О региональной программе занятости населения на 2003-2005 годы по Мангистауской области Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.12.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Маңғыстау облысы бойынша халықты жұмыспен қамтудың 2003-2005 жылдарға арналған Аймақтық бағдарламасы туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыстық мәслихат шешім етті:
Тармақ 1
1. Маңғыстау облысы бойынша халықты жұмыспен қамтудың 2003-2005 жылдарға арналған Аймақтық бағдарламасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Облыстың, қалалар мен аудандардың әкімдеріне, облыстың атқарушы органдарының басшыларына осы Аймақтық бағдарламаны орындау жөнінде тиісті шаралар алу ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 4
"Маңғыстау облысы бойынша халықты жұмыспен қамтудың 2003-2005 жылдарға арналған Аймақтық бағдарламасы туралы" облыстық мәслихаттың 2002 жылғы 20 желтоқсандағы N 23/240 шешiмiне қосымша Маңғыстау облысы бойынша халықты жұмыспен қамтудың 2003-2005 жылдарға арналған АЙМАҚТЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ Мазмұны 1 бөлiм. Маңғыстау облысы бойынша халықты жұмыспен Қaмтудың 2003-2005 жылдарға арналған Аймақтық бaғдарламасының паспорты 2 бөлiм. Кiрiспе 3 бөлiм. Аймақтық әлеуметтік-экономикалық дамты және оны дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған перспективалары 4 бөлiм. Жұмыспен қамтудағы жағдайды саралау және оны дамыту тенденциясы 5 бөлiм. Еңбек рыногын қалыптастыру және 2003-2005 жылдарда оны дамыту болжамы 6 бөлiм. Халықты әлеуметтiк қорғау 1) Халықтық нысанды топтарын жұмыспен қамтуды Қaмтамасыз ету 2) Жұмыспен қамтылмаған халықты кәсiптiк бағыттау, оқыту және қайта даярлау 3) Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру 4) Шағын және орта кәсiпкерлiк саласында өзiн-өзi жұмыспен қамтуды қолдау 7 бөлiм. Аймақтық бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерi 8 бөлiм. Аймақтық бағдарламаны iске асыруды қаржылай Қaмтамасыз ету 9 бөлiм. Аймақтық бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер 1. Маңғыстау облысы бойынша халықты жұмыспен Қaмтудың 2003-2005 жылдарға арналған Аймақтық бағдарламасының паспорты Бағдарламаның атауы Маңғыстау облысы бойынша халықты жұмыспен қамтудың 2003-2005 жылдарға арналған Aймақтық бағдарламасы Бағдарламаны әзiрлеу "Халықты жұмыспен қамту туралы" үшін негiздеме Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 Қaңтардағы Заңы , 2002 жылғы 22 мамырда Қaзақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасарында болған кеңестiң N 24-4/2065 хаттамасы Бағдарламаның Облыстық еңбек, халықты жұмыспен бастамашысы қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасы Бағдарламаның мақсаты Жұмыспен қамту саясатын белсендi мен мiндеттерi iске асыру есебiнен жұмыссыздық деңгейiн азайту және халықтық тұрмыс деңгейiн тұрақтандыру мен көтеру Негiзгi орындаушылар Облыстық еңбек, халықты жұмыспен Қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасы; Қaзақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігiнiң Маңғыстау облысы бойынша Департаментi; облыстық бiлiм басқармасы; облыстық экономика, өнеркәсiп және сауда басқармасы; облыстық шағын кәсiпкерлiктi қолдау басқармасы; облыстық ауылшаруашылығы басқармасы; қалалар мен аудандардың әкiмдерi. Бағдарламаның негiзгi Бағдарлама қосымша жұмыс iс-шаралары орындарын құруды, шағын несиелеумен көбiрек Қaмту есебiнен жұмыссыздардың өзiн-өзi жұмыспен қaмтуын ұлғайту, жұмыссыз азаматтарды кәсiптiк даярлау мен қaйта даярлауды қамтамасыз ету, аз қaмтамасыз етiлген, жұмыссыз азаматтарға мемлекеттiк әлеуметтiк кепiлдiктер мен әлеуметтiк қолдау жасауғы қарастырады. Бағдарламаны iске асыру Халықты жұмыспен қамтудың Аймақтық бағдарламасы 2003-2005 жылдарға арналып жасалған Қaржыландыру көздерi Аймақтық бағдарламаны қaржыландыру жергiлiктi бюджеттер қaражаты есебiнен және Қазақстан Республикасының заңнамасы тыйым салмайтын басқа да қаржы көздерiнен жүзеге асырылады Бағдарламаны iске Халықты жұмыспен қамтудың асырудан күтілетiн Аймақтық бағдарламасы еңбектiң нәтижелер ресми рыногында жұмыссыздың деңгейiн 2005 жылдың aяғына 2,3 пайызға дейiн азайтуды қамтамасыз етуге тиiс. Экономика салаларында жұмыспен қамтылғандардың санын өұлғaйтуға, 15,5 мың жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкiндiк бередi, олардан квоталау есебiнен нысанды топтар үшiн 6,9 мың жұмыс орындары сақталатын болады, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру 13,7 мың уақытша жұмыс орындарын құруға мүмкiндiк бередi.
