Об утверждении Программы индустриального развития Акмолинской области на 2003-2005 годы Күшін жойған
Басқа 0
Ақмола облысының 2003-2005 жылдарға арналған өнеркәсіптік даму Бағдарламасын бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 24.09.2004 № 3С-7-4 шешімімен.
Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңының 6 бабының 1 тармағына, облыс әкімдігінің 2002 жылғы 22 қарашадағы № а-11/159 қаулысына сәйкес және облыс әкімдігінің ұсынысымен облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ақмола облысының 2003-2005 жылдарға арналған өнеркәсіптік даму Бағдарламасы бекітілсін (қоса берілді).
Тармақ 2
2. Бағдарламаның жүзеге асырылуын бақылау облыстық мәслихаттың аграрлық сұрақтары мен өнеркәсіпті, көлікті, байланысты, құрылысты, кәсіпкерлікті, азық-түлікті және экологияны дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім облыстық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Басқа 4. Көкшетау қаласы,
Ақмола облыстық мәслихатының
2003 жылғы 20 наурыздағы
№ С-25-3 шешімімен БЕКІТІЛГЕН
Ақмола облысы өнеркәсібін дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған БАҒДАРЛАМАСЫ
Көкшетау қаласы,
2003 жыл
Мазмұны
Тармақ 1
1. Бағдарламаның паспорты 3
Тармақ 2
2. Кіріспе 4
Тармақ 3
3. Проблеманың қазіргі кезеңдегі жағдайын талдау 4
Тармақ 4
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері 7
Тармақ 5
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен жүзеге асыру тетіктері 8
Тармақ 6
6. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері 11
Тармақ 7
7. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтиже 12
Тармақ 8
8. Бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар 13
Тарау 1. 1. Бағдарламаның паспорты
1. Бағдарламаның паспорты
Атауы
Ақмола облысының өнеркәсібін дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы
Дайындалуына негіз
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі 2002 жылдың 10 қазанында өткізген отырысының № 17-40/005-483 “Қазақстан Республикасының өнеркәсібін дамытудың 2010 жылға дейінгі кезеңге арналған негізгі бағыттары” хаттамасы.
Негізгі дайындаушылар
Ақмола облыстық өнеркәсіп және сауда басқармасы
Мақсаты
Облыстың сыртқы және ішкі нарықта бәсекелестікке жарамды өнеркәсіп кешенін қалыптастыру
Міндеттері
Озық технологияларды игеру, өндірілетін өнімнің сапасы мен бәсекелестікке жарамдылығын арттыру. Кәсіпорындарды жаңарту негізінде өнеркәсіп секторының технологиясын қайта құру.
Мемлекетаралық және салааралық кооперацияны дамыту.
Корпоративтік құрылымды қалыптастыру, ішкі және сыртқы нарықтағы экспансия.
Шикізат өндіру мен жоғары сапалы өнім өндіргенге дейінгі технологиялық циклды қалыптастыру.
Қаржыландыру көздері
Бағдарламаны жүзеге асыруды қаржыландыру көздері кәсіпорындардың, мемлекеттік және облыстық бюджеттің, банктердің кредиттік қорларының қаржылары.
Күтілетін нәтижелер
2005 жылға қарай 2002 жылмен салыстырганда өнеркәсіп өндірісі көлемін 1,3 есе өсіру.
Өнеркәсіп орындарының тұрақты жұмыс істеуі.
Өнеркәсіптік сипаттағы тауарлар мен қызмет көрсету түрлерінің нарқын кеңейту.
Жаңа жұмыс орындарын ашу және қалпына келтіру.
Сауда қарым-қатынасы саласындағы мемлекетаралық келісімдер бойынша іс-шараларға қатысу есебінен экспортты өсіру.
Тарау 2. 2. Кіріспе
2. Кіріспе
Ақмола облысының өнеркәсібін дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасы бойынша әзірленді және облысты дамытудың осы кезеңге арңалған стратегиялық жоспарының құрамдас бөлігі болып табылады.
Бағдарлама бұрын қабылданған салалық өндірісті дамыту, оның бәсекелестікке жарамдылығы мен экспорттық сипатын дамыту бағыттарындағы басымдылықтарды жалғастыруға және тереңдетуте, жоғары технологиялы импортты ығыстырушы жаңа өндіріс орындарын құру мен қолда барын дамытуға бағытталған.
Әзірленген бағдарлама жыл сайын әлемдік нарықта, Қазақстан Республикасы мен облысымызда қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты сарапталып және нақтыландырылып отырады.
Тарау 3. 3. Проблеманың қазіргі жағдайын талдау
3. Проблеманың қазіргі жағдайын талдау
Тармақша 1
1) Жалпы талдау
Экономикадағы қазіргі жағдайды талдау нәтижесі негізгі көрсеткіштердің өсу тенденциясын көрсетеді, ол дағдарыс жағдайларын жоюға бағытталған іс-шаралардың нәтижесі және барлық өндірушілердің оларға байланысты оң көз қарастарын көрсетеді.
