Об утверждении Программы управления и приватизации коммунальной собственности по Акмолинской области на 2003-2005 годы Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.12.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақмола облысы бойынша коммуналдық меншікті жекешелендіру мен басқарудың 2003-2005 жылдарға арналған Бағдарламасын бекіту 📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 16.03.2006 № 3С-18-5 шешімімен. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағындағы 1 тармақшасына сәйкес және Ақмола облысы әкімдігінің 2002 жылғы 14 желтоқсандағы № а-12/176 қаулысы мен 2002 жылғы 14 желтоқсандағы № 1-07-32/1597 ұсынысы негізінде облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ақмола облысы бойынша коммуналдық меншікті жекешелендіру мен басқарудың 2003-2005 жылдарға арналған Бағдарламасы бекітілсін (қоса беріліп отыр).
Тармақ 2
2. Бағдарламаны жүзеге асырудың барысына бақылау жасау облыстық мәслихаттың бюджет, қаржы, экономика, әлеуметтік даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Шешім Ақмола облыстық әділет басқармасында тіркеуден өткен соң күшіне енеді.
Басқа 4. МАЗМҰНЫ
Ақмола облыстық мәслихатының 2002 жылғы 19 желтоқсандағы С-22-5 шешіміне БЕКІТІЛГЕН Ақмола облысы бойынша коммуналдық меншікті жекешелендіру мен басқарудың 2003-2005 жылдарға арналған БАҒДАРЛАМА Көкшетау қаласы, 2002 жыл МАЗМҰНЫ бет 1. Бағдарлама паспорты 3 2. Кіріспе 4 3. Мемлекеттік мүлікті басқарудың жай-күйін талдау 4-5 4. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері 5-6 5. Бағдарламаның негізгі бағыттары және оны іске асыру тетігі 6-10 6. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже 10 7. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары 11 Қосымшалар
Тарау 1. 1. Паспорт
1. Паспорт Бағдарламаның атауы Ақмола облысы бойынша коммуналдық меншікті жекешелендіру мен басқарудың 2003-2005 жылдарға арналған Бағдарламасы Бағдарламаны әзірлеуге арналған негіздеме «Қазақстан Республикасында мемлекеттік мүлікті басқару және жекешелендіру тұжырымдамасын мақұлдау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 шілдедегі № 1095 қаулысы Бағдарламаның негізгі әзірлеушілері Ақмола облыстық коммуналдық меншік басқармасы Бағдарламаны іске асырудың мерзімдері 2003-2005 жылдар Бағдарламаны қаржыландырудың көздері Жергілікті бюджеттің қаражаты
Тарау 2. 2. Кіріспе
2. Кіріспе Экономикадағы жүргізілетін реформалардан туындаған өзгерістер республикадағы, облыстағы экономикалық ахуалды өзгерту мемлекеттік мүлікті басқаруды және оған билік етуде жаңа тәсілдерді әзірлеуді қатаң талап етеді. Бағдарлама Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылдың 23 желтоқсанындағы № 2721 «Жекешелендіру туралы», Заң күші бар, Жарлығына, Қазақстан Республикасының 1998 жылдың 10 шілдесіндегі № 281-1 «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы 1998 жылдың 22 сәуіріндегі «Шектелген және қосымша жауапкершілікті серіктестіктер туралы», Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылдың 19 маусымындағы № 2335 «Мемлекеттік кәсіпорындар туралы», Заң күші бар, Жарлығына сәйкес, сондай-ақ Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан 2030» бағдарламасы шеңберінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылдың 21 шілдесіндегі № 1095 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасында жекешелендіру мен мемлекеттік мүлікті басқару тұжырымдамасына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік актілері мен заңдарына сәйкес жасалған. Басқару деп мемлекеттік мүліктің барлық түрлерін төмендеп мақсат пайдалану қатынастарының жиынтығы түсіндіріледі: мемлекеттік мүлікті пайдаланудан түсетін салықтан тыс түсімдер есебінен жергілікті бюджеттердің кірісін арттыру; белгілі бір салалар мен нақты кәсіпорындардың қызметін реттеу барысында мемлекеттік экономикалық саясат және мемлекеттің стратегиялық міндеттерді шешу мүддесін ескере отырып, мемлекеттік мүліктің құрылымын (құрамын) оңтайландыру; мемлекеттік мүлікті басқаруды жетілдіру процесіне осы мүліктің ең көп санын қатыстыру; мемлекеттік мүлікті экономикаға инвестициялар тарту құралы ретінде пайдалану; басқаруды жақсарту жолымен мемлекеттік кәсіпорындардың қаржы-экономикалық көрсеткіштерін көтеру. Мемлекеттік меншік нысандарын жекешелендіру қолданылып жүрген заңдарға сәйкес, аталмыш Бағдарламаны негізге ала отырып жүзеге асырылады. Жекешелендіру саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру қолайлы экономикалық орта құру және отандық тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілер жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған.
Тарау 3. 3. Мемлекеттік мүлікті басқарудың жай-күйін талдау
3. Мемлекеттік мүлікті басқарудың жай-күйін талдау Бүгінгі күні Ақмола облысында 434 мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын тіркелген. Коммуналдық кәсіпорындардың санын оңтайландыру мақсатында мемлекетің нақты қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, кәсіпорындарды тарату немесе қайта құру туралы шешімдер қабылдау керек. Оларды құрудың және қызметінің мән-жайы мен мақсаттары, соған байланысты қажетті мүліктің тізбесі нақты анықталуы тиіс. Мемлекеттік кәсіпорындарды басқарудың қолданылып жүрген жүйесі жеткілікті түрде тиімді емес және түбегейлі реформалауды талап етеді. Мемлекет акционердің (қатысушының) құқығын акционерлік қоғамдары мемлекеттік акцияларының пакеттерімен, шаруашылық серіктестіктері мемлекеттік үлестерімен «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі № 281-1 Заңына және «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырады. Коммуналдық меншікте 11 акционерлік коғамдар мен шаруашылық серіктестіктері акцияларының пакеттері және катысу үлестері бар. Акциялардың мемлекеттік пакеттерін (қатысудың мемлекеттік үлестерін) басқару тетігінде, басқару органдарында және акционерлік қоғамдардың тексеру комиссияларында мемлекет өкілдерін іріктеп дайындау және қызметін бағалау жүйесі мемлекеттің мақсаттарына жету тәсілдері, сондай ақ мемлекет өкілдерінің кызметін бақылау, олардың өкілеттіктері шектеуге негізделген тәсілдері жеткіліксіз пысықталған.
