О региональной Программе газификации населенных пунктов Западно-Казахстанской области на 2003-2005 годы и плане мероприятий по ее выполнению Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.07.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Батыс Қазақстан облысының елді мекендерін газдандырудың 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы және оны іске асыру жөніндегі шаралары туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 21 қаңтардағы N 148-2 Заңының 6 бабына, "Қазақстан - 2030" даму Стратегиясына, "Ішкі және сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған негізгі бағыттары" Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауына және "Қазақстан Республикасында Бағдарламаларды әзірлеудің ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 25 мамырдағы N 789 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес облыстық мәслихат шешім етті:
Тармақ 1
1. Батыс Қазақстан облысының елді мекендерін газдандырудың 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы және оны іске асыру жөніндегі шаралар бекітілсін (жалғанады).
Басқа 2. Батыс Қазақстан облысының елді мекендерін газдандырудың 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы
Облыстық мәслихаттың 2003 жылғы 5 шілдедегі №33-2 шешіміне қосымша Батыс Қазақстан облысының елді мекендерін газдандырудың 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы МАЗМҰНЫ Батыс Қазақстан облысының елді мекендерін газдандырудың 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы
Тармақ 1
1. Бағдарламаның паспорты
Тармақ 2
2. Кіріспе
Тармақ 3
3. Бүгінгі өзекті мәселелерді талдау
Тармақ 4
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеті
Тармақ 5
5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен амалдары
Тармақ 6
6. Қажетті қаржыландыру көздері мен қорлары
Тармақ 7
7. Бағдарламаны жүзеге асырудан болатын түпкі нәтиже
Тармақ 8. Батыс Қазақстан облысының елді-мекендерін газдандырудың 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы
8. Батыс Қазақстан облысының елді мекендерін газдандырудың 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасын іске асыру шаралары. Батыс Қазақстан облысының елді-мекендерін газдандырудың 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы
Бөлім 1. 1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ
1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ Аталуы: Әзірлеуге негіз болған: Негізгі әзірлеушілер: Мақсат: Міндет: Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары: Қаржыландырудың көздері мен көлемі: Күтілетін соңғы нәтиже: Батыс Қазақстан облысының елді-мекендерін газдандырудың 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы. "Қазақстан - 2030" даму Стратегиясы және "Ішкі және сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған негізгі бағыттары" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 4 сәуірдегі Үндеуі. Батыс Қазақстан облыстық сәулет және құрылыс басқармасы мен облыстық өнеркәсіп және жылу-энергетикалық кешен департаменті. Облыста 2005 жылға дейін кешендерді газдандыруды дамытудың мемлекеттік саясатын айқындау. Жоғары, орташа және төменгі қысымда газ құбырларын тарту жұмыстарының бағыттары мен көлемін анықтау. Газбен қамтуды қаржыландыру жүйесін қалыптастыру және бөлінген ақшаны тиімді жұмсау. Қоршаған ортаны қорғау мен құрылыс-монтаж жұмыстары және іздену-жобалау жұмыстарының сапасын арттырып, озық технологияны енгізудегі кешендік шараларды жүзеге асыру. Негізгі бағыттарға жоғары, орта және төменгі қысымды газ құбырларының желісін салу. Жобалау мен құрылыс жұмыстарында қаражатты тиімді пайдалану үшін сұранысқа конкурстық негізде қызмет көрсету. Газ тарту жұмысында озық технология мен құрылыс заттарын пайдалануды енгізу. Жобалау-іздену мен құрылыс монтаж жұмыстарының сапасын арттырудың бақылау жұмысын жетілдіру. Қолданылып жүрген заңға сәйкес басқа да қаражат көздері мен инвестиция және Республикалық, облыстық, аудандық бюджеттен бөлінетін ақша. Облысты газдандыруды дамытуға 2003-2005 жылдарға бөлінген қаржы 8661,0 млн. теңге. Бағдарлама 1678,6 шақырым газ құбырларын салуға, 18 мың тұрғын үй мен әлеуметтік- мәдени ошақтарды газдандыруға; газ қызметін көрсету кешендерінің сапалық деңгейін көтеруге; өнімнің өзіндік құнын төмендетуге; отын-энергетикалық шаруашылық жұмыстарында бөлінген зиянды заттарды азайтуға мүмкіндіктер береді.
