Об утверждении областной Программы реабилитации инвалидов на 2003-2005 годы Күшін жойған
Басқа 0
2003-2005 жылдарға арналған мүгедектерді оңалтудың облыстық Бағдарламасын бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 16.03.2006 № 3С-18-5 шешімімен.
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабындағы 1 тармақтың 1 тармақшасы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 29.12.2001 ж. № 1758 «2002-2005 - жылдарға арналған мүгедектерді оңалтудың Бағдарламасы туралы» Қаулысына сәйкес және облыс әкімінің ұсынысымен облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. 2003-2005 жылдарға арналған мүгедектерді оңалтудың облыстық Бағдарламасы бекітілсін (қоса беріліп отыр).
Тармақ 2
2. Шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың бюджет, қаржы, экономика, әлеуметтік даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім облыстық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Басқа 4. Көкшетау қаласы 2002 жыл
Бекітілген
Ақмола облыстық
Маслихатының
19.07.2002 № С-18-5
шешімімен
АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА МҮГЕДЕКТЕРДІ ОҢАЛТУДЫҢ 2003-2005 жылдарға АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ
Көкшетау қаласы 2002 жыл
ТАРАУЛАР
Паспорт 1-2 бет
Кіріспе 2 бет
Облыстағы мүгедектіліктің жай-күйін талдау 2-6 бет
Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері 6-7 бет
Бағдарламаның негізгі бағыттары және оны іске асырудың тетігі 7-8 бет
Бағдарламаны іске асыруды қаржылық қамтамасыз ету 8 бет
Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер 8 бет
Мүгедектерді оңалтудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары 9-21 бет
Тарау 1. 1. Мүгедектерді оңалтудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасының паспорты
1. Мүгедектерді оңалтудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасының паспорты
Бағдарламаның атауы
Мүгедектерді оңалтудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы
Бағдарламаны әзірлеу үшін негіздеме
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 29.12.2001 ж. №1758 Қаулысымен бекітілген Мүгедектерді оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасы
Бағдарламаның бастамашысы
Ақмола облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы
Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Бағдарламаның негізгі мақсаты және міндеттері - мүгедектерді оңалту жүйесін құру, олардың қоғамға жан-жақты кірігуіне мүмкіндіктер беру, кіріптарсыз тұрмыс салтын қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау, мүгедектер деңгейін азайту
Негізгі орындаушылар
Ақмола облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық білім беру басқармасы, облыстық туризм және спорт басқармасы, облыс әкімі, қалалар мен аудан әкімдері, аудандық және қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдері
Бағдарламаның негізгі іс-шаралары
Бағдарлама мүгедектерді медициналық, әлеуметтік, кәсіби оңалту мекемелерінің желілерін дамыту мен олардың материалдық-техникалық базасын нығайту, мүгедектерге протез-ортопедиялық көмек көрсету және оларды оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету, мүгедектердің
Бағдарламаны іске асыру мерзімі
Мүгедектерді оңалту бағдарламасы 2003- 2005 жылдарға арналып жасалған
Қаржыландыру көздері мен көлемі
Бағдарламаны қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен, Қазақстан Республикасының заңнамасы тыйым салмайтын басқа да қаржы кездерінен жүзеге асырылады. Бағдарламаны іске асырудың 2003 жылдан 2005 жылға дейінгі барлық кезеңіне қаржыландыру үшін 43189,3 м.т. қажет болады.
Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер
Бағдарламаны іске асыру оңалту іс-шараларының көлемін ұлғайтуға, мүгедектердің жеке мұқтаждарын ескере отырып, техникалық құралдармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, мүгедектердің тұрмыстық, қоғамдық, кәсіби қызметінде қабілетін қалпына келтіруге, конституциялық құқықтарын толық көлемінде іске асыруға және олардың қоғамға кірігуін жылдамдатуға көмектеседі
Тарау 2. 2. Кіріспе
2. Кіріспе
Мүгедектерді әлеуметтік қолдау мен қорғауға, олардың экономикалық, саяси және басқа да құқықтары мен бостандықтарын іске асыруда тең мүмкіндіктермен қамтамасыз етілуіне Қазақстан Республикасының Конституциясында, сондай-ақ халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидаттары мен нормаларында кепілдік берілген.