Бөлім 2. 2. Кiрiспе
2. Кiрiспе Халықты жұмыспен қамтуға ықпал ететiн бұл aймақтық бағдарлама "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, сондай-ақ 2002 жылғы 22 мамырда Қазақстан Республикасы Премьер Министрiнiң орынбасарында болған кеңестiң N 24-4/2065 хаттамасы негiзiнде жасалды. Ұсынылған бағдарламада жұмыспен қамтудың белсендi саясатын қамтамасыз ету, жұмыссыз азаматтарға, сондай-ақ еңбек рыногында неғұрлым аз қорғалған тұрғындардың санаттарына әлеуметтiк кепiлдiктердi iске асыруға бағытталған шаралар белгiлендi.
Бөлім 3. 3. Аймақтық әлеуметтiк-экономикалық дамуы және оны дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған перспективалары
3. Аймақтық әлеуметтiк-экономикалық дамуы және оны дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған перспективалары Алда аймақ экономикасының алдына өнеркәсiптiк сектор өндiрiсiнiң тұрақты өсу қaрқынын сақтау, тоқтап тұрған кәсiпорындар өндiрiсiн қалпына келтiру және оңалту, өнеркәсiптi импорт алмастыратын өнiмдердi шығаруға бағыттау маңызды мiндеттерi қойылды. Аймақ экономикасында мұнайгаз кешенiн дамыту үстем болып қалады, 2005 жылы мұнай өндiру көлемi 30 пайыздан aстамға ұлғаяды және 16,6 млн. теңге құрайды. Жоспарланған кезеңде жаңа мұнай кен орындары: Толқын, Боранкөл, Солтүстiк Бозашы iске қосылады. 2003-2005 жылдардағы кезеңде аймақта химиялық өнеркәсiп дамиды. 2005 жылдың аяғына дейiн пластикалық массалар зауыты өз өндiрiсiн толықтай қалпына келтiредi, полистиролдың барлық маркалары - соққығa төзiмдi, жалпы тұтынатын, көбiктенгiш шығарылатын болады, олар халық тұтынатын тауарлар аясында кең пайдаланылады, сондай-ақ өнiмнiң жаңа түрлерi игерiлетiн болады. Химия өнеркәсiбiнiң көлемi 2005 жылы 2002 жылғы деңгейiмен салыстырғанда 1,2 еседей өседi. Минералды тыңайтқыштар өндiрiсiн қалпына келтiрiлмек. Химия кешенiнiң үш зауыты: күкiрт қышқылды, азот тук, химия-гидрометаллургия зауыттарының өндiрiсi қалпына келтiрiлетiн болады, сондай-ақ оларды одан әрi жетiлдiру көзделедi. Жаңа өндiрiстер-ионидтер зауыты, тұз қышқылын шығaру зауыты, магниоксид шығару зауыты ұйымдастырылатын болады. Химия және мұнай-химия өндiрiсiнiң даму қарқынын сақтау өнеркәсiптiң басқа салаларын тұрақты дамытуға, сервистiк қызметтердi кеңейтуге, шағын және орта бизнес субъектiлерiнiң өсуiне ықпал ететiн болады. Алдағы жылдары электр энергетикасы, машина жасау, тоқыма және тiгiн, терi және аяқ киiм өнеркәсiбi, тұрғын үй құрылысы, құрылыс материалдары өндiрiсiнде өндiрiс көлемдерi ұлғаяды. Су, автомобиль, әуе, темiржол транспорты, жол шаруашылығы, байланыс және телекоммуникация одан әрi дамиды. Облыста "Ақтау теңiз порты" еркiн экономикалық аймағын құру тек теңiз портының бәсекелестiк қабiлеттiгiн нығайтып қана қоймайды, сонымен бiрге халықаралық жүк тасымалдары рыногi мен ТРАСЕКА жүктер