Бөлім 2. 2. КІРІСПЕ
2. КІРІСПЕ Бағдарлама "Қазақстан - 2030" даму стратегиясы және "Ішкі және сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған негізгі бағыттары" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 4 сәуірдегі Үндеуіне сәйкес жасалды. 2003-2005 жылдар аралығында, бағдарлама бойынша, негізінен жоғары, орта және төменгі қысымдағы газ тарту шаралары қарастырылған. Облыс елді-мекендеріне газ жүргізудегі көп жақты өзекті мәселелер бар және бұл саланы сақтау мен дамытуда жүйелі мемлекеттік саясат керектігін дәлелдеп отыр.
Бөлім 3. 3. БҮГІНГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТАЛДАУ
3. БҮГІНГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТАЛДАУ Халықтың әл-ауқатын жақсарту, өмір сүру дағдысын жеңілдету, елдің экономикасын көтеру, облыстық отын-энергетиалық кешенін қалыптастыру, бүкіл өндірістің жүйелі жұмыс жасауы газдандырумен тікелей байланысты. Қол жеткен саяси тәуелсіздігіміз экономиканың өсуімен ғана тұрақты бола алады. Ол үшін экономикалық қуатымыз артып тұрақтануы және соның негізін қалыптастыратын мықты отын-энергетикалық кешен қалыптасуы керек. Бұл бағыттағы дамуымыз "Қазақстан - 2030" Стратегиялық бағдарламасында көрсетілген. Және атқарылып жатқан істерге оң баға беріліп, шараларды газ өндірісі негізінде оңтайландыру арқылы отын-энергетикалық кешенін қалыптастыруға байланысты. Бұл салаға дұрыс мінездеме берілуі газды пайдаланудың экономикалық, әлеуметтік, экологиялық тиімділігінде болып отыр. Облыстың қуат пайдалану мүмкіндігі әлі төмен. Соның газ пайдалануға тиетін мөлшері - 28 %. Батыс Қазақстан облысын табиғи газбен қамтудың екі ірі желісі бар, "Средняя Азия - Центр" және "Оренбург - Западная граница". 1993 жылға дейін облысты газбен қамту өте аз мөлшерде болды, табиғи газбен жекелеген ауылдар мен қала тұрғындарының 15 пайызы ғана қамтылды. Ал газбен қамтудың бас жобасы 1993 жылы жасалған болатын. Сол жылдан бері Батыс Қазақстан облысын газдандыру жұмыстары үлкен қарқынмен жүріп жатыр. Қазір облыс орталығы түгелдей дерлік табиғи газды пайдаланады. Газ желісін тарту жұмыстары облыстың жеті ауданында жүріп жатыр, яғни: Ақжайық, Бөрлі, Жәнібек, Жаңақала, Зеленов, Казталов, Тасқала аудандарында. Облыс елді-мекендерінің 16 пайызы экологиялық таза экономикалық пайдалы отынмен қамтылды. 600 шақырымдық жоғары, 200 шақырымдық орташа және 1200 шақырымдық төменгі қысымдағы газ трубалары, 20 газ тарту бекеттері, 100 газ реттеуші, т.б. да орындар жасалып, орнатылды. 2003 жылы шетелдік инвесторлар қаржысымен Қарашығанақ-Жаңаталап газ желісін тарту, Жаңақала, Тасқала аудан аумағында облыстық бюджет қаражатынан газ жүргізу жұмыстары жоспарланып отыр.
