Об организации отдыха, оздоровления и занятости детей и подростков в период летних каникул на 2003-2005 годы Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.06.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2003-2005 жылдардың жазғы каникул кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы "2003-2005 жылдардың жазғы каникул кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 22 сәуірдегі N 70-ө өкімін орындау үшін, балалардың жазғы каникул кезеңінде демалысына, сауықтырылуына және жұмыспен қамтылуына қажетті жағдайлар туғызу, олардың бақылаусыз қалуларының, құқық бұзуларының және қылмыс жасауларының алдын алу, олардың 2003-2005 жылдардың жазғы каникул кезеңінде шығармашылық дамулары, жетім және табысы аз отбасыларының балаларына атаулы әлеуметтік көмек көрсету мақсатында, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы N 389-1 Заңының 19-бабы 3-тармағының, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ Заңының 27-бабы 1-тармағының 12, 14, 15, 17, 21-тармақшаларының негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2003-2005 жылдардың жазғы каникул кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру жөніндегі облыстық штабтың құрамы және іс-шаралар бекітілсін (N N 1, 2 қосымшалар).
Тармақ 2
2. Аудандар мен қалалардың әкімдері, облыстың білім департаменті (Ферхо С.И.), денсаулық сақтау (Андағұлов К.Б.), мемсанэпидқадағалау (Якупов В.С.), спорт және туризм (Мұзапаров М.О.), ішкі істер (Күнғожинов С.Т.), еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау (Шерубаев А.С.), мәдениет (Тусупбеков Т.Т.) басқармалары, ішкі саясат департаменті (Данияров Б.К.) 2003-2005 жылдардың жазғы каникул кезеңінде балалардың демалуын, жұмыспен қамтылуын және сауықтырылуын қамтамасыз етуге қажетті шаралар қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Н.С.Омаровқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Басқа 5. 2003-2005 жылдардың жазғы каникул кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру жөніндегі облыстық штабтың
Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының 2003 жылғы 3 маусымдағы N 84 қаулысына N 1 қосымша 2003-2005 жылдардың жазғы каникул кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру жөніндегі облыстық штабтың құрамы Омаров Нұрлан Сраилевич облыс әкімінің  орынбасары,      штабтың бастығы Ферхо Светлана Ивановна облыстың білім департаментінің   бастығы, штаб бастығының         орынбасары Андағұлов Қыдырбек Баянбаевич облыстық денсаулық сақтау        басқармасының бастығы Байбатчин Ертай әубәкірович Ґскемен қаласы әкімінің         орынбасары Бородаев Николай Григорьевич облыстық Кәсіподақтар кеңесінің төрағасы (келісім бойынша) Данияров Бағлан Қапаевич ішкі саясат департаменті  директорының міндетін атқарушы Күнғожинов Саулебек Тұрсынғалиевич облыстық Ішкі істер бас   басқармасының бастығы Мұзапаров Марат Ґмірбекович облыстық спорт және туризм       басқармасының бастығы Мусапирбеков Тұрсынғазы Жантуякович Семей қаласы әкімінің    орынбасары Провкин Алексей Иванович облыстық индустрия, сауда        және кәсіпкерлікті қолдау         басқармасының бастығы Түсіпбеков Түсіпхан Түсіпбекович облыстық мәдениет          басқармасының бастығы Якупов Валерий Саримович облыстық мемсанэпидқадағалау     басқармасының бастығы Аппарат басшысы
Басқа 6. 2003-2005 жылдардың жазғы каникул кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру жөніндегі облыстық штабтың іс-шаралары
Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының 2003 жылғы 3 маусымдағы N 84 қаулысына N 2 қосымша 2003-2005 жылдардың жазғы каникул кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру жөніндегі облыстық штабтың іс-шаралары №N Іс-шаралардың атауы Жауаптылар Орындалу мерзімі 1 Жергілікті жерде жағдайды талдап балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылу мәселелерін қалалар мен аудандардың әкімият отырыстарында қарау Аудандар мен қалалардың әкімдері Ағымдағы жылғы мамыр 2 2003-2005 жылдардың жаз кезінде балалар мен жасөспірімдерді сауықтыру, жұмыспен қамтуын жергілікті бюджеттерде балалармен мәдени іс-шаралар өткізуге көзделген қаржылар, сондай-ақ демеушілік және қайырымдылық көмектерді тарту есебінен ұйымдастыру және өткізу Аудандар мен қалалардың әкімдері Ағымдағы жылғы маусым- тамыз 3 Қалалар мен аудандардың ерекшеліктерін, экономикалық жағдайын, ата-аналар мен балалардың ұйымдасқан демалысқа мұқтаждықтарын ескере отырып 2003-2005 жылдарға арналған балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуы және жұмыспен қамтылу бағдарламасын әзірлеп бекіту Аудандар мен қалалардың әкімдері, білім департаменті Ағымдағы жылғы маусым- тамыз 4 Балалар мен жасөспірімдердің жазғы кезеңінде демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру жөніндегі қалалық, аудандық комиссиялар құру Аудандар  мен қалалардың әкімдері, білім департаменті Ағымдағы жылғы маусым- тамыз 5 Жазғы каникул басталғанға дейін балалардың демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру орындарының өртке қарсы жағдайын тексеру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар әзірлеу Төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық басқарма, ШҚО мемлекеттік өртке қарсы қызметі Ағымдағы жылғы мамыр 6 Жетім балалардың, ата-ананың қамқорынсыз қалған, көп балалы және жетім-жесір, табысы аз отбасылары балаларының, келеңсіз экологиялық аудандарда тұратын балалардың, мүгедек және дамуында мүмкіншіліктері шектеулі балалардың сауықтыруларын бюджет қаражаты, сондай-ақ демеушілер мен қамқорлық көмектерін тарту есебінен шығыстарды толығымен немесе бір бөлігін өтеп, бірінші кезекте қамтамасыз ету Аудандар мен қалалардың әкімдері, білім департаменті Ағымдағы жылғы маусым- тамыз 7 Жалпы білім беретін мектептердің, мектептен тыс ұйымдардың жанынан тамақтандыратын және тамақтандырмайтын күндізгі лагерлер ұйымдастыру Аудандар мен қалалардың әкімдері, білім департаменті Ағымдағы жылғы мамыр- тамыз 8 Жазғы каникул кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің  демалыстарын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын жергілікті деңгейде мектептен тыс ұйымдарда қосымша білім беру бағдарламасын жүзеге асыруға көзделген қаражаттар есебінен, сондай-ақ демеушілер мен қамқоршылық көмектерді тарту арқылы жүргізу Аудандар мен қалалардың әкімдері, білім департаменті Ағымдағы жылғы маусым  тамыз 9 Барлық лагерьлер мен демалыс аймақтарын есепке алу, заңнамаға сәйкес оларды лицензиялау, бос немесе иесіз лагерьлерді болдырмай, түгелдей пайдалану Аудандар мен қалалардың әкімдері, білім департаменті Ағымдағы жылғы қаңтар- тамыз 10 Жазғы каникул кезеңінде барлық мектептен тыс ұйымдардың жұмысын қамтамасыз ету Аудандар мен қалалардың әкімдері, білім департаменті Ағымдағы жылғы маусым-  тамыз 11 Лагерьлерді балаларды қабылдауға дайындау жөніндегі қажетті жұмыстарды жүргізу, ойын алаңдарын, көрнекі үгіт құралдарын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен стендтер  жабдықтауға ерекше көңіл бөлу Аудандар мен қалалардың әкімдері, облыстың кәсіпорын басшылары Ағымдағы жылғы мамыр 12 Барлық типтегі лагерьлердің желісін арттыру және олардың жұмыстарын жақсарту, педагог және басқа да кадрлармен қамтамасыз ету, оларда балалардың болуларына қажетті материалдық-техникалық және тұрмыстық жағдайлар жасау жөнінде үнемі шаралар қабылдау Аудандар мен қалалардың әкімдері, білім департаменті Ағымдағы жылғы маусым- тамыз 13 Барлық қала сыртындағы сауықтыру