қозғалысы маршрутында лайықты орнын алуға мүмкiндiк бередi, сондай-ақ әртүрлi өндiрiстер құру процессiне, қосымша жұмыс орындарын құруға жағымды ықпалын тигiзедi, салықтық және кедендiк жеңiлдiктер мен преференциялар бередi. Солтүстiк Каспий қайраңында aшылған перспективаларға байланысты 2003-2005 жылдары Ақтау қаласының халықаралық аэропорты одан әрi дамиды, жолаушы және жүк терминалы салынатын болады, ұшу-қону алаңын, айдау жолдарын, перронды күрделi жөндеу көзделуде. 2003-2005 жылдары шағын кәсiпкерлiкте шаруашылық субъектiлерiнiң саны одан әрi тұрақты өседi де, қосымша жұмыс орындарын бередi. Болжам бойынша 2005 жылы шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң саны тек өнеркәсiпте 800 дей болмақ.
Бөлім 4. 4. Жұмыспен қамтудағы жағдайды саралау және оны дамыту тенденциясы
4. Жұмыспен қамтудағы жағдайды саралау және оны дамыту тенденциясы Соңғы жылдары облыс халқының саны табиғи және аздаған миграциялық өсiмнiң негiзiнде тұрақты өсiп келедi. 2000 жылдың басына халықтық саны 318,1 мың адам құраса, 2002 жылдың 1 қаңтарына 332,4 мың адамға жеттi. Өсудiң орташа қарқыны соңғы жылдарға 102,0 пайыз құрайды. Еңбек ресурстарының көбеюi халықтың санына, оның iшiнде экономикалық белсендi халықтық ара салмағына тығыз байланысты. 1998-2000 жылдары халықтық экономикалық белсендi санының азаюы байқалуда: 154,7 мың адам, 148,9 мың адам, 153,7 мың адам. Бұл экономикада жұмыспен қамтылғандар санының динамикасында да көрiндi: 2000 жыл 2001 жыл Халық саны 323,7 мың адам 332,4 мың адам Еңбек ресурстары 188,4 мың адам 186,2 мың адам Экономикаға жұмыспен қaмтылды 132,7 мың адам 126,3 мың адам Экономикалық белсендi халық үлесiнiң азаюы экономикалық белсендi емес халықтық көбеюiне әкелiп соқтырады, оның құрамына еңбекке жарамды жастағы оқушылар, үй шаруасындағы әйелдер, зейнеткерлер және әртүрлi себептер бойынша жұмыс iстемейтiн басқа адамдар енедi. Экономикалық белсендi емес халықтың Өүлесi 2001 жылы облыс еңбек ресурстарының 24 пайызына (1999 жылғы 15,3 пайызға) дейiн жеттi. Жұмыспен қамтитын уәкiлеттi органдарға хабарласқан адамдардан әрбiр екiншi әйел 50,1 пайыз (7023 aдам), әрбiр үшiншi жас 24 жастағылар (4381 aдам). Олардан тиiсiнше 15,5 пайыз (1088 aдам) және 28,7 пайызы (1259 адам) жұмысқа орналастырылды, тiркелген жұмыссыздардың 22 пайызының жұмыс мүлде тәжiрибесi жоқ. Жұмыссыздар есебiнде тұрғандардың 62,5 пайызының негiзгi тек қана және жалпы орта бiлiмi, 25,4 пайызының орта кәсiптiк бiлiмi бар. Жұмыссыздық деңгейiн азайту мақсатында халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету саясаты 2002 жылы және одан кейiнгi жылдары еңбек рыногындағы жағдайды ширықтырмауды көздеп отыр. Мәселенi шешудiң негiзгi бағыты жұмыс орындарын құру болып саналады. 