Бөлім 4. 4. БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ
4. БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ Облыста газ өндірісін дамытуға 2003-2005 жылдарға белгіленген жобалар кез-келгеннің мүмкіндігі келетін, аз ғана шығынмен игеруге болатындай етіп жасалған. Бағдарламаның мақсаты 2003-2005 жылдардағы облыстағы газ өндірісінің басым бағыттарының мемлекеттік саясатын айқындау. Осы кездерге белгіленген тапсырмалар: жоғары, орта, төменгі қысымдағы газ құбырларын тартудың көлемі мен бағытын айқындау; газбен қамтудың қаржылық қамтылу көзін жасақтау, жұмсалатын қаржының тиімділігін арттыру; қоршаған ортаны қорғау, құрылыс-монтаж жұмыстары, іздену-жобалау жұмыстарының сапасын арттыру, озық үлгідегі технологияны қолданудың кешендік шараларын орындау.
Бөлім 5. 5. БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ МЕН АМАЛДАРЫ
5. БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ МЕН АМАЛДАРЫ Қолда бар қорды шоғырландыра отырып, басым бағытта мыналар белгіленеді: өткен кезеңдерде басталған газ тарту жұмыстарын аяқтау; жобалау-іздестіру жұмыстары арқылы тиімді бағыттарды айқындап, газ жүргізу. Облыста 2003-2005 жылдары газ жүргізу кестесіне бөлінген қаржы 8661. млн. теңге, оның 4505,4 млн. теңгесі республикалық бюджеттен. Ал облыстық бюджеттен 1403,3 млн. теңге, Бөрлі ауданының бюджетінен 681 млн. теңге. Шетел инвесторларынан 680 млн. теңге, ал басқа да қаржы көзі есебінен 1391,3 млн. теңге. Облыс көлеміндегі бағдарламада белгіленген жұмыстар осы қаржы арқылы жүзеге асырылады. Батыс Қазақстан облысы бойынша тіркелген 103600 үйдің 20600-і ғана газдандырылған, бұл барлық үйдің 20 пайызы. 2003-2005 жылдар бағдарламасында мынандай газ жүргізу жұмысы қарастырылған: жоғары және орта қысымды газ құбырын 1678,6 шақырымға жүргізу; газ реттеуші 8 бекет тұрғызу; 74 елді мекенге газ жүргізу; 18076 үйге газ беру. Бірінші кезекте Жаңақала, Жәнібек, Бөкейордасы, Казталов, Шыңғырлау аудандары секілді облыстық оңтүстік-батыс бөлігіндегі алыс аудандарға көңіл бөлінеді.
Бөлім 6. 6. ҚАЖЕТТІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІ МЕН ҚОРЛАРЫ
6. ҚАЖЕТТІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІ МЕН ҚОРЛАРЫ Облысты газдандыру жоғарыда көрсетілген бөлімде айтылған қаржыландыру көздері арқылы жүзеге асырылады. Аталған 2003-2005 ж.ж. шараларды қаржыландыратын бюджеттен бөлінетін ақша жыл басында мөлшері белгіленіп, жыл ішінде нақтыланып отырады.
Бөлім 7. 7. БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУДАН БОЛАТЫН ТҮПКІ НӘТИЖЕ
7. БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУДАН БОЛАТЫН ТҮПКІ НӘТИЖЕ Үш жыл ішінде барлық қаржыландыру көздерінен облысты газдандыру 1678,6 шақырым жоғары қысымды құбырлар жүргізілу арқылы жүзеге асады. Бұл Ақжайық, Бөрлі, Жәнібек, Жаңақала, Казталов, Тасқала, Зеленов аудандарында газдандыруды жалғастыру мен Бөкейордасы, Сырым, Қаратөбе, Теректі аудандарында бұл жұмыстарды бастауға мүмкіндік береді. Және 18076 тұрғын үйді газдандыруға қол жетеді (жалғанды). Қазіргі жағдайдағы газ өндірісінің бағыт-бағдарын айқындап, заңдық негіздегі құжаттар әзірлеуге; халыққа қызмет көрсетудің сапасын арттыруға; өнімнің өзіндік құнын төмендетуге; отын-энергетикалық шаруашылыққа байланысты болатын залалды қалдықтарды азайтуға. Бағдарламаны жүзеге асыру облыс экономикасына оң әсер етеді және экономикалық көрсеткіштерді көтереді.
