О начальной военной подготовке допризывной и призывной молодежи Восточно-Казахстанской области в 2003-2004 учебном году Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.09.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шығыс Қазақстан облысының әскер жасына дейінгі және әскерге шақырылатын жастарының 2003-2004 оқу жылындагы бастапқы әскери даярлығы туралы "Бастапқы әскери даярлық туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылгы 1- қарашадагы № 1340 қаулысына сәйкес 2002- 2003 оку жылында облыстың оқу орындарында бастапқы әскери даярлау жөнінде жұмыс жүргізілді. Облыстың оқу орындарындагы бастапқы әскери даярлық жағдайын тексеру жергілікті жерлердегі атқарушы органдар, әскери комиссариаттар, төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік мекемелер, білім және денсаулық сақтау органдарының басшылары материалдық базаны қалпына келтіру, оқу орындарының әзірлігі бар және тәжірибелі оқытушы- ұйымдастырушылармен толықтыру жөніндегі шаралар кабылдаганың көрсетті. Бастапқы әскери даярлық бойынша сабақтар бекітілген бағдарлама мен тақырыптық жоспарларға сәйкес жүргізілді. Тарбағатай ауданы (әкім А.М.Каримов, білім бөлімінің бастығы М.Т. Омарбекова), Күршім ауданы (әкім К.К.Толеубеков, білім бөлімінің бастығы А.К.Косамбеков), Глубокое ауданы (әкім С.В.Плотников, білім бөлімінің бастығы М.Ж.Асамбаев), Зырян ауданы (әкім А.М.Барбашов, білім бөлімінің бастығы Л.И.Капарцева), Үржар ауданы (әкім М.Б.Увалиев, білім бөлімінің бастығы Қ.Ж.Нуркасым), Жарма ауданы (әкім Д.М.Мусин, білім бөлімінің бастығы К.Р.Балтабаев), Абай ауданы (әкім Б.С.Уйсумбаев, білім бөлімінің бастығы К.Н.Дурмекбаев) 2002-2003 оқу жылында бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру және лагерьлік (оқу-далалық) жиындарды сапалы өткізгендерімен көзге түсті. ,,Бастапқы әскери даярлық туралы“ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 1- қарашадағы № 1340 қаулысын орындау, бастапқы әскери даярлық, әскери-отансүйгіштік және дене шынықтыру, жастардың әскери қызметке ақлихат-психологиялық дайындығын ұйымдастыру жұмысын жақсарту және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін жас ұрпакпен сапалы толықтыру мақсатында ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Шығыс Қазақстан облысының оқу орындарында бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру мен өткізуді жақсарту жөніндегі 2003-2004 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспары бекітілсін (№ 1 қосымша).
Тармақ 2
2. Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарының оқу орындарындағы, оқу пункттеріндегі, қорғаныс-спорт сауықтыру лагерьлеріндегі бастапқы әскери даярлық, әскери-отансүйгіштік және дене шынықтыру жағдайын тексеру кестесі бекітілсін (№ 2 қосымша).
Тармақ 3
3. Қалалар мен аудандардың әкімдері:
Тармақша 1
1) штат санының шегінде, әскер жасына дейінгі және әскерге шакырылатын бозбалалармен жұмыс жөніндегі маман -қорғаныс-спорт сауықтыру лагерінің бастығы лауазымын қарастырсын;
Тармақша 2
2) әрбір қала мен ауданда қорғаныс-спорт сауықтыру лагерін құрсын, оларды атқарушы органдардың осы мақсатқа бөлінетін қаражаттары есебінен қажетті мүлікпен және жабдықпен толықтырсын;
Тармақша 3
3) қорғаныс-спорт сауықтыру лагерін оқу-тәрбие, шаруашылық және қаржы қызметіне басшылықты қамтамасыз етсін;
Тармақ 4
4. Облыстық білім департаменті (Ферхо С.И.), облыстық әскери комиссары (Мукашев К.М.):
Тармақша 1
1) бағыныштығына және меншік тұріне қарамастан жалпы білім беретін, кәсіби-техникалық мектептерде (лицейлерде) және арнаулы орта оку орындарында (колледждерде) бастапқы әскери дайындықты штаттағы бастапқы әскери дайындық оқытушылары-ұйымдастырушыларымен жүргізуін камтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) жалпы білім мектептерінің 10-11 сыныптары, кәсіби-техникалық мектептердің 1-2 курстары, арнаулы орта оқу орындарының 1-3 курстарының оқушыларын кейін алтыкүндік лагерьлік (оқу-дала) жиындарына қатыстырумен толық қамтуын қамтамасыз етсін, бұл жиындар 2004 жылғы мамырда бастапқы әскери дайындықты өткізуге бөлінген каникул уақытының есебінен өткізілсін, ал оқу орындарында бастапқы әскери дайындықты өтпеген, Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне шақыруға жататын бозбалалар кезекті шақыру алдында оқу пунктерінде өтсін;
Тармақша 3
3) Бастапқы әскери дайындықтың материалдық базасын қалпыңа келтіру жөніндегі жұмысты аяқтасын;
Тармақша 4
4) оқу орындарына әскери-отансүйгіштік тақырыпты, Қазақстан Республикасы халқының жауынгерлік дәстүрлерін, әскери қызметтегі ержүректік пен романтиканы бёйнелейтін көрнекі үгітті ресімдеуге көмек көрсетсін;
Тармақша 5
5) бастапқы әскери дайындық жөніндегі оқу-әдістемелік жұмысқа басшылықты қамтамасыз етсін, қорганыс-спорт сауықтыру лагері әкімшілігіне лагерьлік (оқу-далалық) жиындарды әзірлеу және өткізу кезінде көмек көрсетсін;
Тармақша 6
6) облыстың әскери комиссариаттары жанынан штаттан тыс әдістемелік Кеңестер құрсын;
Тармақша 7
7) гарнизондардың бастықтарымен, әскери бөлімдердің командирлерімен, әскери кафедралар мен әскери-техникалық мектептердің бастықтарымен бірлесіп әскери қызметшілердің тұрмысымен және өмірімен, әскери бөлімдер мен мекемелердің техникасы және қаруымен таныстыру мақсатында әскери бөлімдер мен мекемелерге бару жоспарларын әзірлесін;
Тармақша 8
8) бозбалалар лагерьлік (оқу-далалық) жиындарда болған кезде қыздардың медициналық мекемелерінде тәжірибені өту мүмкіндігін облыстық денсаулық сақтау басқармасымен, "Шығыс Қазақстан облыстык төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесімен келіссін.