2000 жылы облыс бойынша 10383 жұмыс орны құрылды, оның iшiнде қоғамдық жұмыстар желiсi бойынша - 3460 (33,3 пайыз), 2001 жылы облыс бойынша 10641 жұмыс орны құрылды, оның iшiнде қоғамдық жұмыстар 4908 (46,1 пайыз). Aқылы қоғамдық жұмыстар (бұдан әрi - АҚЖ) арқылы жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамту өсiмiнiң орташа қарқыны 112 пайыз құрады. Жұмыспен қамту органдары арқылы 2000 жылы 4852 адам, 2001 жылы 4503 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, жұмысқа орналастырылғандардың 32,0 пайызын құрады. 2000-2001 жылдары хабарласқандардың саны азайғанына қарамастан жұмыспен қамту органдары арқылы жұмысқа орналастырылғандардың саны көбейдi. 2000 жылы жұмыспен қамту бөлiмдерiне 13,5 мың адам, 2001 жылы 14,0 мың адам хабарласты, 2002 жылы 14,5 мың адам хабарласады деп күтiлуде. Жұмысқа орналасқандар санының өсуi жұмыс орындарының ашылуымен, жұмыспен қамту бөлiмдерiне бос жұмыс орындар саны туралы мәлiметтiң көбеюiмен түсiндiрiледi. 2000 жылы халықты жұмыспен қамту бөлiмдерiне айына орта есеппен 157 бос жұмыс орны, 2001 жылы 179, 2002 жылы 326 бос жұмыс орны мәлiметi түсіп тұрды. 2000 жылы 1 бос орынға 86 жұмыссыз, 2001 жылы 75 жұмыссыз, 2002 жылы 10 жұмыссыздан келдi. Өткен екi жылда шағын кәсiпкерлiктi дамыту жолымен 5208 жұмыс орнын құруға мүмкiндiк туды. Жұмыспен қамтылған халықтың өсуi негiзiнен шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар есебiнен, сондай-ақ шетелдiк және жергiлiктi жұмыс берушiлер арқылы жаңа жұмыс орындарын ашу есебiнен қамтамасыз етiледi. 2003-2005 жылдары облыс бойынша негiзiнен транспорт пен байланыс, өнеркәсiп, құрылыс кәсiпорындарында, ауыл шаруашылығында қосымша жұмыс орындарын құру күтiледi. 2000-2001 жылдары жасырын жұмыссыздың айқындала бастады, оның деңгейi ай сайын төмендедi. 2002 жылдың 1 тамызына ол 0,5 пайызын құрады. 2000 жылдың қaңтaрында iшiнара жұмыссыздық 36 кәсiпорынды қамтыды, 2001 жылдың желтоқсанында олардың саны тек 8. Жыл iшiнде "жасырын" жұмыссыздық "Ақтал ЛТД" ЖСШ, "Аққұс" АҚ, "Мұрагер" АҚ, "Бозашы ТТ" ЖШС, "Каскор Дикфа" АҚ, "Каскортрансавто" АҚ, "Бұрғышы" ЖШС, "Қаражанбасмұнай" АҚ сияқты кәсiпорындарға болды. Жұмысқа орналастыру процесiн күшейтуге, қосымша жұмыс орындарын құруға, қоғамдық еңбектi ұйымдастыруға қарамастан жұмыссыздық мәселесi өзектi болып қалады. Жұмыссыздық деңгейi 2002 жылдың 1 қазанына 3,6 пайыз құрады. Аудандар бойынша талдағанда жұмыссыздықтың ең жоғары деңгейi Түпқараған ауданы бойынша - 6,5 пайыз болып байқалды, ең төменгi деңгейi Ақтау қаласы бойынша 2,6 пайыз. Ашық және жасырын жұмыссыздық жағдайларында жұмыссыздарды жұмыспен толық қaмтудың негiзгi жолдары төмендегiлер болып саналады: жаңа жұмыс орындарын құру, шағын және орта бизнестi дамыту, еңбек рыногы жағдайларын ескере отырып, жұмыссыздарды қайта даярлау және оқыту, қоғамдық жұмыстардың түрлерi мен көлемдерiн ұлғайту.