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау шараларының бірі-ағзаның бұзылған немесе жоғалған қарекетін, өзіне өзі қызмет ету, кәсіби қызметтің әр түріне қабілетін қалпына келтіруге және орнын толтыруға бағытталған медициналық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік-экономикалық іс-шаралар кешенінен тұратын, сондай-ақ мүгедектердің толыққанды өмір сүруіне мүмкіндік беретін әрі олардың құқықтары мен қабілет мүмкіндіктерін іске асыруын қамтамасыз ететін оңалту болып табылады.
Мүгедектерді оңалту бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 наурыздағы № 367 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000-2002 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес әзірленді және облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайы ескеріле отырып жасалды.
Тарау 3. 3. Ақмола облысындағы мүгедектіліктің жай-күйін талдау
3. Ақмола облысындағы мүгедектіліктің жай-күйін талдау
Ақмола облысында түрлі санаттардағы барлығы 24852 мүгедек, оның ішінде 1 және 2 топтағы мүгедектер-13983 , 3 топтағы-7944, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар - 1794, Ұлы Отан соғысы мүгедектері - 853, интернационалист-мүгедектер-87, чернобылец мүгедектер-191 адам тұрады.
Алғаш рет мүгедектікке ұшыраудың 1999-2001 жылдар ішіндегі көрсеткіші
Көрсеткіштер
1999 жыл
2000 жыл
2001 жыл
Ересек адамдар арасында алғаш рет мүгедек деп танылғандар, оның ішінде әйелдер
2391877
2561950
2007784
Алғаш рет мүгедек деп танылған адамдардың ішінде: қалалық жерде тұратындар оның ішінде еңбекке жарамды жастағылар
12831100
13731163
1140968
Ауылда тұратындар оның ішінде еңбекке жарамды жастағылар
11081032
11881102
867803
Алғаш рет мүгедек деп танылғандардың ішінде жұмыс істейтіндер
629
639
630
Алғаш рет мүгедек деп танылғандардың мүгедектік топтары бойынша мәлімет
Мүгедектік тобы
1999 жыл
2000 жыл
2001 жыл
1 топ
242
228
199
2 топ
1270
1188
1098
3 топ
879
1145
710
Мүгедектіктің негізгі себептері:
Мүгедектіктің себебі
1999 жыл
2000жыл
2001 жыл
Жалпы аурудан
2003
2207
1904
Еңбек жарақатынан
31
28
24
Кәсіби аурудан
1
-
1
Бала кезінен мүгедек
879
256
39
Алғаш рет мүгедектікке ұшырау құрылымында бірінші орында зиянды ісіктерден мүгедектік – 457 - 22,7 пайыз; екінші орында қан айналымы органдары сырқатынан мүгедектік - 390- 19,4 пайыз; үшінші орында алған жарақаттан - 243-12,1 пайыз және төртінші орында - туберкулез – 167 - 8,3 пайыз.
Еңбекке жарамды адамдар арасында мүгедектіктің көбеюіне әлеуметтік және экономикалық факторлар, жұмыссыздық, медициналық қызметтер құнының жоғары болуы әсер етеді.
Соңғы екі жыл ішінде балалар арасындағы мүгедектік көбейді. Облыста 16 жасқа дейінгі 1794 мүгедек бала тұрып жатыр.
Мүгедектіктің өсе түсуі жағдайында мүгедек балалардың және олардың отбасыларының әлеуметтік проблемалары өткір сезіліп отыр. Ауру сәби дүниеге келген күннен бастап отбасы оның тауқыметін тартуға мәжбүр болады. Жағдайды өзгерту және мүгедек балалар мен олардың отбасыларына көмек көрсету үшін халықты әлеуметтік қорғау органдарының, қаржы, денсаулық сақтау, білім беру, сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық және жол шаруашылығы, жол полициясы басқармалары, туризм және спорт комитеттерінің ынтымақтастығы мен күш жігерін біріктіру қажет.
Мүгедек балаларды оқыту мен тәрбиелеу үшін арнайы жағдайлар қажет.
Жалпы білім беретін мектептерде оқуға мүмкіндігі жоқ мүгедек балалардың психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы бойынша тәрбие мен білімді үйлерінде алуына болады.
Жоғары және орта арнаулы оқу орындарын бітірген 1 және 2 топтағы мүгедектердің, олардың денсаулық жағдайын ескергенде, өздерінің отбасы тұратын жерде жұмысқа тұруға мүмкіндігі бола бермейді.
