Об утверждении Программы реабилитации инвалидов в Костанайской области на 2003-2005 годы Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.12.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай облысында мүгедектерді оңалтудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343 «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 желтоқсандағы № 1758 «Мүгедектерді оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» қаулысы негізінде Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысының әкімияты ұсынып отырған, Қостанай облысында мүгедектерді оңалтудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілсін (қоса беріліп отыр).
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Қостанай облысы әкімінің орынбасары Б.Б. Баймағамбетоваға және облыстық мәслихаттың білім беру, денсаулық сақтау, спорт және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Басқа 3. ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА МҮГЕДЕКТЕРДІ ОҢАЛТУДЫҢ 2003-2005 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ
Қостанай облыстық мәслихатының 2002 жылғы 18 желтоқсандағы № 243 шешімімен бекітілген ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА МҮГЕДЕКТЕРДІ ОҢАЛТУДЫҢ 2003-2005 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ МАЗМҰНЫ
Тармақ 1
1. Паспорт
Тармақ 2
2. Кіріспе
Тармақ 3
3. Қостанай облысындағы мүгедектіліктің жай-күйін талдау
Тармақ 4
4. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері
Тармақ 5
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары және оны іске асырудың тетігі
Тармақ 6
6. Бағдарламаны қаржылық қамтамасыз ету
Тармақ 7
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер
Тармақ 8
8. Мүгедектерді оңалтудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Тарау 1. 1. ПАСПОРТ
1. ПАСПОРТ
Тарау 1
Бағдарламаның толық атауы Қостанай облысында мүгедектерді оңалтудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы Бағдарламаны әзірлеу үшін негіздеме Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 желтоқсандағы № 1758 «Мүгедектерді оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» қаулысы Бағдарламаның мақсаты Мүгедектерді оңалту жүйесін құру Бағдарламаның міндеттері Мүгедектерге қоғамға жан-жақты кірігуіне мүмкіндіктер беру, кіріптарсыз тұрмыс салтын қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау, мүгедектік деңгейін төмендету Бағдарламаны әзірлеуші Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы Бағдарламаның орындаушылары Қала және аудан әкімдері Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы Білім департаменті Облыстық денсаулық сақтау басқармасы Облыстық дене тәрбиесі және спорт комитеті облыстық мүгедектер қоғамдары Қаржыландыру көздері Бағдарламаны қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен, Қазақстан Республикасының заңнамасы тыйым салмайтын басқа да қаржы көздерінен жүзеге асырылады Іске асыру мерзімі Бағдарлама 2003-2005 жылдарға есептелген Күтілетін нәтижелер Бағдарламаны іске асыру оңалту іс-шараларының көлемін ұлғайтуға, облыс мүгедектерін техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз етуге, мамандық алуға және жұмысқа орналасуға көмектеседі Облыстық жергілікті бюджеттерден және басқа да көздерден күтілетін қаржыландыру 2003 жыл - 38654,0 мың теңге; 2004 жыл - 30405,2 мың теңге; 2005 жыл - 39623,4 мың теңге.
Тарау 2. 2. КІРІСПЕ
2. КІРІСПЕ Мүгедектерді әлеуметтік қолдау мен қорғауға, олардың экономикалық, саяси және басқа да құқықтары мен бостандықтарын іске асыруда тең мүмкіндіктермен қамтамасыз етілуіне Қазақстан Республикасының Конституциясында, сондай-ақ халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидалары мен нормаларында кепілдік берілген. Мүгедектерді әлеуметтік қорғау шараларының бірі - ағзаның бұзылған немесе жоғалған қарекетін, өзіне өзі қызмет ету, кәсіби қызметтің әр түріне қабілетін орнына келтіруге және орнын толтыруға бағытталған медициналық, психологиялық, әлеуметтік-экономикалық іс-шаралар кешенінен тұратын, сондай-ақ мүгедектердің толыққанды өмір сүруіне мүмкіндік беретін оңалту болып табылады. Қостанай облысы бойынша мүгедектерді оңалтудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі — бағдарлама) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 желтоқсандағы № 1758 қаулысымен бекітілген «Мүгедектерді оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасына» сәйкес әзірленген.
