О региональной программе функционирования и развития языков на 2003-2004 годы Күшін жойған
Басқа 0
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2003-2004 жылдарға арналған
Қазақстан Республикасы Президентінің«Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы»2001 жылғы 7 ақпандағы N 550 Жарлығын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің осы бағдарламаны іске асыру жөніндегі 2003-2004 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы 2003 жылғы 9 сәуірдегі N 344 қаулысын іске асыру мақсатында облыстық Мәслихат ШЕШІМ қабылдады:
Тармақ 1
1. Алматы облысында тілдерді қолдану мен дамытудың 2003-2004 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары Б.Тәкеновке және Алматы облыстық Мәслихатының әлеуметтік сала, тіл және ұлттық қатынастар жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Басқа 3
Алматы облыстық Мәслихаты
N 34-193 Сессиясының
2003 жылғы 30 маусымындағы
шешімімен бекітілген
Тілдерді қолдану мен дамытудың Алматы облысы бойынша 2003-2004 жылдарға арналған өңірлік
БАҒДАРЛАМАСЫ
Іс-шаралар
Орындалу мерзімдері
Орындауға
жауаптылар
1
2
3
4
І. Мемлекеттік тілдің қолданылу
аясын кеңейту
1
Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін нақты іске асыру, оны облыс аумағында қоғамдық қатынастардың барлық салаларына енгізу.
Ұдайы
Облыс мемлекеттік органдарының, кәсіпорын, мекеме, ұйымдардың басшылары
2
ҚР Премьер-Министрінің 2002 жылғы 6 мамырдағы N 01-И-428 хатының 5-тармақшасы бойынша Алматы облысын 2004 жылы мемлекеттік тілде жұмыс істеуге көшіру туралы тапсырмасына сәйкес облыстық аудандары мен қалаларында, облыстық мекемелерінде іс жүргізуді мемлекеттік тілге кезең-кезеңмен көшірудің кестесі негізінде бұл шараны жүйелі түрде жүзеге асыру
2003-2004 жылдары
Аудан қала әкімдері, облыстық мекемелердің басшылары
3
Мемлекеттік органдардың барлық құрылымдарын мемлекеттік тілді үйрететін компьютерлік бағдарламалар, белгілі сөздік қоры қамтылған дискеталар, оқу құралдарымен қамтамасыз етуді жалғастыру
2003 жылдың қазанына дейін
Облыс бойынша ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы, облыстық мекемелер, аудан, қала, әкімдері (облыс бюджетінен тілдерді дамытуға бөлінген қаржы есебінен)
4
Мәжіліс залдарын ілеспе аударма жасауға қажетті техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп, іске қосу
2003 жылдың аяғына дейін
Аудан, қала әкімдері, облыс мекеме басшылары
5
Азаматтардың сұраныстарын қарау, жеке қабылдауын жүргізу кезінде мемлекеттік тілдің қолданылуын кеңейту Меншік нысандарына қарамастан барлық кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелерде "Қазақ тілі- мемлекеттік тіл", "Мемлекеттік тілде сөйлеу- біздің азаматтық парызымыз", "Азаматтарды қабылдау екі тілде жүргізіледі" деген жазулар дайындап, ілу, қызметкерлер арасында мемлекеттік тілді қолдау жөніндегі жұмысты жетілдіру
Ұдайы
Облыс мемлекеттік органдарының басшылары, барлық деңгейдегі кәсіпорын, мекеме, ұйым басшылары
6
Мемлекеттік органдарда, халыққа қызмет көрсету салаларында мемлекеттік тілді жеделдетіп оқытуға арналған тегін тіл курстарының жүйесін ұйымдастыру, материалдық- техникалық жағдайлар жасау
2003 жылы
Облыстық мемлекеттік органдарының, халыққа қызмет көрсету мекемелерінің басшылары, аудан, қала әкімдері
7
Облыс Әкімінің 2002 жылғы 14 тамыздағы N№8-211 шешімі бойынша Алматы облысының аудан, қалаларындағы іс жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру кестесінің орындалуына бақылау жасау.
