Об открытии осенне-зимней охоты на 2003-2004 годы Күшін жойған
Басқа 0
2003-2004 жылдары күзгi-қысқы аңшылықты ашу туралы
"Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 21 қазандағы Заңын басшылыққа ала отырып, "2003 жылы аң аулау маусымында құстар мен терісі бағалы аңдарды аулау лимитін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 тамыздағы № 860 қаулысына , Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 24 шілдеде № 741 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесіне және Ауыл шаруашылығы Министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы Комитетiнiң 2003 жылғы 27 тамыздағы № 148 және 2003 жылғы 29 тамыздағы № 155 бұйрықтарына сәйкес облыс әкiмияты қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Маңғыстау облысының аумағында 1, 2 қосымшаларда сәйкес көрсетiлген мерзiмге құстар мен терісі бағалы аңдарды күзгi-қысқы маусымдарда аулауға:
Тармақша 1
1) "Ақтау орманы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының, Қарақия Кендерлі шаруашылықтарының аңшылық алқаптарының аумағында;
Тармақша 2
2) Бейнеу және Сам орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерінің мемлекеттік орман қоры алқабында;
Тармақша 3
3) Бекітілмеген аңшылық алқаптардағы:
- Қарақия ауданының Песчаный мүйісінің;
- Түпқараған ауданының Қаражанбас;
- Маңғыстау ауданының Қияқты;
- Қарақия ауданының Түйесу участкелері аумағында рұқсат етілсін.
Тармақ 2
2. Маңғыстау облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасына (О.Ш.Қоданов):
Тармақша 1
1) аңшылық шаруашылығын жүргізуші мекемелерге құстар мен терісі бағалы аңдарды аулау лимитін бөліп беру;
Тармақша 2
2) облыстың жабайы аңдарын қорғау мен ұлғайтуды қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) аң аулауға рұқсат берудi ұйымдастыру ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Қалалардың, аудандардың әкiмдерi, облыстық iшкi iстер басқармасы (С.Ғ.Шахманов) сенiп тапсырылған аумақтарында заңды және жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының табиғатты қорғау заңнамасын сақтауына қатаң бақылау орнатсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары С.Б.Керелбаевқа жүктелсiн.
Басқа 11
Маңғыстау облысы әкiмиятының
2003 жылғы 17 қыркүйектегi
№ 205 қаулысына 1 қосымша
2003-2004 жылдары Маңғыстау
облысындағы күзгi-қысқы аңшылық мерзiмi
№
Аң-құс түрi
Мерзiмi
Аймағы
1
Көгершiн, кептерлер
2003 жылдың
20 тамыздан бастап
30 қарашаны қоса
Песчаный
Қаражанбас
Қияқты
Түйесу
2
Шәукiлдек
2003 жылдың
20 тамыздан бастап
30 қарашаны қоса
Песчаный
Қаражанбас
3
Үйректер, қаздар, суқұзғыны, қасқалдақ
Үйректер, қаздар
2003 жылдың
20 қыркүйектен бастап
15 желтоқсанды қоса
1 наурыздан 10 мамырды қоса 2004 жылы
Песчаный
Қаражанбас
4
Кекiлiктер
2003 жылдың
15 қыркүйектен бастап
30 қарашаны қоса
Қияқты
5
Түлкi, қарсақ
2003 жылдың
1 қарашадан бастап
2004 жылдың
15-ші ақпанын қоса
Песчаный
Қияқты
Түйесу
6
Қоян
2003 жылдың
1 қарашадан бастап
2004 жылдың
15-ші ақпанын қоса
Песчаный
Қияқты
Түйесу
7
Қасқыр, шиебөрi
Жыл бойы
Барлық жерлерде, ерекше қорғалатын табиғи аймақтардан басқа жерлерде
Ескертпе: сейсенбi мен сәрсенбi күндерi облыс көлемiнде аңшылық жабық болады.
Басқа 12
Маңғыстау облысы әкiмиятының
2003 жылғы 17 қыркүйектегi
№ 205 қаулысына 2 қосымша
Бiр аңшыға аң аулау мөлшерi
Аң-құс түрлерi
Атып алу мөлшерi
10 күнде
Мерзiм iшiнде
Үйректiң аулауға рұқсат еткен түрлерi мен шалшықтағы құстар жылқышы мен шәукiлдектен басқа, соның iшiнде үйректер
10
20
Бiзқұйрық, қоңыр үйрек, қасқалдақ
5
Басқа түрлерi
10
Көкқұтан, тырна мен оқпандар, суқұзғыны
10
Қаздар
3
10
Көгершiн, кептерлер
8
60
Шәукiлдектер
қалауынша
60
Кекiлiктер
8
40
Қояндар
3
20
Түлкi, қарсақ, қасқыр, шиебөрi
24
Ескертпе: Мемлекеттiк аңшылық жер қорынан жылдық аң аулау мөлшерiн Маңғыстау облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасы анықтайды.
Аңшылыққа рұқсат қағаз он күнге берiледi.
Еңбек демалысындағы аңшыларға бiрден 2 рұқсат қағаз берiлуi мүмкiн.
Аң-құсты атып алған аңшыда рұқсат қағаз болуы тиiс және қанша бас атқаны жөнiнде қорықшы-инспектордың белгiсi болуы керек, қорықшы-инспектор жоқ болса, аңшы аз қолымен белгi қоюы тиiс.