Об утверждении региональной программы развития культуры села на 2003-2005 годы Қолданыста
Басқа 0
Ауыл мәдениетін дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты
ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Облыс әкімияты ұсынған ауыл мәдениетін дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы бекітілсін (қосымша беріліп отыр).
Тармақ 2
2. Аталған шешімнің орындалуына бақылау жасау облыстық мәслихаттың білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және тұрғындарды әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.
Басқа 3. Ауыл мәдениетін дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған
аймақтық бағдарламасы
Қостанай облыстық мәслихатының
2003 жылғы 4 шілдедегі
№ 296 шешімімен бекітілген
Ауыл мәдениетін дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған
аймақтық бағдарламасы
Мазмұны:
Тармақ 1
1. Бағдарламаның паспорты
Тармақ 2
2. Кіріспе
Тармақ 3
3. Мәдениеттің ауылдық жерлердегі қазіргі жағдайын талдау
Тармақ 4
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Тармақ 5
5. Бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі бағыттары мен тетіктері
Ауылдық аумақтардың мәдени өзгешелігінің сақталуы және дамуы
Мәдениет мекемелері мен кәсіпорындары жүйесінің сақталуы, дамуы және
материалдық-техникалық базаның нығаюы
Ауыл мәдениетін өркендетуді мамандармен қамтамасыз ету
Тармақ 6
6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері
Тармақ 7
7. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер
Тармақ 8
8. 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары
Тарау 1. 1. Бағдарламаның паспорты
1. Бағдарламаның паспорты
Атауы - Ауыл мәдениетін дамытудың
2003-2005 жылдарға арналған
аймақтық бағдарламасы
Әзірлеу үшін негіздеме - Қазақстан Республикасының
1996 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 56-1 «Мәдениет туралы» Заңы
Негізгі әзірлеуші - Қостанай облыстық мәдениет
басқармасы
Мақсаты - Облыстағы мәдениет
мекемелерінің және ауылдық
кәсіпорындардың жұмысын
жақсарту;
тұрғындар өмірінің мәдени
деңгейінің өсуін қамтамасыз
ету; ауылдық жерлердегі
мәдени салалардың
инфрақұрылымын дамыту және
жетілдіру;
ауыл мәдениетін дамытуды
мамандармен қамтамасыз етіп
отыру
Негізгі міндеті - Ауыл мәдениетін дамыту
әлеуметтік-экономикалық
өрлеудің маңызды гуманитарлық
құрамындай; ауылдың мәдени
және әлеуметтік-экономикалық
дамуының бірлігін қамтамасыз
ету;
ауыл тұрғындарына рухани-
эмоциялық түрде әр жасқа тән
мүмкіндіктерін іске асыруға,
шығармашылық демалысты
ұйымдастыруға жағдай жасау;
әуесқой және кәсіпқой халық
шығармашылығының құрамдас
бөліктерін ауылдық жердегі
мәдени өмірдің негізі ретінде
дамыту және шарықтату;
дәстүрлі халық мәдениетін
жеткізуші-шеберлерді және
ұлттық орталықтарды анықтау,
нығайту және қолдау
Жүзеге асыру мерзімі - 2003-2005 жылдар
Қаржыландыру көздері - Облыстық, аудандық, қалалық
бюджеттердің қаражаты
есебінен және заңнамамен
тыйым салынбаған басқа
көздерден
Күтілетін нәтижелер - Бағдарламада қаралған
шараларды іске асыру
нәтижесінде ауылдық
жерлердегі мәдени-демалыс
қызметінің түрлері мен
әдістері жетілдіріледі,
өтетін іс-шаралардың сапасы,
тиімділігі және мәдениет
саласы қызметкерлерінің
біліктілігі артады, еңбек
жағдайы жақсарады, ауылдағы
мәдениет салаларының
инфрақұрылымы дамиды және
жетілдіріледі
Тарау 2. 2. Кіріспе
2. Кіріспе
Қазақстан Президентінің халыққа Жолдауында: «Ауыл дегеніміз сайып келгенде, халықтың тұрмыс салты, мәдениетіміздің, дәстүріміздің, әдет-ғұрпымыз бен рухани тіршілігіміздің қайнары. Осынау саяси-моральдық және әлеуметтік факторлардың өзі-ақ бізден ауылға барынша байсалды қарауымызды талап етеді»,- деп атап көрсетті.
