тіл біліктілігі бойынша аттестациялау, бос орындарға қызметкерлер іріктеуде қазақ тіліне жетік мамандарға басымдық беру, іс жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру жөнінде бірінші басшыларға талапты күшейту іс-шаралары белгіленді.
Облыстағы білім беру жүйесінде мемлекеттік тілдің рөлі арта түсуде. Мәселен, 2001-2002 оқу жылы барлық мектептердегі 124836 оқушының 71043-і қазақ тіліндегі оқумен қамтылды. 6-жексенбілік мектепте татар, шешен, неміс, кәріс, еврей, армян ұлттарының жасөспірімдері өз ана тілдерін оқып-үйренуде. Облыста 12 жаңа үлгідегі мектеп жұмыс істейді. Олардың жетеуі мемлекеттік тілде, үшеуі орыс тілінде, екеуі қазақ және орыс тілдерінде білім беруде. Өткен оқу жылында ғана қазіргі кезеңнің талабына сай Орал қаласында салынған N 30 қазақ орта мектебі мен Теректі ауданында "Үміт" атты лингвистикалық гимназия ашылды. Онда арнайы сараптау арқылы қабылданған дарынды балалар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін тереңдете оқытатын бағдарлама бойынша білім алуда. Облыс көлеміндегі 61 мектепке дейінгі балалар мекемесінің 24-де тәлім-тәрбие жұмысы мемлекеттік тілде, 22-інде аралас (қазақ және орыс тілдерінде) жүргізіледі.
Жалпы алғанда облыстағы мектепке дейінгі балалар мекемесі – мектеп - арнаулы орта және жоғары оқу орындары тізбелігі бойынша мемлекеттік тілде білім берудің үздіксіздігін қамтамасыз ету қазіргі кезеңнің көкейтесті мәселесі болып отыр. Соңғы халық санағы бойынша облыс тұрғындарының 64,7 пайызы қазақтар болуына қарамастан қазақ жас өркендерінің қазақ тілінде тәрбие-оқу үрдісімен қамтылуы жеткіліксіз деңгейде.
Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдарға сәйкес облыс аумағындағы тарихи атауларды қалпына келтіру, көрнекі ақпарат мәтіндерін талапқа сай реттеу жұмысы жандандырылуда. Көптеген тарихи топонимдерге талдау жасалынып, 1500-ге жуық географиялық атаулар қамтылған "Батыс Қазақстан облысы жер-су атауларының сөздігі" мен облыс көлеміндегі елді мекендердің және білім мен мәдениет мекемелерінің атаулары жүйеленген анықтамалық жинақ шығарылды.
Алайда, облыс көлеміндегі елді мекендер атауларының 35-пайызы отарлау саясаты кезеңдерінде берілген атаулар болса, Зеленов, Бөрлі аудандары мен Орал қаласындағы елді мекендердің бірен-сараны ғана Қазақстан елдігін білдіретін атауларға ие. Сондықтанда облыс аумағындағы жер-су, елді мекен, тағы басқа атауларды тәуелсіздік талаптарына сай қайта атау, өзгерту жұмыстарын жолға қойып, қалыптастыру үрдісін тиянақтау бағдарламаның басты бағыттарының бірі ретінде белгіленіп отыр.
Облыс аумағында, негізінен Орал қаласында жинақталған диаспоралардың ана тілдерін дамытуға көмек көрсетілуде, жексенбілік мектептер жұмыс істейді. Үстіміздегі оқу жылынан бастап ұлттық- мәдени орталықтардың 15 мүшесі Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің жанындағы "Мақсат" тіл үйрету және аударма орталығының қазақ тілі курсында оқып жүр.
Мемлекеттік тілді дамытуда мәдениет мекемелері, кітапханалар жүйесі, қазақ драмтеатры үлкен үлес қосып келеді. Сөз зергерлері ақындар айтысы, мүшәйра, әдеби-саздық, оқырмандар кештері, ақын-жазушылармен кездесулер, ән-күй, көркемсөз оқу шеберлерінің байқаулары жүйелі түрде өткізілуде.
Облыстағы теледидар, радио арналарының басым көпшілігі заң актілеріндегі тілдік сандық арақатынасқа сәйкесті екі тілде (қазақ және орыс тілдерінде) хабар таратуда. Алайда, мемлекеттік емес кейбір телерадио арналарында тілдік арақатынас сақтала бермейді, қазақ тіліндегі мазмұнды хабарлар кемшін.