Бос орындар мүгедектерге тым сирек беріледі. Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін пайдаланылуы мүмкін болатын жұмыс орындарының есебі жүйелі жүргізілмейді. Осыған байланысты, ұйымның қағидаттары инвестициялау көздері туралы мәліметтерді қоса алғанда, мүгедектер үшін жұмыс орындарын есепке алуды ұйымдастыру түрінде (бар болуы, сақталуы, өзгеруі, жаңаларын құру) жұмыс орындары банкін құру қажет.
Өздерінің өнімдеріне мемлекеттік сатып алудың тоқтатылуынан, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің арнаулы кәсіпорындарының жағдайы қиындап кетті. Өткізу рыногында халық тұтынатын тауарлардың қаптап кетуінен бұл кәсіпорындар бәсекелестікке жарамай қалды.
Мүгедектерді әлеуметтік қолдау шаралары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы» 1991 жылғы 21 маусымдағы Заңына, «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» 1999 жылғы 5 сәуірдегі Заңына, басқа да заңнамалық кесімдерге сәйкес жүзеге асырылады.
Мүгедектерге әлеуметтік көмек жәрдемақы түрінде, протез-ортопедиялық бұйымдармен және аяқ киіммен, арнаулы қарпі бар баспа өнімдерімен, дыбыс күшейту аппараттарымен және сигнализаторлармен, компенсаторлық техникалық құралдармен қамтамасыз ету түрінде беріледі.
Ақмола облысының барлық мүгедектері мүгедектігі бойынша мемлекеттік жәрдемақы алады. Жалпы аурудан, еңбек жарақатынан, кәсіби аурудан, бала жасынан мүгедектерге жәрдемақы мынадай мөлшерде төленеді:
1 топтағы мүгедектерге - 6 айлық есептік көрсеткіш (4938 теңге),
2 топтағы мүгедектерге - 4 айлық есептік көрсеткіш (3292 теңге),
3 топтағы мүгедектер мен 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға - 3 айлық есептік көрсеткіш (2469 теңге).
1999 жылғы 1 сәуірден бастап жалпы аурудан, еңбек жарақатынан, кәсіби аурудан болған 1 және 2 топтағы мүгедектерге,16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға, ұлы Отан соғысы мүгедектеріне теңестірілген адамдарға жәрдемақылардың өзге түрлеріне қарамастан, коммуналдық қызметтерге, отын және тұрғын үйді ұстау шығындарын төлеуге арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленіп келеді.
1 және 2 топтағы мүгедектерге берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 1,4айлық есептік көрсеткішті немесе 1152 теңгені, 3 топтағы мүгедектерге - 0,6 айлық есептік көрсеткішті немесе 494 теңгені және 16 жасқа Дейінгі мүгедек балаларға 0,9 айлық есептік көрсеткішті немесе 741 теңгені құрайды.
Жергілікті өкілетті және атқарушы органдар тиісті бюджеттердің қаражаты есебінен өз құзыреті шегінде:
тұтыну бағасы индексінің өсуіне қарай мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларға қосымша ақы;
бөгде адамның көмегіне мұқтаж жалғызілікті мүгедектерді күту үшін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларға қосымша үстеме ақы;
санаторлық-курорттық емдеу жеңілдіктерін белгілейді.
Жергілікті өкілді және атқарушы органдар жергілікті бюджет қаражаты есебінен мүгедектердің ерекше талаптарын қанағаттандыруға және олардың тұрмыс деңгейін арттыруға бағытталған басқа да шешімдерді қабылдайды.
Ақмола облысында 6 интернат үйі жұмыс істейді: олардың ішінде 420 орынды 3 интернат үйі қарттар мен мүгедектерге арналған, 535 орынды 1 интернат үйі психикалық-неврологиялық ауруларға арналған және 170 орынды 2 интернат үйі мүгедек балаларға арналған. Жалғызілікті қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қолдау үшін үйлерге барып көмек көрсететін 18 әлеуметтік көмек бөлімшесі жұмыс істейді, олар 1953 азаматқа, оның ішінде 408 мүгедекке қызмет көрсетеді.
1042 адам протез-ортопедиялық көмекке,1522 адам тиф-лоқұралдарға мұқтаж.
2001 жылы 361 адам аяқ-қол буындарын протездеумен, 145 мүгедек тифлоқұралдармен қамтамасыз етілді.