Ауыл - бұл өндіріс пен экономика ғана емес. Ол ұлттың рухани және тән саулығының түп тамыры. Тек ауылда ғана ұлттық мәдениетіміз шоғырланып, рухани құндылықтар, салт-дәстүрлеріміз сақталды.
Бүгінде экономикамыз көтерілген сайын, біртіндеп ауылдағы мәдениет те қайта жаңғыруда.
Өзіндік ұлттық мәдениеттің шоғырланған табиғи саласы-ауылдық жерлерді сақтау және дамыту үшін оның сапалы мәдени-әлеуметтік кеңістігін қалыптастыру қажет.
Өкінішке орай, инфрақұрылым, соның ішінде материалдық-техникалық базалардың жағдайы, мамандардың біліктілік деңгейі бүгінгі уақыт талабына сай емес. Мұндай ахуал ауылды қалалық өмір жағдайына жақындатуға, оның тұрғындарына мәдени және білім байлықтарына жетуді қалалықтармен теңдестіруге, яғни, ауыл тұрғынының толық тұлғасын қалыптастыруға ықпал етуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан қалыптасқан мәдениет саласын кезеңдік модернизациялаудың шараларын жасау қажет.
Бұл бағдарлама мәдениетті облыстың 435 мың тұрғыны тұратын ауылдық жерлердің әлеуметтік-экономикалық құралы және нақты және тиімді күшін құрайтын маңызды гуманитарлық бөлігіндей қарайды.
Бағдарлама тарихи қалыптасқан өзіндік ұлттық мәдениеттің дәстүрін, ұрпақтар сабақтастығын сақтауға, қазіргі заманғы ауыл тұрмысының мәдени байлықтарының жиынтығын қалыптастыруға бағытталған мәдени саясаттың стратегиясын болжайды.
Тарау 3. 3. Мәдениеттің ауылдық жерлердегі қазіргі жағдайын талдау
3. Мәдениеттің ауылдық жерлердегі қазіргі жағдайын талдау
Бүгінгі күні қойылған мақсаттарға жетуге кедергі болып отырған мәселелердің
төмендегідей негізгі топтары бар:
мәдениет мекемелері мен кәсіпорындарының нашар дамыған жүйесі;
ауылдық мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасының жеткіліксіз қамтамасыз етілуі;
білікті мамандарға сұраным.
Қостанай облысының ауылдық жерлерінде 2003 жылғы мәліметтер бойынша 549 мәдениет мекемелері бар: 191 клуб, 355 кітапхана, 3 мұражай.
Басты мәселе ауылдық мәдениет мекемелерін материалдық-техникалық қамтамасыз ету болып табылады. Көптеген клубтар мен кітапханалар бейімделген жайларда орналасқан, кейбіреулері апаттық жағдайда тұр. Күрделі жөндеуді облыстың 107 ауылдық мәдениет мекемесі қажет етеді (69 клуб пен 38 кітапхана).
Ауылдық мұражайлар мен кітапханалар қызметін қамтамасыз етуге жеткілікті қаражат бөлінбейді.
Әдебиет моральдық тұрғыдан ескірді (30%-ке дейін). Жаңа әдебиеттер сатып алынбайды. 2003 жылы кітап сатып алу, 400 мың теңгеге тек үш ауданда жоспарланған (Әулиекөл, Федоров, Қарасу).
Тағы бір өзекті мәселенің бірі - ауылдық жерлерде қазіргі заман үлгісіндегі компьютерлік жабдықтың және білікті мамандардың жоқтығынан Интернет жүйесі арқылы бірыңғай ақпараттық кеңістікке шығу мүмкіндігінің болмауы. Компьютерлер тек Федоров және Денисов аудандары орталықтандырылған кітапхана жүйелерінде ғана бар.
Ауыл мәдениетін дамытудың маңызды мәселелерінің бірі ауылдық мәдениет мекемелерінің мамандармен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі. 789 ауылдық қызметкерлердің 241-і ғана арнаулы білімді. Қалыптасқан жағдай маман-хореографтарды, халық хор ұжымдары, ұлт-аспаптар оркестрлері басшыларын, мәдени-бұқаралық бағдарламалардың ұйымдастырушылары мен қоюшыларын, кітапханашыларды арнайы дайындауды қажет етеді. Ауылдық мәдениет қызметкерлерінің мамандығын көтеру жүйесін ұйымдастыру қажет.