Бағдарламаның басым бағыттары мен оларды жүзеге асыру жолдары
Бағдарламаның басым бағыттары "Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының" тілдік дамудың басым бағыттары талаптарына сәйкес қалыптастырылды:
1-басымдық:
Нормативтік-құқықтық актілерді жүзеге асыру
"Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкесті қабылдануы тиісті мемлекеттік тілді белгілі бір көлемде және біліктілік талаптарына сай білуді қажет ететін кәсіптер, мамандықтар мен лауазымдар тізбесі туралы, өз жұмысында мемлекеттік тілді қолданатын мемлекеттік органдар, ұйымдар мен мекемелер қызметкерлерін материалдық ынталандыру шаралары туралы, аудармашылық қызметті реттеудің құқықтық негіздері туралы, тіл заңдарының бұзылуына кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту туралы заң актілерін іске асыруды қамтамасыз ету.
2-басымдық:
Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің іскерлік тіл ретінде қолданылуын дамыту
Осы мақсатта мемлекеттік қызметкерлердің бірыңғай оқу- әдістемелік бағдарламаға негізделген оқыту курстарының жұмысын жалғастыру, барлық санаттағы кадрлардың мемлекеттік тілді белгілі бір көлемде меңгеру талаптарына сай олардан тиісті тіл даярлығын талап ету қажет. Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің тек іс қағаздарын жүргізу саласында ғана емес құжаттамалар мен актілерді әзірлеу мен қабылдау саласында қолданылуына кезең-кезеңімен көшуге қол жеткізу. "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңның 12-бабына сәйкес қабылданатын ерекше бағдарлама бойынша әскери қызмет өтеу орындарында мемлекеттік тілді тұрақты оқытуды ұйымдастыру қажет. Шетелдік компаниялармен қарым-қатынаста және басқа да халықаралық кездесулерде мемлекеттік тілдің мемлекеттік аса маңызды атрибуттардың бірі ретінде қолданылуын қамтамасыз ету.
3-басымдық:
Білім беру жүйесі мен оқыту салаларында тілдік даму
Бұл мақсатқа білім мен дағдыны толық әрі терең игерудің қажетті үздіксіздік ұстыны-оқытуды мектепке дейінгі тәрбие мекемесі мектеп-арнаулы орта және жоғары оқу орны классикалық тізбелігі бойынша құрған жағдайда ғана қол жеткізуге болады. Сондықтанда бастапқы тіл даярлығында зор рөл атқаратын қазақ тілінде тәлім-тәрбие беретін мектепке дейінгі мекемелер жүйесін кеңейту, таза қазақ мектептерінің санын көбейту жөнінде мүмкін болатын барлық шараларды қолдану керек. Сонымен бірге тәрбиеленушілер мен оқушыларды отандық оқулықтармен және осы заманғы түрлі әдістемелік оқу құралдармен толық қамтамасыз ету басты мәселелердің бірі болу тиіс. Жалпы орта білім, кәсіби мектептерде, арнаулы орта және жоғары оқу орындарында мемлекеттік тілді оқытудың саны мен сапасына көңіл бөлу, қазақ тілінде оқытылатын мамандықтар шеңберін барлық қызметтік салалар бойынша жоспарлы түрде кеңейту, барлық деңгейдегі әкімдіктер мен меншік түріне қарамастан мекемелер мен ұйымдарда және кәсіпорындарда мемлекеттік тілді жеделдетіп оқытуға арналған курстардың нәтижелігін арттыру қажет. Қолданыстағы заңдарға сәйкес ресми пайдаланылатын орыс тілінің қоғамдық өмірде қолданылуына, жексенбілік мектептерге оң көзқарас туғызып, орта арнаулы және жоғары оқу орындарында ұлт тілдерін оқытатын мамандар даярлау жөніндегі қызметті жалғастырған жөн.