Облыстың өндірістік кешені тау-кен өндіру, өңдеу өнеркәсібі, соның ішінде химиялық, микробиологиялық, машинажасау, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу кәсіпорындары. Облыс аумағында алтын, уран, техникалық алмаз, темір кені, доломит, каолин және басқа да пайдалы қазбалардың барланған кен орындары шоғырланған. Олардың баланстық бағасы 20 миллиард доллардан кем емес, ал болжаулы ресурстар 100 миллиард АҚШ долларын құрайды. Экономика саласының кең тараған түрі ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу. Облыста астық, ет және сүт өңдеу өндірістік күштері дамыған.
Облыс экономикасында өнеркәсіп - басты бағыттардың бірі. Ішкі аймақтық өнім өндіруде оның үлесі 1999 жылы 17 пайыз, 2000 жылы - 20 пайыз, 2001 жылы - 23 пайыз, 2002 жылы 24 пайыз құрады.
Соңғы бес жылда өнеркәсіп тұрақты дамыған жоқ. Өңдеу саласындағы (машинажасау, химия, жеңіл, тамақ, қорғаныс және т.б.) дағдарыс қажетті қаржымен ғылыми-техникалық қолдаудың жоқтығынан ушыға түсті. Осы кезеңде өндірістің алдағы жылмен салыстырғандағы құлдырауы 5,9 пайыздан (1997 жылы) 3,5 пайызға дейін (1998 жылы) жылжып отырды.
Кәсіпорындар бұрынғы еңбек және техника мүмкіндіктерінен айырылды. Көпшілігі мүлдем жабылды, өндіріс жұмыстарын толық тоқтатқандардың ішінде Көкшетау ауыл құрылыс комбинаты, Үй құрылысы комбинаты, Көкшетау темір-бетон өнімдері және құрылыс конструкциялары заводы, үйдегі жұмыс фабрикасы, жергілікті өнеркәсіп тігін фабрикасы, ет сүйегінің ұны заводы, Көкшетау және Щучье жиһаз заводтары, “Металлист” заводы, автожөндеу заводы, Көкшетау сыра заводы, аспап жасау заводы кәсіпорындары және облыстың басқа да кәсіпорындары бар.
Өнеркәсіп өндірісінің өсу қарқыны тек 1999 жылдан бастап ғана байқалды. Физикалық көлем индексі (үй шаруашылығы секторын қоса есептегенде) 2000 жылы 112,7% құрады, 2001 жылы - 108%, 2002 жылы - 106,6% құрады. 2000 жылы облыс өнеркәсібі (үй шаруашылығы секторын қоса есептегенде) қолданылып жүрген бағамен 29 млрд. теңге, 2001 жылы - 34,4 млрд. теңге, 2002 жылы - 39,3 млрд. теңге өнім өндірді
Өнеркәсіптің өндіру секторындағы өндірілген өнімнің физикалық көлем индексі 2000 жылы 275,5%, 2001 жылы 147,2%, 2002 жылы - 155,9% құрады.
Жалпы өнеркәсіп өндірісінде бұл саланың үлес салмағы көп емес екендігіне қарамастан, ол облыстың өнеркәсіп өндірісін өсіруге айтарлықтай әсер етеді. Мысалы, 1996 жылғымен салыстырғанда табиғи құм өндіру 19 есе, түсті метал кендерін өндіру 3 есе, таскөмір өндіру 10% өсті, Атансор темір кен орнын игеру басталды. Өткен жылы өнеркәсіптің кен өндіру саласы облыстық көлемде 12% өсті.
Облыс өнімінің 61% құрайтын өңдеу саласында соңғы жылдары өндірістің құлдыруы байқалды, ол 2000 жылы ғана тоқтатылды, оны физикалық көлем индексі 126,9% құштаннан байқауға болады. Осы кезеңде тоқыма және тігін өнеркәсібінде (132,9%), металлургия өнеркәсібі (176,8%), машина жасау (3,4 есе), метал емес және минералдық өнімдер өндірісінде (182,2%) оң өзгерістер қамтамасыз етілді.
Электр энергиясын, газ және су өндіру мен тарату өнеркәсібі құрылымындағы экономикалық жұмыстың маңызды түріне жатады. Көптеген салалардың жұмыстары соларға байланысты, ол облыс өнеркәсібі көлемінің 29% құрайды.
1999 жылдан бері облыста импортты ығыстыру бағдарламасы жүзеге асырылуда. Осы бағдарлама аясында электровоз, теміржол вагондарын күрделі жөндеу, доңғалақты жұп өндірісі, шағын механизация құралдарының номенклатурасы, подшипник, газ және тығындау жабдықтары, өрт сөндіргіштер және басқа да өнімдер өндірісі игерілді.
2001 жылы 1999 жылмен салыстырғанда импортты ығыстыру өнімдерінің көлемі 3,3 есе өсті және 2,5 млрд. теңге, 2002 жылы 1,6 млрд. теңге құрады.
2001 жылы 55 кәсіпорын жандандырылды және құрылды. Оларда 1704 жұмыс орны ашылды, қалпына келтірілген жаңадан ашылған кәсіпорындарда барлығы 3512 адам жұмысқа орналастырылды. 2002 жылы - 3745 жұмыс орны қалпына келтірілді және ашылды.
