Об утверждении Программы управления государственным коммунальным имуществом Костанайской области на 2003-2005 годы Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.07.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай облысының мемлекеттiк коммуналдық мүлiгiн басқарудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТI:
Тармақ 1
1. Облыс әкiмi ұсынған Қостанай облысының мемлекеттiк коммуналдық мүлiгiн басқарудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
Тармақ 2
2. Бағдарламаның орындалуына бақылау жасау облыстық мәслихаттың экономика, басқару және өзiн-өзi басқару жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.
Басқа 3
Қостанай облыстық мәслихатының 2003 жылғы 4 шiлдедегi № 297 шешiмiмен бекiтiлген Қостанай облысының мемлекеттiк коммуналдық мүлiгiн басқарудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы
Тармақ 1
1. Бағдарламаның паспорты
Тармақ 2
2. Кiрiспе
Тармақ 3
3. Қазiргi жағдайды жалпы талдау
Тармақ 4
4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
Тармақ 5
5. Бағдарламаның негiзгi бағыттары және iске асыру тетiгi
Тармақ 6
6. Қажеттi ресурстар және қаржыландыру көздерi
Тармақ 7
7. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтiлетiн нәтиже
Тармақ 8
8. Бағдарламаны жүзеге асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
Тарау 1. 1. Бағдарламаның паспорты
1. Бағдарламаның паспорты Бағдарламаның толық атауы Қостанай облысының мемлекеттiк коммуналдық мүлiгiн басқаруды» 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы Бағдарламаны әзiрлеу үшiн негiздеме Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 3 ақпандағы № 118 қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк мүлiктi басқарудың және жекешелендiрудi» тиiмдiлiгiн арттырудың 2003-2005 жылдарға арналған салалық бағдарламасы Бағдарламаның» негiзгi әзiрлеушiсi Қостанай облысының коммуналдық мүлiк және мемлекеттiк сатып алу департаментi Бағдарламаның мақсаты мен мiндетi Бағдарламаның бас мақсаты - мемлекеттiк коммуналдық мүлiктi басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру. Бағдарламаның негiзгi мiндетi: Қостанай облысының мемлекеттiк коммуналдық мүлiгiн басқару жүйесiн жетiлдiру және оны тиiмдi қолдануына бақылауды нығайту Бағдарламаны қаржыландыру көздерi Бағдарлама мемлекеттiк бюджеттен қаржыландыруды талап етпейдi Бағдарламаны жүзеге асырудан күтiлетiн нәтиже Қостанай облысының мемлекеттiк коммуналдық мүлiгiн басқару тиiмдiлiгiн жоғарылату; мемлекеттiк қатысы бар ұйымдар мен мемлекеттiк ұйымдарды» тiзбесiн оңтайландыру, оларды» қызмет көрсеткiштерiн жақсарту; мемлекеттiк коммуналдық мүлiктi жекешелендiру, жалға немесе сенiмдi басқаруға беру шеңберiнде пайдаланудан бюджетке түсетiн түсiмдердi көбейту; мемлекеттiк коммуналдық мүлiктi есепке алуын қамтамасыз ету; облыс экономикасын жалпы жақсарту. Бағдарламаны жүзеге асыру мерзiмi 2003-2005 жылдары
Тарау 2. 2. Кiрiспе
2. Кiрiспе Осы бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 3 ақпандағы № 118 қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк мүлiктi басқарудың және жекешелендiрудiң тиiмдiлiгiн арттырудың 2003-2005 жылдарға арналған салалық бағдарламасына сәйкес, Қостанай облысының мемлекеттiк коммуналдық мүлiгiн тиiмдi басқаруды жетiлдiру, оны оңтайлы пайдалануға бақылауды нығайту мақсатында әзiрленген. Бағдарламамен келесi негiзгi бағыттар бойынша iс-шараларды жүзеге асыру қарастырылған: мемлекеттiк коммуналдық мүлiктi басқару жүйесiн жетiлдiру; мемлекеттiк коммуналдық мүлiктi тиiмдi пайдалануға бақылау жасауды нығайту; мемлекеттiк коммуналдық мүлiктi есепке алуды жетiлдiру; мемлекеттiк коммуналдық мүлiктi жекешелендiрудi мемлекеттiң мүддесiмен сәйкес жүзеге асыру; жекешелендiруден кейiнгi бақылауды жетiлдiру; мемлекеттiк коммуналдық мүлiктi экономиканың басымды секторларын дамыту мақсатында белсендi пайдалану.