4-басымдық:
Тілдік дамуды ғылыми тұрғыда қамтамасыз ету
Мемлекеттік тілді дамыту мәселелерін ғылыми қамтамасыз етуде Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті және оның жанындағы "Мақсат" тіл үйрету және аударма орталығы басым рөлге ие болуы тиіс. Оның тілші ғалымдары терминологиялық шығармашылық, қазақ тілінің грамматикалық нормаларының бірізділігін сақтауды қамтамасыз ету, мемлекеттік тілде іс жүргізу, аударма мәселелері жөнінде лингвистикалық зерттеулер жүргізуде, ғылыми-тәжірибелік мәслихаттар, семинар-кеңестерде өткізуде жетекші орында болғаны жөн.
5-басымдық:
Мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету салаларында тілдік даму
Мәдениет саласында негізінен көпшілік көріністі шараларға, олардың ішінде қазақ тіліндегі сахналық қойылымдар, кино және мультипликациялық фильмдер көрсету, сазды бағдарламалар, әдеби кештер, ақындар айтысын, мүшәйра, тіл байқаулары, көркемсөз оқу шеберлерінің конкурстарын өткізуге баса назар аудару қажет. Бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде теле-радио арналарында мемлекеттік тілді өз бетімен оқып-үйренуге арналған хабарлар, газеттерде отаншылдық, жоғары адамгершілік қасиеттерді насихаттайтын жарияланымдар, қалалар мен ауылдардың көшелерінде тақырыптық-танымдық көрнекі ақпараттық нысандар ұйымдастыру қажет.
Халыққа қызмет көрсететін денсаулық сақтау, сауда, көлік, байланыс, коммуналдық (газбен, сумен, электр-жылу қуатымен қамту) қызмет салаларында, банктерде Мемлекеттік тілдің іс жүзінде қолданылуына барынша ықпал жасау қажет. Бұл мақсатта кәсіптік, арнаулы орта және жоғары оқу орындарында мемлекеттік тілді меңгерген тиісті мамандарды даярлауды кеңейту керек.
Бағдарламаны іске асыру тетіктері
Бағдарламаны іс асырудың негізгі тетігі "Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын" іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында (бұдан әрі - Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары) көзделген іс-шаралар жүйесін жыл сайын кезең-кезеңімен орындау болып табылады.
Бағдарламаны қаржыландыру
Бағдарламаның 2003-2004 жылдарға арналған іс-шараларын іске асыруға қаражат жыл сайын облыстық бюджетте көзделеді. Аудандық, Орал қалалық және салалық бағдарламалар жергілікті бюджеттердің есебінен және тиісті мекемелер мен ұйымдарға облыстық бюджеттен көзделген қаражат шегінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен тиым салынбаған өзге де көздерден қаржыландырылады.
Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтиже
Тілдерді қолдану мен дамытудың аймақтық бағдарламасын іске асыру облыс аумағында:
қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін нақты іске асыру, оның Заң жүзінде бекітілген әлеуметтік функцияларын облыс аумағында қоғамдық қатынастардың барлық салаларында жүзеге асыруды;
орыс тілінің Қазақстан Республикасының Конституциясы кепілдік берген негізгі функцияларын толық көлемде сақтауды;
облыстағы басқа да халықтардың ұлттық тілдерін оқып-үйренуі мен дамыту үшін жағдай жасауды көздейді.
Басқа 4. Тілдерді қолдану мен дамытудың аймақтық бағдарламасын
іске асыру жөнінде 2003-2004 жылдарға арналған
іс-шаралар жоспары
Тілдерді қолдану мен дамытудың аймақтық бағдарламасын
іске асыру жөнінде 2003-2004 жылдарға арналған
іс-шаралар жоспары
Р/с
Іс-шаралар
Аяқталу нысаны
Орындау үшін жауаптылар
Орындалу мерзімі
Болжамды шығыстар 2003 2004
Қаржыландыру көздері
1
2
3
4
5
6
7
Нормативті-құқықтық қамтамасыз ету
1.
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2006 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы мен оның іс-шаралар жоспарын әзірлеу
Облыстық мәслихат сессиясының шешімі
Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы
2004 жылдың ІV тоқсаны
Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту
2.
Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарда және барлық меншік түріндегі кәсіпорындарда мемлекеттік тілді жеделдетіп үйрету курстарының, Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті жанындағы "Мақсат" тіл үйрету және аударма орталығындағы тілдерді оқыту курстарының жұмыстарын жүйелі жүргізу
Ақпарат
Бөрлі, Зеленов, Теректі аудандары мен Орал қаласы әкімдіктері, Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректораты, облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы
Үнемі
3.
