О подготовке призывников по военно-техническим специальностям в Атырауской области в 2003-2004 учебном году Қолданыста
Басқа 0
2003-2004 оқу жылында Атырау облысында әскерге шақырылушыларды әскери-техникалық мамандықтар бойынша даярлау туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 29 бабына сәйкес, облыста әскерге шақырылушыларды әскери-техникалық мамандықтар¬а даярлау мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН :
Тармақ 1
1. 2003-2004 оқу жылында әскерге шақырылушыларды әскери-техникалық мамандықтар бойынша даярлау "Қазақстан Республикасы қорғаныс Министрлігінің әскери-техникалық мектебі"» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Атырау филиалында жүргізілсін.
Тармақ 2
2. 2003-2004 оқу жылына арналған әскерге шақырылушыларды әскери-техникалық мамандықтар бойынша даярлау жоспары бекітілсін (қосымша).
Тармақ 3
3. Атырау қаласы мен аудан әкімдері, облыс әскери комиссариаты (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) жаттығу взводтарын уақытылы жиынтықталуын және әскерге шақырылушыларды әскери-техникалық мамандықтар бойынша әзірлеу жоспарының орындалуын қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) көлік жүргізушілердің жарамдылығын анықтауға арналған комиссияда іріктелген әскерге шақырылушыларды, сондай-ақ, әскери комиссариаттар жанындағы дәрігерлік комиссиялардан алатын әскери-техникалық мамандықтары бойынша әскери қызметке жарамдылығына дәрігерлік куәландырудан өткізсін;
Тармақша 3
3) бұрыннан сырқат, сотталған, және кезекті әскерге шақырылуға жатпайтын әскерге шақырылушыларды оқуға жіберу жағдайларын болдырмасын.
Тармақ 4
4.«Қазақстан Республикасы қорғаныс Министрлігінің әскери-техникалық мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Атырау филиалының директоры (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) әскерге шақырылушыларды әскери-техникалық мамандықтар бойынша даярлаудың 2003-2004 оқу жылына арналған жоспарының толық және сапалы орындалуын қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) мектептің оқу-материалдық базасын әскери-техникалық мамандар бойынша әскерге шақырушыларды даярлау Бағдарламаның талаптарына сәйкес келтірсін.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық және әскери-жұмылдыру жұмысы бөліміне жүктелсін.
Басқа 11
Облыс әкімінің
2003 жылғы 23 қазандағы
№ 77 шешіміне қосымша
Атырау облысы бойынша 2003-2004 оқу жылында әскерге шақырылушыларды әскери-техникалық мамандықтар бойынша даярлау жоспары
Р/С
Оқыту ұйымының атауы мен даярлау саласы
Облыс-
тық әскери
комис-
сариат тапсырысы
Оқыту түрі
Іріктеу мерзімі
Даярлау мерзімі
Ескерту
1
2
3
4
5
6
7
оқытудың 1-легі
1
«Қазақстан Республикасы
Қорғаныс Министрінің
әскери-техникалық мектебі»
республикалық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорынның
Атырау филиалы "В,С"
санаттағы жүргізушілер
барлығы:
Атырау қаласы
Жылыой ауданы
Индер ауданы
Исатай ауданы
Қызылқоға ауданы
Құрманғазы ауданы
Мақат ауданы
Махамбет ауданы
60
15
6
8
5
7
8
5
6
Өндіріс-
тен қол
үзе отырып
2003 ж. 1.11.-
30.11.
аралығында
2003 ж.05.12.
2004 ж.
20.03.
аралығында
оқытудың 2-легі
«Қазақстан Республикасы
қорғаныс Министрінің
әскери-техникалық мектебі»
республикалық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорынның
Атырау филиалы«"В,С"»
санаттағы жүргізушілер
барлығы:
Атырау қаласы
Жылыой ауданы
Индер ауданы
Исатай ауданы
Қызылқоға ауданы
Құрманғазы ауданы
Мақат ауданы
Махамбет ауданы
30
10
-
5
-
5
5
-
5
Өндіріс-
тен қол үзе отырып
2004 ж.
01.03.-
20.03.
аралығында
2004 ж.
22.03.-
06.09.
аралығында