Аталған мәселелердің көрсеткіші - ауылдық жерлерде мәдени-демалыс қызметтің сапасы мен тиімділігінің төмендеуі. Клубтық іс-шаралардың, балалар клубтық бірлестіктерінің, көркемөнерпаздар ұжымдарының, кәсіпқой ұжымдардың өнер көрсетулерінің саны азайды. Облыстағы ауыл тұрғындарының мәдени сұраныстары мен оларды қанағаттандыру мүмкіндігі арасындағы алшақтық үнемі ұлғаюда.
Аталған Бағдарлама ауылдық қоныстардың үлкен жүйелі аумағын алып жатқан Қостанай облысының ерекшелігін ескереді.
Біздің облыста 1960 жылдан бастап шалғай жатқан ауыл тұрғындарына мәдени және ақпараттық қызмет көрсетудің бірден бір жолы болып табылатын автоклубтар жұмыс істеді. Бүгінде біздің өңірде олардың 4-уі бар. Басқаларының штаттық бірліктері қысқартылды, автокөлік жарамсыз болып қалды. Бұл бағытта Қарағанды облысының тәжірибесі бар, оларда құны 1200 мың теңге тұратын жылжымалы мәдени-демалыс видеомобиль құрылған. Аталған Бағдарламаның негізгі іс-шараларының жоспары ауылдық аумақтардың ұсыныстары негізінде жасалған және олардың өзекті мәселелері мен мәдениет саласындағы сұранымдарын көрсетеді.
Тарау 4. 4. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері
4. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері
Бағдарламаның негізгі мақсаты:
Ауылдағы мәдениет саласы инфрақұрылымының дамуы, ауылдық мәдениет мекемелері мен кәсіпорындарының жұмысын жақсарту, олардың материалдық-техникалық базасын нығайту, қазіргі заманғы ауылдық тұрмыс мәдени құндылықтарының бірлігін қалыптастыру.
Бағдарламаның міндеттері:
ауыл мәдениетін дамыту әлеуметтік-экономикалық өрлеудің маңызды бөлігіндей;
тұрғындарына кіші отанын, туған үйін сезіндіру мақсатында шоғырлану мүмкіндігін беретін тұрақты әлеуметтік-мәдени кеңістік ретінде ауылды сақтау және жандандыру;
ауыл тұрғындарына рухани-эмоциялық түрде әр жасқа тән мүмкіндіктерін іске асыруға, шығармашылық демалысты ұйымдастыруға жағдай жасау;
ақпараттық кеңістікті ұлғайту, өзара мәдени қатынастардың және ауылдық қоғамдастықтар өміріне төзушілікке мәдени принциптерді енгізу;
әуесқой және кәсіпқой халық шығармашылығының құрамдас бөліктерін ауылдық жердегі мәдени өмірдің негізі ретінде дамыту және шарықтату;
дәстүрлі халық мәдениетін жеткізуші-шеберлерді және орталықтарды анықтау, нығайту және қолдау;
мәдениет саласының ауылдық жерлердегі инфрақұрылымын дамыту және жетілдіру;
ауыл мәдениетін өркендетуді мамандармен қамтамасыз ету.
Тарау 5. 5. Бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі бағыттары мен тетіктері
5. Бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі бағыттары мен тетіктері
Ауылдық аумақтардың өзіндік мәдени ерекшелігінің дамуы және сақталуы
Қостанай облысы 100-ге жуық ұлттар мен халықтар тығыз орналасқан аумақтық құрамдардың кешенінен тұрады. Олардың барлығы да өзіндік ұлттық дәстүр мен мәдениеттің қайнары болып табылғандықтан, жақсылары жаңғыртылып, үлгі болуы қажет.
Сонымен қатар олар облыстың аймақтық қоғамдастығымен тұтасуы тиіс. Ауылдық қоғамдастықтардың игілігінің маңызды факторы әлеуметтік және мәдени аспектілердегі өміршеңдігі болып табылады. Бұл облыстың мәдени байлығына зор үлес қосатын дәстүрлі ғұрыптар мен мерекелерде көрініс береді. Бұл өміршеңдік тұрғындардың тұрақтылығын, әртүрлі жастағы топтар мен туысқандық байланыстар арасындағы тепе-теңдікті сақтауға байланысты.
Бағдарламаның аталған тарауындағы іс-шаралар дәстүрлі халық мәдениетін, өзінің кіші отанын сүю сезімін, патриоттық сананы және әулет, отбасы дәстүрлерін қайта қалыптастыруға және дамытуға, қазіргі заман жағдайындағы ұрпақтар сабақтастығын жүзеге асыруға ықпал етеді.