Тармақ 5
5. "Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Темный Г.В.) тіршілік қызметінің қауіпсіздігі негіздерін оқытуды жетілдіру жөнідегі шаралар қабылдасын, білім органдарын оқу-әдістемелік әдебиетпен; плакаттармен және көрнекі құралдармен қамтамасыз етуге көмек көрсетсін.
Тармақ 6
6. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Андагулов К.Б.):
Тармақша 1
1) медициналық-санитарлық даярлық оқытушыларын іріктеуді, даярлауды және жұмысына бақылау жасауды қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) оқу орындарына емдеу мекемелерін бекітсін, бозбалалар лагерьлік (оқу-далалық) жиындарды өткен кезде қыздардың медициналық мекемелерде тәжірибені өту мүмкіндігін көздесін;
Тармақша 3
3) корғаныс-спорт сауыктыру лагерінде жиындар өтетін кезде медициналық пунктер ашсын және олардың жұмысын қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. "Шығыс Қазақстан облыстық спорт және туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Музапаров М.О.):
Тармақша 1
1) облыстың оқу орындарындағы әскер жасына дейінгі және әскерге шақырылатын бозбалалардың дене шынықтыруларына басшылықты жүзеге асырсын;
Тармақша 2
2) әскери комиссариаттармен бірлесіп әдістемелік сабақтар өткізсін және жарыстар ұйымдастырсын;
Тармақша 3
3) әскер жасына дейінгі және әскерге шақырылатын жастардың әскери-спорттық бағдардағы ұйымдар, үйірмелер мен бірлестіктер жүйелерін кұру жөніндегі шаралар қабылдасын;
Тармақша 4
4) облыстың қалалары мен аудандарының қорғаныс-спорт сауықтыру лагерін ұйымдастыруға және жұмысына қатыссын;
Тармақша 5
5) қорғаныс-спорт сауықтыру лагері қызметкерлеріне әскери- патриоттық тәрбие жұмысын, сондай-ақ бозбалалардың дене шыныктыруын жүргізуге және спорттың әртүрлі түрлері бойынша нұсқаушылар іріктеуге көмектессін.
Тармақ 8
8. "Шығыс Қазақстан облысының әскер жасына дейінгі және әскерге шакырылатын жастарының 2002-2003 оқу жылындагы бастапқы әскери даярлығы туралы" Шығыс Қазакстан облысы әкімінің 2002 жылғы 4-кырқүйектегі № 1193 шешімінің күші жойылды деп саналсын.
Тармақ 9
9. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Н.С. Омаровқа жүктелсін.
Тармақ 10
10. Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді. Келісілді: Облыстық әскери комиссар К. Мукашев "Шығыс Қазакстан облыстық төтенше жагдайлар туралы басқарма» мемлекеттік мекеменің бастығы Г. Темный
Басқа 30. Шығыс Қазақстан облысының оқу орындарында бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру мен өткізуді жақсарту жөніндегі 2003-2004 оқу жылына арналған негізгі іс-шаралар
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2003 жылғы ”17» қыркүйек № 50 шешіміне № 1 қосымша Шығыс Қазақстан облысының оқу орындарында бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру мен өткізуді жақсарту жөніндегі 2003-2004 оқу жылына арналған негізгі іс-шаралар ЖОСПАРЫ Аппарат басшысының міндетін атқарушы Т. Лукпанов
Басқа 31. Шығыс Қазақстан облысы аудандары мен қалаларының оқу орындарындағы, оқу қосындарындағы жастардың бастапқы әскери даярлығының, әскери-патриоттық тәрбиесі мен дене тәрбиесінің жағдайын тексеру
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2003 жылғы ”17» қыркүйек № 50 шешіміне № 2 қосымша Шығыс Қазақстан облысы аудандары мен қалаларының оқу орындарындағы, оқу қосындарындағы жастардың бастапқы әскери даярлығының, әскери-патриоттық тәрбиесі мен дене тәрбиесінің жағдайын тексеру КЕСТЕСI Аппарат басшысының міндетін атқарушы Т. Лукпанов