Мемлекеттік органдардың құрылымдарын мемлекеттік тілді оқытудың компьютерлік бағдарламасымен, әдістемелік оқу құралдарымен, белгілі бір көлемде сөздік қоры бар дискеттермен қамтамасыз ету
Ақпарат
Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы
Жыл сайын
4.
Іс қағаздарының мемлекеттік тілдегі үлгілерін (компьютерлік шаблондарын және жеке кітапша ретінде) әзірлеу
Ақпарат
Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы, "Мақсат" тіл үйрету және аударма орталығы
2003 жылдың ІІ тоқсаны
5.
Мемлекеттік органдарда бос орындарға (лауазымдарға) орналасуда тестілеуден өту үшін тапсырылуға міндетті сұрақтар тізбесіне мемлекеттік тіл біліктілігін анықтайтын сұрақтар енгізу жөнінде ұсыныстар дайындау
Ақпарат
Облыстық мемлекеттік қызмет істері басқармасы
2003 жылдың І тоқсаны
6.
Мемлекеттік мекемелердің, меншік нысанына қарамастан қоғамдық ұйымдар мен кәсіпорындарының құрылымдарында кадр мәселесімен шұғылданатын, іс қағаздарын жүргізетін және ресми құжаттар әзірлейтін мамандардың мемлекеттік тілді білуін кәсіби біліктілік талаптары қатарына жатқызу
Облыс әкіміне ақпарат
Облыстық мекемелер мен ұйымдардың және кәсіпорындардың басшылары, аудандар мен Орал қаласының әкімдері, ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы
2003 жылдан бастап
7.
Жыл сайын барлық мемлекеттік қызметкерлерді ұлтына қарамай, мемлекеттік тілді қай деңгейде меңгергендігін анықтау мақсатында аттестациялауды енгізу
Облыс әкімдігіне ақпарат
2003 жылдан бастап
8.
Облыс әкімдігінің 2002 жылғы 3 сәуірдегі "Батыс Қазақстан облысында "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының іске асырылу барысы туралы" N 78 қаулысымен бекітілген облыс аудандары мен Орал қаласында іс жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру кестесінің орындалуын қадағалау
Облыс әкіміне ақпарат
Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы
2003-2004 жылдар
9.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 8 қаңтардағы "Тілдер туралы заңдардың сақталуына бақылау жасаудың тәртібі туралы ережені бекіту туралы" N 16 қаулысына сәйкес облыс мекемелері мен ұйымдарының, меншік нысанына қарамастан кәсіпорындардың, жергілікті басқару мен мемлекеттік органдарының Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы заңдарды тиісінше орындауын қамтамасыз ету (жеке жоспар бойынша)
Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне ақпарат
Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы
2003-2004 жылдар
10.
Көліктің барлық түрлерінде, денсаулық сақтау, сауда, байланыс, халыққа коммуналдық- тұрмыстық қызмет көрсету, тағы басқа меншік түріне қарамастан мекемелер мен ұйымдарда анықтамалық- ақпараттық қызметтің мемлекеттік тілде ұйымдастырылуын қамтамасыз ету. Осы мақсатпен қызметкерлердің мемлекеттік тілді білуін келісім талабына енгізу
Облыс әкімдігіне ақпарат
Облыстық департаменттер, басқармалар мен мекемелердің, кәсіпорындардың басшылары, Бөрлі, Зеленов, Теректі аудандары мен Орал қаласының әкімдіктері
Үнемі
11.
Көрнекі ақпарат құралдарының, маңдайша жазуларының және жарнама тақталар мен билбордтар мәтіндерінің мемлекеттік тілде сауатты жазылуын қадағалауды облыс орталығы мен аудандардағы қалалық және кенттік безендіру мекемелерінің міндетіне жүктеу
Ақпарат
Орал қаласы мен аудандардың әкімдіктері
Үнемі
12.
Мәжіліс өткізілетін залдарды ілеспе аударма аппаратымен жабдықтау және маман- аудармашылармен қамтамасыз ету
Облыс әкімді-гіне ақпарат
Орал қаласы мен Бөрлі, Зеленов, Теректі аудандарының әкімдіктері
2003-2004 жылдар
13.