Бағдарлама көрсетілген бағыттар бойынша қарайды:
облыстың ауылдық мәдениет мекемелерінің тексеруін, олардың техникалық жағдайы, жабдықталуы туралы мәліметтер базасын құруды;
мекемелер мен кәсіпорындардың материалдық-техникалық базасын нығайту жөніндегі қажетті шараларды қолдану үшін ортақ қарекет (аудандық әкімият және мәдениет бөлімдері) жоспарларын құруды;
ауыл халқының шығармашылық тұрғыдан өзін көрсетуі және демалысын ұйымдастыруы жөніндегі іс-шаралар әзірлеу;
ауылдық аудандарда ойын-сауық іс-шараларын өткізу жүйесін қалыптастыру.
Мәдениет мекемелері мен кәсіпорындары жүйесінің сақталуы, дамуы және материалдық-техникалық базаның нығаюы
Жаңа ауылдық мәдени-әлеуметтік ортаны қалыптастыру лайықты материалдық-техникалық база болғанда ғана мүмкін болады. Аталған Бағдарлама мәдени-демалыс қызметтің сапалылығын қамтамасыз ету үшін қажетті жағдай жасауды қарастырады.
Бағдарламаның іс-шаралары облыстық, аудандық бюджеттер және тартылған қаражаттар есебінен жүзеге асады.
Жергілікті қаражат есебінен (аудандық және ауылшаруашылығы кәсіпорындары қаражаттары) ауылдық мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базаларын нығайту жөніндегі бірқатар шаралар жоспарлануда.
Мәдениет мекемелерін қайта жаңарту жұмыстары, ағымдық және күрделі жөндеулері өткізіледі, жақсы ғимараттарға көшіріледі.
Клуб мекемелерінің музыка аспаптарының жоқтығын, ескірген техникалық жабдықтарын, тозған сахна киімдері мен сұранымдарын ескере отырып, оларды сатып алу және жыл сайын жаңарту мәселесі қарастырылуда.
Ауылға білікті мамандарды тарту, штаттық бірліктерді ұлғайту да қарастырылуда.
Мәдениет мекемелерін қазіргі заманғы жабдықтармен, компьютерлік техникамен қамтамасыз ету тұрғындарға қызмет көрсету сапасын арттыруға, кітапханалардың ақпараттық тұрғыдан мүмкіндіктерін кеңейтуге жағдай жасайды.
Ауыл мәдениетін өркендетуді мамандармен
қамтамасыз ету
Мәдениет қызметкерлері тұрғындарды мәдени өмірге тартады, адамдардың мәдениет саласындағы білім деңгейін көтеруге ықпал жасайды. Мәдениет қызметкерлерінің кәсіптік қызметін сапалы түрде жүзеге асыру үшін біліктіліктерін көтеру төмендегі іс-шаралар арқылы іске асырылмақ:
облыстық семинарлар, шебер-сыныптарын ұйымдастыру және өткізу;
мәдениеттің инновациялық объектілері базаларында шығармашылық лабораториялар құру;
мәдениет мекемелерін ғылыми-әдістемелік қамту.
Тарау 6. 6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері
6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері
Бағдарламаны жүзеге асыру бюджетінің көлемі 90762 мың теңгені құрайды:
2003 жылға - барлығы 19324 мың теңге;
2004 жылға - барлығы 30394 мың теңге;
2005 жылға - барлығы 41044 мың теңге.
Тарау 7. 7. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер
7. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер
Бағдарламаның тиімділігін бағалау өлшемі болып табылады:
Осы заманғы ауыл тұрмысының мәдени құндылықтарының жиынтығын қалыптастыру;
Жеке тұлғаның мүмкіндіктерін толық жүзеге асыруға жағдай жасайтын, дәстүрлі және жаңа мәдени-әлеуметтік түрдегі ауылдық қоғамдастықтар құру;
өмірлік әдет-ғұрыптардың үлгілерін енгізу, осы заманғы технологияны пайдаланған сапалы еңбек, өркениетті тұрмыс, белсенді демалыс;
жастардың ауылда қалуы үшін жағдай жасау;
мәдениет қызметкерлерінің мамандығын көтеруге, ауылдықтардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған мәдени-ағарту жүйесінің қалыптасуы;
ауыл тұрғындарын мәдениет игіліктеріне жақындататын сұраныстарын қалыптастыру;
көркемөнерпаздар шығармашылығын және кәсіптік өнерді дамыту;
материалдық-техникалық базаны нығайту, ауылдағы мәдени қызметті түрлендіру және сапасын көтеру;
Қостанай облысының жалпы тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамсыз ету.