Бөлім 5. 5. Еңбек рыногын қалыптастыру және 2003-2005 жылдарда оны дамыту болжамы
5. Еңбек рыногын қалыптастыру және 2003-2005 жылдарда оны дамыту болжамы Еңбек рыногын қалыптастыру экономикада жүрiп жатқан процестердiң ықпалында. Соңғы жылдар iшiнде облыс бойынша жұмыспен қамту мәселелерi бойынша уәкiлеттi органдарға хабарласқандар санының азаюы байқалуда. 2001 жылы жұмыспен қамту органдарына 1999 жылға қарағанда 24,4 пайыз aз хабарласты. Еңбек рыногында жұмыспен қамту бөлiмдерiне хабарласқандар, негiзiнен, алғаш жұмыс iздеушiлер өұзақ уақыт жұмыс iстемейтiндер мен аз қамтамасыз етiлгендерден тұрады, сондай-ақ аз болса да мигранттар, жұмыстан босағандар, оқу орындарының түлектерi. Еңбек рыногындағы тұрақтылық жұмыспен қамту бөлiмдерiнде жұмыссыздар санының азаюына әкеледi: хабарласқан жұмыссыздар саны 2003-2005 жылдары тиiсiнше 13,5 мыңнан 10,5 мың адамға дейiн азаяды. Облыста кедейлiкпен және жұмыссыздықпен күрес бағдарламасын iске асырудың нәтижесiнде еңбек рыногындағы жағдай жақсарды. Жұмыссыздық деңгейi 1999 жылы 11,9 пайыздан 2001 жылы 3,8 пайызғa дейiн азайды. Ол ауылдық жерлерде де төмендедi, сонымен бiрге жекелеген аудандарда жұмыссыздық деңгейi жоғары болып қалуда. Ауылдағы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мәселесi, негiзгiнен, шағын және орта бизнестi дамыту мен шетелдiк компанияларды орналастыру арқылы шешiлуде. 2001 жылы ауылдық жерлерде шағын кәсiпкерлiкте 452 жұмыс орны, шетелдiк компаниялар арқылы 669 жұмыс орны құрылды. 2000-2001 жылдары қосымша жұмыс орындарын құру жұмысқа орналастыру мен қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру процестерiн күшейтуге мүмкiндiк бердi. Алдағы 2003-2005 жылдары орта есеппен жылына 3,5 мыңнан 4,1 мыңғa дейiн адамды жұмысқа орналастыруға, жылына АҚЖ-ға 4,4 мыңнан 4,75 мыңғa дейiн адам жiберуге қол жеткiзiледi. Жылдар бойынша жұмысқа орналастыру болжамы: 2003ж. 2004ж. 2005ж. Ақтау Қ. 1600 1600 1500 Жаңаөзен Қ. 1150 1100 900 Бейнеу ауданы 450 400 350 Қарақия aуданы 300 300 250 Маңғыстау aуданы 250 250 200 Түпқараған aуданы 350 350 300 Барлығы облыс бойынша (адам) 4100 4000 3500 Шетелдiк жұмыс күшiн лицензиялау еңбек рыногына тұрақты жағдайды қалыптастырады. Шетелдiк инвесторлар көбейген жағдайда жергiлiктi кадрларды жұмысқа орналастыру мүмкiндiгi артады. Өткен жылдары шетелдiк жұмыс күшiн тартатын ұйымдарда төмендегiдей мөлшерде жұмыс орындары құрылды: 2000 жыл 2184 жұмыс орны; 2001 жыл 2292 жұмыс орны; шағын кәсiпкерлiкте 2000 жыл 2562 жұмыс орны; 2001 жыл 2746 жұмыс орны. Болжам бойынша 2003-2005 жылдары 15,5 мың жұмыс орнын, оның iшiнде шетелдiк жұмыс күшiн тартатын ұйымдар арқылы 3510 жұмыс орнын, шағын кәсiпкерлiкте 5840 жұмыс орны құрылады. Облыс бойынша қосымша жұмыс орындарын құру болжамы төмендегiдей болмақ: 2003ж. 2004ж. 2005ж. Ақтау