Облыс көлемінде тілдік ахуалды кеңірек пайымдау мақсатымен әлеуметтік зерттеулер жүргізу
Ақпарат
Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы
Жыл сайын 2 рет
Білім беру және тілдерді оқыту салаларында тілдік даму
14.
Мектепке дейінгі мекемелерде бастапқы тіл даярлығын жетілдіре жүргізу және қазақ тілінде тәлім-тәрбие беретін балабақшалар жүйесін кеңейте отырып, олардың санын көбейту жөнінде мүмкін болатын шараларды қолдану
Ақпарат
Облыстық білім, қаржы басқармалары, Орал қалалық және аудандық әкімдіктер
Үнемі
15.
Ауылдық қазақ мектептеріне көмек ретінде аймақтық тірек мектептерін ұйымдастыру және олардың оқу-заттық қорын толықтыру, қазақ тілін оқытатын ғылыми жүйеленген бағдарламалар дайындау
Облыс әкімдігіне ақпарат
Облыстық білім басқармасы, педагог кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты
2003-2004 жылдар
16.
Қазақ және аралас мектептер негізінде ана тіліндегі мектеп алдындағы даярлық жұмыстарын, барлық жалпы білім беретін мектептерде ана тілін нашар білетін қазақ балаларымен қосымша сабақтар ұйымдастыру
Облыс әкімдігіне ақпарат
Облыстық білім басқармасы
2003-2004 жылдар
17.
Аралас мектептердегі қазақ сыныптары оқушыларының барлық пәндерден білім сапасын арттыру және орыс сыныптарында қазақ тілінен сабақ беретін мұғалімдердің сапалық құрамын жақсарту шараларын алу
Облыс әкімдігіне ақпарат
Облыстық білім, ақпарат және қоғамдық келісім басқармалары
2003-2004 жылдар
18.
Қазақ тілінде білім беретін мектептерді сапалы оқулықтармен қамтамасыз ету, қазақ тіліндегі мерзімді басылымдарға жазылуды ұйымдастыру және әдеби кітаптар алу үшін жеткілікті мөлшерде қаражат бөлу
Ақпарат
Облыстық қаржы, білім, ақпарат және қоғамдық келісім басқармалары
2003-2004 жылдар
19.
Кәсіптік мектептерде, арнаулы орта және жоғары оқу орындарында қазақ тілінде оқытатын бөлімдердің, факультеттердің және оқытылатын пәндердің санын көбейту арқылы мемлекеттік тілде сапалы оқытылатын мамандықтар шеңберін кеңейту жөнінде шаралар қабылдау
Облыс әкімдігіне ақпарат
Облыстық білім, мемлекеттік және мемлекеттік емес арнаулы орта және жоғары оқу орындары
Жал сайын
20.
Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған қазақ тілінде оқытатын ұйымдар желісін ұлғайту жөнінде шаралар алу
Облыс әкімдігіне ақпарат
Облыстық қаржы, білім, ақпарат және қоғамдық келісім басқармалары, жергілікті атқарушы органдар
Үнемі
21.
Ресей Федерациясының облыспен шекаралас аудандары мен облыстарын мекен еткен қазақ диаспорасын ана тіліндегі оқулықтармен, әдеби кітаптармен қамтамасыз ету және бұл мақсат үшін жеткілікті мөлшерде қаражат бөлу
Облыс әкімдігіне ақпарат
Облыстық қаржы, білім, мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім басқармалары
2003-2004 жылдар
22.
Ана тілдерінде оқытатын жексенбілік мектептерге мүмкіндігінше одан әрі қолдау көрсету, соның ішінде кітап және оқу- әдістемелік оқу құралдары қорын құруға көмек беру, ұлт тілдерін оқытатын мамандар даярлауды жалғастыру
Ақпарат
Қазақстан халықтарының кіші Ассамблеясы, ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы
2003-2004 жылдар
Мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары мен
халыққа қызмет көрсету салаларындағы тілдік даму
23.
