О подготовке специалистов для Вооруженных Сил Республики Казахстан в военно-технических школах г. Шымкента и г. Туркестана в 2003-2004 учебном году Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.08.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шымкент, Түркiстан қалаларындағы әскери-техникалық мектептерде 2003-2004 оқу жылында Қазақстан Республикасының қарулы Күштерi үшiн мамандар дайындау туралы Қазақстан Республикасының "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңының 9-бабына және Қазақстан Республикасы қорғаныс Министрлiгiнiң 2003-2004 оқу жылында қарулы Күштер үшiн әскери-техникалық мамандар дайындау жөнiндегi жоспарына сәйкес:
Тармақ 1
1. Шымкент әскери-техникалық мектебiне 2003-2004 оқу жылында Қазақстан Республикасының қарулы Күштерi үшiн мамандар: 240 жүргiзушi, 90 радиотелеграфист, Түркiстан әскери-техникалық мектебiне 155 жүргiзушi дайындау тапсырмасы жеткiзiлсiн.
Тармақ 2
2. Облыстық әскери комиссар (А.А. Саттаров, келiсiмi бойынша) Шымкент және Түркiстан әскери-техникалық мектептерiнiң бастықтарымен бiрлесе отырып, Қазақстан Республикасының қарулы Күштерi үшiн 2003-2004 оқу жылында мамандар дайындаудың тәртiбi мен мерзiмiн анықтасын.
Тармақ 3
3. Қала және аудан әкiмдерi, облыстық әскери комиссар(А.А. Саттаров, келiсiмi бойынша):
Тармақша 1
1) Шымкент және Түркiстан қалаларындағы әскери-техникалық мектептерге оқушыларды дер кезiнде жинақтауды және әскери-техникалық мамандар дайындау жоспарының орындалуын қамтамасыз етсiн. Әскери-техникалық мамандар дайындау үшiн iрiктелiп алынған шақырушылар жүргiзушiлiкке жарамдылықты анықтау жөнiндегi комиссияның медициналық куәландыруынан, сондай-ақ алған әскери-техникалық мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы қарулы Күштерiндегi әскери қызметке жарамдылығын тексеретiн әскери комиссариаттардың жанынан құрылған медициналық комиссиядан өткiзсiн. Әскери-техникалық мектептерге оқуға ауру, сотталған шақырушыларды және кезектi шақыруға жатпайтындарды жiберу жағдайларына жол берiлмесiн. Қазақстан Республикасының "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңына сәйкес өндiрiстен қол үзе отырып, әскери-техникалық мектепте дайындаудан өтетiн шақырушылардың оқу кезiнде жұмыс орны, негiзгi жұмыс орнындағы лауазымы сақталады және орташа айлық жалақысы төленедi.
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының әскери-техникалық мектептерiнде дайындаудан өткен мамандардың ғана емес, сонымен бiрге меншiк нысанына қарамастан, өзге де ұйымдардағы, мектептердегi және шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiндегi шақырушылардың есебiн жүргiзсiн және олар әскерге Қазақстан Республикасы қорғаныс Министрлiгiнiң әскери тапсырмасына сәйкес алған әскери-техникалық мамандығы бойынша жiберiлсiн.
Тармақ 4
4. Әскери-техникалық мектептердiң бастықтары Қазақстан Республикасының қарулы Күштерi үшiн жаңа 2003-2004 оқу жылына әскери-техникалық мамандар дайындау жоспарының толық әрi сапалы орындалуын қамтамасыз етсiн.
Тармақ 5
5. Қала және аудан әкiмдерi әскери-техникалық мамандар дайындаудан өтетiн шақырушылардың оқу кезiнде қалалық жолаушылар көлiгiнде жеңiлдiкпен жүру мәселесiн шешсiн.
Тармақ 6
6. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Ә.Ә. Бектаевқа жүктелсiн. Оңтүстiк Қазақстан облысының әскери комиссары, полковник