Тарау 4. 4. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері
4. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері Мемлекеттік мүлікті басқару аумағындағы мемлекеттік саясат мына мақсаттарды жүзеге асырудан құрылуы қажет: мемлекеттік мүлікті пайдаланудан түскен салықтан тыс қаржы арқылы жергілікті бюджетті толықтыру; мемлекеттік экономикалық саясаттың мүддесін және мемлекеттің белгілі бір салалар мен нақтылы кәсіпорындарды реттеу жөніндегі стратегиялық міндеттерді шешуін ескере отырып, мемлекеттік меншіктің құрылымын (құрамын) оңтайландыру; мемлекеттік мүлікті басқаруды жетілдіру процесіне осы мүліктің ең көп санын қатыстыру; мемлекеттік мүлікті экономикаға инвестициялар тарту құралы ретінде пайдалануды (осы мүлікпен қамтамасыз ету); мемлекеттік мүлікті шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында пайдаланатын заңды тұлғалар, сондай ақ мемлекеттің қатысу үлесі бар заңды тұлғалар қызметінің қаржы экономикалық көрсеткіштерін ішкі қайта құруларға ықпал ету және оларға тиесілі емес функцияларды орындауды тоқтату есебінен арттыруды іске асыруды ескере отырып жүргізу. Осы аталған мақсаттарды орындау үшін мына міндеттерді шешу қажет: мемлекеттік мүліктің түрлері бойынша тиісті есептің тізілімін жасай отырып, барлық мемлекеттік меншік нысандарын толық түгендеуді жүзеге асыру; мемлекеттік меншік нысандарын басқару ерекшелігін анықтайтын белгілері бойынша сыныптау; басқару нысандарының санын оңтайландыруды және нысан бойынша басқаруға көшу; мемлекеттік меншіктің әрбір нысаны немесе нысандар тобы бойынша мемлекеттік басқарудың мақсаттарын қалыптастыру; заңды тұлғалардың акционері (қатысушысы) ретінде мемлекеттің құқығын сақтауды қамтамасыз ету; мемлекеттік мүлікті нақты пайдалануды жүзеге асыра отырып, мемлекеттік мүлікті тиімді басқарудың және басқару органының сақталуын қадағалаудың жүзеге асырылуын тексеруді қамтамасыз ету; мемлекеттік мүлікті тиімді пайдаланудың арқасында жергілікті бюджетке қосымша қаржы түсуін қамтамасыз ету.
Тарау 5. 5. Бағдарламаның негізгі бағыттары және оны іске асыру тетігі
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары және оны іске асыру тетігі Мемлекеттік кәсіпорындарға бекітілген мемлекеттік мүлікті тиімді пайдаланудан түсетін салақтықтан тыс түсімдердің жергілікті бюджеттерге түсуінің артуы, сонымен қатар қазыналық мемлекеттік кәсіпорындарды ұстауға және дотациялауға арналған шығыстарының төмендеуі. Мемлекеттік кәсіпорындарды басқару жөніндегі қызмет Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік кәсіпорындар туралы» 1995 жылдың 19 маусымындағы № 2335 Заң күші бар Жарлығының нормаларымен регламенттелінеді. Осы заңға сәйкес әкімшілік аумақтық бірліктердің әкімдігі (әрі қарай - уәкілетті орган), коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган болып табылады. Әкімшілік аумақтық бірліктеріне сәйкес әкімдігі немесе жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын әкімнің уәкілетті атқарушы органы (әрі қарай - мемлекеттік басқару органы) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның мемлекеттік басқару органы болып табылады. Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның құрылуы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің белгіленген тәртібімен жергілікті атқарушы орган шешімі бойынша жүзеге асырылады. Уәкілетті орган мемлекеттік кәсіпорынның құрылтайшысы болып табылады. Бұдан әрі, мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарды: әлеуметтік міндеттерді шешу (мемлекеттік міндеттемелерді атқару) үшін құрылған және өзінің шаруашылық қызметінің нәтижелері бойынша пайда табуы тиіс деп бөлу керек. Бұдан кейін әрбір кәсіпорын қызметінің мақсатын, қажетті мүлкінің құрамын, сондай-ақ олардың шаруашылық қызметін қаржыландыру және бақылау тәртібін анықтау керек. Әрі қарай, Уәкілетті орган: мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарды басқару органының олардың кәсіпорындарының алдында тұрған мақсаттарға жету тәсілі бойынша ұсыныстар беру; қаржы-шаруашылық қызметті жүргізудің ағымдағы және перспективалы жоспарларын анықтау және бекіту, оларды мерзімді беру, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің көрсеткіштерін бағалаудың критерийлерін анықтау; мемлекеттік кәсіпорындардың бірінші басшыларын, сондай-ақ жоғарғы басқарушылық звеноның басқа да менеджерлерін аттестациялауды өткізу; мемлекеттік кәсіпорындардың бірінші басшысын бекітуге арналған конкурс өткізудің тәртібі мен ережесін әзірлеу және бекіту; мемлекеттік кәсіпорынның үлгілік жарғысын және бірінші басшымен оларды Уәкілетті органда міндетті түрде есептеуді жүзеге асыра отырып келісім-шарт әзірлеу және бекіту. Қолданылып жүрген жарғылар мен келісім-шарттарды үлгіліктерге сәйкес келтіру; мемлекеттік кәсіпорындардың қызметі мен қаржы-шаруашылық жағдайы туралы мәліметтердің бірыңғай ақпараттық жүйесін жасау; мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың бекітілген нысан бойынша нәтижелерді ресімдей отырып, міндетті жыл сайынғы