О Программе развития физической культуры и спорта в Актюбинской области на 2003-2005 годы Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.03.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақтөбе облысында дене шынықтыруды және спортты дамытудың 2003 - 2005 жылдарға арналған Бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы 6 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 12 наурыздағы № 570 «Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Ақтөбе облысында дене шынықтыруды және спортты дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған Бағдарламасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Ақтөбе қаласы мен аудандардың әкімдері, облыстық басқармалар, комитеттер басшылары осы Бағдарламаны орындауды қамтамасыз етсін. З. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. Қ. Есіркеповке жүктелсін.
Басқа 3. Мазмұны:
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2003 жылғы 27 наурыздағы № 7 шешімімен БЕКІТІЛДІ Ақтөбе облысында дене шынықтыруды және спортты дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған БАҒДАРЛАМАСЫ Мазмұны:
Тармақ 1
1. Бағдарлама паспорты
Тармақ 2
2. Кіріспе
Тармақ 3
3. Дене шынықтыру және спорт саласындағы проблеманың қазіргі жай-күйін талдау
Тармақ 4
4. Негізгі мақсаттар мен міндеттер
Тармақ 5
5. Ақтөбе облысында дене шынықтыру және спортты дамытудың негізгі бағыттары
Тармақ 5.1
5.1. Дене шынықтыру және спорттың материалдық-техникалық базасын дамыту және қаржымен қамтамасыз ету
Тармақ 5.2
5.2. Ақпараттық-нәсихат жұмысы
Тармақ 6
6. Бағдарламаны қаржыландыру
Тармақ 7
7. Күтілетін нәтижелер
Тармақ 8
8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Бөлім 1. 1. Бағдарлама паспорты
1. Бағдарлама паспорты Атауы Ақтөбе облысында дене шынықтыруды және спортты дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған Бағдарламасы Әзірлеуге негіздеме "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 12 наурыздағы № 570 «Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығы. Негізгі әзірлеушілер Ақтөбе облысы әкімияты Қысқаша мазмұны Ақтөбе облысында дене шынықтыруды және спортты дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы түрлі аймақтар мен халықтың әлеуметтік-демографиялық топтарына арналған жекелеген дене тәрбиесі бағдарламаларын әзірлеу кезінде басшылыққа алынатын негізгі қағидаттық ережелерін құрайды және мыналарды көздейді: 1) халықтың әртүрлі әлеуметтік-демографиялық топтарына арналған дене тәрбиесінің сабақтастығы; 2) дене шынықтыру-спорттық қозғалысты басқару жүйесін жетілдіру; 3) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт объектілері желісін дамыту; 4) мамандарды даярлау және саланы білікті кадрлармен қамтамасыз ету; 5) дене шынықтыру-спорттық іс-шараларды өткізудің нысандарын жетілдіру; 6) саланы ұйымдық, ғылыми-әдістемелік және медициналық қамтамасыз ету; 7) салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызды факторы ретінде дене шынықтыруды және спортты насихаттау; 8) жоғары білікті спортшылар даярлаудың және спорт резерві мәселелерін шешу Бағдарламаны қаржыландыру Облыстық және жергілікті бюджеттердің қаражаттары. Күтілетін нәтижелер Балалар мен жасөспірімдерді іспен қамтуды арттыру, жастар арасында құқы бұзушылықтың алдын алу, нақты дене шынықтырумен және спортпен айналысу шылардың санын өсіру, лайықты спорт резервін даярлау, Ақтөбе облысы спортшыларының халықаралық және республикалық аренада табысты өнер көрсетуін қамтамасыз ету. Аурулардың алдын алу, ел халқының денсаулығын сақтау және нығайту
Бөлім 2. 2. Кіріспе
2. Кіріспе Ақтөбе облысында дене шынықтыруды және спортты дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған Бағдарламасы (бұдан әрі- бағдарлама) Дене шынықтыру және спорт туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 12 наурыздағы 570 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес әзірленді. Ақтөбе облысында бұқаралық спортты дамытудың 1996-2000 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасының жалғасы болып табылады. Ақтөбе облысында бұқаралық спортты дамытудың 1996-2000 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасын іске асыру облыстың дене шынықтыру-спорт ұйымдарының бұқаралық спортты дамытуға, дене шынықтыру және спорт құралдары арқылы салауатты өмір салты қағидаттарын қалыптастыруға, халықаралық дәрежедегі спортшыларды және спорт резервін даярлауға назар аударуға мүмкіндік берді. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде облыста дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар саны 2,0 пайызға өсті, бұқаралық дене шынықтыру-спорттық іс-шараларын өткізудің саны едәуір артты, салалық спартакиадаларды, оқушылардың спартакиадаларын және студенттер жарыстарын өткізу қайта қолға алынды. Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептерін қысқарту тоқтатылды. Қазіргі уақытта облыста 22 спорт мектебі жұмыс істейді, оларда 9.518 бала мен жасөспірім шұғылданады. Спорт резервін даярлаудың облыстық орталықтарын құру жөнінде жұмыс басталды, халықтың дене дайындығының президенттік сынақтары әзірленіп, ол табысты енгізілуде. Облыста кәсіптік спорт клубтарын, тұрғылықты жері бойынша клубтарды және отбасылық спорт клубтарын құру басталды, дене шынықтыру және спорт құралдары арқылы салауатты өмір салты қағидаттарын насихаттау жөнінде жұмыс жүргізілуде. Сонымен бірге, спорт базаларының жағдайы, облыста мектеп жасындағы балалардың 5 пайызына ғана оларда сабақтар ұйымдастыруды қамтамасыз ету мүмкіндігі бар балалар-жасөспірімдер спорт мектебі желісінің жеткіліксіз дамытылуы, жоғары білікті жаттықтырушы-оқытушылардың тапшылығы халықтың, әсіресе, балалар мен жасөспірімдердің дене жаттығуларымен шұғылдануға сұранысын толық қанағаттандырмайды. Сапалы мүкәммалмен және жабдықтармен жарақтандырылған қазіргі заманғы спорт объектілерінің, олимпиадалық даярлық орталықтарының және спорт резерві орталықтарының болмауы облыстағы спорт резервін даярлау мен спорт шеберлігін арттыруды тежеп отыр. Облыста бұқаралық спортты дамытудың 1996-2000 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасының кейбір тармақтары осы бағдарламаға енгізілді, өйткені түрлі себептерге байланысты олардың кейбіреуі біркелкі іске асырылды, ал басқаларын енгізу үшін ұзақ уақыт қажет. Дене шынықтыруды және спортты одан әрі дамыту, спорт резерві мен халықаралық дәрежедегі спортшыларды даярлау халықаралық спорт ұйымдарының жылдам өзгеріп жатқан талаптарын ескере отырып, оқу-жаттығу үрдісін және бұқаралық дене шынықтыруды ұйымдастыруда жаңа көзқарасты талап етеді. Бағдарламаны әзірлеу дене шынықтыру мен спорт саласында қалыптасқан ұйымдық, әдістемелік және құқықтық қатынастарға өзгерістер енгізу, Қазақстан спортының халықаралық аренадағы жоғары беделін сақтау, халықтың қалың жіктерін спортпен жүйелі шұғылдануға тарту, дене шынықтыру және спорт құралдары арқылы салауатты өмір салты қағидаттарын енгізу қажеттігінен туындады. Бағдарлама қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер және жаңа нормативтік-заңдылық қамтамасыз етумен қатар, бұқаралық спорт және жоғары жетістіктер спорты саласында мемлекеттік саясатты іске асырудың ұйымдық негізін қалайды.