лагерьлерін орнықты радио және телефон байланысымен қамтамасыз ету Қалалар мен аудандардың әкімдері, қала сыртындағы лагерьлері бар кәсіпорындардың басшылары Ағымдағы жылғы маусым- тамыз 14 Жазғы каникул кезеңінде балалармен жұмысты ұйымдастыруға мәдениет, спорт және туризм мекемелерінің қатысуларын қамтамасыз ету, мектептердің жанындағы лагерлерде демалушы балалардың мәдениет және спорт мекемелеріне баруларына билеттің бағасын арзандату мәселесін қарастыру Облыстық мәдениет басқармасы, облыстық спорт және туризм басқармасы Ағымдағы жылғы маусым- тамыз 15 Балаларды сауықтыру лагерьлерін медициналық персоналмен жиынтықтау, іргелес аумақтарды санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және өңдеу жөніндегі шараларды жүзеге асыру. Балаларды сауықтыру лагерьлері орналасқан жерлерде санитарлық- эпидемиологиялық жағдайдың тиісті деңгейін қамтамасыз ету Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, мемлекеттік санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау басқармасы,  кәсіпорындардың басшылары Ағымдағы жылғы мамыр- тамыз 16 Жазғы сауықтыру лагерьлеріне нұсқаулық жиындарды өткен педагогтарды, жоғарғы курстардың студенттерін жіберу ШҚМУ, Шәкәрім атындағы МУ, білім департаменті, ШҚ гуманитарлық колледжі және ШҚ өнер колледжі Ағымдағы жылғы мамыр 17 Суда қайғылы жағдайға ұшыраудың алдын алу, балаларды малтауға үйрету, сауықтыру мекемелері орналасқан аймақта балалардың суға түсетін орындарын жабдықтау жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыру Мемлекеттік өртке қарсы қызметі мемлекеттік мекемесінің облыстық апаттық және суда құтқару жұмысы басқармасы, кәсіпорындардың басшылары, аудандар мен қалалардың әкімдері Ағымдағы жылғы маусым- тамыз 18 Қажетті мамандарды тартып қала сыртындағы сауықтыру лагерьлері, еңбек және демалыс лагерьлері, мектептердің жанындағы лагерлердің директорларының еңбекті қорғау, жорықтарда және суда балалардың тәртіптері мәселелері жөніндегі оқуларын өткізу Мемлекеттік өртке қарсы қызметі мемлекеттік мекемесінің облыстық апаттық және суда құтқару жұмысы басқармасы,  ІІББ, облыстық мәдениет, спорт және туризм басқармалары, білім департаменті Ағымдағы жылғы мамыр 19 Жасөспірімдерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, еңбек заңнамасына сәйкес демалыс кезінде олар үшін жеңіл жұмыс бойынша уақытша жұмыс орындарын ұйымдастыру Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы, аудандар мен қалалардың әкімдері, кәсіпорын басшылары Ағымдағы жылғы мамыр- тамыз 20 Жаз кезінде КТІБ есепте тұратын кәмелетке толмағандардың, құқық бұзушылық топтарынан балалардың еңбекпен қамтылуларын ерекше бақылауға алу ШҚО ІІББ, білім департаменті , кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия Ағымдағы жылғы мамыр- тамыз 21 Еңбек және демалыс лагерьлерінің, оқушылардың өндірістік бригадаларының, мектептердің орман шаруашылығы, көкөніс өсіру бригадаларының желісін кеңейту. Олардың күштерімен күзгі-қысқы кезеңде оқушылардың тамақтануларын жақсарту үшін көкөніс және жемістер дайындауды қамтамасыз ету Қалалар мен аудандардың әкімдері,  білім департаменті Ағымдағы жылғы маусым- қыркүйек 22 Балаларды тасымалдаудың қауіпсіздігін, сондай- ақ балаларды сауықтыру ұйымдарында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Каникул кезеңінде жолдарда және көшелерде балалардың жарақат алуларын азайту жөнінде алдын алу шараларын ескеру ШҚО ІІББ Ағымдағы жылғы маусым- тамыз 23 Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалыстары, сауықтыру және еңбекпен қамту мәселелерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауын қамтамасыз ету Ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы Ағымдағы жылғы мамыр- қыркүйек Аппарат басшысы