2000 жылы жергілікті атқарушы органдардың шешімімен Ұлы Отан соғысының 25 мүгедегі арнайы автокөлікпен қамтамасыз етіліп, 7 мүгедек кресло-қораптар алды.
«Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы» Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 21 маусымдағы Заңының мүгедектердің тұрғын үйлерге және өзге де әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне көтерілуін қамтамасыз етуді көздейтін 8-бабы да жүзеге асырылмай отыр. Бүл бірінші кезекте, ғимараттардың есігі мен көшелердің өткелдеріне қойылатын пандустарға қатысты.
Тарау 4. 4. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері
4. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері
Бағдарламаның негізгі мақсаты - мүгедектерді оңалту жүйесін құру, олардың қоғамға жан-жақты кірігуіне мүмкіндіктер беру, кіріптарсыз тұрмыс салтын қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау, мүгедектік деңгейін азайту.
Бағдарламаның міндеттері мыналар болып табылады:
мүгедектіктің азаюын қамтамасыз ететін жағдайлар жасау;
мүгедектерге оңалту және басқа да техникалық құралдар мен медициналық, әлеуметтік, кәсіби оңалту бойынша қызметтердің кепілдікті тізбесін беруден тұратын мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларын әзірлеуді және жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
мүгедектерді кешенді оңалтуды дамыту, оңалту мекемелерінің жүйелерін дамыту мен материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша тәжірибелік іс-шараларды қамтамасыз ету;
халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде мүгедектерге арналған іс-шаралар мен қызметтердің тізбелерін және ауқымын кеңейту;
халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау ұйымдарының мүгедектерді оңалту мәселелері жөніндегі жұмысының нысандары мен әдістерін жетілдіру;
мүгедектерге өзінің шығармашылық қабілетін пайдалануға, хореография, музыка, әдебиет, сурет, өнердің басқа да түрлеріме айналысуға мүмкіндіктер беру мақсатында кәсіби даярлықты қамтитын іс-шараларды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес арнаулы әлеуметтік-экономикалық шараларды жүзеге асыру жолымен жұмыспен қамту саласында мүгедектерді қосымша кепілдіктермен қамтамасыз ету.
мүгедектердің кедергісіз жүріп-тұруына және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына кіруіне жәрдемдесу жөнінде іс-шаралар өткізуді қамтамасыз ету;
мүгедектердің сұранысын ескере отырып.оңалтудың техникалық құралдарымен, сондай-ақ сурдоаударма бойынша қызметтер көрсетумен қамтамасыз ету;
мүгедектерді медициналық, әлеуметтік және кәсіби оңалту мәселелері бойынша мамандарды қайта даярлауды қамтамасыз ету;
оңалту жүйесін құқықтық және әдістемелік жағынан қамтамасыз етуді жетілдіру.
Тарау 5. 5. Бағдарламаның негізгі бағыттары және оны іске асырудың тетігі
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары және оны іске асырудың тетігі
Бағдарламаның негізгі бағыттары:
Тармақша 1
1) Мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелерін реттейтін заңнамалық база жасау, оларға қоғамға жан-жақты кірігуі үшін мүмкіндіктер беру, кіріптарсыз тұрмыс салты үшін жағдайлармен қамтамасыз ету.
Тармақша 2
2) Ағзаның жетілуіндегі ауытқуларды ерте анықтаудың тиімділігін арттыру.
Тармақша 3
3) Мүгедектерді кешенді оңалтудың жүйесін құру:
мүгедектерді, оның ішінде мүгедек балаларды медициналық, әлеуметтік, кәсіби оңалтуды жетілдіру және оңалтудың барлық бағыттарын үйлестіру;
мүгедектерді санаторлық-курорттық емдеуді ұйымдастыру; мүгедектерді оңалтудың техникалық құралдарымен, олардың өмірін жеңілдететін оңалту жабдықтарымен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру;
оңалту мекемелерінің желісін дамыту және олардың материалдық-техникалық базасын нығайту;
мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерге, мүгедек балаларға арналған арнаулы түзеу арқылы білім беру ұйымдарының жүйесін сақтау және кеңейту;
мемлекеттік теледидар арнасында ақпараттық бағдарламалардың сурдоаудармаларын ұйымдастыру;
мүгедектерді кәсіптік даярлау, жеке кәсіпкерлікті,шағын және орта бизнесті дамыту арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, мүгедектерді қорғау жөніндегі әлеуметтік шараларды жыл сайын анықтау;
мүгедектердің әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне кіруін қамтамасыз ету.