Бөлім 3. 3. Дене шынықтыру және спорт саласындағы проблеманың қазіргі жай-күйін талдау
3. Дене шынықтыру және спорт саласындағы проблеманың қазіргі жай-күйін талдау Ақтөбе облысындағы дене шынықтыру мен жоғары жетістіктер спортының жай-күйі, әлемдік спорт дамуының қазіргі заманғы үрдістері облыста спортты дамыту жөніндегі түбегейлі шұғыл шаралар қабылдамайынша, облыстық спортшылардың көрсеткіштері төмендей беретінін көрсетіп отыр. Халықаралық стандарттан қалуымыздың себебі, ең алдымен, бүгінгі күнгі әлемдік жоғары талаптарға жауап беретін қазіргі заманғы спорт базаларының жоқтығы болып табылады. Қазіргі заманғы спорт деңгейі өзінің даму сатысында спорттық нәтижелердің өсуінде ғылыми және инженерлік жетістіктерге негізделген жаңа көзқарасқа маңызды орын береді. Жаңа спорт ареналары, жаттығулар мен жарыстар үшін арнайы жағдайлар жасау ісіндегі жаңа жетістіктер, арнайы киім, құрал-сайманмен жарақтандыруды қолдану және құрастыру әлемнің мықты спортшыларының көрсеткіштерін күрт жақсартуға жеткізді және XXI ғасырға спорттың қандай да негізгі бағыттарда қарыштап енетінін айқындады. Бүгінгі күні дене шынықтыру мен спорттың материалдық-техникалық базасының жай-күйі халықтың дене жаттығуларымен шұғылдануға сұранысын қанағаттандырмайды. Кәсіпорындарда, ұйымдарда және мекемелерде әлі де болса дене шынықтыру мамандары жетіспейді, кәсіпорындарда, тұрғылықты жері бойынша және еңбеккерлердің бұқаралық демалыс орындарында дене-тәрбиесі- сауықтыру және спорт ғимараттарының жетіспеуі өткір сезіледі, қарапайым спорттық мүкәммалдардың және жабдықтар жетіспейді. Ел халқының дене қозғалысы белсенділігінің төмендегі жүрек-қан аурулары мен тыныс жолдары орғаны ауруларынан өмір сүру жасын қысқартуға әсер ететін және өлім деңгейінің жоғары болуына әкеп соқтыратын факторлардың бірі болып табылады. Ел тұрғындарының түратын аймағына қарай 8-17 пайызы ғана дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылданады. Білім беру жүйесінде де спортты дамытуға жеткілікті көңіл бөлінбей отыр. Облыстағы жалпы білім беретін оқу орындарының тек 56,5 пайызында ғана бір үлгідегі спорт залдары және 14,9 пайызында бейімделген спорттық үй-жайлар бар. Облыстағы орта және жалпы кәсіптік білім беру ұйымдарындағы оқу сабақтарының көлемі ғылыми негізделген нормативтен 3-4 есе төмен. Оқу орындарының барлық үлгілерінде дене шынықтырудан аптасына міндетті үшінші сабақ енгізу, оқу үрдісін спорттық мүкәммалдармен және жабдықтармен қамтамасыз ету тиісті назарды талап етеді. Сабақтан бос уақытта сыныптан тыс дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын дамыту тиісті назар таппай отыр. Түрлі салқын тию және созылмалы ауруларға бейім балалардың және жасөспірімдердің саны арта түсуде. Бұл ретте, Денсаулығына байланысты арнайы медициналық топтардағы оқушыларға сабақ жекелеген оқу орындарында ғана жүргізіледі. Тұтас алғанда, дене шынықтыру-сауықтыру және спорт жұмысының жай- күйі бұқаралық спортты одан әрі дамыту, халықтың арасында дене шынықтыру- сауықтыру жұмысын жандандыру, спорт резерві мен халықаралық дәрежедегі спортшыларды даярлау жөнінде кідіріссіз, нақты шешімдерді қабылдауды талап етеді.
Бөлім 4. 4. Негізгі мақсаттар мен міндеттер
4. Негізгі мақсаттар мен міндеттер Бағдарламаның негізгі мақсаты:
Тармақша 1
1) "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру;
Тармақша 2
2) бұқара арасында салауатты өмір салтын насихаттау арқылы облыста дене шынықтыру мен спортты одан әрі дамыту;
Тармақша 3
3) спорттың олимпиадалық түрлерін, халықтық ойындарды, спорттың ұлттық, техникалық және қолданбалы түрлерін дамыту үшін оңтайлы жағдайлар жасау;
Тармақша 4
4) саланы басқарудың оңтайлы жолдары мен заманға сай тетіктерін анықтау;
Тармақша 5
5) спорт резервін даярлауға және халықаралық дәрежедегі спортшыларды тәрбиелеуге арналған бірыңғай кешенді шараларды әзірлеу. Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін:
Тармақша 1
1) дене шынықтыруды және спортты насихаттау арқылы салауатты өмір салтының қағидаттарын орнықтыру, денсаулықты сақтау және нығайту мақсатында халықтың неғүрлым кең жіктерін дене шынықтырумен жүйелі айналысуға тарту;
Тармақша 2
2) халықтың дене тәрбиесі дайындығының президенттік сынақтарын енгізу;
Тармақша 3
3) дене шынықтыру мен спорттың материалдық-техникалық базасын нығайту және дамыту, спорт ғимараттарына халықтың кең жіктері үшін қол жетімділікті қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) қызметі халықпен жұмысқа бағытталған дене сауықтыру бірлестіктерімен спорт клубтарының жұмысын жандандыру;
Тармақша 5
5) салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі ақпараттық білім беру және насихаттық қызметті күшейту;
Тармақша 6
6) жоғары жетістіктер спорты үшін, сондай-ақ халықтың әртүрлі әлеуметтік-демографиялық топтарымен жұмыс істеу үшін дене тәрбиесі мамандарын даярлау және қайта даярлау жүйесін құру;
Тармақша 7
7) дене шынықтыру және спорт саласында озық технологияны енгізу және республикалық және шетелдік дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ұйымдарымен тәжірибе алмасу мақсатында халықаралық байланыстарды дамыту мен орнату жөніндегі қызметті жандандыру сияқты міндеттерді шешуді қамтамасыз ету қажет.