Ақмола облысының экспорт құрамында өнеркәсіп өнімдері қомақты. 2001 жылы сырткы саудаға 15 миллион АҚШ долларының шарикті подшипниктері, 2 млн. АҚШ долларына ұн, метал, теміржол және трамвай жолдарының темірбетон шпалдары - 0,6 млн. АҚШ долларына шығарылды. ТМД елдерінің үлесі жалпы товар айналысында 72% кұрады. 2000 жылы - 70%. Экспорттың жалпы көлемінде машина мен жабдықтар - 24% құрайды.
Бүгінгі таңда жұмыссыздарды жұмыспен қамту және жаңа табиғи ресурстарды айналысқа енгізу есебінен өнеркәсіп өнімдерін өндіру мен қызмет көрсетуді дамыту мүмкіндіктері шектеліп барады. Осыған байланысты облыс өнеркәсібін одан әрі дамытуда интенсивтік факторлар маңызды рол атқаруда. Өз кезегінде, кадрлардың білімі мен еңбек өнімділігін жетілдіру, материалдар мен жабдықтардан қайтарылым, өндірілетін өнімнің сапасы экономика салаларында ғылым мен техниканың жетістіктерін қолдану дәрежесімен айқындалады.
Мемлекеттік және жеке инвестициялар көлемі қазіргі экономиканың жедел өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыруға жеткіліксіз. Мемлекеттік кәсіпорындардың инвестициялық мүмкіндіктері шектеулі, 1999 жылы олардың қаржысына күрделі салымдардың 6,5 % игерілді, 2000 жылы - 10%, 2001 жылы - 16%.
2001 жылы жергілікті бюджет қаржысынан инвестициялар пайдалану 2000 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,6 есе өсті. Өңдеу өнеркәсібі саласында 127 млн. теңге қолданылды, кен өндіру өнеркәсібінде - 81 млн. теңге, электрэнергиясын, газ бен су өндіру және таратуда - 17 млн. теңге.
Облыс өнеркәсібін дамытудың 2010 жылға дейінгі кезеңге арналған Бағдарламасын әзірлеу кезінде облыс өнеркәсібін жүзеге асыруға әсер ететін басым және осал тұстар ескерілді.
Тармақша 2
2) Қазіргі жағдайдың басым тұстары
Өнеркәсіп секторы аймақтық негізгі өнімнің (АНӨ) ширек бөлімін өндіреді және алдағы жылдары өнеркәсіп өндірісінің өсу қарқыны АНӨ оң өзгерістерге және мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізуде негізгі факторға айналады.
Өнеркәсіп секторы бюджетке негізгі салық төлеушілердің бірі болып табылады, маңызды әлеуметтік функцияларды жүзеге асырады, еңбекке жарамды тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етеді. Облыстағы өңдеу өнеркәсібінің өнімдері ақша түсірудің басты көзі болып табылады.
Өнеркәсіп өзімен байланысты ауыл шаруашылығы және қызмет көрсету салалары сияқты экономика секторларының дамуын ынталандыратын өнеркәсіп ошағының ролін атқарады. Секторда шаруашылық қатынастарын либерализациялау жүргізілді, меншік қатынастары реформаланды, нарықтың жеке субъектілері қалыптастырылды және олардың инфрақұрылымы құрылды.
Нарықтық бәсекелестік орта қалыптастыру аяқталды. Өндіріс құлдырауы тоқтатылды және тұрақтандырылды.
Сонымен қатар, бірнеше келеңсіз жағдайлар да бар, олар белгіленген жоспарды жүзеге асыруды қиындатып жіберуі мүмкін.
Тармақша 3
3) Қазіргі жағдайдың осал тұстары
Өңдеу саласы нашар дамығандықтан шикізат өндіру саласы артып барады.
Салалардың технологиялық деңгейінің дамуы әртүрлі, негізгі қорлардың басым бөлігі ескірген.
Өнеркәсіп секторының ғылымыи-техникалық саладан алшақтығы.
Банктердің беретін кредиттеріне проценттік ставкалары жоғары, экономиканың нақты секторын ұзақ мерзімге несиелендіруде қызығушылық жоқ, кедендік режим жетілдірілмеген.
«Банкроттау туралы» Заңның кемшіліктері бар, атап айтқанда тиімді бәсекелестікке жарамды өндіріс құру мақсаттарында кәсіпорындарды банкроттау кезінде бірыңғай мақсатты саясаттың жоқтығы.
Қалыптасқан кооперациялық байланыстардың технологиялық сабақтастығы өзгерген.
Облыс экономикасының тұрақты өсуін, импортты ығыстыратын өндірісті игеру және дамыту, жұмыс орындарын сақтау және ашу, негізгі қорлар құру және өндіру, жоғары тиімді кәсіпорындар ашуды қамтамасыз ету мақсаттарында ұзақ мерзімді және кең көлемді қаржы салымдары қажет.
Ең басты стратегиялық міндеттердің бірі экономикалық даму бағдарламасын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тура және портфелдік инвестициялар тарту.
Тарау 4. 4. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері
4. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері
Бағдарламаның мақсаты өнеркәсіпті тұрақты дамыту, тоқтап тұрған кәсіпорындар мен өндірістерді жандандыру жөніндегі жұмыстарды аяқтау, өнеркәсіп құрылымын тиімді өзгерту, көпшілік кәсіпорындардың материалдық-техникалық базаларын реконструкциялау, ішкі және сыртқы нарықта бәсекелестікке жарамды өнімдер өндіруді көбейту, жаңа технологияларды енгізу, облыстың экспорттық және импортты ығыстыру мүмкіндіктерін күшейту.