Қ. 1900 2050 2180 Жаңаөзен Қ. 600 680 690 Бейнеу ауданы 550 600 650 Қарақия aуданы 400 420 430 Маңғыстау aуданы 300 350 350 Түпқараған aуданы 1050 1100 1200 Барлығы облыс бойынша 4800 5200 5500 Экономиканың өнеркәсiптiк саласын дамыту бiлiктi кадрларға сұранымды арттырады. Қатаң бәсекелестiк, жұмыс орындарының тапшылығы, тiркелген жұмыссыздардың негiзгi бөлгiнiң кәсiптiк деңгейiнiң жұмыс берушiлер талаптарына сай келмеуi жағдайында жұмыссыздарды оқыту жұмысқа орналастыруға кепiлдiксiз жүредi, бұл жұмысты өз бойынша табуға әкеледi.
Бөлім 6. 6. Халықты әлеуметтiк қорғау
6. Халықты әлеуметтiк қорғау 1) Халықтың нысанды топтарын жұмыспен қамтуды Қaмтамасыз ету Нысанды топтарға халықтың жоқ-жiтiк, әлеуметтiк қорғауға аса мұқтаж санаттары енедi. Әкiмияттар арқылы бекiтiлген халықтың нысанды топтарын жұмысқа орналастыру бағдарламалары осы мәселенi шешуге мүмкiндiк бередi. 2000 жылы нысанды топтар үшiн жұмыс орындарын квоталау бағдарламалары арқылы 2384 адам жұмысқа орналыстырылды, бағдарламаны орындау 108,4 пайыз құрады. 2001 жылы 2833 адам жұмысқа орналастырылды немесе 109,5 пайыз. 2000 жылы барлық жұмысқа орналастырылғандардың арасында нысанды топтардан жұмысқа орналастырылғандар 49,1 пайыз, 2001 жылы 62,9 пайыз құрады. Болжам бойынша нысанды топтар үшiн 2003-2005 жылдары квота бойынша қaмтылатын жұмыс орны төмендегiдей болады : 2003ж. 2004ж. 2005ж. Ақтау Қ. 1400 1330 1290 Жанаөзен Қ. 800 700 590 Бейнеу ауданы 70 60 50 Қарақия aуданы 110 100 80 Маңғыстау aуданы 50 50 40 Түпқараған aуданы 70 60 50 Барлығы облыс бойынша 2500 2300 2100 2) Жұмыспен қамтылмаған халықты кәсiптiк бағыттау, оқыту және қайта даярлау Жұмыссыздарды кәсiптiк даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру кәсіпорындардың тапсырыстары бойынша шарттық негiзде және өзiн-өзi жұмыспен қамтуы үшiн iске асырылады. Жұмыс берушiлер тарапынан оқытуға тапсырыстардың жоқтығы, әрбiр оқытылған адамды жұмысқа орналастыруға мүмкiндiктiң жоқтығы оқытылғандардың қандай дәрежеде болсын жұмыс iздеу мүмкiндiгiн арттырады. Жыл сайын жергiлiктi бюджет қаржылары есебiнен кәсiптiк бiлiм алған жұмыссыздардың саны өсуде. Хабарласғандардың 30 пайызының ешқандай мамандығы жоқ. 2000 жылы оқуға 114 адам жiберiлдi, олардың 10-ы жыл аяғына дейiн оқыды және 10 адам тұрақты жұмысқа жiберiлдi, 2001 жылы 351 адам оқуға жiберiлдi, 288 адам оқып бiтiрдi, олардың 110-ы жұмысқа орналастырылды. 2001-2002 жылдары жұмыссыздарды оқытудың жаңа формалары мен әдiстерi пайда болды. Облыстық шағын кәсiпкерлiктi қолдау жөнiндегi басқарма жұмыссыздарды бизнес негiздерiне тегiн оқытты. Екi жылда 38 жұмыссыз курстық оқудан өттi. Облыста жұмыс күшiне сұраныс өте төмен. 