Тарау 8. 8. Ауыл мәдениетін өркендетудің 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
8. Ауыл мәдениетін өркендетудің 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
№
р/с
Іс-шаралар
Аяқтау
нысаны
Орындауға
жауаптылар
Орындалу
мерзімі
1
2
3
4
5
Бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі бағыттары
1
Ауылдық мәдениет
мекемелерінде тексеру жүргізу,
олардың жағдайы туралы мәлімет жинау
Аудандық мәдениет бөлімдері
I-II тоқсан 2003 жыл
2
Жергілікті деңгейдегі әкімияттармен, ағымдық және күрделі жөндеу шаралары жөніндегі субъектілерге ие болып жүрген басшылармен келісім, бағдарлама қаражатының көлемін анықтау және сахналық киімдер мен аппаратура сатып алу
келісім
Аудандық мәдениет бөлімдері
I-II тоқсан 2003 жыл
3
Ауылдың болашағына жауапкершілікке және азаматтыққа
тәрбиелейтін, туған жерге деген патриоттық
көзқарасты қалыптастыратын бұқаралық іс-шаралар жоспарын әзірлеу
Аудан әкімдерінің шешімі
Аудандық мәдениет бөлімдері
I-II тоқсан 2003 жыл
4
Бұқаралық іс-шаралар жоспарының жүзеге асырылуы
Аудандық мәдениет бөлімдері
Барлық уақыт ішінде
Фестивальдер мен конкурстарды ұйымдастырушылық, әдістемелік және қаржылық қамтамасыз ету
5
Халықаралық байқаулар мен фестивальдерге қатынасу
Облыстық мәдениет
басқармасы,
облыстық
мәдениет Сарайы, облыстық шығармашылық
үйі, облыстық филармония
Барлық уақыт
ішінде
6
Республикалық байқаулар мен фестивальдерге қатынасу
Облыстық
мәдениет басқармасы,
облыстық мәдениет Сарайы, облыстық филармония
Барлық уақыт
ішінде
7
Облыстық байқаулар мен фестивальдер ұйымдастыру және өткізу
Облыстық мәдениет басқармасы, облыстық мәдениет Сарайы, облыстық шығармашылық үйі, облыстық филармония
Барлық уақыт
ішінде
8
Қазақстан халықтары Ассамблеясымен бірлескен іс-шаралар өткізу
облыстық шығармашылық үйі
Барлық уақыт
ішінде
9
Мәдениет және өнер қайраткерлерімен шығармашылық кештер өткізу, ардагерлерді марапаттау, жас мәдениет қызметкерлеріне арнау-кештер
облыстық кинопрокат, облыстық театрлар, облыстық мәдениет Сарайы
Барлық уақыт
ішінде
10
Нашақорлықпен күрес жөніндегі іс-шаралар
облыстық филармония, облыстық шығармашылық үйі, облыстық орыс драма және қуыршақ театры
Барлық уақыт
ішінде
Аудандық орталық кітапханалық жүйелердің кітап қорларының толықтырылуы
11
Өлкетану әдебиеттерін сатып алу
12
«Таң-Шолпан» журналына жазылу (1000 комплект)
13
Кітаптар алу
14
Мерзімдік басылымдарға жазылу (газет-
журналдар)
Барлығы
Ауылдық мәдениет мекемелеріне шефтік көмек көрсету
15
Төмендегі аудандарға ұсталған сахналық киімді, театр реквизиттерін, сахна костюмдерін, музыкалық аппаратураларды, жиһаздарды, орындықтарды беру:
Алтынсарин ауданы
Облыстық филармония
Әулиекөл ауданы
Облыстық зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапхана, облыстық Шығар-
машылық үйі
Денисов ауданы
Облыстық филармония
Қамысты ауданы
Облыстық мәдениет Сарайы
Қарасу ауданы
Облыстық балалар мен жасөспірім
дер кітапханасы, облыстық филармония
Қостанай ауданы
Облыстық филармония, облыстық мәдениет Сарайы
Меңдіқара ауданы
Облыстық орыс драма және қуыршақ театры
Сарыкөл ауданы
Облыстық филармония
Таран ауданы