Осы мақсаттарға жету үшін шешілетін мәселелер:
алдыңғы қатарлы технологиялар, сапа мен бәсекелестікке жарамдылықты күшейту, кәсіпорындарды жаңарту негізінде өнеркәсіп секторын технологиялық қайту құру;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің импортты ығыстыру, бәсекелестікке жарамды экспортқа бағытталған өнімдер өндіруді көбейту жөніндегі бағдарламасын жүзеге асыру;
тоқтап тұрған өндірістердің жұмысын жандандыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру;
мемлекетаралық және салааралық кооперацияны дамыту;
шикізат өндіруден жоғары сапалы товарлық өнім өндіруге дейінгі технологиялық кезеңді қалыптастыру;
копперативтік құрылымдарды калыптастыру, ішкі және сыртқы наықтағы экспансия.
Тарау 5. 5. Бағдарламаның негізгі бағыттары және жүзеге асыру тетіктері
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары және жүзеге асыру тетіктері
Облыс өнеркәсібін дамытуда негізгі бағыттар ретінде экспортқа бағытталған салалар таңдап алынды, сонымен қатар тамақ, машина жасау, биотехнологиялық, жеңіл, ағаш өңдеу сияқты бірқатар ішкі салалар.
Экспортқа бағытталған салаларға тау-кен енеркәсібі жатады. Алтын кенін өндіру мен өңдеу жөніндегі «ГМК Қазақалтын» ЖШС және «Васильковское золото» БК кәсіпорындарында өндіріс көлемін арттыру қарастырылып отыр. 2000 жылға дейін облыста жылына 7-8 тонна алтын өндірілмек. Қолайлы жағдайлар жасалса, облыс аумағында алтын кенін өндіру және өңдеу жөніндегі 4-5 компания жұмыс істейтін болады, ол 2002 жылға дейін өндіріс көлемін 3,5-4 есе өсіруге мүмкіндік береді. Бұл саланы дамытудың басым бағыты «КазСабтон» ЖАҚ-нда уран қоспаларын өңдеу болып қала береді, онда табиғи шикізатты кешенді және терең өңдеуді арттыру қарастырылуда. Жыл сайын темір кенін, доломит, кең тараған пайдалы қазбалар - қиыршық тас, құм, балшық, өңдеу тастарын өндіру көлемін арттыру көзделіп отыр. Бурабай курорттық аймағын дамытуға байланысты емдеу саздары мен минералдық суларды тұтыну көлемі арта түседі. 2010 жылға дейін Алексеев каолин кең орнында каолин тау-кен байыту комбинатының құрылысын салу болжанып отыр. 2003 жылдан бастап кеніштің инфрақұрылымын қалпына кеттіру және карьерді пайдалануға дайындау жұмыстары басталады.
Бағдарламада фосфор тыңайытқыштарын өткізу нарқындағы жоғалтып алған позицияларымызды қайтару жағы қарастырылған. Еліміздің және жақын шетелдер ауыл шаруашылығы тұтыну көлемін арттыруына байланысты фосфорлық тыңайытқыш өндіруді одан әрі дамытып, алыс шетелдерге шығу көзделініп отыр.
Өнім өндіруді 180 мың тоннаға жеткізіп, оның сапасы мен бәсекелестікке жарамдылыгын арттыру жөніндегі іс-шаралар қолдану керек.
Ішкі бағыттағы салаларға бірінші кезекте тамақ өнеркәсібі жатады. Бұл саладағы даму басымдылығы мыналар:
бәсекелестікке жарамды және интеграцияланған азық-түлік товарлары нарқын қалыптастыру, Астана қаласының өсіп келе жатқан азық-түлік нарқын барынша қамтамасыз ету;
азық-түлік товарларының сапасы мен бәсекелестікке жарамдылығын арттыру;
өнімдердің экспортқа жетуін қамтамасыз ету үшін кезеңдеп коммерциялық ұйымдарға көшіре отыра өнімдерді өндіру және өткізу жөніндегі ірі, орташа және ұсақ кәсіпорындардың бірлескен іс-қимылдары негізінде салалық одақтар, ассоциациялар қалыптастыру;
өндірістің өтпелі кезеңімен бірге аграрлық сектормен тікелей ынтымақтастырылған құрылымдар құру.
Машина жасау саласында мыналар қарастырылған:
ғылыми негізделген және жоғары технологиялық өндірістер енгізу;
ауыл шаруашылығына, көліктік машина жасауға, мұнайгаз және тау-кен металлургия кешендеріне арналған жабдықтар мен қосалқы (бөлшектер өндіру жөніндегі кооперациялар;
машина жасау саласында халықаралық өндірістік кооперацияларды кеңейту, әсіресе Россия, Белоруссия және басқа да мемлекеттермен;
жоғары технологиялы өндірістерді қалыптастыру және игеру, соның ішінде франчайзинг, патенттер мен лицензиялар сатып алу шарттарымен.
