Об организации подготовки военно-технических специалистов и комплектовании Талдыкорганского, Уштобинского филиалов Республиканского государственного казенного предприятия «Военно-техническая школа Министерства обороны Республики Казахстан» на 2003-2004 учебный год и мероприятиях, проводимых исполнительными органами по оказанию им помощи. Қолданыста
Басқа 0
Республикалық мемлекеттік қазыналық "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебі" кәсіпорнының Талдықорған, Үштөбе филиалдарында 2003-2004 оқу жылында әскери-техникалық мамандар дайындауды және жасақтауды ұйымдастыру, сондай-ақ оларға көмек көрсету мақсатында атқарушы органдардың жүргізіп жатқан шаралары туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 9 сәуірдегі «Республикасының Қорғаныс және Қарулы Күштері туралы», 1993 қаңтардағы «Жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңдарына, Қазакстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 15 мамырдағы № 718 Қаулысына сәйкес республикалық мемлекеттік қазыналық «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебі» кәсіпорнының Талдықорған, Yштөбе филиалдары Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне әскерге шақыру жасындағы бозбалалардың ішінен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне әскери-техникалық мамандар дайындайды.
Әскери-техникалық мамандар дайындау жоспарын орындау мақсатында облыс Әкімі ШЕШІМ қабылдады:
Тармақ 1
1. Филиалдардағы оқу жылы 2003 жылғы 1 желтоқсаннан басталсын, әскери-техникалық мамандар дайындау екі кезеңге бөлінсін: көктемгі шақыру 30 мамыр, күзгі шақыру - 30 қараша. Оқудың басталу мерзімдері: көктемгі шақыру үшін 16 қазан, күзгі шақыру - 15 наурыз.
Тармақ 2
2. Аудандық (калалық) әскери комиссариаттар бойынша, қосымшаға сәйкес тапсырмаларды бөлу тәртібі бекітілсін.
Тармақ 3
3. Алматы облысының әскери комиссары (Т.Мәукебаев):
Тармақша 1
1)Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне әскери-техникалық мамандықтар бойынша әскерге шақырылғандарды дайындау жұмысын республикалық мемлекеттік қазыналық «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебін кәсіпорнының Талдықорған, Yштөбе филиалдарында әскери комиссариаттардың (әскери есепке алынған жеріндегі) жолдамасы бойынша, epiкті түрде өндірістен қол үзе отырып, жүргізсінш;
Тармақша 2
2)әскери-техникалық мамандықтар бойынша кезекті мерзімді әскери қызметке шақырылуға жататын, денсаулығы, дене тәрбиесі, моральдық қасиеттері және білімі жағынан Қазақстан Республикасы Қорғаныс Күштерінде қызмет етуге жарамды, әдеттегідей алғашкы дайындықтан өткен әскерге шақырылғандар дайындықтан өткізілсін. Бұл жерде әскерге шақырылушының біліктілігі, азаматтық мамандығы және ic жүзіндегі жұмыс тәжірибесін ескерсін;
Тармақша 3
3)шақыру мерзімін ұзарту, мерзімді әскери қызметке щақырудан босату құқығы бар немесе Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде міндетін өтеу талаптарына сай келмейтін, сондай-ақ сот жазасын аяғына дейін өтемеген әскерге шақырылушыларды республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың филиалдарына, «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебіне» жібермесін;
Тармақша 4
4)әскери-техникалық мамандықтар бойынша дайындықтан өтуге іpiктеліп алынған әскерге шақырылушылар, өздерінің әскери қызметке жарамдылығын анықтау үшін әскери комиссариаттардың жанындағы медициналық комиссиядан өткізілсін, ол жөнінде комиссиялардың хаттамаларында және медициналық бетшелерде тиісті жазу жазылсын. Көлік құралдарының жүргізушісі ретінде дайындықтан өтуге бөлінген әскерге шақырылушылар, сонымен қатар белгіленген тәртіп бойынша көлiкті жүргізуге жарамдылығын растайтын медициналық куәландырудан өткізсін;
Тармақша 5
5)жасақтаушы әскери комиссариаттар филиалдары дер кезінде сапалы жасақтау және оқу аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарына шақыру жұмыстарын жүргізу үшін толық жауапкершілікте болады;
Тармақша 6
6)әскери-техникалық мамандар дайындау мәселелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне Талдықорған, Үштөбе филиалдарының түлектерін көктемгі және күзгі әскерге шакыру қорытындылары туралы шешімінің орындалу барысы жөнінде облыс Әкімінің әскери-жұмылдыру жұмыстары жөніндегі бөлімін 15 шілдеде және 15 қаңтарда хабардар eтіп отырсын;
Тармақ 4
4. Облыстық көлік және байланыс бөлімінің бастығы (Ережепов Д.А.) республикалық мемлекеттік қазыналық «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебін кәсіпорныныі Талдықорған, Үштөбе филиалдарында әскери-техникалық мамандықтар бойынша дайындықтан өтіп жатқан курсанттарға қаланың жолаушы тасымалдау көлігінде, бүкіл оқу кезенінде оқу орнына бару және кepi қайту үшін бip реткі жеңілдік беру мәселесін шешсін.
Тармақ 5
5. Облыстық спорт және дене тәрбиесі басқармасының бастығы (Ә.Жайлаубеков) филиалдарда дене тәрбиеа дайындығы сабақтарының үнемі өтіп тұруын ұйымдастырсын және әpбip оқыту кeзeнінің аяғында президенттік тест нормаларының тапсырылуын қамтамасыз eтciн;
Тармақ 6
6. Кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары меншік түріне қарамастан өндірістен қол үзіп, әскери-техникалық мамандықтар бойынша дайындықтан өтіп жатқан әскерге шақырылушылардың жұмыс орнын, қызметін оқу кезенінде сақтап, негізгі жұмыс орны бойынша орташа еңбек ақысын төлесін.
Тармақ 7
7. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы облысы Әкімінің бірінші орынбасары В.А.Долженковқа жүктелсін.
Тармақ 8
8. Облыс Әкімінің 2002 жылғы 27-желтоқсандағы № 12-336 шешімінің күші жойылған деп саналсын. 2003 ж. 10 ақпандағы тіркеу № 1004.