аудиторлық тексерістер жүргізу; жыл сайын тиісті бюджетке аударуға жататын пайданың бөлігін белгілеу; шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың деректерін мемлекеттік мүліктің тізіліміне енгізу бөлігінде талаптардың орындалуын бақылауды ұйымдастырады. Мемлекеттік мекемелердің құрылу тәртібі Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексімен, сондай-ақ нормативтік актілермен регламенттеледі. Бүгінгі күні Ақмола облысы бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын 892 мемлекеттік мекеме бар. Сандық және сапалық функцияларына сәйкес мемлекеттік мекеме жүргізетін қадағалау жүйесі жедел басқару негізінде мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті басқарудың негізі болып табылады. Мемлекет бүгінгі күні акционер ретінде бюджет қаржысын толтыратын дивидендтік саясатты айқындайды. Будан кейін салық комитетімен бірлесіп дивидендтердің дұрыс есептелуін, жергілікті бюджеттің кіріс бөлігінің уақытылы толығуын қадағалауды қамтамасыз ету қажет. Мемлекеттің меншігіндегі акцияларды (үлестерді) басқарудың тиімділігін бақылау: жарғылық капиталында мемлекеттік үлесі бар акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің басқарудан жергілікті бюджеттің салыққа жатпайтын кірістерін ұлғайту динамикасын; бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізіліміндегі мәліметтердің толықтығын; жарғылық капиталында мемлекеттік үлесі бар акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің қаржы-шаруашылық қызметі туралы деректердің толықтығы мен дұрыстығын; мемлекеттің меншігінде ұсақ және өтімсіз акциялар пакетімен бірге жұмыс істеу нәтижелерін (қысқарту) бағалаумен байланысты. Мемлекеттік қатысушы акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін немесе кәсіпорынды тұтастай сенімді басқаруға беру бюджет қоржынын толтыруға мүмкіндік береді. Сенімді басқарушыларға штат кестесінде аттестациядан өткен, сондай-ақ сол қызметке байланысты тәжірибесі бар мамандар, басқару саласында өз міндеттерін орындауға байланысты сенімді және іскерлік байланысты мықты қамтамасыз ететін заңды тұлғаларды тарту қажет. Келісім-шарт жасаған кезде мемлекеттің мүддесімен қатар, фирманың басқарушыларының да мүддесі ескерілуі керек. 2001 жылғы 25 желтоқсандағы Ақмола облысы әкімдігінің № а-8/49 қаулысымен бекітілген, мемлекеттік мүлікті мүліктік жалға беру (жалдау) реттелетін коммуналдық мүлікті жалға беру бюджетке түсетін қаражаттардың тұрақты көздерінің бірі болып саналады. Жекешелендіру саласындағы мемлекет саясатының мақсаты-тұтастай алғанда барлық халық шаруашылығы кешенінің жұмыс істеуінің тиімділігін арттыру болып табылады. 2003-2005 жылдары жекешелендіру саласында шешілуі қажет негізгі міндеттер: мемлекеттік мүлікті инвестициялық және немесе әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі міндеттемелерді өзіне алуға және орындауға дайын инвесторларға сату жолымен экономикаға(нақты секторға) инвестициялар тарту; мемлекеттік мүлікті сатып алушылардың келісім-шарттық міндеттемелерді орындауын бақылауды қамтамасыз ету; сатып алушы мен сатып алу-сату келісім-шарттары міндеттемелерінің орындалуын бақылау жөніндегі ведомствоаралық комиссия өзара келіскен кезде жасалған сатып алу-сату келісім-шарттарының жекелеген ережелерін нақтылау, түзету жөніндегі қосымша келісімдерді дайындауды, келісуді және оларға қол қойылуын қамтамасыз ету болып табылады. Экономикалық реформалар жүзеге асырған жекешелендіру сатыларының қорытындысы жекешелендіру процесін қайтарымсыз қылып, келесі шараларды жүзеге асыруға негіздеді: мемлекеттік акциялар пакетін, мемлекеттік меншік нысандарын, оның ішінде жекешелендіруге жататын денсаулық сақтау, білім, мәдениет, спорт нысандарын жекешелендіруді аяқтау; бұған дейін жекешелендіруге асатпаған кәсіпорындар мен ұйымдардың бөліктерін, сондай-ақ жекешелендірілуге тиісті, бірақ, жекешелендірілмеген кәсіпорындарды келесі сатыда жекешелендіру процесіне енгізу. Жекешелендіруге жатпайтын және жататын нысандардың тізімін анықтау қажет. Жекешелендіруге жататын кәсіпорындар санатына облысқа маңызды әлеуметтік жағдай туғызбайтын, коммерциялық міндеттер ғана атқарған және мүліктері мемлекеттік меншікке қатыстырылмаған, жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік кәсіпорындар жатқызылады. Жекешелендіруге жататын нысандар тізімін облыс әкімдігі анықтайды. Бүл тізбе іс жүзіндегі заңға сәйкес меншік иесінің шешімімен толықтырылып, өзгертіліп отырады (қосымша 1, 2). Жекешелендіруге жататын коммуналдық меншік нысандары жергілікті атқарушы органдардың шешімдері бойынша коммуналдық меншік басқармасына жүзеге асыру үшін беріледі. Сату түрлері мен оның кестесін басқарма бекітеді. Жекешелендірудің негізгі бағыттарын қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүргізілетін жекешелендірудің әдістері мен формаларының кешендері деп түсіну қажет. Мемлекеттік меншік нысандарын жекешелендіру мемлекеттік акция пакеттерін, мүлік кешендерін сату арқылы, немесе кейбір жекелеген мүлік түрлерін