Құрылыс материалдары өндірісінде мыналар қаратырылған:
құрылыс өнеркәсібі өндірісін қалпына келтіру;
жаңа ашылған кәсіпорындарда өнім шығару көлемін өсіру және кеңейту, соның ішінде Астана қаласының құрылысына арналғандарын:
«Таскөл» АҚ (Целиноград ауданы) - өңдеу плиткаларын шығару бойынша;
«Көкшетаустройиндустрия» ЖШС (Көкшетау қаласы) - тратуар плиткаларын, брусчаткалар және бордюр тастарын шығару бойынша;
«Стройпластмасс» ЖШС (Степногорск қаласы) - есік-терезелер жасау және басқа да өңдеу құрылыс материалдарын шығару бойынша;
құрылыс материалдарының сапасын және бәсекелестікке жарамдылығын арттыру.
Жеңіл және тамақ өңдеу өнеркәсібі бойынша бағдарламада мыналар қарастырылған:
тиімсіз өндірістерді сигментациялау немесе профильдерін өзгерту, олардың базаларында шағын бәсекелестікке жарамды өндіріс жүргізу мүмкіндігі бар кәсіпорындар құру;
жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік сатып алулар бойынша тендердер өткізу кезінде жергілікті товар өндірушілердің мүдделерін қорғау және протекционизм жасау;
тігін және тоқыма өндірісін шағын кәсіпкерлікті қолдау және импортты ығыстыру бағдарламасы аясында жеңілдікпен несиелендіру.
Биотехнология саласында мыналар қарастырылған:
дәрі-дәрмектер мен медициналық препараттардың отындық өнімдерін өндіріске енгізу және жаңаларын шығару;
Қазақстан Республикасының фармацевтік және медициналық өнеркәсібін дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасыныц ұлттық биотехнология орталығы әзірлеген «Биотехнология негізіндегі өнімдер өндіруді игеру» бағдарламасын жүзеге асыру;
биотехнология ұлттық орталығы мен осы сала кәсіпорындарын Степногорск қаласында одан әрі дамыту.
Алға қойған мақсаттарға жету және басым міндеттерді орындау үшін бағдарламада облыстың өнеркәсіп потенциалын тұрақтандыру мен одан әрі дамытуға бағытталған кешенді іс-шаралар қарастырылған.
Кәсіпорындардың қаржы жағдайын тұрақтандыру үдерісін жеделдету мақсатында оларды қаржы-экономикалық сауықтыру процедуралары ұсынылады. Дәрменсіз кәсіпорындардың біразы сигментацияланады, қайта ұйымдастырылады және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне тапсырылады, ол банкротталған кешендердің мүліктік базаларында жаңа тиімді жұмыс жүргізетін кәсіпорындар құруға мүмкіндік береді, сөйтіп өнеркәсіптің өндірістік күштері сақталады, шағын кәсіпкерліктің тұрақты дамуы қамтамасыз етіледі, жаңа жұмыс орындары ашылады. Лизингтік, франчайзинглік қатынастар қолданылады. Қолда бар бизнес-орталықтар, технопарк құрылымдары және шағын бизнес орталықтары дамытылады және жаңалары ашылады.
Облыста шетел инвесторларын тарту үшін қолайлы жағдай жасалады. Шет ел инвесторларына таныстыру үшін инфестициялық жобалардың көрсеткіштер банкі ашылады. Инвестициялы жобалар облыс экономикасының негізгі басым салаларын дамытуға арналып қарастырылады. Жобаларды жүзеге асыру өнеркәсіп өндірісінің өнімі көлемін 4,5 млрд. теңгеге көбейтуге мүмкіндік береді. Сөйтіп салық базасын 510 млн. теңгеге өсіріп, 1475 жаңа жұмыс орындары ашылады, нәтижесінде жұмыспен қамту проблемалары шешіліп, облыс тұрғындарының өмір сүру деңгейі өсе түседі. Атқару органдары бекіткен инвестициялық жобалар тізіміне сәйкес облыстағы жобаларды қаржыландырудың негізгі көзі кәсіпорындардың өз қаржылары, банк кредиттері, облыстық бюджет қаржылары болып табылады.
Жоғары бәсекелестікке жарамды және экспортқа бағытталған өнімдер шығарудың басты шарты ИСО 9000 халықаралық стандарттарына сәйкес сапа жүйесін енгізу болып табылады. Халықаралық стандарттар ережесі бойынша жұмыс жүргізетін кәсіпорындардың санын өсіру жоспарланып отыр. Азық-түлік өнімдерін, тұтыну товарларын, құрылыс материалдарын өндірумен айналысатын кәсіпорындар оған қатыстырылады. Тау-кен өндірісі кәсіпорыцдарын дамыту үшін маңызды шарт ИСО 9000 және ИСО 14000 стандарттары бойынша сапа сертификаттарын алу болып табылады.