Ұдайы
2003-2004 жылдары
Облыстық әкімдік, облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы
8
Көрнекі ақпараттың, маңдайшалардың, жарнамалардың, стендтердің, облыста өндірілетін тауарлардың жапсырмалары, таңбаламалары, нұсқаулықтары мемлекеттік тілде жасалып, ресімделуін қамтамасыз ету, мазмұны мен сапасына, жоғарғы талғаммен жасалуына бақылау орнату
Ұдайы
Кәсіпорын, ұйым, мекеме басшылары, аудан, қала әкімдері, облыс бойынша ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы
9
Мемлекеттік қызметкерлердің ұлтына қарамастан мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау мақсатымен жыл сайын аттестация, сынақ өткізу. Азаматтарды мемлекеттік тілді міндетті түрде қажетті мөлшерде білгенде ғана мемлекеттік қызметке қабылдау
2003 жылдан бастап
Облыс әкімі аппаратының басшысы, аудан, қала әкімдері, облыстық мекеме басшылары
10
Өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді үйренулеріне жағдай жасау, ынталандыру, озат тәжірбелерді насихаттау, байқаулар, телерадио хабарлар ұйымдастыру
Ұдайы
Облыс бойынша ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы, облыс әкімі аппаратының басшысы, аудан, қала әкімдері, облыс кәсіпорындары, мекемелері мен ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары
11
Қазақстан Республикасының "Тіл туралы" Заңының мемлекеттік органдар мен облыстық мекемелерде орындалуын жеке кесте бойынша тексеріп, бақылау жасауды одан әрі жалғастыру
Ұдайы
Облыс бойынша ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы
12
Облыста тілдерді дамыту мәселелері жөнінде әлеуметтік зерттеулер жүргізу және тілдік ахуал туралы деректер қалыптастыру
Ұдайы
Облыс бойынша ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы
13
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңының 12-бабында көрсетілгендей, ҚР-сының Қарулы Күштерінде, мемлекеттік бақылау мен қадағалау, азаматтарды құқықтың қорғау ұйымдарында және құқық қорғау органдарында мемлекеттік тілдің қолданылуы жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру
Ұдайы
Облыстық әскери комиссариат, әскери бөлімдер, облыстық мемлекеттік бақылау, қадағалау, құқық қорғау органдары
14
Облыс бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктердің және физикалық-географиялық атаулардық әліпбилік көрсеткіштерін жасап, шығару
Ұдайы
Облыстық статистика басқармасы
15
Облыстық әкімшілік-аумақтық қарталарын мемлекеттік тілде "Картография" мекемесі арқылы дайындап,шығару
Жыл сайын
Облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет
ІІ Білім беру және тіл оқыту
салаларындағы тілдік даму
16
Жоғары және орта кәсіптік оқу орындарында қазақ тілінде оқытатын бөлімдердің және оқытылатын пәндердің санын көбейту жөнінде шаралар қабылдау
Ұдайы
Облыстық білім департаменті, аудан, қала әкімдері мен ондағы білім бөлімдері, оқу орындарының ректоры, директорлары
17
Жалпы білім беретін орта, орта кәсіптік және жоғары кәсіптік оқу орындарының өзге тілдерде оқытатын бөлімшелерінде қазақ тілін оқытуға арналған сағаттар санын оқу процесін оңтайландыру жолымен (негізгі оқу жоспары бойынша жалпы сағат санын көбейтпей) арттыру жөнінде шаралар қабылдап, жүзеге асыру
Ұдайы
Облыстық білім департаменті, аудан, қала әкімдері, оқу орындарының ректоры, директорлары
18
Облыстық орта кәсіптік және жоғары кәсіптік оқу орындарында ұлт тілдері бойынша мамандар даярлауды қамтамасыз ету
Ұдайы
Облыстық білім департаменті, аудан, қала әкімдері, оқу орындарының ректоры, директорлары
19
Жетім балаларға және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған қазақ тілінде оқытатын ұйымдар желісін кеңейту жөнінде шаралар қабылдау
Ұдайы
Облыстық білім департаменті, аудан, қала әкімдері
20
Қазақ тілінде оқытатын мектептердің және тәрбие беретін мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының санын көбейту жөнінде шаралар қабылдау
2003-2004 жылдар
Облыстық білім департаменті, аудан, қала әкімдері, оқу бөлімдері
21
Диаспоралар өкілдерін ұлт тілдерінде мектепке дейінгі тәрбие беру және оқытумен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау
Ұдайы
Облыстық білім департаменті, аудан, қала әкімдері, білім бөлімдері
22
Ана тілдерін оқытатын жексенбілік мектептер арқылы ұлттық-мәдени бірлестіктердің бірыңғай мемлекеттік тіл саясатын іске асыруға қатысуын қамтамасыз ету
Ұдайы
Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы, аудан, қала әкімдері
23
Жалпы білім беретін мектептер негізінде оралмандарға қазіргі қазақ әліпбиіне оқытуды ұйымдастыру
Ұдайы
Облыстық білім департаменті, көші-қон және демография жөніндегі басқармасы, аудан, қала әкімдері
24
Жалпы білім беретін мекемелерде оқушылардың мемлекеттік тілді іскерлік қарым-қатынастың негізгі құралы ретінде меңгеріп, білімдерін жоғары деңгейге көтеруді қамтамасыз ету үшін үйірмелер, факультатив жұмыстарын, түрлі конкурстар ұйымдастыру
Жыл сайын
Облыстық білім департаменті, аудан, қала әкімдері, оқу бөлімдері
25
Тілдерді оқытудың, дамытудың өзекті мәселелері бойынша аймақтық, аудандық, қалалық конференциялар мен семинарлар өткізу
Жыл сайын
Облыстық білім департаменті
26
Жалпы білім беретін мектептерді қазақ тілінде шығарылған табиғаттану, экология және валеология бойынша дыбыс-бейне құралдар, оқулықтар, терминологиялық сөздіктермен қамтамасыз ету
2004 жылдың
ІІІ-ІҮ тоқсаны
Облыстық білім департаменті
27
Ұлт тілдерінде оқытатын оқу орындарын ана тілі мен әдебиетін оқытудың үлгілік бағдарламасымен қамтамасыз ету
2004 жылдың
ІІІ-ІҮ тоқсаны
Облыстық білім департаменті
ІІІ Мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары, халыққа қызмет көрсету салаларындағы
тілдік даму
28
Қазақстан халықтары тілдерінің облыстық фестивалін өткізу
Жыл сайын
қыркүйек айы
Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім, мәдениет басқармалары, аудан, қала әкімдері
29
О. Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің дәстүрлі облыстық конкурсын өткізу:
1. Аудандар мен қалалар, облыстық мекемелер мен ұйымдарда
2. облыстық байқау
Жыл сайын
Тамыз айы
қыркүйек айы
Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы, аудан, қала әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдары, облыстық басқармалар, комитеттер, департаменттер
30
Қазақстан халықтары тілдерінің республикалық фестивалі шеңберінде облыстық "Үздік аудармашы" конкурсын өткізу
Жыл сайын
қыркүйекте
Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы, аудан, қала әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдары, облыстық басқармалар, комитеттер, департаменттер
31
Мемлекеттік және басқа тілдердегі хабарлар көлемінің барабар арасалмағы сақталуы бөлігінде ҚР Заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз ету
Ұдайы
Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы, аудан, қала әкімдері
32
Көлік пен байланыс, сауда, денсаулық сақтау және тұрмыстық қызмет көрсету, анықтама ақпараттық қызмет көрсету салаларында мемлекеттік тілдің қолданылуын қамтамасыз ету
Ұдайы
Облыстық көлік департаменті кәсіпорны, телекоммуникация
лар дирекциясы, денсаулық сақтау басқармасы, облыстық мекемелердің басшылары, аудан, қала әкімдері
33
Тіл-мәдени шаралардың негізгі құралы. Мемлекеттік тіл арқылы халықтық ұлттық мәдениетін, рухын, ділін, сана-сезімін көтеру, ояту. Осы мақсатпен әртүрлі кездесулер, ән-би кештерін, фестивальдар, ұлттық ойындар, телехабарлар, байқаулар, ақындар айтысын, т.б. шараларды ұйымдастыру
Ұдайы
Облыстық мәдениет басқармасы, білім департаменті, аудан, қала әкімдері
34
22 қыркүйек "Қазақстан Халықтарының Тілдер Күні"»мерекесіне арнап "Тіл халықтың тарихы"»атты ғылыми-практикалық конференция өткізу
2003 жылдың қыркүйек
Облыстық мәдениет басқармасы
35
Облыстың кітапханаларын қазақ және Қазақстан Республикасындағы басқа да тілдердегі әдебиеттермен толықтыруды жүйелі түрде қамтамасыз ету
Ұдайы
Облыстық білім департаменті, мәдениет басқармасы
36
Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақ тіліндегі суретті кітапшаларымен және буклеттермен қамтамасыз ету
( тапсырыс беру)
2004 жылдың ІІІ-ІV тоқсаны
Облыстық білім департаменті
37
Теледидар, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы "Қазақ тілін үйренеміз", "Сөздік ойын", "Қазақша білесіз бе" т.б. айдарымен бұқара халықты оқыту, тілді дамытуға арналған хабарлар ұйымдастыру
Ұдайы
Облыс бойынша ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы, бұқаралық ақпарат құралдары, аудан, қала әкімдері, облыстық басқармалар, комитеттер, департаменттер
38
Облыстық "Жетісу", "Огни Алатау", "Алатау" және аудандың, қалалық газеттердің беттерінде тілді дамыту, қолдану аясын кеңейтуге арналған материалдар беріп тұру.
Ұдайы
Облыс бойынша ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы, облыстық, аудандық, қалалық газет редакциялары
39
Облыста тұратын халықтардың тілдерінде телерадиохабарлар дайындау, олардың салт-дәстүрлерін, қолөнерін, тарихын насихаттау жөнінде кездесулер, "дөңгелек үстелдер", сауалнамалар өткізу ар?ылы тілдерді дамыту шараларын ұйымдастыру
Ұдайы
Облыс бойынша ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы, аудан, қала әкімдері
40
Тілдерді дамытуға арналған конференциялар, "дөңгелек үстелдер", кеңестер, ақын- жазушылармен кездесулер т.б. шараларды өткізу
Ұдайы
Облыс бойынша ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы, облыс аудан, қала әкімдері
41
Театр және концерт ұйымдарының буклеттерін, плакаттарын, роликтерін және басқа да жарнамалық өнімдерді мемлекеттік тілде шығаруды қамтамасыз ету және олардың сапасына назар аудару
Ұдайы
Облыстық мәдениет басқармасы