Об открытии осенне-зимнего сезона охоты 2003-2004 годов на диких зверей и птиц в Акмолинской области Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.08.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақмола облысында жабайы андар мен құстарды аулаудың 2003-2004 жылғы күзгі-қысқы кезеңін ашу туралы Қазақстан Республикасының “Жануарлар дүниесін қорғау, ұдайы өндіру және пайдалану туралы” Заңына, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 25 қыркүйектегі №1282 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау құқығын беру тәртібі туралы Ережесіне және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 24 шілдедегі №741 қаулысымен бекітілген Қазакстан Республикасы аумағында аң аулау Ережелеріне сәйкес облыс әкімдігі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Суда және батпақта жүзетін жабайы аң мен құстарға 2003 жылдың 30 тамызынан 15 қарашасына дейін, бағалы терілі аңдарға 2003 жылдың 1 қарашасынан 2004 жылдың 15 ақпанына дейін, тұяқты жабайы аңдарға 2003 жылдың 1 қазанынан 31 желтоқсанына дейін әуесқой-спорттық және кәсіби аң аулаудың күзгі-қысқы қезеңі ашылсын.
Тармақ 2
2. Аптаның сейсенбі және сәрсенбі күндері құстардың тынығу күндері деп жариялансын да 2003 жылдың 20 қазанына дейін аң аулауға тыйым салынсын.
Тармақ 3
3. Аң аулау жерлерін пайдаланушылар мен “Көкшетау”, “Бурабай’ мемлекеттік ұлттық табиғи парктеріне (бұдан әрі МҰТП) рұхсат беруді, ақысын республикалық бюджетке белгіленген тәртіп бойынша аударып отыруды, сонымен қатар ауланған аңның түрлері бойынша есебін жүргізіп отыруды қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Аң аулауға төмендегі жағдайларда тыйым салынсын: аң аулау құқығына тиісті рұхсат құжаттары болмаса; аң аулау жерлерін пайдаланушыларға бекітіліп берілмеген аң аулау жерлерінде жүргізуге (орман және аң аулау жерлерінен өзге); елді-мекендердің жерлерінде, өнеркәсіп, көлік, демалыс, қорық, байланыс және электр желілері аймағында; қала маңындағы жасыл аймақта; балық аулауға қажетті жағалау маңында; көлік құралдарын, соның ішінде қарда жүретін техниканы қолданып аң аулауға.
Тармақ 5
5. Ақмола облыстық орман және аңшылық шаруашылығы басқармасына аң аулаудың күзгі-қысқы кезеңін өткізу тәртібін белгілеу ұсынылсын.
Тармақ 6
6. Ақмола облысының ішкі істер бас басқармасына, Ақмола облыстық орман және аңшылық шаруашылығы басқармасына, МҰТП-теріне, орман мен жануарлар дүниесін қорғау мекемелеріне, аң аулау жерлерін пайдаланушыларға аң аулау жерлерін қорғау мен табиғатты қорғау заңдарының сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Осы каулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.М.Отаровқа жүктелсін.