О подготовке производственного и социального комплексов области к работе в осенне-зимний период 2003-2004 г.г. Күшін жойған
Басқа 0
Облыстың өндірістік және әлеуметтік кешендерін 2003-2004 жылдардың күзгі-қысқы маусымына әзірлеу туралы
2002-2003 жылдардың қысқы жылу беру маусымының қорытындылары облыс орталығында және жергілікті жерлерде бұл жұмысқа ойдағыдай әзірліктер жүргізілгендігін байқатты.
Барлық әзірлік жұмыстары белгіленген мерзімінде аяқталып, 2002 жылдың қазан айының ортасында облыстың барлық тұрғын үйлері мен өндірістік, әлеуметтiк және мәдени-тұрмыстық бағыттағы объектілеріне жылу берiлдi, тұтынушыларға көмiр мен сұйық отын мерзiмiнде жеткiзiлдi.
2002-2003 жылдардың жылу беру маусымы кезінде облыстың тұтынушылары электр, жылу қуаттарымен, газбен және сумен тұрақты қамтамасыз етілді.
Сонымен бiрге осындай онды нәтижелермен қатар кемшiлiктер мен пайдаланылмай отырған резервтердiң де бар екендiгi айқындалды.
Тұтынушылардың коммуналдық қызметтер үшін берешегі жоғары болып отыр, кәсіпорындардың газ бен электр қуатына берешегі баяу азаюда.
Облыстың өндiрiстiк және әлеуметтiк кешендерiн 2003-2004 жылдардың күзгi-қысқы маусымына мерзiмiнде және сапалы әзiрлеу мақсатында облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Аудандардың және Орал қаласының әкiмдерi:
Тармақша 1
1) аудандық және қалалық қызметтердiң, су мен газбен, энергиямен және жылумен жабдықтау нысандарының, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтардың 2002-2003 жылдардың күзгi-қысқы маусымдағы жұмыстарына талдау жасап, қорытындысын шығарсын, алдағы жылу беру маусымына әзiрлену жөнiнде жұмыс жоспарын және көлемiн белгiлесiн;
Тармақша 2
2) өндiрiстiк және әлеуметтiк кешендердi алдағы жылу беру маусымына әзiрлеу мәселесiн әкiмдiк мәжiлiстерiнде қарасын, 2003-2004 жылдардың күзгi-қысқы маусымына әзiрлеу жөнiнде штабтар құрсын;
Тармақша 3
3) 2003 жылдың 1 шiлдесiнен бастап, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, бiлiм беру, денсаулық сақтау, мәдениет нысандарын, тұрғын үйлердi 2003-2004 жылдардың күзгi-қысқы маусымына әзiрлеуге апта сайын мониторинг өткiзсiн және облыстық штабқа мәлiметтер берiп отырсын;
Тармақша 4
4) білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет объектiлерiн өз алдына бөлек жылыту көзiне көшiру жұмыстарын жалғастырсын;
Тармақша 5
5) жөндеу-алдын алу шараларын жүргiзуін және тұрғын үй қорының жылу беру маусымына әзірлігі паспортын дер кезінде алуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 2
2. "Жайықжылуқуат" ААҚ-ның президентi А.Н. Котовқа жылу беру маусымы басталғанға дейiн Жылу-электр орталығын резервтiк отын қорымен қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Облыстық мемлекеттік сатып алу жөніндегі департамент (Бекбергенов) бюджеттік ұйымдар үшін қатты және сұйық отынды мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстарды бірыңғай ұйымдастырушы ретінде белгіленсін және тендерді 2003 жылдың 15 маусымына дейін өткізсін.
Тармақ 4
4. Облыстық тұрғын үй-коммуналдық, жол шаруашылығы және көлік басқармасы (Имашев) отынды жеткізіп беруге тендер өткізу үшін қажетті ақпараттар әзірлесін.
Тармақ 5
5. Облыстық білім, денсаулық сақтау басқармаларының және басқа да бюджеттік ұйымдардың басшылары көмір және сұйық отынмен жабдықтау жөніндегі тендер жеңімпаздарымен және аудандардың әкімдерімен бірлесіп, отынды жылу көздеріне жеткізіп беру және оның сақталуы жөнінде дер кезінде шарттар жасасын.