сатумен немесе нақты сатқан кезде коммуналдық меншік нысандарын сенімді басқаруға бергенде, иә болмаса Қазақстан Республикасындағы заңға сәйкес тендерлік негізде сатып алу құқығымен жалға алғанда жүзеге асырылады. Мемлекеттік акция пакеттерін және басқа да мемлекеттік меншік нысандарын жекешелендіруді аяқтау қаржылық аукциондар өткізу арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік акция пакеттерін және басқа да мемлекеттік меншік нысандарын жекешелендіруді аяқтау қаржылық аукциондар өткізу арқылы жүзеге асырылады. Бұрын жекешелендіруге жатпаған, сондай-ақ бұған дейінгі сатыларда жекешелендірілмеген кәсіпорындар мен ұйымдардың бөліктері келесі бағыттар бойынша жекешелендірілуі мүмкін: тұрақты рентабельді және болашағы бар кәсіпорындар Қазақстан Республикасындағы іс жүзіндегі заңдар шеңберінде алдын-ала акционерлендірілуі мүмкін; сатылымдар кезінде мемлекеттік кәсіпорындарды сату. Қаржылық тұрақтылығы жекешелендіруге дейінгі қайта құру кезінде қамтамасыз етілген кәсіпорындар мына тәртіп бойынша қайта құрылады: жекешелендіру технологиялық циклын бұзбаған және оларды жекешелендіру Қазақстан Республикасының Заңдарында белгіленген тәртіпке сәйкес жекелеген баланс негізінде кәсіпорындардың құрылымдық бірлігін бөлу; мүліктерді нысаналық сату. Бұған дейін сенімді басқаруға берілген кәсіпорындар мына бағыттар бойынша жекешелендірілетін болады: егер басқарушы мойнына алған міндеттемелерін өз деңгейінде орындамаған жағдайда заңда белгіленген тәртіпке сәйкес сенімді басқаруға жасалған келісім бұзылып, іс жүзіндегі заңға сәйкес келесі кезекте сату жүзеге асырылады; егер басқарушы сенімді басқаруға жасалған келесі кезектегі сатып алу құқығынсыз келісімдегі инвестициялық міндеттемелерін орындамаған жағдайда мұндай шарттар өзінің белгіленген мерзімінің аяқталуы себепті тоқтатылады. Ол аяқталғаннан кейін мұндай нысандар конкурстық негіздегі сатуға қойылады; келесі кезектегі сатып алу құқығы бар сенімді басқарудағы мемлекеттік кәсіпорындарды нақтылы сату. Нақтылы сату, егер ол тендер қорытындысы бойынша, сенімді басқарудың шартында қарастырылған болса және басқарушының келісім-шарттағы міндеттемелерін толық орындаған жағдайда және егер де келісім-шартта басқа баға көрсетілмей, мемлекет ұсынған бағаға келісілген болса ғана жасалады. Жекешелендіру жүргізудің барысын мемлекеттік қадағалаудың мақсаты мемлекеттік мүлікті пайдалануға байланысты қорқыныштың азаюы, жаңа меншік иелерінің инвестициялық міндеттемелерін жүзеге асыру, жобалаған мөлшерде және белгіленген мешімде жекешелендіруден сенімді қаржы алу болып табылады. Жаңа меншік иесі коммерциялық конкурс немесе тендер арқылы нысанды сатып алу - сатуға байланысты келісім шарттарын орындамаған жағдайда, сондай-ақ коммуналдық меншік басқармасы жазбаша түрде ескерту жасаған 30 күндік күнтізбе аралығында тиісті шаралар қолданылмаса қайта жекешелендіруге немесе одан әрі пайдалануға шешім шығару үшін олар сатылған нысанды мемлекеттік меншікке қайтару туралы сот органдарына жүгінуіне құқылы. Шағын кәсіпкерлікті қолдау мен жандандыру. Әлемнің көптеген дамыған мемлекеттерінде шағын кәсіпкерліктің экономикалық өсуі жалпы барлық экономика мен бәсекелестік қабілетін арттыруға септігін тигізеді. Ол көбінесе шағын кәсіпорындардың жалпы санының салмағына байланысты болады, осыдан барып тұрғындарды жұмыспен қамту, олардың әлеуметтік мәселелерін шешуде және еңбек өнімділігін арттыруда, тұтыну рыногында коп мөлшерде тауарлар мен қызмет түрлерін ұсынуды қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады. Қазақстан Республикасы Президентінің «Шағын кәсіпкерлікті қолдау туралы» Жарлығына сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектілеріне сенімді басқаруға немесе жалға берілген нысандар бойынша Қазақстан Республикасындағы іс жүзіндегі заңдары бойынша сенімді басқаруға немесе жалға беру туралы келісім-шарттарда қарастырылған өндірістік қызмет ұйымдастыру шарттарына сәйкес меншікті тапсыру және сатуды жүзеге асыру керек. Сенімді басқаруға немесе жалға беру туралы келісімде қарастырылған шарттарды орындамаған шағын кәсіпкерлік субъектілерімен аталған келісімді бұзып, оларға берілген нысандарды мемлекет меншігіне қайтару қажет. Ол нысандар жекешелендіру бағдарламасына сәйкес сатуға қойылады. Мемлекеттік меншікті жекешелендіруден алынатын қаржының уақытылы түсуі мен оның жұмсалуы нормативтік актілерге сәйкес қадағаланады. Жекешелендіруден түскен қаржыларды мемлекеттік меншік нысандарын сатудан түскен ақшалай және басқа да қаржылар деп түсіну қажет. Мемлекеттік акция пакеттерінен түскен дивидендтер жекешелендіруден түскен қаржыға қосылмайды және ол банк операцияларына жұмсалған шағымдарды есептемегенде жергілікті бюджетке аударылуы тиіс. Коммуналдық меншік нысандарын сатудан түскен ақшалай қаржы меншік иесінің орналасқан жеріне байланысты жергілікті бюджетке аударылады. Сатуды ұйымдастырған сатушының шығындары қаржы органдарымен келісілген арнайы шығын сметасы бойынша оған қайтарылады.