2000 жылы орта есеппен айына жұмыспен қамту бөлiмдерiне - 157, 2001 жылы - 179, 2002 жылы - 252 бос жұмыс орны туралы мәлiмет. Кәсiпорындар мен ұйымдардан түскен тапсырыстар бойынша жоғары бiлiктi жұмысшылар-темiр жонушылар, дәнекерлеушiлер, электриктер; инженер-техник қызметкерлерден - инженер-электроншылар, менеджерлер; қызметшiлер арасынан - мұғaлiмдер, дәрiгерлер қажет етiледi. 2003-2005 жылдары аймақтық бағдарлама шеңберiнде кәсiптiк оқытуға 1650 жұмыссызды жiберу қарастырылуда: 2003ж. 2004ж. 2005ж. Ақтау Қ. 120 135 140 Жаңаөзен Қ. 100 130 150 Бейнеу ауданы 50 60 75 Қарақия aуданы 50 60 70 Маңғыстау aуданы 25 30 35 Түпқараған aуданы 135 140 145 Барлығы облыс бойынша 480 555 645 3) Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру Қоғaмдық ақылы жұмыстарға қатысатын адамдардың еңбегiне ақы төлеу мөлшерiнiң көбеюiне байланысты жұмыссыздарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз етудiң осы түрiн күшейту жалғасуда. Қоғамдық жұмыстар шеңберi тұрмыстық және тұрғын үй-коммуналдық қызметтер, ауыл шаруашылығы, транспорт, байланыс, әлеуметтiк сала салаларының кәсiпорындарын қамтиды. Жұмыссыздардың көпшiлiгi көркейту, аумақтарды сауықтыру, тұрғын үй мен коммуналдық меншiк объектiлерiн жөндеу, жолдарды жөндеу мен салу сияқты жұмыстардың түрлерiне қатысады. 2000 жылы қоғамдық ақылы жұмыстарға 3508 адам, 2001 жылы 5443 адам қатысты, орташа жалақы бiр жұмыскерге 2000 жылы 3900 теңге, 2001 жылы 5020 теңге құрады. Еңбек рыногындағы жағдай мен бюджеттiк мүмкiндiктердi ескере отырып, қоғамдық жұмыстарға 2003-2005 жылдары 13700 жұмыссыз азаматты жiберу қарастырылуда: 2003ж. 2004ж. 2005ж. Ақтау Қ. 1200 1150 1100 Жаңаөзен Қ. 700 700 700 Бейнеу ауданы 1200 1200 1100 Қарақия aуданы 400 350 350 Маңғыстау aуданы 600 550 550 Түпқараған aуданы 650 600 600 Барлығы облыс бойынша 4750 4550 4400 4) Шағын және орта кәсiпкерлiк саласында өзiн-өзi жұмыспен қамтуды қолдау Шағын және орта кәсiпкерлiктi (бизнестi) дамыту экономиканың нақты саласының басты бағыты болып саналады, оны дамыту бәсекелестiк ахуалды қалыптастырады, рынокты өз тауарларымен және қызметтерiмен толтыруға, халықты жұмыспен қамту мәселесiн шешуге ықпал етедi. Облыста 2000-2002 жылдардағы шағын кәсiпкерлiктiә дамуын саралағанда шағын кәсiпкерлiк субъектiлернiң жалпы саны жылдан жылға өсiп келе жатқанын көрсетедi. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi 2005 жылдың аяғына 14,0 мыңға дейiн, шағын кәсiпкерлiк саласында жұмыспен қамтылғандардың саны 37,2 мың адамға дейiн көбейедi, оның iшiнде: 2003 жылы 32908 адам; 2004 жылы 34870 адам; 2005 жылы 37240 адам. Осы кезеңде 5840 адамға жаңа жұмыс орындары құрылатын болады, оның iшiнде: 2003 жылы 1580 жұмыс орны; 2004 жылы 1890 жұмыс орны; 2005 жылы 2370 жұмыс орны. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi арқылы өндiрiлетiн өнiмнiң көлемi 2,0 есе өседi. Кәсiпкерлiк қызметтен мемлекеттiк бюджетке салықтық төлемдер 1,8 есе көбейедi.