Бөлім 5. 5. Ақтөбе облысында дене шынықтыру және спортты дамытудың негізгі бағыттары
5. Ақтөбе облысында дене шынықтыру және спортты дамытудың негізгі бағыттары Тұлғаның жан-жақты жетілуі, салауатты өмір салтын енгізу, бұқаралық спортты және жоғары жетістіктер спортын дамыту, спорт резервін даярлау үшін дене шынықтыру және спорт құралдарын пайдалану кезінде облыс аймақтарының табиғи және географиялық жағдайлары, халықтың демографиялық ерекшеліктері және еңбек қызметінің сипаты, сондай-ақ адамның дене мүмкіндіктерін толық ашудың перспективасы ескеріледі. Бағдарлама:
Тармақша 1
1) балалар-жасөспірімдер спортын одан әрі дамыту, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында балалар мен жасөспірімдердің спорт секцияларында және балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде шұғылдануын арттыруды;
Тармақша 2
2) жоғары сыныпты спортшыларды даярлаудың негізгі буыны есебінде спорттың ойын түрлері бойынша спорт клубтарын құруды;
Тармақша 3
3) олимпиадалық орталықтар және спорт резервін даярлау орталықтарын құруды;
Тармақша 4
4) аурулардың алдын алу, еңбекпен оңалтуды, белсенді ұзақ жасаудың;
Тармақша 5
5) дене шынықтыру және спорттың нормативтік құқықтық базасын жетілдіруді;
Тармақша 6
6) оқу орындарында олардың меншіктік нысандарына қарамастан оқу барысы кезінде міндетті түрде оқушы жастардың дене шынықтыру үрдісін бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыз етуді, әртүрлі мамандықтар үшін дене шынықтыру даярлығының кәсіптік-қолданбалы кешендерін, жаңа дене шынықтыру-сауықтыру технолоғияларын, дене шынықтыру-сауықтыру және спорт қызметінің жаңа үлгілерін іздестіру, іс жүзінде сынақтан өткізуді және енгізуді көздейді. Халықтың дене тәрбиесі үрдісін қайта құрудың және оңтайландырудың негізгі бағыттары мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) қозғалыс сапасын қозғалыс қабілеттерін дамытуды және денсаулықты нығайтуды қамтамасыз етуші дене шынықтыру сабақтарының мектепке дейінгі және мектептің базалық мазмүнын жетілдіру. Қозғалыс белсенділігінің аптасына 10-12 сағаттық ғылыми негізделген көлемін мектеп жасына дейінгі балалардың орындауы;
Тармақша 2
2) мектептегі сабақтардың базалық бөлігінің мазмүнын толтыратын дене шынықтырудың мектептен тыс нысандарын жетілдіру, оқушылардың қызығушылығын ескере отырып, міндетті дене шынықтыру сабақтарынан кейін одан әрі спорт түрлері бойынша жаттығуларға көшу мақсатымен жаттығу бағдарламаларының қазіргі заманғы нұсқаларын әзірлеу;
Тармақша 3
3) оқушы және студент жастармен сыныптан және сабақтан тыс жүргізетін жаттығұлар жүйесін жетілдіру. Жасөспірімдердің дамуының дене бітімі ерекшеліктерін ескеру. Оқушылар мен студент жастардың аптасына 8-10 сағат дене қозғалысы белсенділігін орындауы;
Тармақша 4
4) жұмыс берушілер және еңбек ұжымдары арасындағы ұжымдық шарттар арқылы енбекті және демалысты ұйымдастыру жүйесіне дене шынықтыру мен спортты енгізу, дене жаттығуларының сауықтыру мазмұнын күшейту, еңбек белсенділігінің мерзімдерін ұзарту үшін дене жаттығуларын ұтымды пайдалану мақсатында еңбекшілер жасының, кәсіби қызметтерінің ерекшеліктерін ескере отырып, дене шынықтырудың кәсіби-қолданбалы түрлерін енгізу;
Тармақша 5
5) жұмыстан бос уақытта аптасына 3-4,5 сағаттық қозғалыс белсендігі көлемін орындау үшін жағдайларды қаматамасыз ету;
Тармақша 6
6) жастардың кәсіби бейімділігін анықтау және жас жігіттерді әскерге даярлау мақсатында спорттың техникалық және қолданбалы түрлерін дамыту;
Тармақша 7
7) спорттың ұлттық түрлері мен халықтық ойындарды дамыту, олардың мазмұнын дәстүрлі дене мәдениеті талаптарына жақындата отырып, қазіргі дене тәрбиесі жүйесіне енгізу;
Тармақша 8
8) белсенді ұзақ жасауды ынталандыру, еңбекке жарамсыз азаматтарды дене шынықтырумен шұғылдануға тарту мақсатында егде және зейнет жасындағы адамдардың қозғалыс дағдысын оңтайландыру үшін дене шынықтыру және спорт құралдарын тиімді пайдалану жөніндегі шаралар әзірлеу;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларын толықтыру үшін болашағынан мол үміт күттіретін спортшыларды іріктеу мақсатында спорт резервін даярлау орталықтарын құру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
Тармақша 10
10) халықаралық дәрежедегі спортшыларды даярлаудың негізгі буыны ретінде спорт түрлері бойынша спорт клубтарын құру;
Тармақша 11
11) халыққа қызмет көрсету үшін денсаулық орталықтары, дене шынықтыру-сауықтыру топтары, диспансерлік және кеңес беру қызметтері, емдеу-алдын алу кабинеттері жүйесін құру, оларға халықтың қол жетімділігін қамтамасыз ету;
Тармақша 12
12) спортта дарынды балалар үшін балалар-жасөспірімдер мектептерінің және мектеп-интернаттарының жүйесін дамыту.
Бөлім 5.1. 5.1. Дене шынықтыру және спорттың материалдық-техникалық базасын дамыту және қаржымен қамтамасыз ету.
5.1. Дене шынықтыру және спорттың материалдық-техникалық базасын дамыту және қаржымен қамтамасыз ету. Облыста материалдық-техникалық базаны дамыту тұрғын үй алабын салу нормативтері бойынша жүзеге асырылуы тиіс, оның ішінде мыналардың есебінен:
Тармақша 1
1) қолда бар спорт ғимараттарын, қолданыстағы алаңдарды қайта жаңғырту және жаңалау, спорт залдары мен спорт кешендерін шағын кешенді және әмбебап спорт жабдықтарымен жарақтандыру;
Тармақша 2
2) халықтың жаппай тұратын жерлерінде және демалыс орындарында қарапайым, арзандау спорт алаңдарын, спорт залдарын және басқа да ғимараттарды салу;
Тармақша 3
3) тұрғын үйлер алабы аумақтарында ойын және серуен алаңдарын, жүгіру жолдарын, велосипед және шаңғы трассаларын жоспарлау және салу, бұқаралық жарыстар мен спорттық старттарды өткізу үшін орындарды жабдықтау;
Тармақша 4
4) халықтың дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын жүргізу үшін жалпы білім беретін, кәсіптік-техникалық мектептердің және басқа да оқу орындарының спорттық ғимарттарын кеңінен пайдалану. Кадрларды даярлауда және мамандардың біліктілігін жетілдіруде бұқаралық дене шынықтыру және жоғары жетістіктер спортының проблемаларын табысты шешу үшін мыналармен қамтамасыз ету қажет:
Тармақша 1
1) жаңа мамандықтар енгізуді ескеру арқылы саланы ғылыми кадрлармен (шығыс жекпе-жегі, ұлттық және қолданбалы спорт түрлері, ұлттық ойындар, спорттың дәстүрлі емес түрлері);
Тармақша 2
2) спорттың халықтық, ұлттық, қолданбалы және техникалық түрлерін дамытуды ескеру арқылы дене шынықтыру және спорт мамандарын даярлау және қайта даярлау жүйесін оңтайландыру.