Тармақша 4
4) Мүгедектерді белсенді өмір салтына тарту:
мүгедектердің спорт жарыстарына, көркемөнерпаздар үйірмелеріне, сурет және басқа да шығармашылық конкурстарына қатысуын қамтамасыз ету.
Тармақша 5
5) Халықты әлеуметтік қорғау саласында мүгедектерді оңалту мәселелерімен айналысатын қызметкерлердің біліктілігін арттыру.
Тармақша 6
6) Мүгедектер проблемалары бойынша практикалық конференциялар мен семинарлар ұйымдастыру.
Тарау 6. 6. Бағдарламаны іске асыруды қаржылық қамтамасыз ету
6. Бағдарламаны іске асыруды қаржылық қамтамасыз ету
Бағдарламаны қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен, Қазақстан Республикасының заңнамасы тыйым салмайтын басқа да көздерден жүзеге асырылады.
Бағдарламаны 2003 жылдан 2005 жылға дейін қаржыландыру үшін облыстық бюджеттен - 19323,9 м.т., қалалық және аудандық бюджеттен - 23865,4 м.т. қажет болады.
Тарау 7. 7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер
Бағдарламаны іске асыру оңалту іс-шараларының ауқымын ұлғайтуға, мүгедектерді жеке мұқтаждықтарын ескере отырып, техникалық құралдармен қамтамасыз етуге, мүгедектердің тұрмыстық, қоғамдық, кәсіби қызметінде қабілетін қалпына келтіруге, конституциялық құқықтарын толық көлемінде іске асыруға және олардың қоғамға кірігуін жылдамдатуға мүмкіндік береді.
Мүгедектерді оңалтудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
р/н
Іс-шара
Аяқтау нысаны
Жауапты атқарушы
Орындау мерзімі
Алдын-ала болжамды шығыстар (мың теңге)
Қаржыландыру көздері
1
2
3
4
5
6
7
Әлеуметтік оңалту
1
Облыс, қала, аудан әкімияттарының жанынан Мүгедектер істері жөніндегі кеңестер құру
әкімияттардың қаулылары
облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы
2003 жылдың 1 тоқсаны
қаржыландыруды талап етпейді
-
2
Көкшетау қаласында Петропавл протездік-ортопедиялық зауытының бөлімшесін ашу
РМК«Петропавл протездік-ортопеди- ялық зауытының» шешімі
Көкшетау қалалық халықты әлеуметтік қорғау бөлімі
2003 жылдың 2 тоқсаны
110,0
қалалық бюджет
3
Мүгедектерді протездерін жаңарту үшін және алғаш рет алу үшін протездік-ортопедия-лық зауыттарға жіберу
Ақмола облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының жолдамасы
Ақмола облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы
Бағдарламаның орындалу ағымында
-
Республикалық бюджет
4
Мүгедектерді техникалық құралдармен, әртүрлі модификациядағы креслоқораптармен қамтамасыз ету
Ақмола облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына берілетін әр айдың 20 күнгі ақпараты
Қалалар мен аудан әкімияттары, облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы "
Бағдарламаның орындалу ағымында
8511,9
қалалық, аудандық бюджеттер
5
Құлағы кеміс еститін мүгедектерге сурдотехниканы, зағип мүгедектерге тифлотехника және коммуникациялық қолдау құралдарын беруге бақылау жасау
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне әр айдың 20 күні берілетін ақпарат
Аудандардың, қалалардың әкімияттары, Ақмола облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы
Бағдарламаның орындалу ағымында
-
Республикалық бюджет
6
Кіру жолдары мен пандустар жасауды, мүгедектер қораптары жүре алатын құрылғылар әзірлеуді қамтамасыз ету, тұрғын үй, қоғамдық және өндірістік ғимараттарға, әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне мүгедектер кіре алатындай жағдай жасау
Ақмола облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына жыл сайын 15 шілде және 15 қаңтары күні тапсырылатын ақпарат
Ақмола облыстық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық және жол шаруашылығы басқармасы, кез келген меншік нысанындағы кәсіпорындар, ұйымдар басшылары (келісім бойынша)
Бағдарламаның орындалу ағымында 2003ж.-28 пандус
2004ж.-28 пандус
2005ж.-28 пандус
252,0
қалалық бюджет
7
Жобаларды әзірлеуге мемлекеттік тапсырыстарды орналастырғанда, сондай-ақ ғимараттар, жолдар, көлік, байланыс объектілерін салғанда, көлік және өзге қызмет көрсету түрлерін ұсынған кезде мүгедектердің әлеуметтік инфрақұрылымға кедергісіз кіруін қамтамасыз ету қажеттігін конкурс құжаттары талаптарының бірі ретінде белгілеу