Тарау 6. 6. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже
6. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже Аталған бағдарламаны орындау үшін Ақмола облысының стратегиялық экономикалық мүдделерінің перспективасына, мемлекетті тиімді меншік иесі ету процестерінен қорытынды жасауға бағыттауға септігін тигізуі қажет. Бағдарламаны іске асырудан мынадай нәтижелер күтіледі: мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімді жүйесін құру; мемлекеттік коммуналдық мүлікті пайдаланудан жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді арттыру (акциялардың мемлекеттік пакеттеріне арналған дивидендтер, мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттің қатысуы бар шаруашылық серіктестіктердің таза табысының бөлігі, жалдау ақысы және т.б.); мемлекеттік мүліктің мониторингі және оның жай-күйін және пайдаланылуын жедел бақылау үшін жағдайлар жасау.
Тарау 7. 7. 2003 жылға іс-шаралардың жоспары
7. 2003 жылға іс-шаралардың жоспары № Іс-шаралар Аяқталу нысаны Орындау үшін жауаптылар Орындау мерзімі Болжамды шығыс Қаржы лау көзі 1).Мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігін арттыру 1. Қазақстан Республикасының аумағындағы және шетелдегі меншіктің мемлекеттік және жеке нысанындағы заңды тұлғалардың балансындағы мемлекеттік мүлікті түгендеу өткізу жөніндегі дайындық іс-шараларын өткізу Ақмола облысының әкімшілігіне есеп беру Ақмола облысының коммуналдық меншік басқармасы, әкімшілік-аумақтық бірліктердің, әкімдері облыстық, басқармалары. 2003ж. 1 000 000 теңге Жергілікті бюджет 2. 2002 жылдың нәтижелері бойынша акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтерді және мемлекеттің қатысуымен шаруашылық серіктестіктердің таза пайдасының бөлігін тиісті бюджеттің кірісіне есептеудің және аударымының уақытшылығына және толықтылығына тексерулердің кестесін белгілеп, бекіту керек. Ақмола облысының әкімінің шешімі Ақмола облысының коммуналдық меншік басқармасы, әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімдері, облыстық басқармалары. Жарты жылда 1 рет Жергілікті бюджет 3. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар таза пайдасының бөлігін, сондай ақ 2002 жылдың нәтижелері бойынша сметаның үстінен алынған кірістерді тиісті бюджеттің кірісіне есептеудің және аударамның уақытылығы мен толықтығына бақылауды жүзеге асыру. Ақмола облысының әкімшілігіне есеп беру. Ақмола облысының коммуналдық меншік басқармасы, әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімдері, облыстық басқармалары. 2003ж. Жергілікті бюджет 4. Мемлекеттік кәсіпорындар қызметіне талдау өткізудің бекітілген ережесіне сәйкес жылдың, жарты жылдықтың нәтижелері бойынша мемлекеттік кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметіне талдау өткізу. Ақмола облысының әкімшілігіне есеп беру. Ақмола облысының коммуналдық меншік басқармасы, әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімдері, облыстық басқармалары. 2003ж. Жергілікті бюджет 5. Мемлекеттік меншік нысандарын, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың мүлігін мүліктік жалға (жалдауға) берудің мониторингін өткізуді қамтамасыз ету. Ақмола облысының әкімшілігіне есеп беру. Ақмола облысының коммуналдық меншік басқармасы, әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімдері, облыстық басқармалары. Тоқсан сайын Жергілікті бюджет 6. Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес акцияларының мемлекеттік пәкеттері тиесілі акционерлік қоғамдардың 2002 жылдың нәтижелері бойынша акционерлердің жылдық жалпы жиналыстарын өткізудің кестесін қалыптастыру. Ақмола облысының әкімшілігіне есеп беру. Ақмола облысының коммуналдық меншік басқармасы, әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімдері, облыстық басқармалары. 2003 жылдың 1- жарты жылдагы Жергілікті бюджет 7. Акциялары мемлекеттік пәкеттері тиесілі акционерлік қоғамдардың жалпы жылдық жиналыстардың қабылданған шешімі туралы ақпарат дайындау. Ақмола облысының әкімшілігіне ақпарат. Ақмола облысының коммуналдық меншік басқармасы, әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімдері, облыстық басқармалары. Жыл ішінде. Жергілікті бюджет 8. 2002 жылдың нәтижелері бойынша акциялардың мемлекеттік пакеттеріңе дивидендтерді тиісті бюджеттің кірісіне есептеудің және аударымының уақытылығына және толықтылығына бақылауды жүзеге асыру. Ақмола облысының әкімшілігіне есеп беру. Ақмола облысының коммуналдық меншік басқармасы, әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімдері, облыстық басқармалары. Жарты жылда 1 рет. Жергілікті бюджет 2). МЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІКТІ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ 1. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жекешелендіруге жататын коммуналдық меншік нысандарының жекешелендіруге дейінгі дайындығын қамтамасыз ету. Ақмола облысының әкімшілігі не ақпарат. Ақмола облысының коммуналдық меншік басқармасы. Жыл ішінде. Жергілікті бюджет 2. 2003жылы жекешелендіруге жататыр мемлекеттік меншік нысандарының сатылуын жүзеге асыру. Ақмола облысының әкімшілігі не ақпарат Ақмола облысының коммуналдық меншік басқармасы. Тоқсан сайын Жергілікті бюджет 3). ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУДІҢ КЕЙІН БАҚЫЛАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ. 1. Мемлекеттік меншік нысандарын сатып алушылардың және сенімді басқарушылардың, концессионерлердің, жалгерлердің келісім-шарттық міндеттемелерін (қолданып жүрген келісім-шарттар бойынша) орындауына тексеруді жүзеге асыру. Ақмола облысының әкімшілігіне есеп беру. Ақмола облысының коммуналдық меншік басқармасы. Жыл ішінде Жергілікті бюджет
Басқа 12. 2003-2005 жылдары жекешелендіруге жататын нысандардың тізбесі
Ақмола облысы бойынша 2003-2005 жылдары коммуналдық меншікті басқару мен жекешелендірудің Бағдарламасына 2 қосымша 2003-2005 жылдары жекешелендіруге жататын нысандардың тізбесі № Нысанның атауы Аудан Орналасқан орны Сала 1 Балабақшаның ғимараты Ақкөл Ақкөл қаласы, Бегелдинов көшесі,16 білім 2 Аула клубы Аршалы Константиновское с. білім 3 Аула клубы Аршалы Константиновское с. білім 4 Балабақша ғимараты Аршалы Ақтасты с. білім 5 Балабақша ғимараты Астрахан Колутон ст. білім 6 Құрылысы бітпеген балабақша Астрахан Өндіріс с. білім 7 Поршень сақинасы зауытының балабақшасы Бұланды Макинск қ. білім 8 "Ромашка" балабақшасы Еңбекшілдер Заозерное с. білім 9 "Алпамыс" балабақшасы Еңбекшілдер Валиханово с. білім 10 "Қарлығаш" балабақшасы Еңбекшілдер Валиханово с. білім 11 "Әсел" балабақшасы Еңбекшілдер Валиханово с. білім 12 "Қуаныш" балабақшасы Еңбекшілдер Еңбекшілдер с. білім 13 Бұрынғы мектеп ғимараты Ерейментау Өрнек с, Нововладимир ауылдық округі білім 14 № 7 балабақша Есіл Есіл ст. білім 15 "Колосок" балабақшасының ғимараты Зеренді Ақкөл білім 16 Политехникалық колледждің "Юность" асханасы Көкшетау қаласы Жамбыл көшесі, 175 білім 17 "Прогресс" Ақ аула клубы Степногорск қаласы 6 шағынаудан, 29 гимарат білім 18 "Ромашка" балабақшасы Степногорск қаласы Ақсу п. білім 19 "Бөбек" балабақшасы Степногорск қаласы Ақсу п. білім 20 "Лесная сказка" балабақшасы /ғимарат/ Степногорск қаласы 6 шағынаудан, 57 ғимарат білім 21 № 3 балабақша бұрынғы жалпы білім беретін жеке меншікті мектеп Степногорск қаласы 5 шағынаудан білім 22 № 7 орта мектептің теплицасы Степногорск қаласы 6 шағынаудан білім 23 балабақша Целиноград Мортық с. білім 24 Музыка мектебінің ғимараты Шортанды Жолымбет п., Пушкин көшесі, 5 білім 25 "Звездочка" балабақшасы Щучье Успеново-Юрьевка с. білім 26 "Василек балабақшасы Щучье Қотыркөл с. білім 27 "Буратино" балабақшасы Щучье Веденовка с. білім 28 "Росинка" балабақшасы Щучье Веденовка с. білім 29 № 131 балабақшасы Щучье Жамантуз ст. білім 30 "Аленка" балабақшасы Щучье Новоандреевка с. білім 31 "Ласточка" балабақшасы Щучье Вороновка с. білім 32 Спорт залының ғимараты Степногорск к. Степногорск к. спорт 33 Ауылдық клубы Аршалы Сарыоба с. мәдениет 34 Ауылдық клубы Аршалы Ольгинка с. мәдениет 35 Ауылдық клубы Аршалы Михайловка с. мәдениет 36 Ауылдық клубы Аршалы Николаевка с. мәдениет 37 Клубтың ғимараты Астрахан Колутон ст. мәдениет 38 Клубтың ғимараты Астрахан Ягодное с. мәдениет 39 Клубтың ғимараты Есіл Дальнее с. мәдениет 40 Ауылдық клубтың ғимараты Зеренді Лосевка с мәдениет 41 Ауылдық клуб Зеренді Кенеткөл с. мәдениет 42 Ауылдық клуб Зеренді Конысбай с. мәдениет 43 Клуб Степногорск қ. Шаңтөбе п. мәдениет 44 Ауылдық клуб Целиноград Рождественка с. мәдениет 45 Бұрынғы мәдениет үйінің Целиноград Оразақ с. мәдениет 46 Мәдениет үйі Щучье Успеново-Юрьевка с. мәдениет 47 Емхана ғимараты (бұрынғы ДДУ-11 ғимараты) Ақкөл Ақкөл қ. Денсаулық сақтау 48 Бұрынғы емхана ғимараты Ақкөл Нұрмағанбетов көшесі, 209 а Денсаулық сақтау 49 Туберкулезге қарсы аурухананың ғимараты Еңбекшілдер Заозерное с. Денсаулық сақтау 50 Бос тұрған жедел жәрдем ғимараты Ерейментау Құнанбаев көшесі, 131 Денсаулық сақтау 51 Тұрғын үйдегі тұрғын үй емес жай (Ивушка дүкені) Ақкөл