Аймақаралық шаруашылық байланыстарымен кәсіпорындар кооперацияларын дамыту тау-кен өндірісі өнеркәсібінің өнімдерін (темір рудасы, уран және т.б.) өткізуді қарастырады. Тау-кен өндірісі өнеркәсібі өнімдерінің 80% сыртқы нарықта өткізіледі. Облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары өз өнімдерін өткізу және шикізат сатып алу бойынша Қазақстанның барлық аймақтарында жұмыс жүргізеді. Мемлекетаралық байланыстар алыс-жақын шет елдермен (Ресей, Украина, Германия, Түркия және басқа да, барлығы - 45-тен астам ел) жүзеге асырылады. Экспортты дамыту мақсаттарында мыналар қарастырылған:
2005 жылға дейінгі кезеңде Ресей Федерациясының шекаралас облыстарымен (Омбы, Қорған, Челябинск) жасалған контрактілер мен келісім-шарттарды орындау;
Ресей қалаларында жаңа сауда өкілдіктерін (“Көкшетауминводы” ЖШС, “Гормолзавод” ЖШС және т.б.) ашу;
2002 жылдан 2005 жылға дейінгі кезеңде жүргізілетін сапа жүйесінің халықаралық стандарттарын (ИСО 9000), (“Тыныс” ААҚ, “СПЗ” ЖАҚ) енгізу;
сауда әріптестері - елдерін таңдау кезінде жайлы саясет жүргізу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру, өткізу нарқын толық пайдалану;
облыстың өнеркәсіп орындарын халықаралық қарым-қатынас жөніндегі көрмелерге қатыстыру (Чехословакия, Германия, Астана қаласы - “Шаңырақ” - 10 және т.б.).
Өнеркәсіп өндірісінің инновациялық даму үдерісі зор маңызға ие болуда. Бағдарламада энергия мен ресурстарды үнемдеуді қамтамасыз ететін және экологиялық қауіпсіз өндірістік технологияларды енгізу қарастырылған. Облыстың ірі өнеркәсіп орындарында (“Тыныс” ААҚ, “СПЗ” ЖАҚ және т.б.) алдыңғы қатарлы технологиялардың базасындағы жаңа өндірістерді игеру жөніндегі жұмыстар жалғастырылады. Ғылыми жетістіктер мен жоғары технологиялық өндірісті енгізу инвестициялық қаржының жетіспеушілігінен тежеліп отыр.
Өндіріске жаңа бәсекелестікке жарамды өнімдер енгізу мақсаттарында және нарық талаптарына сәйкес өнеркәсіп орындарында әрдайым конструкторлық ізденістер мен жобалау жұмыстары жүргізіледі. 2003-2010 жылдары жоғары технологиялық өнімдерді және ғылыми негізделген технологияларды өндіріске енгізу мақсаттарында облыс кәсіпорындарында ғылыми жаңалықтарды енгізу, инновациялық технологиялар әзірлейтін ғылыми және ақпараттық орталықтар мен ұзақ мерзімдік келісім-шарттар жасау жөніндегі іс-шаралар жүргізіледі.
Бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі тетіктерінің бірі ретінде мемлекеттік қолдауды атауға болады. Осы мақсатта төмендегі әдістерді қолдану қарастырылуда:
табиғи монополияның бағалары бойынша нарық конъюнктурасы жақсаруына қарай оларды біртіндеп алып отыру арқылы жеңілдіктер беру;
мемлекеттік қаржы корпорацияларының лизингтік қорларына ауыл шаруашылық техникаларан сатып алу;
импортты ығыстыру бағдарламасы аясында кредиттер беру бойынша жеділдіктер.
Тарау 6. 6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері
6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері
Бағдарламаны қаржымен қамтамасыз ету кәсіпорындардың өз қаржылары, банктердің кредиттік ресурстары, республикалық және облыстық бюджеттер есебінен жүзеге асыралады.
Тарау 7. 7. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер
7. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер
2005 жылға дейін өнеркәсіп өндірісі көлемін 2002 жылмен салыстырғанда 1,3 есе көбейту.
Өнеркәсіп орындарының жұмысын тұрақтыландыру.
Импортты ығыстыру саясатын пәрменді жүргізу нәтижесінде Қазақстан Республикасы мен облыстың өңдеу саласының өнімдерін сырттан әкелуге тәуелділігін төмендету.
Өндірістегі қол еңбегінен жоғары технологияльпқ өндіріске көшу жүзеге асырылады.
Өнеркәсіптік сипаттағы товарлар мен қызмет көрсету нарқы кеңейеді.
Жаңа жұмыс орындары ашылады және қалпына келтіріледі.
Қайта ұйымдастыру үдерісінде босаған өндіріс орындарын тиімді пайдалану жақсара түседі.
Сауда қатынасы саласында мемлекетаралық келісімдер бойынша іс-шараларға қатысу есебінен экспорт ұлғаяды.
Бюджеттің барлық түрлері бойынша қаржы түсімдері көбейеді.
Тарау 8. 8. Ақмола облысы өнекәсібін дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған Бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар ЖОСПАРЫ
8. Ақмола облысы өнекәсібін дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған Бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар ЖОСПАРЫ
р/с
Іс-шаралар
Аяқталу түрі
Орындалуына жауаптылар
Орындалу мерзімі
Болжаулы шығындар
Қаржыландыру көздері
1.
Өнеркәсіпті дамытудың аймақтық бағдарламасын әзірлеу
Бағдарлама
аудандар мен қалалардың әкімдері
2003 жыл қаңтар
2.
Облыстың өнеркәсібін дамыту бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі жылдық іс-шаралар жоспарларын әзірлеп отыру
Іс-шаралар жоспары
облыбтық өнеркәсіп басқармасы, аудандық қалалық әкімдіктер
жыл сайын
3.
