Об открытии осенне-зимнего охотничьего сезона 2003-2004 года Қолданыста
Басқа 0
2003-2004 жылғы күзгі-қысқы аңшылық маусымды ашу туралы
«Жануарлар әлемін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 21 қазандағы Заңының 20 бабына, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 22 қарашадағы № 1239 қаулысына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аңшылық шаруашылықтарында аңшыларға төмендегілерге аңшылық етуге рұқсат етілсін:
30 тамыздан 15 қарашаға дейінгі таңғы арай суда жүзетін жабайы құстарға, бөденелерге, көгершіндерге және балшықшы құстарға;
2003-жылғы 20-шы тамызынан ұшып кеткенге дейін бөденелерге арнайы бөлінген орындарда, тазылар мен қысқа аяқты спаниелиді белгіленген тәртіпте тіркелген ауыздандыру және далалык сынақтар өткізуге;
2003-жылғы 1 қарашадан 2004-жылғы 15-ші ақпанға дейін түлкіге, қарсаққа, сілеусінге, қоянға, енот итіне;
2003-жылғы 1 қазанынан 30-шы қарашаға дейін аңшылық шаруашылықтарда бұлдырыққа және вальдшнепке әуесқой аңшылыққа;
16-шы тамыздан 31 -ші желтоқсанға дейін ұрғашы еліктерге;
1-ші қарашадан бастап 30-ші қарашаға дейін - елікке әуесқой аңшылыкқа;
1-ші қарашадан бастап 31-ші желтоқсанға дейін - қабанға әуесқой аңшылыққа;
аңшылық ережесімен бекітілген кәсіптік аңшылыққа.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары С.І. Сүлейменовке жүктелсін.