Бөлім 5. 5. 2. Ақпараттық-насихат жұмысы
5. 2. Ақпараттық-насихат жұмысы Ақпараттық-насихат жұмысы мыналарға:
Тармақша 1
1) азаматтарды салауатты өмір салтын насихаттауға тарту;
Тармақша 2
2) дене жаттығуларының адам ағзасына, әсіресе, жас және егде жастағы адамдарға тигізетін пайдалы әсері туралы түсінік жұмыстарын жүргізуге;
Тармақша 3
3) дене және адамгершілік қасиеттерді, біліктілікті және бейімділікті жетілдіруге;
Тармақша 4
4) зиянды дағдыларды жоюға, дене шынықтыру және спортпен шұғылдану үшін қанағаттандырарлық желісті қалыптастыруға;
Тармақша 5
5) аурулардың алдын алуға, еңбекпен оңалтуға, белсенді ұзақ жасауға бағытталуы тиіс. Халықты ақпараттандыру жөніндегі жұмыс жан-жақты дене даярлығының артықшылығын дәлелдеуге, оның ғылыми негіздемелігіне, спортпен шұғылданған кезде оның гигиеналық, физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік әсерін халыққа түсіндіруге құрылуы тиіс. Халықпен жұмыс істеуге атақты спортшыларды, әлем, Азия, Олимпиада және Азия ойындары чемпиондары мен жүлдегерлерін, еңбек сіңірген спорт шеберлерін және жетекші жаттықтырушы-педағогтарды тарту арқылы дене шынықтыру және спортпен шұғылдануды көпшілікке таратуды жүзеге асыру қажет.
Бөлім 6. 6. Бағдарламаны қаржыландыру
6. Бағдарламаны қаржыландыру Бағдарламаны қаржыландыру облыстық бюджетте дене шынықтыру мен спортты дамытуға көзделген, республика заңнамасымен тыйым салынбаған басқа қаражат көздері есебінен жүзеге асырылатын болады. Облыстық бағдарламада көзделген іс-шараларды облыстық бюджет есебінен қаржыландырудың жыл сайынғы көлемі тиісті қаржылық жылға бюджетті бекіту туралы жергілікті мәслихаттардың шешімдерімен белгіленетін болады.
Бөлім 7. 7. Күтілетін нәтижелер
7. Күтілетін нәтижелер Қоғамда салауатты өмір салты қағидаттарын орнықтыру, демографиялық ахуалды жақсарту үшін жағдай туғызу. Дене шынықтырумен және спортпен іс жүзінде шұғылданушы азаматтардың санын 10-15 пайызға ұлғайту, соның нәтижесінде халық арасында ауруға шалдығу деңгейін төмендету. Облыстың балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріндегі спорт секцияларында спортпен шұғылданушы балалар мен жасөспірімдердің санын мыңға дейін арттыру, жеткіншек ұрпақ арасында құқық бұзушылықтардың санын төмендету, жастардың бос уақыттарын ұйымдастыру. Ақтөбе қаласында спортта дарынды балалар үшін мектеп-интернат ашу. Халықаралық дәрежедегі спортшылар мен Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларына болашағы бар спорт резерві үміткерлерінің санын ұлғайту. Ұлттық, қолданбалы, техникалық спорт түрлері мен халық ойындарын дамыту арқылы жастарды спортпен белсенді шұғылдануға тарту. Халықаралық аренада Қазақстанның биік бет-бейнесін сомдауға қабылетті халықаралық дәрежедегі спортшылар даярлауға жағдай жасау.
Бөлім 8. 8. Бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
8. Бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары N Іс-ша­ра Аяқ­тау ны­са­ны Ат­қа­ры­луы (іс­ке асы­ры­луы) үшін жа­у­ап­ты­лар Ат­қа­ры­лу (іс­ке асы­ру) мер­зі­мі Бо­лжал­ды шы­ғы­стар (мың тең­ге) Қар­жы кө­зі 1 2 3 4 5 6 7 І.Мектепке дейінгі жастағы балалардың дене тәрбиесі 1.1. Мек­теп­ке дей­ін­гі бі­лім бе­ру ме­ке­ме­ле­рін­де және ха­лық­тың тұр­ғы­лық­ты же­рі бой­ын­ша дене шы­нық­ты­ру­мен және спорт­пен шұ­ғыл­да­ну үшін ма­те­ри­ал­дық-тех­ни­ка­лық ба­за жа­сау ша­ра­ла­рын қа­был­дау Об­лыс әкі­міне ақ­па­рат Ақ­тө­бе қа­ла­сы мен аудан­дар­дың әкім­де­рі, об­лы­стық бі­лім бас­қар­ма­сы Мау­сым, жел­тоқ­сан, жыл сай­ын Бюд­жет­те көз­дел­ген қар­жы ше­гін­де Жер­гі­лік­ті бюд­жет 1.2. Мек­теп­ке дей­ін­гі ме­ке­ме­лер­де дене тәр­би­е­сі жө­нін­де оқу бағ­дар­ла­ма­ла­рын әзір­леу Об­лыс әкі­міне ақ­па­рат Ақ­тө­бе қа­ла­сы мен аудан­дар­дың әкім­де­рі, об­лы­стық бі­лім бас­қар­ма­сы Мау­сым, жел­тоқ­сан, 2003 жыл­дан ба­стап жыл сай­ын Бюд­жет­те көз­дел­ген қар­жы ше­гін­де Жер­гі­лік­ті бюд­жет 2. Оқушы және студент жастардың дене тәрбиесі 2.1. Жал­пы ор­та бі­лім бе­ре­тін ұй­ым­дар­да дене тәр­би­е­сі бой­ын­ша ап­та­сы­на мін­дет­ті са­бақ­тар ен­гі­зу жө­нін­де­гі жұ­мысты жал­ға­сты­ру, 