Строитель көшесі., 8 басқалар 52 1993 жылы шыққан ВАЗ 2106 автомашинасы Ақкөл Ақкөл аудандық қаржы бөлімі басқалар 53 Ескі монша Аршалы Нововладимировка с. басқалар 54 Кафе Аршалы Нововладимировка с. басқалар 55 Наубайхана Аршалы Нововладимировка с. басқалар 56 Моншаның ғимараты Аршалы Аршалы п. басқалар 57 №1 орталық қазандық жабдығы және ғимараты Аршалы Аршалы п. басқалар 58 ГАЗ-31029 автомашинасы Аршалы Аршалы аудандық әкімдігі басқалар 59 Дүкен Аршалы Нововладимировка с. басқалар 60 1996 жылы шыққан ВАЗ-2109, мем. № С 067 АҒ Аршалы Аршалы аудандық тұрғын халықты әлеуметтік қорғау бөлімі басқалар 61 № 21 дүкенінің ғимараты Астрахан № 93 разъезд басқалар 62 Аурухананың қазандығы Астрахан Первомайка с. басқалар 63 № 1 қазандық жабдықпен Астрахан Жалтыр с. басқалар 64 № 2 қазандық жабдықпен Астрахан Жалтыр с. басқалар 65 1996 жылы шыққан "Шевролет блайзер" автомашинасы, мем. № С 015 АА Астрахан Астрахан аудандық әкімдігі басқалар 66 1990 жылы шыққан ГАЗ 5312 фургон, мем. № 31 43 ЦЛО Атбасар Атбасар аудандық әкімдігі басқалар 67 1986 жылы шыққан ГАЗ 5204 фургон, мем. № 18 87 Атбасар Атбасар аудандық әкімдігі басқалар 68 Әкімдік ғимараты Атбасар Мариновка с. басқалар 69 "Атбасар" қонақ үйі Атбасар Ш.Уалиханов көшесі., 11 басқалар 70 Ауылшаруашылық басқармасының 7 орындық гараждар ғимараты Атбасар Жеңіс көшесі, 67 басқалар 71 Бұрынғы ауыл шаруашылық басқармасының әкімшілік ғимараты Атбасар Сейфуллин көшесі, 3 басқалар 72 АІІБ-нің әкімшілік ғимараты Атбасар Жеңіс көшесі, 67 басқалар 73 1997 жылы шыққан ВАЗ 2107 автомашинасы Бұланды Бұланды аудандық қаржы бөлімі басқалар 74 Мал шаруашылығының арочнигі АМТУ-23 қосалқы шаруашылығы Егіндікөл Егіндікөл аудандық әкімдігі басқалар 75 Құрылысы бітпеген 16 пәтерлік тұрғын үй Егіндікөл Егіндікөль с. басқалар 76 №201 ПМК Еңбекшілдер Степняк қ. басқалар 77 МК "Агропромэнерго" Еңбекшілдер Степняк қ. басқалар 78 Тұқым инспекциясының ғимараты Еңбекшілдер Валиханово с. басқалар 79 Вет. Станциясының ғимараты Еңбекшілдер Степняк қ. басқалар 80 ВАЗ-2121 автомашинасы, мем. № 70-54 КТА Еңбекшілдер Еңбекшілдер аудандық түрғын халықты әлеуметтік қорғау және еңбек, жүмыстылық бәлімі басқалар 81 № 21 дүкен ғимараты Ерейментау Торгай ст. басқалар 82 Биік қойма Ерейментау Ерейментау ауданы, әскери бөлім басқалар 83 Екіқабатты құрылысы бітпеген түрғун үй Ерейментау Ерейментау қ. ЕМК "Горводоканал" басқалар 84 № 3 бұрынғы қазандықғимараты Ерейментау Ерейментау қ. Комаров көшесі, "Қалалық коммуналдық шарүашылық МҚК" басқалар 85 Бұрынғы дүкеннің ғимараты Ерейментау Коржынкөл ст. басқалар 86 Баспахана ғимараты Есіл Есіл қ., Әуезов көшесі, 79 басқалар 87 Дүкен ғимараты Есіл Есіл қ., Тупиковая к. басқалар 88 Борттылы УАЗ-ЗЗОЗ, мем. № 8913 Зеренді Зеренді аудандық әкімдігі басқалар 89 Айдабол құрамындағы Сандықтау суқұбырының тобы Зеренді Зеренді ауданы басқалар 90 Монша жайы Зеренді Азат ст. басқалар 91 МҚК "Коммунальник" Зеренді Зеренді с. басқалар 92 МҚК "Дәулет" Зеренді Зеренді с басқалар 93 Жүмысшы асханасының ғимараты Зеренді Чаглинка с. басқалар 94 1992 жылы шыққан ВАЗ 2121 автомашинасы, мем. № 051 Зеренді Зеренді аудандық әкімдігі басқалар 95 "Ниссан-Лауль-Спирит" автомашинасы Зеренді Зеренді аудандық әкімдігі басқалар 96 ВАЗ-21063 автомашинасы Зеренді Зеренді аудандық әкімдігі басқалар 97 № 4 дүкен Көкшетау қ. Васильковка шағынауданы, 22 басқалар 98 Дүкен жайы Көкшетау қ. Васильковка шағынауданы, 23 басқалар 99 Тұрғын үй емес жай Көкшетау қ. Сакко және Ванцетти көшесі, 215 басқалар 100 Көкөніс қоймасы Көкшетау қ. Чайкино п. басқалар 101 41, 42 кварталдардың бу қазандығы Көкшетау қ. №1 монша ауданы басқалар 102 Жатақханаға қоса салынған ғимарат Көкшетау қ. Әуелбеков көшесі, 179 6 басқалар 103 МК "ХРПМ "Агропромпроект" Көкшетау қ. Свердлов көшесі, 1 басқалар 104 Көкшетау аудандық тұрмыстық комбинаты Көкшетау қ. Красный Яр с. басқалар 105 1991 жылы шыққан Кубань Г1 С 149 КА Көкшетау қ. МКҚК "Облыстық халық шығармашылығы және жұмыстан бос уақыттағы мәдениет орталығы басқалар 106 1992 жылы шыққан ИЖ Москвич С 629 АҒ Көкшетау қ. МКҚК "Облыстық халық шығармашылығы және жұмыстан бос уақыттағы мәдениет орталығы басқалар 107 1990 жылы шыққан Кубань Т 385 АН Көкшетау қ. МКҚК "Облыстық халық шығармашылығы және жұмыстан бос уақыттағы мәдениет орталығы басқалар 108 ГАЗ-31029 автомашинасы Көкшетау қ. Облыстық архитектура және құрылыс басқармасы басқалар 109 1986 жылы шыққан ГАЗ-52 Көкшетау қ. Көкшетау қалалық қаржы бөлімі басқалар 110 