Бөлім 7. 7. Аймақтық бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерi
7. Аймақтық бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерi Жұмыспен қамтудың Аймақтық бағдарламасының негiзгi мақсаты жұмыспен қамтудың белсендi саясатын iске асыру есебiнен жұмыссыздар саны мен жұмыссыздық деңгейiн азайту болып саналады. Бұл мақсатқа жаңа жұмыс орындарын құру, шағын кәсiпкерлiктi одан әрi дамыту, жұмыссыздарды шағын несиелеумен барынша толық қaмту, жұмыссыз азаматтарды кәсiптiк даярлау мен қайта даярлауды қамтамасыз ету және жұмыссыздарға өз дербес iсiн ұйымдастыруға көмектесу жолымен қол жеткiзiлуi мүмкiн. Бағдарлама мiндеттерi халықтық тұрмыстық жағдайын тұрақтандыру мен көтеруге: халықтық жұмыспен қамтылуын арттыруға, кедейлiк пен белгiленген жұмыссыздық деңгейiн төмендетуге, жұмыссыз азаматтарға мемлекеттiк әлеуметтiк кепiлдiктердi беруге, аз қамтамасыз етiлген жұмыссыздарды әлеуметтiк қолдау жасауға бағытталған.
Бөлім 8. 8. Аймақтық бағдарманы iске асыруды қaржылай қaмтамасыз ету
8. Аймақтық бағдарманы iске асыруды қaржылай қaмтамасыз ету Аймақтық бағдарламаны қаржыландыру жергiлiктi бюджеттер қаржылары есебiнен және Қазақстан Республикасының заңнамасы тыйым салмайтын басқа қаржы көздерiнен жүзеге асырылады. Халықты жұмыспен қамтудың Аймақтық бағдарламасының iс-шараларын қаржыландыруға төмендегiдей қаржылар қажет етiледi: Қоғамдық жұмыстарға (мың теңге) Кәсiптiк даярлауға (мың теңге) Барлығы (мың теңге) 2003жыл 175903,6 23546,0 199449,4 2004жыл 185146,5 29742,0 215174,5 2005жыл 193986,4 35172,0 229690,7 Нәтижесi: 555036,5 88460,0 644314,6 Ескерту: қаржылық есептеулерде ең төменгi жалақы болжам бойынша қабылданған және жылдар бойынша көрсетiлген шығындар 2003-2005 жылдарға арналған Индикативтiк жоспардағы көрсеткiштерге сәйкес келедi. 2003 және кейiнгi жылдарға арналған халықты жұмыспен қамтудың Аймақтық бағдарламасының iс-шараларын жүзеге асыруға қаралған шығындар тиiстi жылға жергiлiктi бюджеттi қалыптастыру кезiнде түзетiлетiн болады.
Бөлім 9. 9. Аймақтық бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер
9. Аймақтық бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер Халықты жұмыспен қамтудың Аймақтық бағдарламасын iске асыру еңбектiң ресми рыногында жұмыссыздық деңгейiн 2002 жылғы 3,5 пайыздан 2005 жылдың аяғындағы 2,3 пайызғa дейiн азайтуды қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi. Жұмыспен қамтудың белсендi саясатын iске асыру экономика салаларында жұмыспен қамтылғандар санын ұлғайтуға және жұмыссыздар санын 2002 жылғы 14,7 мың адамнан 2005 жылы 10,5 мың адамға дейiн азайтуға мүмкiндiк бередi. 2003-2005 жылдары 15,5 мың жаңа жұмыс орындарын құру қарастырылады, олардан квоталау есебiнен 6,9 мың жұмыс орны сақталатын болады. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру 13,7 мың уақытша жұмыс орындарын құруға мүмкiндiк бередi.