5-11-сы­нып­тар­да қы­здар мен ұл­дар­ды бө­лек оқы­ту­ды қа­рас­ты­ну. Нор­ма­тив­тік құқық­тық ке­сім­дер Об­лы­стық бі­лім бас­қар­ма­сы 2003 жы­л­ғы қыр­күй­ек, 2004 жы­л­ғы ма­мыр Бюд­жет­те көз­дел­ген қар­жы ше­гін­де Жер­гі­лік­ті бюд­жет 2.2. Мен­шік ны­са­ны­на қа­ра­ма­стан ба­ста­уыш, ор­та кә­сіп­тік бі­лім ұй­ым­да­рын­да, жо­ға­ры оқу орын­да­рын­да дене тәр­би­е­сі бой­ын­ша ап­та­сы­на төрт са­ғат кө­ле­мін­де мін­дет­ті са­бақ­тар ен­гі­зу жө­нін­де­гі жұ­мысты жал­ға­сты­ру Нор­ма­тив­тік құқық­тық ке­сім­дер Об­лы­стық бі­лім бас­қар­ма­сы 2003 жы­л­ғы қыр­күй­ек, 2004 жы­л­ғы ма­мыр Бюд­жет­те көз­дел­ген қар­жы ше­гін­де Жер­гі­лік­ті бюд­жет 2.3. Об­лы­стық ке­шен­ді спорт­тық іс-ша­ра­лар өт­кі­зу: - оқу­шы­лар­дың қы­сқы спар­та­ки­а­да­сы - оқу­шы­лар­дың жаз­ғы спар­та­ки­а­да­сы - ба­ста­уыш және ор­та кә­сіп­тік бі­лім ұй­ым­да­ры оқу­шы­ла­ры­ның қы­сқы және жаз­ғы фе­сти­валь­да­ры - сту­дент­тер уни­вер­си­а­да­ла­ры Нор­ма­тив­тік құқық­тық ке­сім­дер Об­лы­стық бі­лім бас­қар­ма­сы, об­лы­стық ту­ризм және спорт бас­қар­ма­сы 2003 жыл­дан ба­стап 2 жыл­да бір мәр­те Жыл сай­ын күн­тіз­бе­лік жос­пар­ға сәй­кес Бюд­жет­те көз­дел­ген қар­жы ше­гін­де Жер­гі­лік­ті бюд­жет 2.4. Оқу­шы­лар мен сту­дент жастар­дың дене дай­ынды­ғы­ның пре­зи­дент­тік сы­на­ғын ен­гі­зу­ді жал­ға­сты­ру Об­лыс әкі­міне ақ­па­рат Об­лы­стық бі­лім бас­қар­ма­сы Мау­сым, жел­тоқ­сан, жыл сай­ын Бюд­жет­те көз­дел­ген қар­жы ше­гін­де Жер­гі­лік­ті бюд­жет 2.5. Жал­пы ор­та және ба­ста­уыш кә­сіп­тік бі­лім ұй­ым­да­ры­ның оқу­шы­ла­рын, жо­ға­ры оқу орын­да­ры­ның сту­дент­те­рін ме­ди­ци­на­лық тек­се­ру­ден өт­кі­зу Нор­ма­тив­тік құқық­тық ке­сім­дер Об­лы­стық бі­лім бас­қар­ма­сы Қыр­күй­ек, жыл сай­ын Бюд­жет­те көз­дел­ген қар­жы ше­гін­де Жер­гі­лік­ті бюд­жет 2.6. Ха­лық­тың тұр­ғы­лық­ты же­рі бой­ын­ша жа­сө­спі­рім­дер клуб­та­рын және жо­ға­ры және ор­та кә­сіп­тік аула­лық оқу орын­да­рын­да спорт клуб­та­рын кұ­ру жө­нін­де­гі жұ­мысты жал­ға­сты­ру Об­лыс әкі­міне ақ­па­рат Ақ­тө­бе қа­ла­сы мен аудан­дар­дың әкім­де­рі Мау­сым, жел­тоқ­сан, жыл сай­ын Бюд­жет­те көз­дел­ген қар­жы ше­гін­де Жер­гі­лік­ті бюд­жет 3. Қызметкерлердің және егде жастағы азаматтардың дене тәрбиесі 3.1. Дене шы­нық­ты­ру ұжым­да­рын, кә­сі­по­рын­дар мен ұй­ым­дар­да спорт клуб­та­рын құ­ру жө­нін­де­гі жұ­мысты жал­ға­сты­ру Об­лыс әкі­міне ақ­па­рат Ақ­тө­бе қа­ла­сы мен аудан­дар­дың әкім­де­рі Мау­сым, жел­тоқ­сан, жыл сай­ын Бюд­жет­те көз­дел­ген қар­жы ше­гін­де Жер­гі­лік­ті бюд­жет 3.2. ¥йым­дар­да көп­ші­лік де­ма­лыс орын­да­рын­да және ме­кен-жайы бой­ын­ша дене жат­тығ­у­ла­ры үшін және бос уа­қыт­ты бел­сен­ді өт­кі­зу үшін жағ­дай­лар жа­сау Об­лыс әкі­міне ақ­па­рат Ақ­тө­бе қа­ла­сы мен аудан­дар­дың әкім­де­рі Мау­сым, жел­тоқ­сан, жыл сай­ын Бюд­жет­те көз­дел­ген қар­жы ше­гін­де Жер­гі­лік­ті бюд­жет 3.3. Жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ған­да­рын­да аудан­дар­да­ғы ха­лық­тың дене тәр­би­е­сін бас­қа­ру жө­нін­де­гі бө­лім­ше­ле­рін құ­ру Об­лыс әкі­міне ақ­па­рат Ақ­тө­бе қа­ла­сы мен аудан­дар­дың әкім­де­рі Мау­сым, жел­тоқ­сан, жыл сай­ын Бюд­жет­те көз­дел­ген қар­жы ше­гін­де Жер­гі­лік­ті бюд­жет 3.4. Са­ла­у­ат­ты өмір сал­тын на­си­хат­та­у­ға ба­ғыт­тал­ған дене шы­нық­ты­ру-са­уық­ты­ру және спорт­тық-бұ­қа­ра­лық іс-ша­ра­лар өт­кі­зу­ді қам­та­ма­сыз ету Об­лыс әкі­міне ақ­па­рат Ақ­тө­бе қа­ла­сы мен аудан­дар­дың әкім­де­рі Мау­сым, жел­тоқ­сан, жыл сай­ын 2003 ж.-74410,0 2004 ж.-75000,0 2005 ж.-76000,0 Жер­гі­лік­ті бюд­жет 3.5. Жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ған­дар­дың, жұ­мыс бе­ру­ші­лер­дің және қыз­мет-кер­лер­дің өкі­лет­ті өкіл­де­рі ара­сын­да­ғы ай­мақ­тық ке­лі­сім­дер ар­қы­лы дене шы­нық­ты­ру­ды және спорт­ты ең­бек пен де­ма­лы­сты ұй­ым­да­сты­ру жүй­е­сіне ен­гі­зу Об­лыс әкі­міне ақ­па­рат Ақ­тө­бе қа­ла­сы мен аудан­дар­дың әкім­де­рі Мау­сым, жел­тоқ­сан, жыл сай­ын Бюд­жет­те көз­дел­ген қар­жы ше­гін­де Жер­гі­лік­ті бюд­жет 3.6. Ха­лық­тың дене дай­ынды­ғы­ның пре­зи­дент­тік сы­на­ғын ен­гі­зу жө­нін­де­гі жұ­мысты жал­ға­сты­ру Об­лыс әкі­міне ақ­па­рат Ақ­тө­бе қа­ла­сы мен аудан­дар­дың әкім­де­рі, об­лы­стық ту­ризм және спорт бас­қар­ма­сы Мау­сым, жел­тоқ­сан, жыл сай­ын 2003 ж.