Тарау 3. З. ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДАҒЫ МҮГЕДЕКТІЛІКТІҢ ЖАЙ-КҮЙІН ТАЛДАУ
З. ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДАҒЫ МҮГЕДЕКТІЛІКТІҢ ЖАЙ-КҮЙІН ТАЛДАУ Қостанай облысында 18037 мүгедек тұрады, оның ішінде 1 топтағы мүгедектер — 1725 адам, 2 топтағы мүгедектер — 7069 адам, 3 топтағы мүгедектер — 6745 адам, жасқа дейінгі мүгедектер 2498 адам, бала кезінен мүгедектер - 3498 адам. Алғаш рет мүгедектікке ұшырау құрылымында бірінші орында психиканың бұзылуынан мүгедектік - 170,3 пайыз, екінші орында қан айналымы органдары сырқатынан мүгедектік - 16,7 пайыз, үшінші орында зиянды ісіктерден мүгедектік - 14,6 пайыз, төртінші орында - барлық орын алған жарақаттардан - 11,4 пайыз. Алғаш рет мүгедек деп танылғандардың жалпы санынан: 219 адамға (11,4 %) - 1 топ, 1033 адамға (54,2%) - 2 топ, 660 адамға (34,5%) - 3 топ белгіленген; оның ішінде енбекке жарамды жастағылар: I топ - 146 адам ( 7,4%), 2 топ - 947 адам (55,2%), 3 топ - »36 адам (37,4%). Мүгедек деп танылған жұмыс істейтін қала тұрғындарының ішінде: 1 орын — зиянды ісік аурулары 2 орын - қан айналымы органдарының сырқаты 3 орын — жарақаттар Жұмыс істейтін ауыл тұрғындарының ішінде: 1 орын - қан айналымы органдарының сырқаты 2 орын — зиянды ісік аурулары 3 орын — жарақаттар Жұмыс істемейтін қала тұрғындарының ішінде: 1 орын - психиканың бұзылуы 2 орын - қан айналымы органдарының сырқаты 3 орын - зиянды ісік аурулары Жұмыс істемейтін ауыл тұрғындарының ішінде: 1 орын - психиканың бұзылуы 2 орын - көз бен оның қосалқы органдарының ауруы 3 орын — зиянды ісік аурулары 16 жасқа дейінгі 342 бала алғашқы рет мүгедек деп танылған, олардың 205-і қалалық жерде, 137-і ауылдық жерде тұрады. Қалалық және ауылдық жерде тұратындардың ішінде аурулары бойынша: 1 орында — психиканың бұзылуы 2 орында - жүйке аурулары 3 орында — туа біткен ауытқулар. Барлығы 742 бала қайта куәландырылды, олардың 652-і мүгедек деп танылды. Еңбекке жарамды адамдар арасындағы мүгедектіктің көбеюіне әлеуметтік және экономикалық факторлар, жұмыссыздық, медициналық қызметтер құнының жоғары болуы әсер етеді. Облыста 16 жасқа дейінгі 2498 мүгедек бала және бала кезінен мүгедек болған 3498 бала тұрады. Балалардың мүгедектікке ұшырауына итермелейтін факторлардың ішінде мыналарды бөліп көрсетуге болады: биологиялық - ата-анасының созылмалы, туа біткен және генетикалық ауруларының жоғары деңгейде болуы. Жағдайды өзгерту және мүгедек балалар мен олардың отбасыларына көмек көрсету үшін халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, ақпарат органдарының ынтымақтастығы мен күш-жігерін біріктіру қажет. Мүгедек балаларды оқыту мен тәрбиелеу үшін арнайы жағдайлар қажет. Облыста сақау-саңырау балаларға арналған бір мамандандырылған мектеп-интернат бар, сондықтан облыста көзі нашар көретін, сөйлеу, жүру қабілеті төмендеген балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттар ашу қажет. 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» күшіне енеді. Осы Заңды іске асыру мақсатында әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерін ашу болжалуда. Әлеуметтік қызметкерлерге кеңес беретін штаттық бірліктерді сатылап енгізу жоспарлануда. Басқа адамның күтуіне мұқтаж кемтар балалардың санын анықтау жөнінде жүргізілген жұмыстың нәтижесінде облыста 1635 бала тіркелді. Бұл балаларға қызмет көрсетуге 284 әлеуметтік қызметкер қажет. Жоғары және арнаулы орта оқу орындарын бітірген 1 және 2 топтағы мүгедектердің өздерінің отбасы тұратын жерде жұмысқа тұруға мүмкіндігі бола бермейді. Мүгедектердің еңбегін пайдаланатын кәсіпорындар жабылып қалды, немесе өндіріс түрін өзгертті. Мүгедектерге бос орындар тым сирек беріледі. Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін пайдаланылуы болатын жұмыс орындарының есебі жүйелі жүргізілмейді. Өздерінің өнімдеріне мемлекеттік сатып алудың тоқтатылуынан, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің (Зағиптардың қазақ қоғамы, Саңыраулардың қазақ қоғамы) арнаулы кәсіпорындарының жағдайы қиындап кетті. Мүгедектерді әлеуметтік қолдау шаралары Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 21 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы», 1997 жылғы 16 маусымдағы «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», 1999 жылғы 5 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Заңдарға сәйкес жүзеге асырылады. Қостанай облысында мүгедектерді қолдау шаралары Қостанай облысы әкімиятының 2001 жылғы 17 шілдедегі «16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды санаторлық-курорттық емдеу үшін облыстық бюджеттің қаражаты есебінен жеңілдіктер беру ережесін бекіту туралы», 2002 жылғы 20 ақпандағы № 47 «Мүгедектердің жекелеген санаттарына санаторлық-курорттық емдеу үшін облыстық бюджеттің қаражаты есебінен жеңілдіктер беру ережесін бекіту туралы» қаулыларына, Қостанай облыстық мәслихатының 2001 жылғы 26 желтоқсандағы № 167 «Қазақстан Республикасы бойынша Қостанай облысы аумағынан тыс жерлерге емдеу-сауықтыру және басқа денсаулық сақтау мекемелеріне жіберілген ауруларға жол шығынын өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсетудің ережесі туралы», 2001 жылғы 26 желтоқсандағы № 168 «16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды компьютерлік томографпен тексеруге байланысты шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсетудің ережесі туралы» шешімдеріне сәйкес жүзеге асырылады. Облыстың барлық мүгедектері мүгедектігі бойынша мемлекеттік жәрдемақы алады. Облыста 8 интернат үйі жұмыс істейді, олардың ішінде: 515 орынды қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі 4 интернат үйі (Рудныйда - 2, Қарабалықта — 11. Қарасуда — 1); 400 орынды 2 психоневрологиялық интернат үйі (Қостанайда — 1, Федоров ауданының Пешков селосында — 1); 470 орынды 2 ақыл-есі кеміс балаларға арналған интернат үйі (Қостанайда — 1, Арқалықта — 1). Жалғызілікті қарттар мен мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету 19 бөлімшесі жұмыс істейді, олар 1947 жалғызілікті қарт азаматқа, оның ішінде 234 мүгедекке қызмет көрсетеді. 1415 азамат протез-ортопедиялық көмекке, оның ішінде 21 адам ортопедиялық аппаратқа, 558 адам аяқ буындарының протездеріне, 60 адам - қол буындарының протездеріне, 140 адам - басқа құралдарға, 700 нашар еститін мүгедектер — сурдотехникаға, 1000 көзі нашар көретін мүгедектер — тифлоқұралдарға мұқтаж. 2001 жылы 19 мүгедек қол буындары, 224 адам аяқ буындары протездерін, 92 мүгедек ортопедиялық аяқ киімдер, 136 адам басқа бейімдеу құралдарын алды. 2001 жылы облыстық бюджеттің қаражаты есебінен мүгедектер үшін әр түрлі 40 кресло—арбалар алынды. 2002 жылы 60 кресло—арбалар алу жоспарлануда. 2001 жылы мүгедектерді оңалту бағдарламасының шеңберінде облыстық бюджет қаражаты есебінен ерді кәсіби оқыту жүзеге асырылды. 33 мүгедек телешебер, шаштараз, қылқалам жасау шебері, жеңіл киім тігуші мамандықтарын алды. Қазақстан Республикасында бірінші болып А .Байтұрсынов атындағы мемлекеттік университет мүгедектерге бюджеттік топтарда сырттай оқу үшін орын бөлді. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының қатысуымен 29 мүгедек тестілеуден ойдағыдай өтіп, қазіргі уақытта университеттің әр түрлі факультеттерінде оқып жүр. Республикалық бюджет қаражаты есебінен көз мүгедектеріне 134 магнитофон, 147 таяқ бөлінген, есту қабілеті нашар балаларға арналған мектеп—интернатқа арнаулы жабдық-сымсыз сыныптар алынған.
Тарау 4. 4. БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
4. БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ Бағдарламаның негізгі мақсаты — мүгедектерді оңалту жөніндегі іс-шаралар өткізу, олардың қоғамға кірігуіне мүмкіндіктер беру, кіріптарсыз тұрмыс салтын қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау, мүгедектік деңгейін төмендету. Бағдарламаның міндеттері мыналар болып табылады: мүгедектіктің төмендеуін қамтамасыз ететін жағдайлар жасау, оларға техникалық құралдар беру және медициналық, әлеуметтік және кәсіби оңалту бойынша қызметтер көрсету; мүгедектерді оңалтуды дамыту жөніндегі практикалық іс-шараларды қамтамасыз ету, облыс мүгедектері үшін оңалту орталығын ашу; білім беру, еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау, физкультура және спорт жүйесінде мүгедектерге арналған қызметтердің ауқымын және тізбелерін кеңейту; білім беру, еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау, физкультура және спорт ұйымдарының мүгедектерді оңалту мәселелері жөніндегі жұмысының нысандары мен әдістерін жетілдіру; мүгедектерді кәсіби даярлауды қамтитын іс-шараларды жүзеге асыру; мүгедектердің кедергісіз жүріп-тұруына және әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне кіруіне жәрдемдесу жөнінде іс-шаралар өткізуді қамтамасыз ету; оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету; мүгедектерді медициналық, әлеуметтік және кәсіби оңалту мәселелері бойынша мамандарды қайта даярлауды қамтамасыз ету.
Тарау 5. 5. БАҒДАРЛАМАНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТЕТІГІ
5. БАҒДАРЛАМАНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТЕТІГІ Бағдарламаның негізгі бағыттары:
Тармақша 1
1) мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелерін реттейтін заңнамалық база жасау, оларға қоғамға жан-жақты кірігуі үшін мүмкіндіктер беру, кіріптарсыз тұрмыс салты үшін жағдайлармен қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) ағзаның жетілуіндегі бұзылушылықтарды ерте анықтаудың тиімділігін арттыру: облыстың емдеу мекемелерінде «қатерлі» топтағы балаларды ерте анықтау және оларды психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларға жіберу;
Тармақша 3
3) мүгедектерді, оның ішінде мүгедек балаларды медициналық, әлеуметтік, кәсіби оңалтуды жетілдіру және оңалтудың барлық бағыттарын үйлестіру: мүгедектерді санаторлық-курорттық емдеуді ұйымдастыру; кемтар балалар тәрбиелеп отырған отбасыларына оларды тәрбиелеу, бағу, тұрмысын, бос уақытын ұйымдастыру жөніндегі проблемаларды шешуге көмектесу;
Тармақша 4
4) әлеуметтік инфрақұрылым саласындағы теңсіздіктің орнын толтыратын немесе төмендететін қосымша шаралар есебінен денсаулығына байланысты әлеуметтік қолайсыз жағдайға душар болған адамдардың тендігін қамтамасыз ету: мүгедектерді оңалтудың техникалық құралдарымен, олардың өмірін жеңілдетуге арналған қабілетін жоғалтқан органдардың орнын толықтыратын құралдармен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру; облыстық теледидар арнасында ақпараттық бағдарламалардың сурдоаудармасын ұйымдастыру; мүгедектерді кәсіби даярлау, жеке кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті дамыту арқылы мүгедектерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, мүгедектерді қорғау жөніндегі әлеуметтік шараларды жыл сайын анықтау; мүгедектердің әлеуметтік инфрақұрылым тілеріне кіруін қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) мүгедектерді белсенді өмір сүруге тарту: олардың спорт жарыстарына, фестивальдарға, көркемөнерпаздар, халық және қолданбалы шығармашылық конкурстарына қатысуын қамтамасыз ету;
Тармақша 6
6) халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру салаларында мүгедектерді оңалту мәселелерімен айналысатын қызметкерлердің біліктілігін арттыру.