«Тыныс» ААҚ қарыздарын реструктуризациялау
Кредиттер бойынша қарыздарын өтеу
«Тыныс» ААҚ
2003 жыл
354,2 млн. теңге
мембюджет
4.
Васильков алтын кен орнын одан әрі игеру, құрамында алтын бар кендерді өңдеу жөніндегі алдыңғы қатарлы технологияларды енгізу
Жылдық алтын өндіруді 3-5 тоннаға жеткізу
«Васильковка алтыны» БК басшылығы
2005 жылдан бастап
12,4 млрд. тенге
өз қаржылары
5.
Жаңа каолин ТБК құрылысын салу
Каолин өндіруді жылына 40 мың тоннаға дейін жеткізу
тұрақты инвестор
2003-2005 жылдар
2,6 млрд. тенге
Инвестордың қаржысы
6.
Алтын, цианплавтар баритов ауырлатқыштарын алудың технологиялық схемасын жетілдіруді жүргізу
Дайын өнім алу
«КазСабтон» ЖАҚ
2003-2005 жылдар
өз қаржылары
7.
Ақсу және Бестөбе кеніштерінде қышқылсыздандыру учаскелерін ұйымдастыру
Жылына қосымша 70 кг. алтын өндіру
«КМК Қазақалтын» АҚ
2003-2005 жылдар
4,6 млрд. тенге
өз қаржылары
8.
Шығарылатын өнімнің түрлерін көбейту кварцидтер мен қиыршық тас өндіру көлемін арттыру «Ерейментау» ТКК ААҚ өндірісінің үдерісінде құралған қосалқы шикізат негізінде құрылыс өнімдерін өндіру жөніндегі технологиялар әзірлеу және енгізу
Товарлық өнім өндіру көлемін арттыру, жұмыс орындарын ашу
«Ерейментау» ТКК ААҚ
2003-2005 жылдар
өз қаржылары
9.
Алтын өндіру жөніндегі «Узбой» кен орнында (Еңбекшілдер ауданы) карьерді іске қосу
Жылына 1,0 тонна алтын өндіру, халықты жұмыспен қамту
«САГА КРИК ГОЛД КОМПАНИ ЖШС
2003-20105 жылдар
өз қаржылары
10.
Құрамында фосфор бар минералдық тыңайытқыштар өндірісін арттыру
Жылына 180 мың тонна өндіру
«КазСабтон» ЖАҚ
2003-2005 жылдар
өз қаржылары
11.
Полиэтилен құбырлары мен фитингтер өндіру
Жылына 3920 тонна өндіру
«Тыныс» ААҚ
2004 жыл
1,0 млрд. тенге
кредит ресурстары
12.
Композиттік газ балондар өндіру
210-230 мың дана өндіру
«Тыныс» ААҚ
2004-2005 жылдар
447 млн. тенге
кредит ресурстары
13.
Облыстың машина жасау кешенін одан әрі дамыту аясында:
Атбасар элетровоз жөндеу заводында өндіріс көлемін арттыруды қамтамасыз ету
2005 жылы электровоз жөндеу бойынша өндіріс көлемі 1,0 млрдтан 2010 жылы - 1,5 млрд. теңгеге жеткізу
«АЭЖЗ» басшылығы
2003-2005 жылы
өз қаржылары
«Макинка поршын сақинасы заводы LTD» заводыныц өндірістік күштерін игеру
Поршын сақиналарының түрлерін көбейту, 2004 жылы товар өнімінің көлемін 10,0 млн. теңгеге жеткізу
«МПСЗ LTD» ЖШС басшылығы
2003-2004 жылдар
8,8 млн. теңге
өзқаржылары
«МатеN> ЖШС реконструкциясын аяқтау, өндіріс көлемін арттыру;
2004 жылы товар Өнімінің көлемін 5,5 млн. теңгеге жеткізу
«МатеN» ЖШС басшылығы
2003-2004 жыддар
өз қаржылары
«Ерейментауреммаш» ӨК-нде жол көліктерін жөндеу базасын құру
Жылына 190 млн. теңге көлемінде жол техникаларын күрделі жөндеуді игеру
«Ерейментауреммаш» ӨК
2005 жыл
120,0 млн. теңге
өз қаржылары және банк кредиттері
«КРМЗ» ЖШС-нде автомобиль газ балондарын дайындау технологиясын әзірлеу және игеру
35,0 млн. теңге көлемінде жаңа өнім түрін игеру
«КРМЗ» ЖШС басшылығы
2004-2005 жылдар
20 млн. теңге
өз қаржылары
«Элбор» ӨК-нде түсті металды деталдар дайындау бойынша өндірісті реконструкциялау, жаңарту және кеңейту
Өндіріс көлемін 350,0 млн. теңгеге дейін өсіру, жаңа жұмыс орындарын ашу
«Элбор» ӨК басшылығы
2003-2005 жылдар
өз қаржылары
14.
«Вишневский ТБШ заводы»АҚ-да темір-бетон өнімдерін өндіру көлемін арттыру
2000 жылға дейін өндіріс көлемін 2,5 млрд. теңгеге дейін жеткізу
кәсіпорын басшылығы
2003-2005 жылдар
өз қаржылары
15.
Өткізу нарқында бәсекедестікке жарамды өнім өндіру мақсаттарында, кәсіпорындарда ИСО-9000 халықаралық стандарттарын енгізуге қолдау жасау
Өндірілетін өнімнің сапасын арттыру
кәсіпорын басшылығы
2003-2005 жылдар
өз қаржылары
16.
Аймақаралық және мемлекет аралық шаруашылық байланыстары мен кооперацияларды дамыту
Отандық өнімді өткізу нарқын кеңейту. Кәсіпорындардың өндірістік күштерін толық пайдалану, ауыл шаруашылығы товарларын өндірушілердің ауыл шаруашылық машиналарына қосалқы бөлшектер мен тетіктеріне қажеттіліктерін қанағаттандыру
Өнеркәсіп басқармасы, кәсіпорын басшылары
2003-2005 жылдар
17.
Этил спирті шикізаты (этанол) өндірісін ұйымдастыру
Сапасы төмен астықты өңдеу, этанол өндіру
«Биокорм» ЖШС
2003-2005 жылдар
11,2 млрд. тенге
«Қазақстанның даму банкі» ЖАҚ
18.
Астықты кешенді (терең) өңдеуді ұйымдастыру
Құрғақ кликовина - 1120 кг/сағ., крахмал сұйығын 39 процент - 4740 кг/сағ., крахмал қоспасын 14 процент - 5320 кг/сағ., жарма - 1,75 тонна сағ.
«Биокорм» ЖШС
2003-2005 жылдар
1,5 млрд. тенге
«Қазақстанның даму банкі» ЖАҚ
19.
«Биокорм» ЖШС-нде өнімнің жаңа түрлерін өндіруді ұйымдастыру:
жемшөп қоспалары тазаланған ферменттер (глуюкаваморин, амилосубтилин) бактоларвицида
өсімдіктерді қорғаудың микробиологиялық құралдары
пестицидтер
ауыл шаруашылығына арналған амин қышқылдары
Өндірілетін өнімнің түрлерін көбейту және көлемін өсіру
«Биокорм» ЖШС
2003-2005 жылдар
өз қаржылары, кредит ресурстары
20.
Фитопрепараттардың таблеткаға айналдырған түрлерін өндіруді ұйымдастыру
Фитопрепараттардың жаңа түрлерін өндіру
«Биомедпрепарат» ААҚ
2003-2005 жылдар
170,5 млн. тенге
өз қаржылары, кредит ресурстары
21.
Антибиотиктердің субстанциялары өндірісін ұйымдастыру
Малдәрігерлік, медициналық бағыттағы антибиотиктердің субстанцияларын өндіру
«Биокорм» ЖШС
2003-2005 жылдар
248 млн. тенге
кредит ресурстары
22.
Өндірілетін өнімнің ассортиментін жақсарту үшін жаңа технологиялар мен рецептуралар әзірлеу
Шайлық және спорттық витаминдендірілген алкоголсіз сусындар және өнімнің басқа да түрлерін өндіру
«Көкшетауминвод
2003-2005 жылдар
93 млн. тенге
өз қаржылары
23.
Минералдық сударды құю линиясын автоматтандыру және цехын реконструкциялау
Реконструкция
«Көкшетауминвод ы» ЖШС
2003-2005 жылдар
өз қаржылары
24.
Шығарылатын өнімдердің ассортиментін жақсарту соның ішінде, балмұздақ, йогурт, бифидока, голланд сырасы, сұйытылған құрғақ сүт
Ассортименттерді көбейту
«Гормолзавод» ЖШС
2003-2005 жылдар
өз қаржылары, кредит ресурстары
25.
«Аққу» ЖШС кешенінің (Ақкөл ауданы) мүліктік базасында балалар тағамын өндіру жөніндегі завод салу
Балаларға сүт тағамдарын өндіру
«Аққу» ЖШС
2004-2005 жылдар
186 млн. тенге
өз қаржылары, кредит ресурстары
26.
«Май ТГТ» ЖШС-нде (Шортанды ауданы) қатты ірімшік өндірісін ұйымдастыру
Жылына 4,0 тоннаға дейін ірімшік өндіру
«Май ТГТ» ЖШС
2005 жыл
3,1 млн. тенге
өз қаржылары
27.
Облыс кәсіпорындарында ет, сүт өнімдерін өндіру жөніндегі өндірістерді реконструкциялау және жаңарту
Өндірілетін өнімнің ассортиментін көбейту, сапасын арттыру
Облыс кәсіпорындары
2003-2005 жылдары
120 млн. теңгеден жоғары
өз қаржылары
28.
Жиһаз дайындаудың жаңа технологияларын игеру, облыстың жиһаз кәсіпорындарында жаңа өндірістер ашу
Өндірілетін өнімнің ассортиментін көбейту, оның ішкі нарықтағы бәсекелестікке жарамдылығын жақсарту. Өндіріс көлемі жылына 50,0 млн. теңгеге дейін өсіру.
«Кристалл» ЖШС және «Сапсан» ЖШС және т.б.
2005 жылдан бастап
30,0 млн. теңге
өз қаржылары
29.
Степногорск қаласында санитарлық техникалық өнімдер заводының монтажын аяқтау және пайдалануға беру
Импортты ығыстыратын, бәсекелестікке жарамды өнімдер өндіру
«Кортес» ЖШС басшылығы
2004 жылдан бастап
1,6 млрд. теңге
өз қаржылары