-600,0 2004 ж.-600,0 2005 ж.-600,0 Жер­гі­лік­ті бюд­жет 4. Мүгедектер арасындағы дене шынықтыру мен спорт 4.1. Мү­ге­дек­тер­дің спорт жат­тығ­у­ла­рын өт­кі­зуі үшін жағ­дай­лар жа­сау жө­нін­де­гі жұ­мысты жал­ға­сты­ру Об­лыс әкі­міне ақ­па­рат Ақ­тө­бе қа­ла­сы мен аудан­дар­дың әкім­де­рі Мау­сым, жел­тоқ­сан, жыл сай­ын Бюд­жет­те көз­дел­ген қар­жы ше­гін­де Жер­гі­лік­ті бюд­жет 4.2. Мү­ге­дек­тер­дің об­лы­стық спар­та­ки­а­да­сын өт­кі­зу Нор­ма­тив­тік құқық­тық ке­сім­дер Ақ­тө­бе қа­ла­сы мен аудан­дар­дың әкім­де­рі 2004 жыл Күн­тіз­бе­лік жос­пар­лар­ға сәй­кес Бюд­жет­те көз­дел­ген қар­жы ше­гін­де Жер­гі­лік­ті бюд­жет 4.3. Мү­ге­дек-спорт­шы­лар­дың Па­ра­олим­пи­а­да­лық ой­ын­дар­ға, спорт­тық фе­сти­валь­дар­ға, ме­ре­ке­лер­ге және бас­қа да ха­лы­қа­ра­лық, рес­пуб­ли-ка­лық жа­ры­стар­ға қа­ты­суын қам­та­ма­сыз ету Об­лыс әкі­міне ақ­па­рат Ақ­тө­бе қа­ла­сы мен аудан­дар­дың әкім­де­рі Күн­тіз­бе­лік жос­пар­лар­ға сәй­кес Бюд­жет­те көз­дел­ген қар­жы ше­гін­де Жер­гі­лік­ті бюд­жет 4.4. Мү­ге­дек­тер­дің бар­лық са­нат­та­ры ара­сын­да аудан­дық және қа­ла­лық спорт жа­ры­ста­рын өт­кі­зу Нор­ма­тив­тік құқық­тық ке­сім­дер Ақ­тө­бе қа­ла­сы мен аудан­дар­дың әкім­де­рі Күн­тіз­бе­лік жос­пар­лар­ға сәй­кес Бюд­жет­те көз­дел­ген қар­жы ше­гін­де Жер­гі­лік­ті бюд­жет 5. Ұлттық, техникалық, қолданбалы спорт түрлерін және халық ойындарын дамыту 5.1. Қыз­мет жа­сап тұр­ған ба­ла­лар мен жа­сө­спі­рім­дер спорт мек­теп­те­рін­де ұлт­тық спорт түр­ле­рі мен ха­лық ой­ын­да­ры бой­ын­ша бө­лім­дер, тех­ни­ка­лық және қол­дан­ба­лы спорт түр­ле­рі бой­ын­ша бө­лім­дер ашу Нор­ма­тив­тік құқық­тық ке­сім­дер Ақ­те­бе қа­ла­сы мен аудан­дар­дың әкім­де­рі Қыр­күй­ек, жыл сай­ын Бюд­жет­те көз­дел­ген қар­жы ше­гін­де Жер­гі­лік­ті бюд­жет 5.2. Ұлт­тық спорт түр­ле­рі мен ха­лық ой­ын­да­ры бой­ын­ша спар­та­ки­а­да өт­кі­зу Об­лыс әкі­мі­нің ше­ші­мі Об­лы­стық ту­ризм және спорт бас­қар­ма­сы. Ақ­тө­бе қа­ла­сы мен аудан­дар­дың әкім­де­рі 2004 жы­л­ғы сәу­ір-шіл­де 2003 ж. - 1000,0 2004 ж. - 1000,0 2005 ж. - 1000,0 Жер­гі­лік­ті бюд­жет 5.3. - об­лыс әкі­ми­я­ты бас­қар­ма­ла­ры мен ко­ми­тет­те­рі ара­сын­да; - аудан­дық, қа­ла­лық және об­лы­стық әкі­ми­ят­тар ара­сын­да об­лы­стық «Ақ би­дай» се­ло­лық ой­ын­да­рын өт­кі­зу Об­лыс әкі­мі­нің ше­ші­мі Об­лы­стық ту­ризм және спорт бас­қар­ма­сы, Ақ­тө­бе қа­ла­сы мен аудан­дар­дың әкім­де­рі 2003 ж., 2005 ж. сәу­ір - шіл­де 2003., 2004., 2005., 2003., 2004., 2005 2003 ж.- 2500,0 2004 ж.- 2500,0 2005 ж.- 2500,0 Жер­гі­лік­ті бюд­жет 5.4. Оқу орын­да­ры ұжым­да­рын­да және аудан­дық және об­лы­стық дең­гей­лер­де тех­ни­ка­лық және қол­дан­ба­лы спорт түр­ле­рі бой­ын­ша жа­ры­стар өт­кі­зу­ді қам­та­ма­сыз ету Об­лыс әкі­міне ақ­па­рат Об­лы­стық ту­ризм және спорт бас­қар­ма­сы. Ақ­тө­бе қа­ла­сы мен аудан­дар­дың әкім­де­рі Жел­тоқ­сан, жыл сай­ын Бюд­жет­те көз­дел­ген қар­жы ше­гін­де Жер­гі­лік­ті бюд­жет 5.5. Тех­ни­ка­лық және қол­дан­ба­лы спорт түр­ле­рін да­мы­ту үшін тех­ни­ка­лар, жаб­дық­тар мен құ­рал­дар алу үшін қа­ра­жат бө­лу­ді қам­та­ма­сыз ету жө­нін­де ша­ра­лар қа­был­дау Об­лыс әкі­міне ақ­па­рат Об­лы­стық ту­ризм және спорт бас­қар­ма­сы. Ақ­тө­бе қа­ла­сы мен аудан­дар­дың әкім­де­рі Жел­тоқ­сан, жыл сай­ын Бюд­жет­те көз­дел­ген қар­жы ше­гін­де Жер­гі­лік­ті бюд­жет 6. Спорт резервін даярлау 6.1. "Дене шы­нық­ты­ру мен спорт ту­ра­лы" Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы 25- ба­бы­ның 4-тар­ма­ғы та­лап­та­ры­на сәй­кес ба­ла­лар-жа­сө­спі­рім­дер спорт мек­теп­те­рі мен клуб­та­ры же­лі­сін да­мы­ту жө­нін­де­гі жұ­мысты жал­ға­сты­ру Об­лыс әкі­міне ақ­па­рат Об­лы­стық ту­ризм және спорт бас­қар­ма­сы. Ақ­тө­бе қа­ла­сы мен аудан­дар­дың әкім­де­рі Жел­тоқ­сан, жыл сай­ын Бюд­жет­те, көз­дел­ген қар­жы ше­гін­де Жер­гі­лік­ті бюд­жет 6.2. Об­лыс ор­та­лы­ғын­да спорт­қа қа­бі­лет­ті ба­ла­лар­ға ар­нал­ған бок­стан, ер­кін кү­ре­стен, грек-рим кү­ре­сі­нен және дзю­до­дан бө­лім­ше­ле­рі бар мек­теп-ин­тер­нат­тар ашу же­нін­де ша­ра­лар қа­был­дау Об­лыс әкі­мі­нің ше­ші­мі Об­лы­стық ту­ризм және спорт бас­қар­ма­сы 2003 жы­л­ғы қыр­күй­ек, 2004 жы­л­ғы ма­мыр Бюд­жет­те көз­дел­ген қар­жы ше­гін­де Жер­гі­лік­ті бюд­жет 6.3. Об­лыс ор­та­лы­ғын­да олим­пи­а­да ре­зер­він да­яр­лау ор­та­лық­та­рын құ­ру жө­нін­де ша­ра­лар­ды қа­был­дау Об­лыс әкі­мі­нің ше­ші­мі Об­лы­стық ту­ризм және спорт бас­қар­ма­сы 2003 жы­л­ғы қыр­күй­ек, 2004 жы­л­ғы ма­мыр Бюд­жет­те көз­дел­ген қар­жы ше­гін­де Жер­гі­лік­ті бюд­жет 7. Халықаралық дәрежедегі спортшыларды дайындау 7.1. Қ. Жұ­ба­нов атын­да­ғы уни­вер­си­тет пен М. Оспа­нов атын­да­ғы Ба­тыс Қа­зақ­стан ме­ди­ци­на ака­де­ми­я­сы­ның ба­за­сын­да жо­ға­ры оқу орын­да­ры ара­сын­да­ғы спорт­тық же­тіл­ді­ру топ­та­рын құ­ру Нор­ма­тив­тік құқық­тық ке­сім­дер Об­лы­стық бі­лім бас­қар­ма­сы, об­лы­стық ту­ризм және спорт бас­қар­ма­сы, Қ. Жү­ба­нов атын­да­ғы Ақ­тө­бе уни­вер­си­тет, Ба­тыс Қа­зақ­стан мем­ле­кет­тік ме­ди­ци­на ака­де­ми­я­сы 2003 жы­л­ғы қыр­күй­ек Бюд­жет­те көз­дел­ген қар­жы ше­гін­де Жер­гі­лік­ті бюд­жет 7.2. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның құ­ра­ма ко­ман­да­ла­рын мы­на жа­ры­стар­ға дай­ын­дау мен қа­ты­су­ды қам­та­ма­сыз ету: - 5 қы­сқы Азия ой­ын­да­ры, Ао­мо­ри -ХХҮ­І­ІІ жаз­ғы Олим­пи­а­да ой­ын­да­ры, Афи­ны - 5 Ор­та­лық Азия ой­ын­да­ры, Ду­шан­бе - Әлем, Азия, Еуро­па чем­пи­о­нат­та­ры - қы­сқы Уни­вер­си­а­да­лар - жаз­ғы Уни­вер­си­а­да­лар - сту­дент­тер ара­сын­да­ғы Әлем чем­пи­о­на­ты Нор­ма­тив­тік құқық­тық ке­сім­дер Об­лы­стық ту­ризм және спорт бас­қар­ма­сы Об­лы­стық бі­лім бас­қар­ма­сы 2003, 2004, 2005 жыл­дар­дың күн­тіз­бе­лік жос­пар­ла­ры­на сәй­кес 2003, 2004, 2005, 2003,2005, 2004ж. 2003 ж.-18000,0 2004 ж.-18000,0 2005 ж.-18000,0 Жер­гі­лік­ті бюд­жет 7.3. Спорт­тық ой­ын түр­ле­рі бой­ын­ша спорт клуб­та­рын құ­ру Об­лыс әкі­міне ақ­па­рат Ақ­тө­бе қа­ла­сы мен аудан­дар­дың әкім­де­рі Жел­тоқ­сан, жыл сай­ын Бюд­жет­те көз­дел­ген қар­жы ше­гін­де Жер­гі­лік­ті бюд­жет 7.4. Спорт ре­зерв­те­рі мен ха­лы­қа­ра­лық дә­ре­же­де­гі спорт­шы­лар­ды да­яр­ла­удың негіз­гі буы­ны ре­т­ін­де спорт түр­ле­рі­нен спорт клуб­та­рын құ­ру жө­нін­де­гі жұ­мысты жал­ға­сты­ру Об­лыс әкі­міне ақ­па­рат Ақ­тө­бе қа­ла­сы мен аудан­дар­дың әкім­де­рі, об­лы­стық ту­ризм және спорт бас­қар­ма­сы Жел­тоқ­сан, жыл сай­ын Бюд­жет­те көз­дел­ген қар­жы ше­гін­де Жер­гі­лік­ті бюд­жет 8. Ғылыми-әдістемелік және медициналық қамтамасыз ету 8.1. Дене шы­нық­ты­ру-са­уык­ты­ру және спорт са­бақ­та­рын ме­ди­ци­на­лық қам­та­ма­сыз ету, дене шы­нық­ты­ру­мен және спорт­пен шұ­ғыл­да­ну­шы­лар­ды үне­мі ме­ди­ци­на­лық және ди­на­ми­ка­лық ба­қы­лау жүй­е­сін ұй­ым­да­сты­ру Нор­ма­тив­тік құқық­тық ке­сім­дер Об­лы­стық ден­са­улық сақ­тау бас­қар­ма­сы, Ақ­тө­бе қа­ла­сы мен аудан­дар­дың әкім­де­рі Жел­тоқ­сан, жыл сай­ын Бюд­жет­те көз­дел­ген қар­жы ше­гін­де Жер­гі­лік­ті бюд­жет 8.2. Дене шы­нық­ты­ру мен спорт ар­қы­лы ха­лық ара­сын­да ал­ғаш­қы оңал­ту және са­уық­ты­ру жұ­мыста­рын ал­ғаш­қы ре­а­би­ли­та­ци­я­ны қам­та­ма­сыз ете­тін ор­та­лық­тар, са­уық­ты­ру және оңал­ту пункт­те­рін, ке­ңе­стік- ди­а­гно­сти­ка­лық пункт­тер мен ка­би­нет­тер ұй­ым­да­сты­ру Нор­ма­тив­тік құқық­тық ке­сім­дер Об­лы­стық ден­са­улық сақ­тау бас­қар­ма­сы Мау­сым, жел­тоқ­сан, жыл сай­ын Бюд­жет­те көз­дел­ген қар­жы ше­гін­де Жер­гі­лік­ті бюд­жет 9. Кадрларды даярлау және мамандардың біліктілігін арттыру жүйесі 9.1. Дене шы­нық­ты­ру мен спорт ма­ман­да­ры­ның бі­лік­ті­лі­гін кө­те­ру­дің және қай­та да­яр­ла­удың үз­дік­сіз бі­рың­ғай жүй­е­сін әзір­леу және ен­гі­зу - жал­пы бі­лім бе­ре­тін, кә­сіп­тік-тех­ни­ка­лық мек­теп­тер мен кол­ле­дж­дер­дің дене шы­нық­ты­ру мұ­ға­лім­де­рі үшін бі­лім жүй­е­сі­нің бі­лік­ті­лік кө­те­ру ин­сти­тут­та­рын­да; - ве­дом­ство­лық ба­ғы­ны­сты­лы­ғы­на қа­ра­ма­стан жо­ға­ры оқу орын­да­ры­ның дене тәр­би­е­сі мү­ға­лім­де­рі үшін Қа­зақ мем­ле­кет­тік спорт және ту­ризм ака­де­ми­я­сы­ның бі­лік­ті­лік кө­те­ру фа­куль­те­т­ін­де; - ба­ла­лар мен жа­сө­спі­рім­дер спорт мек­теп­те­рі­нің жат­тық­ты­ру­шы-оқы­ту­шы­ла­ры үшін тұ­рақ­ты жұ­мыс іс­тей­тін се­ми­нар­лар­да Об­лыс әкі­міне ақ­па­рат Об­лы­стық бі­лім бас­қар­ма­сы, кадр­лар­дың бі­лік­ті­лі­гін кө­те­ру және қай­та да­яр­лау ин­сти­ту­ты, об­лы­стық ту­ризм және спорт бас­қар­ма­сы Ақ­тө­бе қа­ла­сы мен аудан­дар­дың әкім­де­рі Жел­тоқ­сан, Жыл сай­ын Бюд­жет­те көз­дел­ген қар­жы ше­гін­де Жер­гі­лік­ті бюд­жет 10. Материалдық-техникалық базаны дамыту 10.1 Жал­пы бі­лім бе­ре­тін мек­теп­тер­дің, спорт зал­да­рын жаң­ғыр­ту мен жа­ңа­лау, спорт зал­да­рын әм­бе­бап жаб­дық­та­ры­мен жа­рақ­тау. Об­лыс әкі­міне ақ­па­рат Ақ­тө­бе қа­ла­сы мен аудан­дар­дың әкім­де­рі Жел­тоқ­сан, Жыл сай­ын Бюд­жет­те көз­дел­ген қар­жы ше­гін­де Жер­гі­лік­ті бюд­жет 10.2 Ха­лық жап­пай тұ­ра­тын және де­ма­ла­тын орын­дар­да спорт алаң-да­рын, спорт зал­да­рын және бас­қа ғи­ма­рат­тар са­лу­ды жал­ға­сты­ру Об­лыс әкі­міне ақ­па­рат Ақ­тө­бе қа­ла­сы мен аудан­дар­дың әкім­де­рі Жел­тоқ­сан, Жыл сай­ын Бюд­жет­те көз­дел­ген қар­жы ше­гін­де Жер­гі­лік­ті бюд­жет 10.3 Тұр­ғын үй ала­бы аумақ­та­рын­да ой­ын және се­ру­ен алаң­да­рын, жү­гі­ру жол­да­рын, ве­ло­си­пед және шаң­ғы жол­да­рын жос­пар­ла­уды және са­лу­ды көз­деу, бұ­қа­ра­лық жа­ры­стар­ға ар­нал­ған орын­дар­ды жаб­дық­тау Об­лыс әкі­міне ақ­па­рат Ақ­тө­бе қа­ла­сы мен аудан­дар­дың әкім­де­рі Жел­тоқ­сан, Жыл сай­ын Бюд­жет­те көз­дел­ген қар­жы ше­гін­де Жер­гі­лік­ті бюд­жет 10.4 Ха­лық­пен дене шы­нық­ты­ру са­уық­ты­ру жұ­мысын жүр­гі­зу мақ­са­тын­да қол­да бар спорт­тық ғи­ма­рат­тар­ды ке­ңі­нен пай­да­ла­ну­ға ашық­тығ­ын қам­та­ма­сыз ету Об­лыс әкі­міне ақ­па­рат Ақ­тө­бе қа­ла­сы мен аудан­дар­дың әкім­де­рі Жел­тоқ­сан, Жыл сай­ын Бюд­жет­те көз­дел­ген қар­жы ше­гін­де Жер­гі­лік­ті бюд­жет 10.5 Ба­ла­лар мен жа­сө­спі­рім­дер спорт мек­теп­те­рі, олим­пи­а­да ре­зерв­те­рі мек­теп­те­рі, спорт­қа қа­бі­лет­ті ба­ла­лар­ға ар­нал­ған мек­теп-ин­тер­нат­та­ры мен спорт ре­зерв­те­рін да­яр­лау ор­та­лық­та­ры үшін ма­те­ри­ал­дық-тех­ни­ка­лық ба­за­ны жа­сау және оны да­мы­ту­ды қам­та­ма­сыз ету ша­ра­ла­рын қа­был­дау Об­лыс әкі­міне ақ­па­рат Ақ­тө­бе қа­ла­сы мен аудан­дар­дың әкім­де­рі Жел­тоқ­сан, жыл сай­ын 2003 ж.-4000,0 2004 ж.-4000,0 2005 ж.-4000,0 Жер­гі­лік­ті бюд­жет 10.6 Жо­ға­ры же­ті­стіктер спор­ты үшін ма­те­ри­ал­дық-тех­ни­ка­лық ба­за жа­сау, оны қа­зір­гі мүк­әм­мал­дар­мен және жаб­дық­тар­мен жа­рақ­тан­ды­ру­ды қам­та­ма­сыз ету Нор­ма­тив­тік құқық­тық ке­сім­дер Об­лы­стық ту­ризм және спорт бас­қар­ма­сы Ақ­тө­бе қа­ла­сы мен аудан­дар­дың әкім­де­рі 2003 жы­л­ғы қыр­күй­ек, 2004 жы­л­ғы ма­мыр Бюд­жет­те көз­дел­ген қар­жы ше­гін­де Жер­гі­лік­ті бюд­жет 10.7 Ұлт­тық спорт түр­ле­рі үшін ар­найы спорт ғи­ма­рат­та­ры мен ип­по­дром­дар са­лу­ды ұй­ым­да­сты­ру­ды көз­деу Нор­ма­тив­тік құқық­тық ке­сім­дер Ақ­тө­бе қа­ла­сы мен аудан­дар­дың әкім­де­рі 2003 жы­л­ғы жел­тоқ­сан Бюд­жет­те көз­дел­ген қар­жы ше­гін­де Жер­гі­лік­ті бюд­жет 11. Ақпараттық-насихаттық жұмыс 11.1 Дене шы­нық­ты­ру­ды және спорт­ты да­мы­ту­ды ақ­па­рат­тық-на­си­хат­тық қол­да­уды қам­та­ма­сыз ету Об­лыс әкі­міне ақ­па­рат Об­лы­стық ақ­па­рат және қо­ғам­дық ке­лі­сім бас­қар­ма­сы, об­лы­стық ту­ризм және спорт бас­қар­ма­сы Ақ­тө­бе қа­ла­сы мен аудан­дар­дың әкім­де­рі Мау­сым, жел­тоқ­сан, жыл сай­ын Бюд­жет­те көз­дел­ген қар­жы ше­гін­де Жер­гі­лік­ті бюд­жет 11.2 Об­лыс спорт­шы­ла­ры­ның ха­лы­қа­ра­лық же­ті­стікте­рін және са­ла­у­ат­ты өмір сал­ты қа­ғи­да­ла­рын на­си­хат­та­у­шы бүк­те­ме­лер, пла­кат­тар ба­сып шы­ға­ру. Об­лыс әкі­міне ақ­па­рат Об­лы­стық ту­ризм және спорт бас­қар­ма­сы Ақ­тө­бе қа­ла­сы мен аудан­дар­дың әкім­де­рі Жар­на­ма­лық өнім­ді шы­ға­ру кесте­сіне сәй­кес Бюд­жет­те көз­дел­ген қар­жы ше­гін­де Жер­гі­лік­ті бюд­жет