Тармақ 6
6. "Батыс Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы" ААҚ-ның президенті Я.К.Чудровқа Ресей ЕЭС РАО алдындағы "Батыс Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы" ААҚ-ның берешегін өтеу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі департаменттің директоры В.А. Кондратенкоға 2003-2004 жылдардың жылу беру маусымына коммуналдық қызметтердің тарифін қарау кезінде қызмет көрсетуші кәсіпорындардың ұсыныстарын есепке алсын және үстіміздегі жылдың 1 тамызына дейінгі мерзімде облыс әкіміне баяндасын.
Тармақ 8
8. Аудандардың және Орал қаласының әкімдері, "Жайықжылуқуат"» ААҚ-ның президенті А.Н. Котов, "Батыс Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы" ААҚ-ның президенті Я.К. Чудров, "Оралоблгаз" ААҚ-ның президенті С.Х. Мұташев, "Облыстық су құбыры және канализация басқармасы" МКК-ның бастығы В.Т. Дорошенко 2003 жылдың 25 тамызына дейін жылу көздерін және су, жылу, электр қуаты және газ тасымалдау және тұтыну желілерін жөндеуді, сондай-ақ әлеуметтік сала, өндірістік техникалық бағыттағы объектілерді және тұрғын үйлерді әзірлеуді аяқтау ұсынылсын.
Тармақ 9
9. Күзгі және қысқы кезеңде көпшiлiк пайдаланатын жолдарда көлiктердiң үздiксiз қозғалысын және жол қызметiнiң тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында облыстық автомобиль жолдары басқармасына (Оразов) және облыстық тұрғын үй-коммуналдық, жол шаруашылығы және көлiк басқармасына (Имашев) мыналар тапсырылсын:
Тармақша 1
1) жол шаруашылықтарын күзгi-қысқы маусымға әзiрлеу жөнiнде шаралар әзiрлесiн және оның орындалуын қамтамасыз етсiн;
Тармақша 2
2) жолды қалыпты жағдайда ұстауға қосымша техникалар тарту үшiн жол учаскелерiн оны пайдалануға мүмкiндiгi бар заңды тұлғаларға тендерлiк негiзде бекiтiп берсiн;
Тармақша 3
3) облыстық төтенше жағдайлар жөнiндегi басқармамен, Батыс Қазақстан облыстық жол полициясы басқармасымен, Батыс Қазақстан облысы бойынша көлiк бақылау комитетiнiң басқармасымен және облыстық кеден басқармасымен бiрлесiп, 2003 жылдың 15 қыркүйегiне дейiн жолдардағы жағдайлар туралы шұғыл ақпарат жинаудың тетiктерiн әзiрлесiн;
Тармақша 4
4) қысқы кезеңде тиiстi құрылымдардың жауапты қызметкерлерiнен күн сайын кезекшiлiктер ұйымдастырсын және облыстық төтенше жағдайлар жөнiндегi басқармамен, облыстық ішкі істер басқармасының жол полициясымен, аудан әкiмдiктерімен бiрлесiп әрекет жасаудың тетiктерiн жасасын;
Тармақша 5
5) қыс кезiнде жолдарды күтiп-ұстауға арналған жол техникаларын өзiнiң мақсатынан басқаға пайдалануға жол бермесiн.
Тармақ 10
10. Облыстық iшкi iстер басқармасы (Тыныбеков) қыс кезiнде жол апатын азайту мақсатында:
Тармақша 1
1) облыстың жол жағдайлары ерекшелiктерiн ескере отырып, жүргiзушiлер арасында қауiпсiздiк ережелерiн сақтап отыру жөнiнде кеңiнен түсiнiк жұмыстарын жүргiзсiн;
Тармақша 2
2) автожолдардың жағдайына, оның күзгi-қысқы кезде пайдаланылу әзiрлiгiне ай сайын тексерулер жүргiзсiн және бұл туралы қозғалыс қауiпсiздiгi жөнiндегi облыстық комиссияға хабарлап отырсын.
