О проведении учебно-полевых (лагерных) сборов в 2003-2004 учебном году с юношами-учащимися средних общеобразовательных, профессионально-технических школ (лицеев) с средних специальных учебных заведений (колледжей) области Қолданыста
Басқа 0
Облыстың жалпы орта білім беретін кәсіптік-техникалық
мектептері (лицейлері) мен орта оқу орындары (колледждері)
оқушыларымен 2003-2004 оқу жылында оқу-далалық (лагерьлік)
жиынын өткізу туралы
«Жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы Заңын, «Бастапқы әскери дайындық туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы қарашадағы № 1340 қаулысын және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 29-бабын іске асыру мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Далалық-оқу жиындары облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 11-ші сынып оқушыларымен 2004 жылғы мамыр-маусымда және маусым айында кәсіптік-техникалық мектеп (лицей) және орта арнаулы оқу орындарының (колледж) үшінші курс оқушыларымен бастапқы әскери дайындық бойынша белгіленген оқу жоспарына сәйкес өткізілсін.
Тармақ 2
2. «Облыстық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Н. Қ. Мұхлисов) «Облыстық әскери комиссариат» мемлекеттік мекемесімен (Т. Б. Еренчиев) бірлесе отырып, бес күндік далалық-оқу жиындарын өткізу жөніндегі бағдарлама мен іс-шаралар жоспарын жасасын.
Тармақ 3
3. «Облыстық денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Н. М. Шомбалов), «Облыстық білім басқармасы» (Н. Қ. Мұхлисов), «Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы» (Н. А. Әділов) мемлекеттік мекемелерімен келісе отырып, жалпы білім беретін мектептердің 11 сыныпта оқитын қыздарының жиын кездеріндегі тәжірибеден өтетін орны мен одан өту тәртібін анықтасын.
Тармақ 4
4. Облыстық әскери комиссар (Т. Б. Еренчиев) әскери бөлімдердің және әскери оқу орындарының, әскери кафедралар мен әскери-техникалық мектептің командирлерімен байланысты қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Ақтөбе қаласы мен аудандардың әкімдері мүдделі ұйымдар және мекемелермен кеңейтілген кеңестер өткізсін, жиындар өткізетін орындарды жиындардың уақытша штаттарын, аталған іс-шараларды өткізуге жауапты адамдарды анықтасын.
Тармақ 6
6. «Облыстық денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Н. М. Шомбалов) оқушылардың жұқпалы, тағы да басқа аурулармен науқастанып қалуына қарсы медициналық шаралар белгіленсін, сонымен қатар медицина қызметкерлерінің тұрақты кезекшілігін қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. «Облыстық туризм және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі (М. Н. Скендіров) жастардың жиындар кезінде дене тәрбиесі дайындығын бақылауды жүзеге асырсын, спорттық іс-шаралар ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. «Облыстық ішкі істер басқармасы» мемлекеттік мекемесі (М. О. Нүкенов) оқу-далалық жиындары өткізілетін орындарда қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 9
9. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары А. Қ. Есіркеповке жүктелсін.