Тарау 6. 6. БАҒДАРЛАМАНЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
6. БАҒДАРЛАМАНЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ Бағдарламаны қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен, Қазақстан Республикасының заңнамасы тыйым салмайтын басқа да көздерден жүзеге асырылады. 2002 жылы 60 кресло—арба алуға облыстық бюджеттен 1650,0 мың теңге қарастырылған, 2003-2005 жылдары 5215,0 мың теңгеге техникалық құралдар алу жоспарланып отыр. Мүгедектердің жекелеген санаттарын және 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды санаторлық-курорттық емдеуге 2002 жылы 3000,0 мың теңге, 2003-2005 жылдарға 15804,0 мың теңге жоспарланған. Кемтар балалармен жұмыс істеу жөніндегі әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерін ұстауға 2003 жылы 15711,0 мың теңге қарастырылған, 2004 жылға 22311,2 мың теңге жоспарланған, 2005 жылға - 31333,4 мың теңге. «Дружба» санаторийінің базасында 2004 жылы мүгедектерді бейімдеу орталығын ашу жоспарлануда, орталықтың медициналық үй-жайларының құрылысын аяқтау үшін 17000,0 мың теңге қажет, медициналық құрал жабдықтарға және орталықтың жұмыс істеуіне 2003 жылы - 5000,0 мың теңге, 2004-2005 жылдары - 5000,0 теңгеден қажет. Мүгедектерді оқытуға 2002 жылы 840,0 мың теңге қаралған, 2003-2005 жылдарға осы мақсатқа 2655,0 мың теңге жоспарланып отыр. Мүгедек балаларды компьютерлік томографпен тексеру жөніндегі шығынды өтеуге 2002 жылы 60,0 мың теңге қаралған. 2003-2005 жылдарға 194,1 мың теңге жоспарланып отыр. Бағдарламаның іс-шараларын іске асыру үшін қажет қаражат көлемі тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджетті әзірлеу және қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады.
Тарау 7. 7. БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУДАН КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР
7. БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУДАН КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР Қостанай облысында бағдарламаны іске асыру оңалту іс-шараларының ауқымын ұлғайтуға, мүгедектерді жеке мұқтаждықтарын ескере отырып, техникалық құралдармен қамтамасыз етуге, ағзаның жоғалтқан функцияларын ішінара немесе толық қалпына келтіруге, мүгедектерге мамандық алуға, жұмыс іздеуге, конституциялық құқықтарын толық көлемінде іске асыруға, олардың қоғамға кірігуін жылдамдатуға, сонымен қатар ортаның мүгедектерге және олардың проблемаларына деген көзқарасын өзгертуге мүмкіндік береді.
Тарау 8. 8. Мүгедектерді оңалтудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
8. Мүгедектерді оңалтудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары