О региональной Программе поддержки и развития малого предпринимательства в Западно-Казахстанской области на 2003-2005 годы Күшін жойған
Басқа 0
Батыс Қазақстан облысында шағын кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды -
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 29.05.2004
№ 8-3 шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы" 2002 жылғы 24 сәуірдегі N 470 Қаулысына сәйкес облыстық мәслихат шешім етті:
Тармақ 1
1. Батыс Қазақстан облысында шағын кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аймақтық бағдарламаға сәйкес шағын кәсіпкерлікті қаржыландыру үшін 2003-2005 жылдарғы облыстық бюджеттің шығыс бөлігінде 900 млн. теңге (жыл сайын 300 млн. теңге) бекітілсін.
Тармақ 3
3. Шағын кәсіпкерлікті қолдау үшін жыл сайын облыстық бюджетті қалыптастырғанда тиісті қаржы бөлу облыстық қаржы басқармасына тапсырылсын.
Тармақ 4
4. Облыстық басқармаларға, департаменттерге және комитеттерге, қала және аудан әкімдеріне бағдарламада көрсетілген шараларды дәл уақытында іске асыру жүктелсін.
Тармақ 5
5. Бағдарламаны іске асыру бағытындағы жұмыстарды үйлестіру мен қадағалау кәсіпкерлікті қолдау және дамыту облыстық департаментіне тапсырылсын.
Басқа 6. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Батыс Қазақстан облысы
Батыс Қазақстан облысында
шағын кәсіпкерлікті қолдаудың және
дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған
аймақтық Бағдарламасы
Орал қаласы 2003 жыл
Мазмұны
Бағдарламаның төлқұжаты 3
1-бөлім. Бағдарламаның негізгі ережелері.
1.1. Кіріспе. 5
1.2. Бұрынғы өткен бағдарламаны талдау және
шағын кәсіпкерліктің қазіргі жағдайы. 5
2-бөлім. Бағдарламаны жүзеге асырудағы басты
бағыттар. 8
2.1. Шағын кәсіпкерлікті несие қаржымен
және инвестициямен қолдау. 9
2.2. Шағын кәсіпкерлікті өндірістік және
инновациялық қолдау. 9
2.3. Шағын кәсіпкерлікті қолдау мен қорғаудың
инфрақұрылымын дамыту. 10
2.4. Кәсіпкерлікті реттеудің нормативті-
құқықтық жүйесі және кәсіпкерліктің салық
салу жүйесін одан әрі жетілдіру. 11
2.5. Шағын кәсіпкерлікті насихаттау және
ақпаратпен қамтамасыз ету. 11
2.6. Шағын кәсіпкерлікті аймақтық дамыту. 12
3 - бөлім. Бағдарламаны іске асыру тетіктері. 13
4 - бөлім. Бағдарламаны қаржыландырудың көздері
мен ресурстары. 13
5 - бөлім. Бағдарламаны жүзеге асырудағы
күтілетін тиімділік нәтижесі. 14
Бағдарламаның төлқұжаты
Атауы:
Батыс Қазақстан облысында шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдаудың және дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық Бағдарламасы
Бағдарламаны әзірлеудің негізі:
Қазақстан Республикасының "Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы" Заңы, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002-2004 жылдарға арналған iс-қимыл бағдарламасын iске асыру жөнiндегi шаралар Жоспары туралы, Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің 2002 жылғы 24 сәуірдегі N 470 қаулысы, ҚР Президентінің "2003 жылдарға арналған ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары жөніндегі" Қазақстан халқына арнаған жолдауы.
Негiзгi әзiрлеушiлер:
Кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту департаментi
Бағдарламаның мақсат:
Шағын кәсiпкерлiктiң үдемелі дамуына әлеуметтік-экономикалық жағдай туғызу, бұл өндірістің жаңа-технологиялық үдерістеріне бағдарланған, ішкі жалпы өнімнің құрамында шағын бизнестің үлесін арттыру және экономиканың қалыпты өсуіне аталған бөлікпен негіз болуды қамтамасыз ету.
Бағдарламаның мiндеттерi:
Бағдарламаның мақсаттарын iске асыру үшiн төмендегiдей мiндеттердi шешу қарастырылады: шағын кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын тиiмдi қалыптастыруды дамыту; шағын кәсіпкерлік субъектілерінің шағын бизнесті құруға және дамытуға қажетті несиелік және материалдық ресурстарға қол жеткізу мүмкіндігін жеңілдету; тұтыну рыногын тауарлармен және қызметпен кеңейтуге ықпал ету, тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ету жөнінде және тұрғындар арасында жұмыссыздықтың деңгейін азайтудағы шараларды жүзеге асыру, шағын бизнеске кадрларды даярлау,қайта даярлау және бiлiктілігін арттыру жүйесiн ұйымдастыру; кәсiпкерлердiң құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету, кәсіпкерлік қызметті реттейтін қолданыстағы заңдылықтар нормаларын жетілдіру, әкімшілік іс-жосықтар мен,шешімдерді ықшамдау; кәсiпкерлiктi қолдау және қорғау мәселелерiндегі қоғамдық ұйымдардың рөлiн күшейту.
Бағдарламаның негiзгi шаралары:
Шағын және орта кәсiпкерлiктi несие қаржылай және инвестициялық қолдаудың жүйесін жетiлдiру; кәсiпкерлiктi өндiрiстiк және инновациялық қолдау; кәсiпкерлiктi қолдау және қорғау инфрақұрылымын дамыту; шағын және орта кәсіпкерлікті насихаттау және ақпаратпен қамтамасыз ету; кәсiпкерлiктi аймақтық дамыту.
Қаржыландыру көздері:
Кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдауды қаржымен қамтамасыз ету жергiлiктi бюджетте қаралған қаржы шегi есебiнен, жыл сайынғы осы мақсаттарға қаралған, мақсатты заемдардан, облыс алған мемлекеттiк нақты гранттардан,арнайы қорлардың, банкілердiң, екiншi деңгейдегi банкілер қорынан және өз қаржысы есебiнен жүзеге асырылады.
Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн ең соңғы нәтиже:
Шағын кәсіпкерлік субъектiлерiнің санын өсiру, оны 2005 жылдың аяғында 19110-ға дейін жеткізу, соның iшiнде 2003 жылы 18213-ке, 2004 жылы 18627-ге дейiн жеткiзу.Шағын бизнес саласында жұмыс iстейтiндер санын 2005 жылдың аяғында 43679 адамға, соның iшiнде 2003 жылы 41546 адамға, 2004 жылы 42561 адамға дейiн жеткізу.
Бөлім 1. 1-БӨЛIМ. Бағдарламаның негiзгi ережелерi
1-БӨЛIМ. Бағдарламаның негiзгi ережелерi
Бөлім 1.1. 1.1. Кiрiспе
1.1. Кiрiспе
Батыс Қазақстан облысында шағын кәсiпкерлiктi қолдаудың және дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық Бағдарламасын Қазақстан Республикасының "Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы" Заңына, ҚР Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002-2004 жылдарға арналған iс-қимыл бағдарламасын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" 2002 жылғы 24 сәуірдегі N 470 қаулысына, "Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылдарға ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары жөніндегі Қазақстан халқына арнаған жолдауына сай кәсіпкерлікті қолдау және дамыту департаменті әзірледі.
Бұл бағдарлама кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың өткен бағдарламасы негізінде қалыптастырылған,сондықтан оны іске асыру кәсіпкерліктің қалыптасуы мен өркендеуіне негіз салған болады.
Бағдарламаның мақсаты: Шағын кәсiпкерлiктiң үдемелі дамуына әлеуметтік-экономикалық жағдай туғызу,бұл өндірістің жаңа- технологиялық үдерістеріне бағдарланған,ішкі жалпы өнімнің құрамында шағын бизнестің үлесін арттыру және экономиканың қалыпты өсуіне аталған бөлікпен негіз болуды қамтамасыз ету.
Бағдарламаның мақсаттарын iске асыру үшiн төмендегiдей мiндеттердi шешу қарастырылады:
шағын кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын тиiмдi қалыптастыруды дамыту;
шағын кәсіпкерлік субъектілерінің шағын бизнесті
құруға және дамытуға
қажетті несиелік және материалдық ресурстарға қол
жеткізу мүмкіндігін жеңілдету;
тұтыну рыногын тауарлармен және қызметпен
кеңейтуге ықпал ету,
тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ету жөнінде және
тұрғындар арасында жұмыссыздықтың деңгейін азайтудағы шараларды жүзеге асыру,
шағын кәсіпкерлікке кадрларды даярлау, қайта даярлау және бiлiктілігін арттыру жүйесiн ұйымдастыру;
кәсiпкерлердiң құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету,
кәсіпкерлік қызметті реттейтін қолданыстағы
заңдылықтар нормаларын жетілдіру,
әкімшілік іс-жосықтар мен,шешімдерді ықшамдау
кәсiпкерлiктi қолдау және қорғау мәселелерiндегі қоғамдық ұйымдардың рөлiн күшейту.
Бөлім 1.2. 1.2. Бұрынғы өткен бағдарламаны талдау және шағын кәсіпкерліктің қазіргі жағдайы
1.2. Бұрынғы өткен бағдарламаны талдау және шағын кәсіпкерліктің қазіргі жағдайы
Шағын кәсiпкерлiктi қолдаудың және дамытудың бұрынғы бағдарламаларының iске асырылуын талдау көрсеткенiндей облыста шағын кәсiпкерлiктi одан әрі өркендетудiң оңды жайы қалыптасқан деген қорытынды жасауға болады.
Шағын кәсіпкерлік экономиканы жасақтауға, орта тапты құруға, рынокты отандық тауарлармен және қызметтермен толтыруға, бәсекелестік ортаны құруға, халықты жұмыспен қамтудың түйінді мәселесін шешуге, жаңадан жұмыс орындарын құрудың көзі болуға маңызды орын алуда.
Осыған байланысты шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамыту біздің облысымыздың экономикалық саясатының басым саласы болып танылуда.
Кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту жөнiнде атқарушы органдардың ойдағыдай жұмыс жүргiзулерінiң нәтижесiнде соңғы жылдары кәсiпкерлікті дамытуда сан жағынан да, сапа жағынан да оңды нәтижелерге қол жетті.
2003 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша облыста 2519 заңды тұлға тiркелдi, оның 2050-i жұмыс iстейдi, бұл 81,4 пайызды құрайды.
Жеке кәсiпкерлiкпен 15295 шаруашылық субъектiсi шұғылданады, 22662 жұмыс істейтін адамы бар. Шаруа қожалықтары 3381 бірлікті құрап отыр,оның 2606 жұмыс істейді.
Жалпы шағын кәсiпкерлiк саласында 40620 адам жұмыс iстейдi. 2002 жылы шағын бизнестің шаруашылық субъектiлерi арқылы 38700,1 млн. теңгенiң өнiмi өндiрiлдi, қызметтерi көрсетiлiп, жұмыстары орындалды. Бұл өткен жылдың осы кезеңiндегiмен салыстырғанда 21,6 пайызға артық.
2003 жылдың 1 қаңтарында облыста 352 ауылшаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу жөнiндегi желiлер мен шағын қайта өңдеу цехтары тiркелдi. Оның 301 жұмыс істейді, құрамында 1589 жұмыс істейтін адамы бар. Олар арқылы бір жылда 549,2 млн. теңгенің өнімі өндіріліп қызметі көрсетілді.
Шағын бизнес субъектілерінен барлығы 3614,5 млн. теңге салық түсті, оның iшiнде заңды тұлғалардан 2446,0 млн. теңге, жеке тұлғалардан 1168,5 млн. теңге түсті.
Екiншi деңгейдегi банкілер арқылы 1390 шағын кәсіпкерлік субъектiсiне 7,4 млрд. теңге сомасында несие берiлдi. Халықтық банкілер, Европалық қайта жобалау және дамыту банкiсінің желiсi бойынша 504 жобаға 1185,2 млн. теңге сомасында несие берiлдi. Басым бағыттардағы шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн қаржылай қолдау үшiн облыстық бюджеттен бөлiнген қаржыдан 492 шағын кәсiпкерлiк субъектiсi 498 млн. теңге сомасында несие алды. Облыста тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөнiндегi аймақтық қор арқылы аз қамтамасыз етiлген азаматтарға материалдық көмек көрсету жөнiнде жұмыстар жүргiзiлді. Осы қор арқылы 182 азаматқа 1027,6 мың теңге материалдық көмек көрсетiлдi, 83 азаматқа 132,6 мың. теңгенiң азық-түлiк пен киiм түрінде көмек берiлдi. 19-на азаматқа 985 мың теңге шағын несие берiлдi. Батыс Қазақстан облыстық Мемлекеттік емес "Микрокредит" бөлімшесі арқылы 1208-шағын несие сұраушыға 39254 мың теңге шағын несие берілді.
2002 жылы "Фермерлiк қордың көмегi" арқылы 32 шаруа қожалықтарына 22 млн. теңге сомасында несие бөлiндi.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 6 наурыздағы N 3398 Жарлығы шыққан сәттен бастап жүргiзiлген түгендеудiң нәтижесiнде пайдаланылмай тұрған 224 мемлекеттiк меншiк объектiсi анықталды. Оның 101-і шағын кәсiпкерлiктi субъектілеріне жеңілдік жағдайымен берілді.
Тұрғын үйлердiң бiрiншi қабаттарын қайта жоспарлау жолымен халыққа қызмет көрсететiн 148 дүкен, кафе пункттер ашылды.
Облыста 2072 адам шағын кәсіпкерлік саласында жұмыс iстеуге оқыды."Үмiт" Орал өңірі әйелдер одағы 60 адамды кәсiпкерлiк қызметтiң негiздерiне оқытты.
Облыста шағын кәсiпкерлiктi қолдау инфрақұрылымының төмендегiдей дамыған желiсi жұмыс iстейдi: "Шағын бизнес орталығы" ассоциациясы, "Халықаралық бизнес орталығы", Орал қаласы, Ақжайық, Бөрлi, Тасқала, Зелен, Шыңғырлау аудандарындағы шаруа және фермерлiк шаруашылықтардың ассоциациясы, Батыс Қазақстан облыстық сауда-өнеркәсiп палатасы, Казталов ауданында "Шағын бизнес кәсiпкерлерiнiң одағы" қоғамдық бiрлестiгi және облыстық шағын кәсіпкерлікті қолдаудың қоғамдық қоры жұмыс iстейдi.
Батыс Қазақстан облыстық кәсіпкерлерге көмек беретін "Даму" Қоғамдық қоры құрылды. ЖАҚ "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының" бөлімшесі ашылды.
Орал қаласында Европалық қайта жаңғырту және дамыту банкiсінiң шағын бизнестi несиелеу жөнiндегi бағдарламасы жұмыс iстейдi, оның жұмысының негiзгi бағыты шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру болып табылады.
Құрамында 19 шағын кәсіпкерлік субъектісі бар өндіріспен, ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеумен және әр-түрлі қызмет көрсететін бизнес-инкубатор нәтижелі жұмыс істеуде.
Шағын бизнесті дамытуға жағдай жасау мақсатында, оның дамуына кедергі келтіретін әкімшілік кедергілерді болдырмауға, облыс әкімі жанынан құрамында 16 адамы бар ақыл-кеңес беретін орган кәсіпкерлердің кеңесі құрылды. Кәсіпкерлер кеңесінің 2002 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес шағын кәсіпкерлік мәселелеріне қатысты 6 рет отырыс өткізілді.
Кәсіпкерлермен, олардың қоғамдық бірлестіктерімен, мемлекеттік органдармен облыс басшылары үнемі кездесулер өткізіп тұрады. Республикалық органдарға шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін заңдылықтар жөніндегі ұсыныстарды мерзімінде жіберу қаралуда. Сонымен қатар, анықталған қорытынды көрсеткендей,оңды нәтижелерге қарамастан,қойылған біркелкі мақсаттар мен міндеттер бақылау және орындау, оны жүзеге асыру механизмінің жоқтығынан орындалмауда.
Шағын кәсіпкерлікті дамытуға кедергi болып отырған басты проблемалар мыналар:
- шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң несие қорларын алуға шектеулi болуы, өтiмдi кепiлдi мүлiктердiң жетiспеушiлiгi;
- шағын кәсiпкерлiктi қолдау инфрақұрылымының өндірістік және рыноктық дамуының жеткiлiксiздiгi;
- кәсiпкерлiктi қолдау жөнiндегi құқықтық-нормативтiк базаның және кәсіпкерлерге табысын дұрыс көрсетпей жасыруға мұқтаж ететін салықтық жүктеменің жетiлдiрiлмеуi;
- шағын кәсіпкерлік субъектілері қызметінің дамуына әсер ететін әкімшілік кедергілердің болуы;
- шағын кәсіпкерлік қызметті тіркеу, сертификаттау, тіркелуі, рұқсат алудың тағы басқа қиындығы;
- бақылаушы ұйымдардың көптігі;
- кәсіпкерлік саласымен айналысуға тілек білдіруші азаматтардың осы салада қажетті білімі мен тәжірибесінің болмауы;
- кәсіпкерлік қызмет жөнінде қажетті ақпараттардың жетіспеушілігі.
Аталған проблемаларды шешу мақсатында кәсiпкерлiктi дамытудың және қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған осы аймақтық Бағдарламасы жасалып отыр.
Бөлім 2. 2-БӨЛIМ. Бағдарламаның негізгі шаралары
2-БӨЛIМ. Бағдарламаның негізгі шаралары
Кәсiпкерлiктiң серпінді дамуына кедергі келтіретін түйінді мәселелерді шешуге және оны одан әрi дамыту үшiн қолайлы жағдайлар жасау мақсатында бағдарламада төмендегiдей негiзгi шараларды жүзеге асыру белгiленген.
Бөлім 2.1. 2.1. Шағын кәсiпкерлiктi несие-қаржымен және инвестициялық қолдау
2.1. Шағын кәсiпкерлiктi несие-қаржымен және инвестициялық қолдау
Шағын кәсiпкерлiктi дамытудың басым бағыттарының бiрi қаржы-несие және инвестициялық қолдау болып табылады.
2003-2005 жылдарда Батыс Қазақстан облысында кәсiпкерлiкті мемлекеттік қолдау көрсету жөнiндегi жұмыстар жалғастырылатын болады, яғни несие қорларын мақсатты орналастыру, инвестиция тарту, лизингілік қатынастарды дамыту және тағы басқада мәселелерді қамтыған.
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылай қызмет көрсетудің жаңа үлгілерін жасақтау секторын дамыту, қазіргі кездегі қаржылық механизмдерді және технологияларды меңгеру қаралған.
Таяудағы үш жылда отандық тауар өндiрушiлердi қаржылай қолдау үшiн басым жобаларды жергiлiктi бюджет есебiнен жеңiлдетiлген жағдайда 900 млн. теңге сомасында несиелеу көзделiп отыр (жыл сайын 300 млн. теңгеден).
Жеңілдетілген несиемен шағын кәсіпкерлік субъектілерінің шағын кәсіпкерлікті дамыту саласының басым бағытымен айналысатындары ғана қамтамасыз етілетін болады. Шағын кәсіпкерлікке несие берудің бірден бір басым бағыттарының бірі болып жаңа жабдықтар сатып алу, жұмыс істеп тұрған өндірісті кеңейту және жаңғырту, жаңадан жұмыс орындарын құру болып табылады.
Мамандандырылған қорлар, банкілер желiсi бойынша жалпы негiзде мақсатты заемдар алу үшiн шағын кәсіпкерлік субъектiлерiне жыл сайын 7 млрд. теңге несие беру қарастырылуда.
Ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне мақсатты несие беруге "Жайық шаруасы" шаруа қожалықтары және фермерлер ассоциациясы желiсi бойынша жыл сайын 30 млн. теңге несие тарту жоспарлануда.
Сол уақытта, ұзақ жылдар бойы банкілік несиені салудың басты саласы болып сауда-делдалдық қызмет болғанын атап өткен жөн. Банкілік капиталды кәсiпкерлiк салаға, соның ішінде бірінші кезекте қызмет көрсету мен өндірісті дамыту саласына тартуға жұмыс жүргізу қажет.
Шағын бизнестi қаржы-несие және инвестициялық қолдау төмендегiдей бағыттарда жүргiзiлетiн болады:
- басым жобаларға облыстық бюджетте қаралған қаржы есебiнен жеңiлдiк жағдайда несие беру;
- басым жобаларды мамандандырылған қорлар мен банкілердiң заемын алуға жiберу;
- ауыл шаруашылығы секторын мақсатты несиемен қамтамасыз ету;
- аз қамтамасыз етiлген азаматтар арасында жеке кәсiпкерлiктi дамыту мақсатында халыққа шағын несиелер беру;
- ауылдық жолдастық несие алу жүйесін құру және жүзеге асыру;
- несие алуға қажетті құжаттар пакетін әзірлеуді ықшамдау;
- әлуетті инвесторлар үшін шағын кәсіпкерлік саласына мәлімет беретін инвестициялық жобалар банкісін құру;
- инвестициялық мүмкiндiктердi түсiндiру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу;
- несие алуға кепілдік механизмін меңгеру;
- ауылшаруашылығы секторына жаңа технологиялармен жабдықтарды тартуға лизингілік компанияларды құру және дамыту.
Бөлім 2.2. 2.2. Шағын кәсіпкерлікті өндiрiстiк және
инновациялық қолдау
2.2. Шағын кәсіпкерлікті өндiрiстiк және
инновациялық қолдау
Шағын бизнесті дамыту мен нығайтудың өзекті мәселелерінің бірі бұл өнеркәсіптік саланы дамыту,бірінші кезекте ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу (әсіресе ауылдық жерде). Алайда,шағын кәсіпкерліктің өндірістік саласының жеткіліксіз дамуын атап көрсету керек (өнеркәсіптік өндіріс - 8,1 пайыз, ауыл-шаруашылығы өнімін өңдеу - 0,9, ауылшаруашылығы - 13,3, құрылыс - 13,7, сауда - 49,6 пайыз).
Жеткілікті шикізат қоры бола тұрса да, өнім өңдейтін саланың кәсіпорындары халықты жоғары сапалы азық-түлік тауарларымен толықтай қамтамасыз ете алмауда,өңдеуші цехтардың өндірістік күштерін толықтай пайдалана алмауда. Осыған байланысты, ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеуді дамыту, тұрған цехтарды іске қосу, жол-сервистік қызметтерді дамытуға шаралар жасақталды.
Алдағы уақытта ірі және шағын бизнес кәсіпорындарының отандық тауар-өндірушілерді қолдау мен импорталмастыру жөнінде бір-бірімен тиімді ынтымақтастығы мен бірлесу жұмыстары жүргізіледі.
Шағын кәсіпкерлікті мүліктік қолдауды дамыту үшін ақпараттық-әдістемелік базаны сапалы жақсартып, ірі мемлекеттік кәсіпорындардың жұмыс істемей тұрған өндірістік алаңдарына түгендеу жүргізіп,осы негізде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік меншіктің объектілерін пайдалануға әртүрлі экономикалық және құқықтық тетіктерді жасақтап және тарату қажет.
Кәсіпкерлікті дамытудың бірден бір жолы бұл ірі жұмыс істемей тұрған кәсіпорындарды саралау және құрылымын қайта қарауды жүргізіп, өндірістің басым бағытындағы жоғары тиімді өндірістік кәсіпорындарды ұйымдастыру үшін шағын бизнес субъектілеріне беру болып табылады.
Бос пайдаланылмай тұрған объектiлердi, мемлекет меншiгiндегi ғимараттарды одан әрi пайдалануға беру, оны өндiрiс орындарын, қызмет көрсету пункттерiн ашу шарты бойынша сату және жалға беру немесе кейiннен меншiгiне беру құқығымен сенiмдi басқаруға беру, сондай-ақ тұрғын үйлердiң бiрiншi қабаттарын дүкендерге, кафелерге, тұрмыстық қызмет пункттерiне лайықтап қайта жобалауға рұқсат беру жөнiндегi жұмыстар жалғастырылатын болады.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өнімдеріне сертификаттау мен стандарттаудың үдемелі жүйесін енгізу жұмыстарын жүргізіп, Халықаралық стандартқа біртіндеп көшірілуі керек. (ISO 9000 жүйесін ендіру және тағы басқа).
Шағын бизнестi инновациялық және өндiрiстiк қолдау саласында кәсiпкерлер тауарларын жарнамалауды қамтамасыз ету, тұтынушылар сұранысын зерттеу, өнiмдердiң бәсекеге төтеп берушiлiгiн арттыру және оны байқаулар,конкурстар, көрмелер, жәрмеңкелер, сапа күндерiн ұйымдастыру жолдарымен рыноктағы қозғалысын жақсарту, шағын бизнес субъектiлерiнiң халықаралық шараларға қатысуын қамтамасыз ету, бұқаралық ақпарат құралдарында жарнама ұйымдастыру жөнiнде шаралар алынатын болады. Халықтардың дәстүрлi кәсiпшiлiктерiн қайта өркендету орталықтарын ұйымдастыру және қолдау жөнiндегi жұмыстар жалғастырылады.
Бөлім 2.3. 2.3. Шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен қорғаудың инфрақұрылымын дамыту
2.3. Шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен қорғаудың инфрақұрылымын дамыту
Таяудағы үш жылда шағын кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту инфрақұрылымын қалыптастыру жоспарында шағын кәсіпкерліктің неғұрлым жаңа түрін ғылыми-техникалық салада дамыту шарасы жүзеге асырылады (технопарктер,бизнес-инкубаторларды құру).
Облыста кәсiпкерлер мен фермерлер ассоциациясын, шағын бизнес орталықтарын құру жөнiндегi жұмыстар одан әрі жалғасын табады.
Кәсіпкерлерді тексеруші-бақылаушы органдардың төрешілдіктерінен қорғау мақсатында кәсіпкерлерді қорғауға, арыздарды, өтініштер мен ұсыныстарды қарауға бағытталған шаралар белгіленген.
Кәсіпкерлердің шешімін таппай жүрген түйінді мәселелерді шешу мақсатындағы облыс әкімі жанындағы Кеңестің жұмысы белсенділікпен жүргізіледі.
Түйінді мәселелер мен ұсыныстарды жасақтау мақсатында жұмыс iстеп тұрған бизнестi анкеттеу жөнiнде жұмыстар жалғастырылатын болады.
Бөлім 2.4. 2.4 Кәсіпкерлікті реттеудің нормативтік-құқықтық жүйесі және шағын кәсіпкерліктің салық салу жүйесін одан әрі жетілдіру
2.4 Кәсіпкерлікті реттеудің нормативтік-құқықтық жүйесі және шағын кәсіпкерліктің салық салу жүйесін одан әрі жетілдіру
Бұл бөлiмнің басты іс-шаралары кәсiпкерлiк қызметтің өндірістік-шаруашылық аспектілерін реттеу және қолданыстағы заңдылықтарға талдау жасау болып табылады.
Кәсiпкерлiктiң нормативтiк-құқықтық базасын жақсартудағы ұсыныстарды қалыптастыру жөнiндегi жұмыстар жалғасын табатын болады, оның ішінде тіркеу,лицензиялау,сертификаттау жүйесін реформалау және т.б.
Шағын кәсіпкерлікті дамытудың мүддесін қорғайтын, олардың бірігуіне, ірілінуіне жағдай туғызатын нормативтік-заңдылық актілерді қабылдау мен талқылауда үкіметтік емес ұйымдар мен кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктерінің рөлі көтеріледі.
Бөлім 2.5. 2.5. Шағын кәсіпкерлікті насихаттау және ақпаратпен қамтамасыз ету
2.5. Шағын кәсіпкерлікті насихаттау және ақпаратпен қамтамасыз ету
Нарықтық экономиканың өтпелi кезеңiнде экономикалық даму мiндеттерiн бiлiктiлiкпен шешетiн қабiлеттi кадрлардың жетiспейтiндiгi өткiр сезiлуде, әсіресе маркетингілік салада, менеджмент, инженер-техникалық және жұмысшы мамандар. Бұл бөлiмде шағын кәсiпкерлiк саласына жоғары білікті мамандарды даярлау, кадрларды қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру институттарын дамыту, кәсіпкерлік қызметті үйренуге методикалық негіздерді жасақтау жөнiндегi шаралар тiзбесi қамтылған.
Облыстың оқу орталықтары арқылы кәсiпкерлiк қызметтiң негiздерiне жұмыссыз азаматтарды оқыту жұмыстарын ұйымдастыру жөнiнде шаралар қарастырылған. Сонымен қатар кәсіпкерлік қызметте жастар мен әйелдердің болуына көңіл бөліп, оларға бизнесті қалай жүргізу негізін оқыту қамтылған.
Бизнес-инкубатор базасында кәсіпкерлікті қолдауда жастар мен әйелдер қатарынан кәсіпкерлік қызметті өз бетімен жүзеге асыруға ынтасы барларды оқыту, үйрету жоспарлануда.
Кәсiпкерлiктi ақпараттық қолдау, оларға кеңестiк және әдiстемелiк көмектер беру маңызды роль атқарады.
Кәсіпкерлік қызметті ақпараттық қамтамасыз етуде кәсіпкерлік саласындағы түйінді мәселелерге арнайы телехабарларды ұйымдастыру, ақпараттық деректерді белсенді шығарумен айқындалады (облыстық газеттерге мақала беру,кітапшалар шығару, өткізілген "дөңгелек үстелдер", семинарлар, конференциялардың қорытындысы бойынша).
Бөлім 2.6. 2.6. Шағын кәсiпкерлiктi аймақтық дамыту
2.6. Шағын кәсiпкерлiктi аймақтық дамыту
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдауды және дамытуды негiзiнен iске асыратын жергiлiктi жердегi аудандық және қалалық бағдарламалар болуы керек.
Шағын бизнестi дамытудың аудандық және қалалық бағдарламалары шағын кәсiпкерлiктi одан әрi дамыту үшiн қолайлы жағдайлар жасау, соның iшiнде қаржылай, техникалық және басқа да көмектер түрлерiн көрсету мәселесi жөнiнде, халықтың қалың топтарын шағын бизнес саласындағы жұмысқа тарту жөнiнде нақты шараларды қамтитын болады.
Жұмыстың тиiмдiлiгiн арттыру және бағалау мақсатында облыста шағын кәсiпкерлiктi дамытудың негiзгi көрсеткiштерiне мониторинг өткiзу және аудандар арасында кәсiпкерлiктi рейтингтiк бақылау ұсынылады.
Бөлім 3. 3-БӨЛIМ. Бағдарламаны iске асыру тетiктерi
3-БӨЛIМ. Бағдарламаны iске асыру тетiктерi
Бағдарлама кәсiпкерлiктi кадрмен қамтамасыз ету және инфрақұрылымды дамыту, құқықтық базаны жетiлдiру, қаржы -несие және инвестициялық қолдау жолымен шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк деңгейде қолдауға және қорғауға бағытталған. Бағдарлама шағын кәсiпкерлiкке жағдай туғызуға және кәсіпкерлікті қолдау мен қорғау инфрақұрылымын құруға сүйенген жоспарлар кешенін іске асыруды қамтиды. Ол жоғары дәрежеде қалалық және аудандық құрылымдардың, қоғамдық ұйымдардың, ассоциациялардың және басқа ұйымдардың кәсiпкерлердiң мүдделерi мен мүмкiндiктерi жөнiндегi әрекетiн шоғырландыру ретiнде қалыптастырылған.
Бағдарламаның әрбiр iс-шарасын орындау үшiн жауапты орындаушылар бекiтiлген және нақты мерзiмдерi белгiленген. Бағдарламаны орындаушылардың қызметiн үйлестiрiп отыру қызметi, кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту департаментiне жүктеледi, ол Бағдарламаны iске асыру барысы туралы Республикалық органдарға және облыс әкіміне тоқсан сайын ақпарат тапсырады, белгiленген іс-шаралардың дер кезiнде және мақсатты орындалуын қамтамасыз ету жөнiнде қажеттi шаралар алады.
Бөлім 4. 4-БӨЛIМ. Бағдарламаны қаржыландырудың көздері мен ресурстары
4-БӨЛIМ. Бағдарламаны қаржыландырудың көздері мен ресурстары
2003-2005 жылдарда шағын бизнестi қаржылай қолдау және дамыту үшiн облыстық бюджеттiң шығыс бөлiгiнде 900 млн. теңге сомасында қаржы бөлу қарастырылған (жыл сайын 300 млн. теңгеден)."Фермерлерге көмектесу қоры" желiсi бойынша 90 млн. теңге (жыл сайын 30 млн. теңгеден) несие қорын бөлу, ЖАҚ "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" бөлімшесі және кәсіпкерлерге жәрдем көрсету "Даму" Қоғамдық қорының желісі бойынша шағын несие беруге инвестиция тарту белгiленген.
Бағдарламада сонымен қатар басым салаларда жұмыс iстейтiн шағын бизнес жобаларын қаржыландыру үшiн инвестициялар мен мамандандырылған қорлардың, банкілердiң және басқа көздердiң заемдарын тарту қарастырылған.
Бөлім 5. 5-БӨЛIМ. Күтiлетiн тиiмдiлiк нәтижесi
5-БӨЛIМ. Күтiлетiн тиiмдiлiк нәтижесi
Шағын бизнес субъектілері санының өсуін 2005 жылдың аяғына дейін 19110 бірлікке, соның ішінде 2003 жылы 18213-ке,2004 жылы 18627 бірлікке дейін жеткізу.
Шағын бизнес саласында жұмыс істейтін адамдардың саны 2005 жылдың аяғына 43679 адамға, соның ішінде 2003 жылы 41546 адамға, 2004 жылы - 42561 адамға дейін жеткізу.
Бағдарлама Батыс Қазақстан облыстық кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту департаментiнде әзiрлендi және қалыптастырылды.
Басқа 20. Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасын жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспары
Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасын жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспары
N
р/с
Шаралардың
атауы
Аяқталу
нысаны
Жауапты
орындаушылар
Орын.
мерзімі
Жұмса
латын
шығын
дар
млн. теңге
Қаржы
ландыру
көзі
1
2
3
4
5
1. Шағын кәсіпкерлікті қаржы-нәсие және инвестициялық қолдау
1.1.
Облыс аумағында
кәсіпкерлікті
дамытуға
жәрдемдесетін
мамандандырылған
қорлар
филиалдар, жобалар тарту
және оларды
ашуға
қорлар
филиалдарын
тарту және
ашу
"Шағын бизнес
орталығы"
ассоциациясы, кәсіпкерлікті қолдау
және дамыту
департаменті, Халықаралық
бизнес орталығы, қала, аудан
әкімдері
2003-
2005
жылдары
1.2.
Облыстық бюджет
қаржысы
есебінен шағын
бизнес
субъектілерін
басым бағыттар
бойынша жеңіл-
дікпен несиелей
қаржыландыруды
қамтамасыз ету
жобаларды
таңдап алу
және қаржыландыру
Шағын кәсіпкерлікті
қаржылай
қолдау
жөніндегі
облыстық
комиссия,
Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту
департаменті,облыстық
қаржы
басқармасы,
аудандардың
және қала
әкімдері
2003-
2005
жылдары
900
жергілікті
бюджет
1.3.
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне заемдық
қаржыны алуға
арнайы қорлар,
банкілер желісі
арқылы ықпал ету
жобаларды
таңдап алу
қаржыландыру
Кәсіпкерлікті қолдау
және дамыту
департаменті,
аудандар
және қала
әкімдері
2003-
2005
жылдары
21000
қорлардың
банкілердің
өз қаржысы
1.4.
Ауыл шаруашылығы
секторын, фермер
және шаруа
қожалықтарын
мақсатты
несиемен
қамтамасыз ету
есеп облыс
әкіміне Шағын
бизнесті
қолдау
комитетіне
"Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау
қоры" ЖАҚ,
Ауыл шаруашылығы
департаменті, Фермерлік
және шаруа
қожалықтары
ассоциациясы
2003-
2005
жылдары
90
өз қаржысы
1.5.
Аз қамтамасыз
етілген азаматтарға жұмыс
орындарын ашу
үшін шағын
несиемен
қамтамасыз ету
есеп облыс
әкіміне
Шағын
бизнесті
қолдау
комитетіне
Аудандардың
және қала
әкімдері,
табысы
төмен
азаматтарды
қолдаудың
аймақтық
қоры,
кәсіпкерлікті қолдау
және дамыту
департаменті, халықаралық
бизнес орталығы,
Үкіметтік
емес "Шағын
несие"
қоғамдық
Қорының
облыстық
бөлімшесі
БҚО кәсіпкерлеге
жәрдемдесу
Қоғамдық
Қоры "Даму"
2003-
2005
жылдары
1.6.
Әйелдердің жеке
өндірістік
ұйымдарын дамытуға
жәрдемдесу,
жұмыссыз
әйелдерді қамтып
жаңа кәсіпорындар
құру (гранттар
және басқа)
есеп облыс
әкіміне
Шағын бизнесті
қолдау
комитетіне
Кәсіпкерлікті қолдау
және дамыту
жөніндегі
департамент,
облыстық
қаржы
басқармасы,
аудандардың
және қала
әкімдері,
екінші
деңгейдегі
банкілер
"Үміт"
Орал өңірі
әйелдер
одағы
2003-
2005
жылдары
1.7.
Шағын бизнесті
қолдауға
арналған шағын
кәсіпорындардың
инвестициялық
жобаларына несие
беретін шетелдік
инвесторлар мен
банктер үшін
аймақта шағын
кәсіпкерлік
субъектілері
инвестициялық
жобалары
мәліметтері
банкін құру
есеп облыс
әкіміне
Шағын бизнесті
қолдау
комитетіне
Кәсіпкерлікті қолдау
және дамыту
департаменті, "ШБО"
ассоциациясы, ХБО, обл. экономика
басқармасы, аудандардың
және қала
әкімдері
2003
жыл
1.8.
Шағын бизнестің
инвестициялық
мәліметтері
туралы ақпараттық-
түсінік
жұмыстары
семинарлар
Кәсіпкерлікті қолдау
және дамыту
департаменті, "ШБО"
ассоциациясы, ХБО, обл. экономика
басқармасы, аудандардың
және қала
әкімдері,
Халықаралық
бизнес
орталығы
ұдайы
1.9.
Несие серіктестіктерін, селолық несие
серіктестіктерін, тұқым одақтарын
құруға ықпал
ету
есеп облыс
әкіміне
Шағын бизнесті қолдау
комитетіне
Аудандардың,
қала әкімдері,
Ауыл шаруашылығы
департаменті, Шаруа
және
фермерлер
ассоциациясы, Ұлттық банкінің
облыстық
бөлімшесі
2003-
2005
жылдары
1.10
Коммуналдық
меншік
объектілерден
қалыптасқан
коммуналдық
мемлекеттік
кәсіпорындар
базасында шағын
кәсіпкерлік
субъектілеріне
несие беру
кезінде кепілдік
беретін кепілдік
қорлар құру
жұмысын жүргізу
есеп облыс
әкіміне
Шағын бизнесті қолдау
комитетіне
Батыс Қазақстан облыстық коммуналдық
міншіктер
басқармасы,
шағын
кәсіпкерлікті қолдау
және дамыту
департаменті
2003-
2005
жылдары
2. Шағын кәсіпкерлікті өндірістік және инновациялық қолдау
2.1.
Конкурстар,
көрмелер,
жәрмеңкелер,
байқаулар жөніндегі шаралар жоспарын
әзірлеу. Жыл сайын "Жылдың
үздік кәсіпкері"
конкурсын өткізу
конкурс
Кәсіпкерлікті
қолдау және
дамыту
департаменті,
ШБО, ХБО
жыл сайын
2.2.
Бос тұрған ірі
кәсіпорындарды
сегменттеу
құрылымын қайта
қарау шағын
бизнес
субъектілеріне
пайдалануға
беру мақсатында
есеп облыс
әкіміне Шағын
бизнесті
қолдау
комитетіне
Аудандардың
және қала
әкімдері,
облыстық
экономика
басқармасы,
кәсіпкерлікті
қолдау және
дамыту департаменті
2003-
2005
жылдары
2.3.
Мемлекеттік
меншікке
қатысты бос
объектілерге,
аяқталмаған
құрылыстарға жыл
сайын түгендеу
жүргізу және
оларды өндіріс,
қызмет көрсету
пункттерін ашу
шартымен кейіннен
меншігін игеру
құқығымен шағын
бизнес субъектілеріне белгіленген
тәртіппен жалға
немесе сенімді
басқаруға беруді
ұйымдастыру
есеп облыс
әкіміне Шағын
бизнесті қолдау комитетіне
Облыстық
коммуналдық
меншіктер
басқармасы.
Мемлекеттік
мүлік және
жекешелендіру
жөніндегі
аумақтық
комитет,
кәсіпкерлікті
қолдау және
дамыту
департаменті
жыл
сайын
2.4.
Шағын кәсіпкер-
лік субъектілерінің Республикада
өткізілетін
шағын кәсіпкерлік
саласындағы
халықаралық
ынтымақтастық
конкурстарына
және аймақаралық
жобалар конкурстарына,
көрмелерге,
жәрмеңкелік
байқауларға,
жәрмеңкелерге,
байқауларға
қатысуын
ұйымдастыру
көрмелерге
қатысу
Аудандардың
және қала
әкімдері, ХБО,
кәсіпкерлікті
қолдау және
дамыту
департаменті
жыл
сайын
2.5.
Қазақстан
Республикасының
қазіргі заңдарына сәйкес
тұрғын үйлердің
бірінші қабаттарын қайта жобалау үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне рұқсат беру
жөніндегі
жұмыстарды
жалғастыру
есеп облыс
әкіміне Шағын
бизнесті қолдау комитетіне
Аудандардың
және әкімдері,
облыстық
инфрақұрылым,
сәулет және
құрылыс
басқармасы
ай сайын
барлық
кезеңде
2.6.
Мемлекет мұқтажы
үшін "Мемлекеттік сатып алу
жөніндегі"
заңмен қойылған
өндірістік
өнімдерді (жұмыс, қызмет)
шағын кәсіпкерлік
субъектілері
үшін қор сақтау
қарастыру
есеп облыс
әкіміне Шағын
бизнесті қолдау комитетіне
Мемлекеттік
сатып алу
жөніндегі
облыстық
департамент,
кәсіпкерлікті
қолдау және
дамыту департаменті,
облыстық
басқармалар
мен комитеттер
ұдайы
2.7.
Импорт алмастыру
бағдарламасының
шеңберінде
қызметтерге,
өндірілген
өнімдерге шетел
инвесторларына
тапсырыс беруге
кәсіпкерлердің
қатысуын
қамтамасыз етуге
көмек көрсету
есеп облыс
әкіміне Шағын
бизнесті қолдау комитетіне
Кәсіпкерлікті
қолдау және
дамыту
департаменті,
облыстық
экономика
басқармасы
2003-
2005
жылдары
2.8.
Жаңадан құрылған
өндірістерді
қажетті
құжаттармен
рәсімдеуге
(бизнес-
жоспарлар,
жобалардың
қаржылай
негіздемесі)
көмек көрсету
есеп облыс
әкіміне Шағын
бизнесті қолдау комитетіне
ШБО ассоциациясы,
кәсіпкерлікті
қолдау және
дамыту департаменті, Батыс
Қазақстан
облыстық
сауда-
өнеркәсіп
палатасы, ХБО
ұдайы
2.9.
Шағын бизнес
субъектілері
шығарған халық
тұтынатын
тауарлардан
көрме-саудасын
ұйымдастыру
көрмелер
кәсіпкерлікті
қолдау және
дамыту
департаменті,
Орал қаласының
әкімі
жылына
2-рет
2.10
Бұқаралық
ақпарат
құралдарында
шағын кәсіпорындар
өнімдерін
жарнамалауды
ұйымдастыру
жарнама
ШБО ассоциациясы,
кәсіпкерлікті
қолдау және
дамыту департаменті,
Батыс Қазақстан
облыстық
сауда-өнеркәсіп палатасы (келісім бойынша)
2003-
2005
жылдары
2.11
Дәстүрлі халық
кәсіпшіліктерін
қайта өркендету,
бірінші кезекте
инфрақұрылымды
жасақтау
есеп облыс
әкіміне Шағын
бизнесті қолдау комитетіне
Аудандардың
және Орал
қаласының
әкімдері,
облыстық
мәдениет
басқармасы,ауыл шаруашылық
департаменті
кәсіпкерлікті
қолдау және
дамыту
департаменті
2003-
2005
жылдары
2.12
ШКС шығарған
өнімдерді және
тауарларды
сертификаттау
мәселесі
жөнінде семинарлар мен "Сапа
күндерін" өткізу
шаралар жоспары, есеп
облыс әкіміне
Шағын бизнесті
қолдау
комитетіне
Орал қаласының
әкімі, ХБО,
кәсіпкерлікті
қолдау және
дамыту
департаменті
тоқсан
сайын
3. Шағын кәсіпкерлікті қолдау және қорғау инфрақұрылымын дамыту
3.1.
Облыстың барлық
аудандарында
кәсіпкерлер мен
фермерлер (шаруақожалықтары) ассоциациясын
және Қорын құру
жөнінде көмек
көрсету
есеп облыс
әкіміне Шағын
бизнесті
қолдау
комитетіне
Аудандардың
әкімдері,
облыстық
фермерлік және
шаруа қожалықтары ассоциациясы, ауыл
шаруашылығы
департаменті
2003-
2005
жылдары
3.2.
Қазақстан
Республикасының
"Қаржы лизингі
туралы" Заңына
сәйкес лизинг
қызметін дамыту
жөнінде кешенді
шаралар әзірлеу,
лизингтік
компаниялардың
қызметін
ұйымдастыру
жөнінде көмек
көрсету
есеп облыс
әкіміне Шағын
бизнесті
қолдау
комитетіне
ХБО, ШБО,
кәсіпкерлікті
қолдау және
дамыту департаменті,
сауда өнеркәсіп
палатасы
(келісім бойынша)
2003-
2005
жылдары
3.3.
Орал қаласында
және облыстың
аудандарында бос
тұрған коммуналдық меншік
объектілері
базасында
бизнес-инкубаторлар құруға
жәрдемдесу
есеп облыс
әкіміне Шағын
бизнесті
қолдау
комитетіне
Халықаралық
бизнес
орталығы,
кәсіпкерлікті
қолдау және
дамыту
департаменті,
аудандардың
және қала
әкімдері
2003-
2005
жылдары
3.4.
Жалпы пайдалануға
жол жиегіндегі
жарнамалармен
сервистік
объектілерді
ұйымдастырып
шағын кәсіпкерлікті дамытуға
қажетті жағдай
туғызу
есеп облыс
әкіміне Шағын
бизнесті
қолдау
комитетіне
шағын
кәсіпкерлікті
қолдау және
дамыту
Департаменті
Орал қаласы
және аудан
әкімдері
2003-
2005
жылдары
3.5.
Кәсіпкерлердің
арызын, өтінішін
және ұсынысын
міндетті түрде
қарауды бақылау
жүйесін
ұйымдастыру
кәсіпкерлердің өтініштерін
тіркеу
журналы, есеп
Аудандардың
және Орал
қаласы әкімдері,
облыстық
басқармалар
мен комитеттер,
құқық қорғау
органдары,
кәсіпкерлікті
қолдау және
дамыту
департаменті,
ШБО ассоциациясы
ай
сайын
3.6.
Кәсіпкерлікті
қорғауға және
дамытуға
көмектесу
мақсатында,
сондай-ақ түрлі
тексеру
органдарының
бюрократтық
араласуымен
байланысты
проблемаларды
анықтау үшін
кәсіпкерлерді
анкеттеуді өткізу
анкеттеу,
сұрақ
кәсіпкерлікті
қолдау және
дамыту
департаменті,
кәсіпкерлердің
салалық
қоғамдық
бірлестіктері
жылына
2-рет,
ұдайы
4. Кәсіпкерлікті реттеудің нормативтік-құқықтық базасы жүйесін және салық жүйесін жетілдіру
4.1.
Түйінді мәселелерді анықтау мақсатында кәсіпкерліктің
құқықтық-
нормативтік
базасын жетілдіру
жөнінде ұсыныстар
түсіру, салық
салу тәсілдерінің
бір бөлігін
қысқарту салық
ауыртпалығын
азайту және басқаларды
талдау және
ұсыныстар
ШБО ассоциациясы,
кәсіпкерлікті
қолдау және дамыту
департаменті
Ұдайы
4.2.
Шағын кәсіпкерлік
бойынша нормативтік-құқықтық
актілер туралы
енгізілген
өзгерістер жөнінде түсінік
жұмыстарын жүргізу
бұқаралық
ақпарат
кұралдарында
жарияланымдар
шағын кәсіпкелікті қолдау
және дамыту
Департаменті
ШБО ассоциациясы
ұдайы
Шағын кәсіпкерлікті насихаттау және ақпаратпен қамтамасыз ету
5.1.
Жұмыс істемейтін
азаматтарды
кәсіпкерлік
қызметтің
негіздеріне
оқытуды
ұйымдастыру,
кәсіпкерлердің
кәсіптік деңгейін
көтеру, маркетингіге тренинг
жүргізу жолымен
бизнес жоспарлар,
қаржылық есептерді жасақтау және
басқаларды
үйретуді
ұйымдастыру
курстар
Облыстық
еңбек, жұмыспен
қамту және
халықты
әлеуметтік
қорғау
басқармасы,
"Евразия"
институты,
"Андас" оқу
орталығы,
аудандардың және Орал
қаласының әкімдері
"Үміт"
Орал өңірі
әйелдер одағы
ұдайы
5.2.
Шағын кәсіпорындар үшін
жалпы ақпараттық
желінің ашықтығын
жасау, тегін
консультациялық
қызметтер көрсету, лицензиялар мен
рұқсаттар алуға
қажетті
анықтамалар
әр-түрлі түсініктер алу үшін
шағын кітапшалар
шығару
ақпарат
тапсыру
ШБО ассоциациясы,
кәсіпкерлікті
қолдау және
дамыту
департаменті,
ХБО
2003
жыл
5.3.
Бұқаралық ақпарат
құралдарында
шағын
бизнестің
проблемалары мен
қол жеткен
жетістіктері
туралы жариялап
отыру (теледидар, радио, газеттер,журналдар т. б.), кәсіпкерліктің
өзекті мәселелері
туралы материалдар
әзірлеу
жарияланымдар
мен сөздер
Кәсіпкерлікті
қолдау және
дамыту
департаменті,
облыс әкімінің
баспасөз
қызметі, ШБО
ассоциациясы,
облыстық
басқармалар
мен комитеттер
ұдайы
5.4.
Шағын кәсіпкерлікті дамыту мәселелері
жөнінде
семинарлар
өткізу
семинарлар
кәсіпкерлікті
қолдау және
дамыту
Департаменті
ұдайы
6. Шағын кәсіпкерлікті аймақтық дамыту
6.1.
Шағын бизнесті дамыту жөніндегі аймақтық
Бағдарламаның,
аудандық және қалалық
бағдарламалардың
ойдағыдай іске
асырылуын
қамтамасыз ету
есеп облыс
әкіміне Шағын
бизнесті
қолдау
комитетіне
шағын кәсіпкерлікті
қолдау және
дамыту
Департаменті,
аудандардың
және Орал
қаласының
әкімдері
тоқсан
сайын
6.2.
Облыстың аудандары
бойынша және Орал
қаласында шағын
кәсіпкерлікті
дамыту жағдайына
мониторинг
жүргізу және
рейтингтік
бағалау
көрсеткішін
енгізу жолымен
аудандар
жұмысын ай сайын
бағалау
есеп облыс
әкіміне
Шағын бизнесті
қолдау
комитетіне
Кәсіпкерлікті
қолдау және
дамыту
департаменті,
аудандардың
және Орал
қаласының
әкімдері
тоқсан
сайын