Ақмола облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына жыл сайын 15 шілде және 15 қаңтары күндері тапсырылатын ақпараттар
Қала, аудан әкімияттары, Ақмола облыстық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық және жол шаруашылығы басқармасы
Бағдарламаның орындалу ағымында
қаржыландыруды талап етпейді
8
Облыстық телеарнада ақпараттық бағдарламалардың сурдоаудармасын жалғастыру
ақпараттық бағдарлама арнасында бағдарламаның сурдоаудармамен шығуы
Ақмола облыстық телерадио компаниясы (келісім бойынша)
2003 жылдың 1 тоқсаны
қаржыландыруды талап етпейді
9
Щучье - Бурабай курорт аймағында «Жеке батыр» санатроийінде мүгедектер мен ардагерлерді санаторлық - курорттық емдеуге және оңалтуға жіберу жұмысын жалғастыру
Ақмола облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының жолдамасы
Ақмола облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы, халықты әлеуметтік қорғау қалалық, аудандық бөлімдері
Бағдарламаның орындалу ағымында
-
Республикалық бюджет
10
Облыстың қоғамдық құрылымдармен ынтымақтастықты дамыту
Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және басқармасына жыл сайын 15 қаңтарына тапсырылатын ақпарат
Ақмола облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы, облыстық білім беру басқармасы.облыстық туризм және спорт комитеті
Бағдарламаның орындалу ағымында
қаржыландыруды талап етпейді
-
11
Мүгедектерді, оның ішінде мүгедек балаларды белсенді өмір сүруге тарту мақсатында облыстық көркемөнерпаздар конкурсын өткізіп, суреттер, ұсақ-түйек заттар көрмелерін, спартакиадалар, және т.б. шығармашылық түрлерін ұйымдастыру
Ақмола облыстық еңбек, жұмыспен қамту және қорғау басқармасына жыл сайын 15 шілдеге және 15 қаңтарына тапсырылатын ақпарат
Ақмола облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау, облыстық білім беру басқармасы, облыстық туризм және спорт комитеті
Бағдарламаның орындалу ағымында
615,6
Облыстық бюджет
12
Мүгедектердің шығармашылық жұмыстарының, интернат үйлерінде тұрып жатқан мүгедектер шығарған өнімдерінің көрме - сатуларын өткізіп отыру
Ақмола облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына жыл сайын 15 шілдеге және 15 қаңтарға тапсырылатын ақпарат
Ақмола облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы, Ақмола облыстық білім беру басқармасы
Бағдарламаның орындалу ағымында
қаржыландыруды талап етпейді
-
13
Интернат үйлеріндегі мүгедектер мен қарт адамдардың бос уақытын ұйымдастыру үшін көркемөнерпаз ұжымдарын тарту
Ақмола облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына тапсырылатын ақпарат
Ақмола облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы, Ақмола облыстық мәдениет басқармасы
Бағдарламаның орындалу ағымында
қаржыландыруды талап етпейді
-
14
Облыста жыл сайын мүгедектерді әлеуметтік қолдау бойынша «Қамқор» акциясын өткізуді ұйымдастыру, одан түскен қаражатты мүгедектерге атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге жұмсау
Ақмола облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына жыл сайын 1 қазан да тапсырылатын ақпарат
қалалық, аудандық халықты әлеуметтік қорғау бөлімдері, қала және аудан әкімияттары
Бағдарламаның орындалу ағымында
тартылған қаражат
15
Мүгедектер арасында облыстық «Үміт» спартакиадасын өткізу
Ақмола облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына тапсырылатын жыл сайын 15 шілдесіне және 15 қаңтарыңа ақпарат
Ақмола облыстық туризм және спорт жөніндегі басқармасы, Ақмола облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы
Бағдарламаның орындалу ағымында
381,8
Облыстық бюджет
16
Мүгедек спортшылардың Параолимпиадалық ойындарға, спорттық фестивальдарға, мерекелерге және басқа да республикалық спорт жарыстарына қатысуын қамтамасыз ету
Ақмола облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты басқармасына жыл сайын 15 қаңтарына тапсырылатын ақпарат