Тармақ 1
1. 2003 жылы облысты газдандыруға 1124,1 млн. теңге қаржыны игеру.
Тармақ 2
2. 2004 жылы облысты газдандыруға барлық жұмыс түріне 3159,3 млн. теңге қаржы игеру.
Тармақ 3
3. 2005 жылы облысты газдандыруға жасалатын жұмыста 4377,6 млн. теңге қаржыны игеру.
Басқа 21. Батыс Қазақстан облысы елді-мекендерін газдандырудың 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасын іске асыру шаралары
Батыс Қазақстан облысы елді-мекендерін газдандырудың 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасын іске асыру шаралары N п/п Шараның аталуы Жұмысты аяқтау жобасы Игеретін уақыты Жауапты атқарушы Қаржыландыру көздері, млн. теңге Рес публ. бюд жет Об лыс тық бюд жет КИО Ау данд. бюд жет Бас қа да қара жат көз дері Ал дын ала бол жау шы ғын дары 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 2003 1 Жобалау- іздестіру жұмыстары Атқарылған жұмыстың көлемі І-ІV тоқсан 2003 ж. Облыстық сәулет және құрылыс басқармасы 62,0 9.5 71,5 2 Газ жүргізу жұмысы Атқарылған жұмыстың көлемі І-ІV тоқсан 2003 ж. Облыстық сәулет және құрылыс басқармасы 402.4 360,0 290.2 1052,6 2004 3 Жобалау- іздестіру жұмыстары Атқарылған жұмыстың көлемі І-ІV тоқсан 2004 ж. Облыстық сәулет және құрылыс басқармасы 3,4 11.4 20,0 14.5 9.2 58,5 4 Газ жүргізу жұмысы Атқарылған жұмыстың көлемі І-ІV тоқсан 2004 ж. Облыстық сәулет және құрылыс басқармасы 1521,0 397,0 300,0 620,0 262.8 3100,8 2005 5 Жобалау- іздестіру жұмыстары Атқарылған жұмыстың көлемі І-ІV тоқсан 2005 ж. Облыстық сәулет және құрылыс басқармасы 72 14,5 1.5 21,2 109,2 6 Газ жүргізу жұмысы Атқарылған жұмыстың көлемі І-ІV тоқсан 2005 ж. Облыстық сәулет және құрылыс басқармасы 2909,0 516,0 45,0 798,4 4268,4 Итого: 4505,4 1403,3 680,0 681,0 1391.3 8661,0
Басқа 22
Батыс Қазақстан облысы аудандарындағы елді-мекендерді газдандырудың 2003-2005 жылдарға белгіленген бағдарламасына қосымша 1-кезең N п/п Атаулары Ұзындығы (шақырым) Шамамен құны млн. теңге Соның ішінде ЖСҚ Құрылыс 2003 2004 2005 1 2 3 4 5 6 7 8 АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫ Тартылған газ құбырлары (желілері) 53 шм 5.3 152,0 20.8 41.5 95,0 Ауыл ішіне тартылған газ құбырлары 675 үй 2.8 50.5 13.3 19.7 20.3 БАРЛЫҒЫ 8.1 202.5 34.1 61.2 115.3 БӨРЛІ АУДАНЫ Тартылған газ құбырлары (желілері) 157 шм 