Облыстық филармония
Әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету
16
Клуб қызметкерлеріне арналған 3 семинар
Облыстық мәдениет Сарайы
17
Ауылдық кітапхана қызметкерлеріне арналған бір жылда 4 семинар
Л.Толстой атындағы облыстық ғылыми-
әмбебап кітапхана
18
Меңдіқара, Аманкелді, Жанкелдин, Таран, Жетіқара, Қарабалық аудандары мұражай
қызметкерлеріне арналған шеберлік сыныптары
Облыстық тарихи-
өлкетану мұражайы, облыстық Ы.Алтынсаринның мемориалдық мұражайы
19
Мұражай қызметкерлеріне арналған облыстық семинар
Облыстық тарихи-
өлкетану мұражайы, облыстық Ы.Алтынсаринның мемориалдық мұражайы
20
«Қазіргі уақыт пен мұражай» ғылыми-
тәжірибелік конференция
Облыстық тарихи-
өлкетану мұражайы, облыстық Ы.Алтынсаринның мемориалдық мұражайы
Автокөлік
21
Төмендегі аудандарға УАЗ-автоклубы үлгісіндегі арнаулы автокөлік сатып алу:
Аманкелді, Жанкелдин, Арқалық, Қамысты, Наурзым, Алтынсарин, Әулиекөл, Денисов аудандары
Облыстық мәслихаттың шешімі
Аудан әкімдері
2004 жыл
Жетіқара, Қарабалық, Қарасу, Меңдіқара, Сарыкөл, Таран, Ұзынкөл, Федоров, Қостанай аудандары
Облыстық мәслихаттың шешімі
Аудан әкімдері
2005 жыл
Барлығы
Үлгілік кітапханалар
22
Қостанай және Меңдіқара аудандарында үлгілік ауылдық кітапханалар енгізу
Қазақстан Республика-сы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің бұйрығы
Аудан әкімдері
2005 жыл
БАРЛЫҒЫ
таблицаның жалғасы:
№
р/с
Белгіленген шығыстар
(мың теңге)
Қаржыландыру көзі
2003 жыл
2004 жыл
2005 жыл
1
6
7
8
9
Бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі бағыттары
1
Қаржы қажет емес
2
Қаржы қажет емес
3
Қаржы қажет емес
4
Бекітілген
көлем шегінде
Бекітілген
көлем шегінде
Бекітілген
көлем шегінде
Аудандық бюджеттер
Фестивальдер мен конкурстарды ұйымдастырушылық, әдістемелік және қаржылық қамтамасыз ету
5
2200
2500
3000
Бюджеттен бекітілген
қаражат шегінде
6
1850
2000
2500
Бюджеттен бекітілген
қаражат шегінде
7
2030
3000
4000
Бюджеттен бекітілген
қаражат шегінде
8
1000
1000
1000
Бюджеттен бекітілген
қаражат шегінде
9
500
500
500
Бюджеттен бекітілген
қаражат шегінде
10
500
500
500
Бюджеттен бекітілген
қаражат шегінде
Аудандық орталық кітапханалық жүйелердің кітап қорларының толықтырылуы
11
3517
3517
3517
Бюджеттен бекітілген
қаражат шегінде
12
1213
1213
1213
Бюджеттен бекітілген
қаражат шегінде
13
400
400
400
Аудандық бюджеттер
14
6000
6000
6000
Аудандық бюджеттер
11130
11130
11130
Ауылдық мәдениет мекемелеріне шефтік көмек көрсету
15
Қаражат қажет емес
Қаражат қажет емес
Қаражат қажет емес
Қаражат қажет емес
Қаражат қажет емес
Қаражат қажет емес
Қаражат қажет емес
Қаражат қажет емес
Қаражат қажет емес
Әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету
16
24
24
24
Бюджеттен бекітілген
қаражат шегінде
17
40
40
40
Бюджеттен бекітілген
қаражат шегінде
18
50
50
Бюджеттен бекітілген
қаражат шегінде
19
100
Бюджеттен бекітілген
қаражат шегінде
20
100
Бюджеттен бекітілген
қаражат шегінде
Автокөлік
21
1200 х 8 = 9600
Жергілікті бюджет
1200 х 9 = 10800
Жергілікті бюджет
20400
Жергілікті бюджет
Үлгілік кітапханалар
22
2 х 3700 = 7400
Жергілікті бюджет
19324
30394
41044
90762