Ақмола облыстық туризм және спорт жөніндегі басқармасы, Ақмола облыстық еңбек, жұм ыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы
Бағдарламаның орындалу ағымында
742,8
Облыстық бюджет
Кәсіби оңалту
17
Сырқат тізімдемесіне сәйкес мүгедек балаларды оқытуды ұйымдастыру
Ақмола облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына жыл сайын 15 қаңтарына тапсырылатын ақпарат
Ақмола облыстық білім беру басқармасы
Бағдарламаны орындау, ағымында
251,7
Облыстық бюджет
18
Көкшетау қосалқы мектебі жанынан мүгедек балалар үшін сыныптар ашу
Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына жыл сайын 15 қаңтарына тапсырылатын ақпарат
Ақмола облыстық білім беру басқармасы
Бағдарламаның орындалу ағымында
1364,9
Облыстық бюджет
19
Аудандар бойынша 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар бойынша ауру түрлері мен оқыту тәсілдері есепке ала отырып мәліметтер банкін құру
Ақмола облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына 2003 жылдың 15 қаңтарына тапсырылатын ақпарат
Ақмола облыстық білім беру басқармасы
2003 жылдың 1 тоқсаны
Қаржыландыруды талап етпейді
-
20
Облыстық психолого-медициналық педагогикалық комиссиясының жанынан ерте анықтап, түзету мақсатында мектеп жасына дейінгі балалар үшін түзету - диагностикалық тобын ашу
Ақмола облыстық еңбек жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына 2003 жылдың 15 қаңтарына тапсырылатын ақпарат
Ақмола облыстық білім беру басқармасы
2003 жылдың 1 тоқсаны
қаржыландыруды талап етпейді
21
Жеке кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті дамыту, кадрларды кәсіби дайындау мен қайта даярлау, жыл сайын мүгедектерді қорғау жөніндегі әлеуметтік шараларды анықтау арқылы қосымша жұмыс орындарын құру жолымен мүгедектерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу
Ақмола облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына жыл сайын 15 қаңтарына тапсырылатын ақпарат
Ақмола облыстық еңбек, жұмыс пен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы, экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасы
2003ж.-79 адам
2004ж.-79 адам
2005ж -79 адам
қаржыландыруды талап етпейді
-
22
Мүгедектерді санаторлық-курорттық сауықтыру бойынша жеңілдіктерді қамтамасыз ету
мәслихаттардың шешімдері және әкімияттардың қаулылары
Ақмола облысының әкімі, қала, аудан әкімдері, облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы
Бағдарламаның орындалу ағымында
14324,3
қалалық, аудандық бюджеттер
23
Көкшетау қалалық кеңес беру диагностикалық емханасы жанынан балалардың кеміс естуін ерте анықтау үшін сурдологиялық кабинет ашу
Ақмола облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына 2003 жылдың 15 қаңтарына тапсырылатын ақпарат
Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы
2003 жылдың 1 тоқсаны
900,0
Облыстық бюджет
24
Көкшетау қаласындағы балаларға арналған «Болашақ» оңалту орталығы үшін 3 жастан асқан церебральді параличпен сырқат балаларды оңалту үшін құралдар алу
Ақмола облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына 2004 жылдың 15 қаңтарына тапсырылатын ақпарат
Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы
Бағдарламаның орындалу ағымында
15000,0
Облыстық бюджет
Кадрлармен қамтамасыз ету
25
Үйде қызмет көрсету бөлімшелерінің әлеуметтік қызметкерлерін қайта даярлауды ұйымдастыру
Ақмола облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқар масына жыл сайын 15 қаңтарына тапсыратын қалалық, аудандық халықты әлеуметтік қорғау бөлімдерінің ақпараттары
Ақмола облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы
Бағдарламаның орындалу ағымында
667,2
аудандық, қалалық бюджеттер
26
Жеке оңалту бағдарламасына сәйкес мүгедектерді кәсіби бағдарлауды қамтамасыз ету
Қалалық, аудандық халықты әлеуметтік қорғау бөлімдерінің Ақмола облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына жыл сайын 15 қаңтарына тапсыратын ақпараттары
Ақмола облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы
Бағдарламаның орындалу ағымында
67,1
Облыстық бюджет