16,0 665,0 632.5 48.5 Ауыл ішіне тартылған газ құбырлары 930 үй 3.1 70.3 57.7 15.7 БАРЛЫҒЫ 19.1 735.3 690.2 64.2 ЖӘНІБЕК АУДАНЫ Тартылған газ құбырлары (желілері) 178 шм 26.6 971,0 22,5 650.6 324,5 Ауыл ішіне тартылған газ құбырлары 590 үй 1.5 43.8 27.7 17,6 БАРЛЫҒЫ 28.1 1014,8 50,2 650.6 342,1 ЖАҢАҚАЛА АУДАНЫ Тартылған газ құбырлары (желілері) 138 шм 12.1 578.4 193,5 397 Ауыл ішіне тартылған газ құбырлары 1760 үй 3.8 131.9 66.2 64.7 4.8 БАРЛЫҒЫ 15.9 710.3 259,7 461,7 4.8 КАЗТАЛОВКА АУДАНЫ Тартылған газ құбырлары (желілері) 108 шм 10.5 324,0 7,5 213 114 Ауыл ішіне тартылған газ құбырлары 752 үй 1.6 56.5 14.9 43,2 БАРЛЫҒЫ 12.1 380.5 7,5 227,9 157,2 ТАСҚАЛА АУДАНЫ Тартылған газ құбырлары (желілері) 25 шм 64,0 64 Ауыл ішіне тартылған газ құбырлары 290 үй 1.1 21.5 22.6 БАРЛЫҒЫ 1.1 85.5 86.6 БӨКЕЙОРДАСЫ АУДАНЫ Тартылған газ құбырлары (желілері) 202 шм 21 698,0 14 449 256 Ауыл ішіне тартылған газ құбырлары 2330 үй 3.6 174,0 75.8 101,8 БАРЛЫҒЫ 24.6 872,0 14 524,8 357,8 ЗЕЛЕНОВ АУДАНЫ Тартылған газ құбырлары (желілері) 95 шм 9.8 301,0 127.7 183.7 Ауыл ішіне тартылған газ құбырлары 1095 үй 4.1 83,3 33.6 39.2 14.6 БАРЛЫҒЫ 13.9 384.3 160.7 222.9 14.6 СЫРЫМ АУДАНЫ Тартылған газ құбырлары (желілері) 200 шм 22 802,0 2 822,0 Ауыл ішіне тартылған газ құбырлары 2480 үй 5 186,0 191,0 БАРЛЫҒЫ 27 988,0 2 1013,0 ТЕРЕКТІ АУДАНЫ Тартылған газ құбырлары (желілері) 198 шм 25,0 822,0 13 834,0 Ауыл ішіне тартылған газ құбырлары 3387 үй 6.5 252,0 258,5 БАРЛЫҒЫ 31.5 1074,0 13 1092,5 ҚАРАТӨБЕ АУДАНЫ Тартылған газ құбырлары (желілері) 251 шм 31,0 1033,0 1064,0 Ауыл ішіне тартылған газ құбырлары 1992 үй 3.5 148.6 152,1 БАРЛЫҒЫ 34.5 1181.6 1216,1 ШЫҢҒЫРЛАУ АУДАНЫ Тартылған газ құбырлары (желілері) 73,6 шм 20,0 660,0 360,0 320,0 Ауыл ішіне тартылған газ құбырлары 1795 үй 3.3 133,0 136.3 БАРЛЫҒЫ 23.3 793,0 496.3 320,0 ОБЛЫС БОЙЫНША 239.2 8421,8 1124,1 3159,3 4377,6 Тартылған газ құбырлары (желілері) 1678,6 199.3 7070.4 824,4 2887,3 3558,0 оның ішінде Шетелдік инвестициядан 73,6 шм 20,0 660,0 360,0 320,0 Республиалық бюджеттен 10,67 шм 75,4 4430,0 1524,4 2981,0 Облыстық бюджеттен 381 шм 87,9 1315.4 464.4 408,4 530,5 Аудандық бюджеттен (Бөрлі) 157 шм 16,0 665,0 634.5 46.5 Кенттер ішіндегі газ құбырлары 18076 үй 39.9 1351,4 299.7 272,0 319.6(