Тармақ 11
11. Облыстың өндiрiстiк және әлеуметтiк кешендерiн 2003-2004 жылдың күзгi-қысқы маусымына әзiрлеу жөнiндегi iс-қимылдарды үйлестiрiп отыратын және шұғыл басшылық жасайтын облыстық штаб ұсынылып отырған құрамда бекітілсін.
Тармақ 12
12. Бiлiм беру, денсаулық сақтау және мәдениет мекемелерiн алдағы жылу беру маусымына дер кезiнде әзiрлеу және осы мақсаттарға арналған бюджет қаржысын орынды жұмсау жөніндегі дербес жауапкершiлiк облыс әкiмiнiң орынбасары Т.С. Сапаровқа, аудандардың әкiмдерiне, облыстық басқармалардың бастықтары: бiлiм беру - С.Е. Бисембаеваға, денсаулық сақтау - Б.Т. Мырзахметовке, мәдениет - М.К. Омарғалиевке жүктелсiн.
Тармақ 13
13. Облыс әкiмдігінің "Облыстың өндірістік және әлеуметтік кешендерiн 2002-2003 жылдардың күзгi-қысқы маусымына әзірлеу туралы" 2002 жылғы 5 шiлдедегi N 130 қаулысының (тіркеу N 1666) күшi жойылды деп танылсын.
Тармақ 14
14. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары С.П. Качалоға жүктелсiн.
Басқа 27. Облыстың өндiрiстiк объектiлерiн және әлеуметтiк кешендерiн 2003-2004 жылдардың күзгi-қысқы маусымына мезгiлiнде әзiрлеу жұмыстарын үйлестiрiп отыру және бақылау жөнiндегi облыстық штабтың
ҚҰРАМЫ
Батыс Қазақстан
облысы әкiмдiгiнiң
2003 жылғы 23 мамырдағы
№ 107 қаулысымен
бекітілген
Облыстың өндiрiстiк объектiлерiн және әлеуметтiк кешендерiн 2003-2004 жылдардың күзгi-қысқы маусымына мезгiлiнде әзiрлеу жұмыстарын үйлестiрiп отыру және бақылау жөнiндегi облыстық штабтың
ҚҰРАМЫ
Качало
Станислав Павлович - облыс әкiмiнiң орынбасары, облыстық штабтың бастығы
Дүйсембаев
Ғұмар Ислямұлы - өнеркәсiп және отын-энергетикалық кешен департаментiнiң директоры, облыстық штаб бастығының орынбасары
Қарасаев
Талғат Сарыұлы - облыс әкімі аппаратының бас инспекторы, облыстық штабтың хатшысы
Бисембаева
Светлана Ерғалиқызы - облыстық білім басқармасының бастығы
Дорошенко
Виктор Тимофеевич - "Облыстық су құбырлары және канализация басқармасы" МКК-ның бастығы
Кондратенко
Валерий Алексеевич - табиғи монополияны реттеу жөніндегі департаменттің директоры
Котов
Анатолий Николаевич - "Жайықжылуқуат" ААҚ-ның президенті
Маючий
Александр Федорович - облыстық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы
Мырзахметов
Бекет Тельманұлы - облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы
Мұташев
Сағынбек Хайдарұлы - "Оралоблгаз" ААҚ-ның президенті
Мұқатаев
Вениамин Қадырұлы - Орал қаласының әкімі
Имашев
Қайырғали Есенғалиұлы - облыстық тұрғын-үй коммуналдық, жол шаруашылығы және көлік басқармасының бастығы
Оразов
Самиғолла Хамзаұлы - облыстық автомобиль жолдары басқармасының бастығы
Хамитов
Асқар Шәңгерейұлы - облыстық қаржы басқармасының бастығы
Шампиев
Валерий Жұманұлы - облыстық телекоммуникация дирекциясының бас директоры
Шатинов
Ерсайын Қабизұлы - облыстық коммуналдық меншіктер басқармасының бастығы
Шәкімов
Темір Әдиетұлы - облыстық инфрақұрылым және құрылыс басқармасының бастығы
Таушов
Нариман Бақытұлы - облыстық салық комитетінің төрағасы
Чудров
Яхия Киндашұлы - "Батыс Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы" ААҚ-ның президенті