1987 жылы шыққан УАЗ-ЗЗОЗ-01 у автомашинасыб мем, 41-97 ЦЛИ Көкшетау қ. Сандықтау мәдениет бөлімі басқалар 111 Бос тұрған жай Сандықтау Балкашино с., Киров көшесі, 91 а, № 3 пәтер, Балкашино ауылдық округі басқалар 112 Бос тұрған жай Сандықтау Балкашино с., Чернов көшесі, 5 а, № 9 пәтер, Балкашино ауылдық округі басқалар 113 Бос тұрған жай Сандықтау Балкашино с., Чернов көшесі, 5 а, № 13 пәтер, Балкашино ауылдық округі басқалар 114 Бос тұрған жай Сандықтау Балкашино с., Чернов көшесі 5 а, № 15 пәтер, Балкашино ауылдық округі басқалар 115 Бос тұрған жай Сандықтау Балкашино с., Чернов көшесі, 5 а, № 16 пәтер, Балкашино ауылдық округі басқалар 116 Бос тұрған жай Сандықтау Балкашино с., Чернов көшесі, 5 а, № 18 пәтер, Балкашино ауылдық округі басқалар 117 Бұрынғы жатақхана ғимараты Степногорск қ. № 2 шағынаудан, № 57 ғимарат басқалар 118 МК "Степногорск қалалық баспахана" Степногорск қ. Степногорск қ. басқалар 119 № 6 жатақхананың ғимараты Степногорск қ. Степногорск қ., № 4 шагынаудан басқалар 120 Ақсу поселкесінің "Газшаруашылық" мүлігі Степногорск қ. Степногорск қ., Ақсу п. басқалар 121 "Ақбота" балабақшасы Степногорск қ. Бестөбе п. басқалар 122 № 14 жатақхана Степногорск қ. Степногорск қ, № 6 шагынаудан басқалар 123 № 13 жатақхана Степногорск қ. Степногорск қ, № 6 шагынаудан басқалар 124 "Прогресс" АҚ аула клубы Степногорск қ. Степногорск қ, № 6 шагынаудан басқалар 125 № 3 ғимарат (қоғамдық дәретхана) Степногорск қ. Степногорск қ, № 3 шагынаудан басқалар 126 Инженерлік жүйесі және коммуникациясы бар № 201,203,211,241,242,24 3,244,251,252,254,256, 274 корпустар Степногорск қ. "Биомедпрепарат" ААҚ аумағы басқалар 127 Бұрынғы пионерлагерь ғимараты Целиноград Интернациональное с. басқалар 128 Малотимофеевка интернат-үйінің қосалқы шаруашылығы Целиноград Малотимофеевка с. басқалар 129 1993 жылы шыққан ГАЗ-31029 автомашинасы Целиноград Целиноград аудандық қаржы бөлімі басқалар 130 Бұрынғы автовокзал ғимараты Шортанды Шортанды п., Линейная көшесі, басқалар 131 Монша қосалқы жайларымен Щучье Щучье к., КазНИИЛХА шағынауданы басқалар 132 Монша Щучье Вороновка с. басқалар 133 Монша Щучье Златополье с. басқалар 134 КУС-2 қазандығы Щучье Щучье қ. басқалар 135 № 1 бала комбинаты Щучье Зеленый бор п. басқалар 136 1992 жылы шыққан ГАЗ-31029 автомашинасы Щучье Щучье аудандық қаржы бөлімі басқалар 137 СПТУ-7 теориялық корпусуның ғимараты Щучье Щучье қ. басқалар 138 Газ шаруашылығы Щучье Зеленый бор п. басқалар 139 Жатақхана Щучье Щучье к., Абылайхан, 73 басқалар 140 Монша Щучье Циолковсий көшесі, 56 басқалар 141 № 6 жатақхананың ғимараты Щучье Щучье, Пролетар көшесі, 219 басқалар
Басқа 13. Ақмола облысы аумағындағы 2003-2005 жылдары мемлекеттік пакет акциялары /мемлекеттік үлестері/ жекешелендіруге жататын ашық акционерлік коғамдар /ААҚ/ мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің /ЖШС/ тізбесі.
Ақмола облысы бойынша 2003-2005 жылдардағы коммуналдық меншікті басқару мен жекешелендірудің Бағдарламасына Қосымша 2 Ақмола облысы аумағындағы 2003-2005 жылдары мемлекеттік пакет акциялары /мемлекеттік үлестері/ жекешелендіруге жататын ашық акционерлік коғамдар /ААҚ/ мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің /ЖШС/ тізбесі. Рет саны Акционерлік қоғамдар /ЖШС/ атауы ААҚ /ЖШС/ бұрынғы атауы Орналасқан жері Қызмет түрі Акция ардың мемлекеттік пакеттерінің /мемл.үлес/ мөлшері сатуға ұсынылған акцияларды мемлекеттік пакеттерінің /мемл.үлес/ мөлшері проц. 1 2 3 4 5 6 7 1 Макинск автокөлік кәсіпорны Макинск автокөлік өндірістік кәсіпорны Макинск қаласы Көлік қызметі 10 10 2 ЖШС “Трангросервис” Селеті автокөлік кәсіпорны-21 Ерейментау ауданы, Селеті поселкесі Көлік қызметі 20 20 3 ЖШС “Строитель-12” Державинск мпмк Державинск қаласы Құрылыс 70 70 4 “Арман-2” Краснознамен май заводы Егіндікөл поселкесі Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндеу 40 40 5 “Темп” “Темп” шағын мемлекеттік кәсіпорны Жақсы ауданы, Запорожье селосы Құрылыс 70 70 6 “Көкшетау құрылыс №2” № 2-ші Көкшетау құрылыс тресі Көкшетау қаласы, Горький көшесі, 33 Құрылыс 40 40 7 “Щучинск агрореммаш” “Щучинск агрореммаш” Щучйнск қаласы, Степная, Көшесі, 110 Ауыл шаруашылығы құралдары н жөндеу 39 39 8 ЖШС "Көзәйнек" "Оптика" АҚ Көкшетау қаласы, Көзәйнек жасап шығару, сату 45,89 45,89 9 ААҚ "Сельхозавто" Балкашин автокөлік кәсіпорны Сандықтау ауданы, Балкашино селосы Көлік қызметі 20 20 10 ААҚ "Рахат 2001" "Көкше" сақтандыру фирмасы Көкшетау қаласы Сақтандыру қызметі 90 90