О предупреждении и ликвидации чрезвычайных ситуаций в зимний период 2003-2004 годов Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.10.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2003-2004 жылдардың қысқы кезеңінде төтенше жағдайлардың алдын алу және жою туралы Жыл сайынғы қатты аяздар мен қарлы борандар автокөлік пен темір жолдарда қар тосқауылдарының пайда болумен байланысты төтенше жағдайлардың, халықтың тіршілігін қамтамасыз ететін және әлеуметтік мәдени бағыттағы объектілерде авариялардың болу қаупін туғызады. Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" заңдарын басшылыққа ала отырып, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудандардың, Орал қаласының әкімдері:
Тармақша 1
1) шаруашылық объектілері мен халықтың тіршілігін қамтамасыз ететін жүйелерде жұмысты үздіксіз қамтамасыз ету жөнінде қосымша шаралар алсын, осы мақсаттар үшін материалдық-техникалық ресурстар қорын қарастырсын;
Тармақша 2
2) төтенше жағдайларда жұмыс істеу үшін шұғыл бағдарлау отрядтарының даярлығын арттырсын;
Тармақша 3
3) көпшілік пайдаланатын жолдардағы шалғай елді мекендермен байланыс орнатылуын тексерсін;
Тармақша 4
4) меншік иелері кооперативтерімен, авариялық қызметтермен бірлесе отырып, шаруашылық объектілерінен және тұрғындардан жылу мен жабдықтау жүйелеріндегі авариялар туралы хабарлар берілгенде әрекет ету тәртібін жасасын.
Тармақ 2
2. Батыс Қазақстан облыстық автомобиль жолдары және инфрақұрылым кешені құрылысы басқармасы (Оразов), Батыс Қазақстан облыстық тұрғын үй-коммуналдық, жол шаруашылығы және көлік басқармасы (Имашев):
Тармақша 1
1) автомобиль жолдарындағы қолда бар жылыту пункттерін әзірлік жағдайға келтірсін, оларды отын қорымен, байланыс құралдарымен қамтамасыз етсін, олардың орналасқан орнын көрсететін жол белгілерін орнатсын;
Тармақша 2
2) қар неғұрлым көп басқан автомобиль жолдарының учаскесін нақтыласын, сол бағыттарға қажетті қар тазалау техникаларын шоғырландырсын;
Тармақша 3
3) қар тосқауылдары көп орын алған және көк тайғақ қауіпті автомобиль жолдарын бақылауды қамтамасыз етсін;
Тармақша 4
4) жүру жағдайлары қанағаттанғысыз болып отырған автомобиль жолдарын дер кезінде тексеруден өткізсін.
Тармақ 3
3. Батыс Қазақстан облыстық ішкі істер басқармасы (Тыныбеков) ауа райының қолайсыз, стихиялық басқа да жол қозғалысы қауіпі туған жағдайларда автомобиль жолдарында көлік құралдарының қозғалысын уақытша шектеу немесе тоқтату жөнінде шұғыл шаралар алсын.
Тармақ 4
4. Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Мырзахметов) қар тосқауылдары, қатты аяздар, борандар мен көк тайғақтарда зардап шеккендерге шұғыл дәрігерлік көмек көрсету үшін дәрігерлік құрамалар мен қызметтердің әзірлігін жақсартсын.
Тармақ 5
5. Батыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы (Маючий):
Тармақша 1
1) төтенше жағдайларды жою жөніндегі жұмыстарды үйлестіру үшін облыс әкімінің жылжымалы басқару пунктінің әзірлігін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) құтқару жұмыстарын және төтенше жағдайларды жою жөніндегі кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу үшін жанар-жағар май материалдарының қорын жасасын;
Тармақша 3
3) қар көшкінінде қалған адамдарды құтқару жөніндегі жұмыстарды орындау мақсатында және қыс кезеңінде жолдардың күтімін бақылау мақсатында құтқару ұтқыр топтарын әзірлесін;
Тармақша 4
4) қатты дауылдар туралы басқару органдарына, тіршілікті қамтамасыз ететін объектілерге және тұрғындарға дер кезінде хабарлап отырсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.П.Качалоға жүктелсін.