Қазақтың ұлттық өнерінің сан-алуан түрлері, салт-дәстүрі, әдеп-ғұрыпы арқылы мемлекеттік тілді дамыту үшін:
ұлттық қолөнер шеберлерінің байқауын;
"Жігіт сұлтаны"
"Қыз сыны"
"Ақ босаға" атты байқаулар ұйымдастыру (жеке жоспар бойынша)
Облыс әкімдігіне ақпарат
Облыстық мәдениет басқармасы, халық шығармашылығы орталығы
2003-2004 жыл- дар
24.
Мәдени шаралардың басты құралы тіл, халық мәдениетін мемлекеттік тіл арқылы көтеру. Осы мақсатпен шешендік, айтыс өнеріне баулу мектептерін, түрлі үйірмелер ашу, жергілікті ақындардың шығармаларын насихаттау, кездесулер, тақырыптық кештер, фестивальдер, байқаулар және тағы басқа шаралар ұйымдастырып өткізу (жеке жоспар бойынша)
Ақпарат
Облыстық мәдениет басқармасы, халық шығармашылығы орталығы
2003-2004 жылдар
25.
Кітапханаларды қазақ және басқа да тілдердегі әдебиеттермен толықтыруды жүйелі қамтамасыз ету
Ақпарат
Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы, Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы
2003-2004 жылдар
26.
Бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік тілді дамытудағы іс- тәжірибелер, өзекті мәселелер жөнінде хабарлар, суреттемелер, очерктер, сұхбаттар және тағы басқа да жанрлық материалдар жариялауды, облыстағы телерадио арналарында "дөңгелек үстел", "Тікелей эфир", "Қазақ тілін үйренейік" хабарларын ұйымдастыруды одан әрі жалғастыру
Ақпарат
Облыстық "Орал өңірі", "Приуралье" және қалалық "Жайық үні", "Пульс" газеттерінің редакциялары, облыстық телерадиокомпаниясы
2003-2004 жылдар
27.
Қазақ тілінде теледидардан балаларға арналған хабарлар даярлап, оған өзге ұлттық өкілдерінде қатыстыру (балалардың өздерімен бірге)
Облыстық телерадиокомпаниясы
2003 жылдан бастап айына бір рет
28.
Қазақтың салт-дәстүрі, әдеп-ғұрпы, қол өнері, тарихы арқылы тілді дамыту туралы бейне, аудио таспаларды жасап шығару
Облыстық телерадиокомпаниясы
2003 жыл- дар
29.
Ресей Федерациясының облыс аумағымен шекаралас облыстарында тұратын қазақ диаспорасының ақпараттың мұқтаждарын қамтамасыз ету жөнінде іс-шаралар кешенін әзірлеу
Ақпарат
Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы
2003 жылдың 1 тоқсаны
30.
Мемлекеттік тіл мен басқа тілдердегі хабарлардың сандық арақатынасын "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарында белгіленген талаптарға сай сақталуын қамтамасыз ету
Облыс әкімдігіне ақпарат
Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы, мемлекеттік және мемлекеттік емес телерадио арналарының басшылары
Үнемі
31.
Көлік пен байланыс, сауда, денсаулық сақтау, тұрмыстық қызмет көрсету, анықтамалық- ақпараттық қызмет көрсету, салаларында мемлекеттік тілдің қолданылуын қамтамасыз ету
Облыс әкімдігіне ақпарат
Орал қалалық, аудандық әкімдіктері, мекемелер мен кәсіпорындар басшылары
Жыл сайын
Тілдік дамуды ұйымдастыру-әдістемелік,
насихаттың және қаржылық жағынан қолдау
32.
"Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына" сәйкес әзірленген осы 2003-2004 жылдарға арналған аймақтық бағдарламаны және оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары мен 2003-2004 жылдарға белгіленген қаржыландыру сметасын, сондай-ақ, аймақтық бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі облыстық үйлестіру кеңесінің құрамын облыстық мәслихат сессиясында бекітуге ұсыну
Облыстық мәслихат сессиясының шешімі
Облыстық әкімдік, облыстық мәслихат, облыстық қаржы, ақпарат және қоғамдық келісім басқармалары
2003жылдың 1 тоқсаны
33.
"Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасы Заңын жүзеге асыру мәселелері жөнінде әлеуметтік зерттеулер жүргізу және тілдік ахуал туралы мәліметтерді талдап жинақтау
Облыс әкімдігіне ақпарат
Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы
2003- 2004 жылдар
34.
Мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту жөніндегі республикалық орталық негізінде мемлекеттік қызметкерлерге мемлекеттік тілді оқытып-үйрету курсының орталықтандырылған жүйесін құру
Ақпарат
Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы, "Мақсат" тіл үйрету және аударма орталығы
2003жылдың ІІ тоқсаны
35.
"Ұлттық ономастика және мемлекеттік тілдің мәртебесі" тақырыбында облыстық ғылыми практикалық конференция өткізу (жеке жоспар бойынша)
Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлі гіне, облыс әкімдігіне ақпарат
Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы
2003жылдың ІІІ тоқсаны
60,0 мың т.
Жер
гілі
кті
бюд
жет
36.
Жыл сайын Қазақстан Республикасы халықтарының Тілдері күніне онкүндік өткізу (жеке жоспар бойынша). Оның бағдарламасында:
"Сөз түзелді, ағайын, сен де түзел!" атты көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы;
"Ауылыма жыр арнадым" атты жазба ақындар мүшәйрасы;
"Мемлекеттік қызметте мемлекеттік тілмен" атты мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік тілде іс жүргізу біліктілігі жарысы
Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлі гіне, облыс әкімдігіне ақпарат
Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім, қаржы, мәдениет басқармалары, халық шығармашылығы орталығы, "Қазақ тілі" қоғамы, Орал қалалық, аудандық әкімдіктер
2003- 2004 жылдардың ІІІ тоқсаны
280,0
мың т.
420,0мың т.
Жер
гілі
кті
бюд
жет
37.
Қызмет барысында жиі қолданылатын іс- қағаздарының, түрлі ресми құжаттардың қазақ тіліндегі үлгілерін әзірлеу және баспалық әдіспен жинақ-кітапша шығару
Ақпарат
Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы
2003 жылдың ІІ тоқсаны
80,0 мың т.
Жер
гілікті
бюд
жет
38.
"Қазақ тілінің қалталық оқулығы" оқу құралын баспалық әдіспен көбейтіп шығару
Ақпарат
Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы
2003 жылдың ІІ тоқсаны
40,0 мың т.
Жер
гілікті
бюд
жет
39.
"Мемлекеттік тіл және оны терминологиясы" тақырыбында облыстық ғылыми- практикалық конференция ұйымдастырып өткізу
Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне, облыс әкімдігіне ақпарат
Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы, Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, "Мақсат" тіл үйрету және аударма орталығы
2004 жылдың І тоқсаны
70,0 мың т.
Жер
гілікті
бюд
жет
40.
Жыл сайын: "Ең жақсы қазақ тілі бөлмесі", "Мемлекеттік тілдегі ең жақсы көрнекті жарнама", "Ең жақсы деңгейде іс-қағаздарын жүргізуші", "Мемлекеттік тілді жақсы меңгерген мемлекеттік қызметкер", "Мемлекеттік тілді насихаттау жөніндегі ең жақсы жарияланым" атты арнайы жүлделерді жеңіп алу байқауларын жариялап, олардың қорытындысын Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні - 22 қыркүйекте шығару
Облыс әкіміне ақпарат
Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім, мемлекеттік қызмет істері, білім басқармалары, "Мақсат" тіл үйрету және аударма орталығы, Орал қалалық және аудандық әкімдіктер
2003- 2004 жылдар ІІІ тоқсаны
50,0 мың т.
60,0 мың т.
Жергілікті бюджет
41.
Жыл сайын оқу үрдістері орыс тілінде жүргізілетін орта, арнаулы орта және жоғары оқу орындарындағы, мекемелер мен кәсіпорындағы қазақ тілі курстары оқытушыларының іс тәжірибе алмасу жөніндегі семинар- кеңестерін өткізу, әдістемелік оқулықтар шығару
Облыс әкіміне ақпарат
Облыстық білім, ақпарат және қоғамдық келісім басқармалары, "Мақсат" тіл үйрету және аударма орталығы
2004 жылдың ІІ тоқсаны
100,0мың т.
Жергілікті бюджет
42.
Қазақ тілін үйренушілердің бастапқы деңгейдегі білімін тексеруге арналған "Қазақша үйренейік" сөйлеу үлгілері жинағын баспалық әдіспен көбейтіп шығару
Ақпарат
Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы
2003 жылдың ІІ тоқсаны
40,0 мың т.
