О проведении отопительного периода 2003-2004 годов Күшін жойған
Басқа 0
2003-2004 жылдардың жылу беру кезеңін өткізу туралы
Қыс мезгілінде кәсіпорындар мен тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының тұрақты жұмыс істеуін және әлеуметтік сала нысандары мен облыс тұрғын үйлерін жылумен сенімді қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Атырау қаласы және аудан әкімдері:
Тармақша 1
1) барлық жылумен жабдықтау көздерінің кідіріссіз жұмысын, нормативтік отын қорын құруды қамтамасыз етсін, апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын уақытылы жүргізсін, қыс уақытында жолдарды, көпірлерді, жаяу адам жолдарын пайдалану және ұстау, жаңбыр, еріген
суларды тартып алу және қарды уақытылы тазалау жөнінде шара алсын;
Тармақша 2
2) қалалық және аудандық әкімияттарда, қызмет көрсетуші-кәсіпорындарда, барлық пәтер иелері кооперативтерінде тәуліктік кезекшілікті ұйымдастыруды қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) әлеуметтік сала нысандарының қатты және сұйық отынмен қамтамасыз етілуіне бақылау жасасын; тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы объектілерін 2003-2004 жылдардың күзгі-қысқы
кезеңіне дайындау жөніндегі облыстық штабқа әр апта сайын хабарлап тұрсын.
Тармақ 2
2. Тіршілікті қамтамасыз ету кәсіпорындарының басшыларына тұтынушыларды үздіксіз электр қуатымен, жылумен, газбен, сумен қамтамасыз ету және ағын суларды бұрып жіберу ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.И. Байғожинге жүктелсін.