Жергілікті бюджет
43.
Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті жанындағы "Мақсат" тіл үйрету және аударма орталығында аудармашылардың біліктілігін жетілдіру курстарын ұйымдастыру және аудармашылық қызметтің сапасын арттыру мәселелері жөнінде семинар өткізу
Ақпарат
Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы, "Мақсат" тіл үйрету және аударма орталығы
2003- 2004 жылдар
44.
Ресей Федерациясының облыс аумағымен шекаралас орналасқан облыстарындағы қазақ диаспорасын ана тіліндегі әдістемелік оқу құралдарымен, әдеби кітаптармен қамтамасыз ету және кітапханаларын толықтыру жөнінде нақты шаралар қабылдау
Облыс әкіміне ақпарат
Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім, көші-қон, мәдениет басқармалары
2003- 2004 жылдың ІІІ тоқсаны
100,0 мың т.
Жергілікті бюджет
45.
Мемлекеттік тілді меңгеруге, оны іс жүзінде пайдалануға, ұлттық сана-сезімді оятуға үндейтін мәтінді билбордтар, жарнама тақталар жасап, Орал қаласы мен аудандардың орталықтары көшелеріне орналастыру
Облыс әкіміне ақпарат
Орал қалалық және аудандық әкімдіктер
2003 жылдың ІV тоқсаны
46.
"Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заң мен мемлекеттік бағдарламаның және осы аймақтық бағдарламаның іс-шараларын іске асыруға арналған нысаналы қаражаттарды облыстық бюджеттің жобасында жыл жыл сайын қарастырып отыру
Облыстық мәслихат сессиясының шешімі
Облыстық әкімдік, облыстық мәслихат, облыстық қаржы басқармасы
Жыл сайын
Барлығы:
650,0 мың т.
650,0мың т.
Жергілікті бюджет
Басқа 5. Батыс Қазақстан облысында тілдерді қолдану мен
дамытудың 2003-2004 жылдарға арналған аймақтық
бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі үйлестіру
Кеңесінің құрамы
Батыс Қазақстан облысында тілдерді қолдану мен
дамытудың 2003-2004 жылдарға арналған аймақтық
бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі үйлестіру
Кеңесінің құрамы
1. Сапаров Табылғали Сатқалиұлы
облыс әкімінің орынбасары, Кеңестің төрағасы
2. Сәтбаев Әлібек Байжанұлы
облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бастығы, төрағаның орынбасары
3. Әжібаев Есберген Әжібайұлы
ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің облыстық басқармасының бастығы
4. Бисенбаева Светлана Ерғалиқызы
облыстық білім басқармасының бастығы
5. Есеналиев Ерталап Алхамұлы
облыстық Әділет басқармасының бастығының міндетін атқарушы
6. Ғұбашев Асланбек Зинатұлы
облыстық телерадиокомпаниясының бастығы
7. Ғұбайдуллин Бауыржан Файзоллаұлы
облыстық "Орал өңірі" газетінің редакторы
8. Дүйсентегі Сайран Темірғалиұлы
облыс әкімі аппаратының бас маманы
9. Жексенғалиев Болат Өтеғалиұлы
Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті жанындағы "Мақсат" тіл үйрету және аударма орталығының жетекшісі
10. Иманғалиев Абай Сатиұлы
облыстық ішкі саясат департаментінің бастығы
11. Құрманалина Шалқыма Хайроллақызы
Ж. Досмұхамедов атындағы Орал педагогикалық колледжінің директоры
12. Кульпин Сергей Павлович
облыстық "Приуралье" газетінің редакторы
13. Омарғалиев Мақсот Константинұлы
облыстық мәдениет басқармасының бастығы
14. Сыдықов Мұрат Наурызғалиұлы
Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры (келісім бойынша)
15. Рысбеков Тұяқбай Зейітұлы
облыстық мәслихат хатшысы
16. Төлебаев Қуанышбай Төлебайұлы
Қазақстан халықтары кіші Ассамблеясының атқарушы хатшылығының жетекшісі
17. Хамитов Асқар Шәңгерейұлы
облыстық қаржы басқармасының бастығы
18. Шарабасов Серікқали Ғабдешұлы
Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры, облыстық "Қазақ тілі" қоғамының төрағасы