Тарау 3. 3. Қазiргi жағдайды жалпы талдау
3. Қазiргi жағдайды жалпы талдау
Тармақша 1
1) Қостанай облысының мемлекеттiк коммуналдық мүлiгiн басқарудың нормативтiк базасы. Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес және мемлекеттiк коммуналдық мүлiктi басқаруды» нормативтiк-құқықтық базасын жетiлдiру мақсатында Қостанай облысының жергiлiктi атқарушы органдарымен мемлекеттiк мүлiктi басқару мәселелер жөнiнде бiрнеше шешiмдер қабылданған. Қабылданған шешiмдердiң негiзi облыстың коммуналдық меншiгiн басқару жүйесiн жетiлдiру болып табылады: мемлекеттiк мүлiктi сенiмдi басқаруға, жалға берудiң механизмi, мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi басқа да ережелер. Мысалы, Қостанай облысы әкiмiнiң 2000 жылғы 19 қыркүйектегi № 177 шешiмiмен бекiтiлген Мемлекеттiк коммуналдық мүлiктi жалға берудiң Ережесiн енгiзуi мемлекеттiк емес заңды және жеке тұлғаларға мемлекеттiк мүлiктi конкурссыз коммуналдық заңды тұлғалар басшыларымен берудiң мүмкiндiгiн жойды. Қазiргi уақытта Қостанай облысында мемлекеттiк коммуналдық мүлiктi конкурс жариялау арқылы жалға берудiң кестесi ретке келдi, соның нәтижесiнде мүлiктi пайдалану тиiмдiлiгi өстi. Қостанай облысы әкiмiнiң 2000 жылғы 19 қыркүйектегi № 178 шешiмiмен Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн несиелеуде кепiлдiктi қамтамасыз ету ретiндегi коммуналдық меншiк объектiлерiн пайдалануды» ережесi бекiтiлдi, олар шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң несие ресурстарына қосымша қол жетерлiк мүмкiндiгiн ашты. Қостанай облысы әкiмiнiң 2000 жылғы 9 қарашадағы № 209 шешiмiмен бекiтiлген Кәсiпорындарды, акционерлiк қоғамдар мемлекеттiк пакеттер акцияларын және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң мемлекеттiк үлесiн сенiмдi басқаруға берудiң Ережесін енгiзуi сенiмдi басқарушыны таңдау кезiнде бәсекелесудi, мемлекеттiк мүлiк субъектiлерiн сенiмдi басқаруға беру үдерiсiнiң жариялылығын қамтамасыз еттi. Пайдаланылмай тұрған коммуналдық меншiктегi объектiлерге нақты қолдануды тапқан, бастапқы капиталы жоқ шағын бизнес субъектiлерiне жаңа жұмыс орындарын ашуға түрткi берген Қостанай облысы әкiмiнiң 2000 жылғы 24 қаңтардағы № 14 шешiмiмен бекiтiлген Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне пайдаланылмай тұрған коммуналдық меншiктегi объектiлердi кейiн меншiкке беру құқығымен жалға немесе сенiмдi басқаруға берудi» Ережесiн да айтып кету керек.
Тармақша 2
2) Қостанай облысының мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорындарын басқару 2003 жылдың 1 қаңтарына Қостанай облысының мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорындарының саны 375 кәсiпорын құрады, оның iшiнде 207 кәсiпорын шаруашылық жүргiзу құқығында және 168 кәсiпорын жедел басқару құқығында. Қостанай облыстық мәслихатының 2001 жылғы 2 ақпандағы № 95 шешiмiмен бекiтiлген 2001-2003 жылдардағы Қостанай облысының мемлекеттiк коммуналдық мүлкiн басқару бағдарламасына сәйкес мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорындар қызметiне талдау жасалған, оның негiзiнде олардың классификациясы құрастырылған: Шаруашылық жүргізу құқығында Жедел басқару құқығында Барлығы Барлығы 207 168 375 Маңыздылығы стратегиялық маңызды 4 - 4 өмiр сүрудi қамтамасыз ету 37 69 106 басқалар 166 99 265 Экономикалық жағдай пайдалы 26 64 90 шығынды перспективасы бар 61 104 165 шығынды перспективасыз 120 - 120 Нарықтағы жағдай монополистер 23 - 23 басымдылық жасайтындар 111 168 279 бәсекелестер 182 168 350 Қызмет жасау iс-әрекет жасайтындар 111 168 279 iс-әрекет жасамайтын- дар 96 - 96 2001 жылмен салыстырғанда (89,3 мың. теңге) 2002 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорындарды» таза пайда бөлiгiнiң жергiлiктi бюджетке түсуiнiң көбейтуiне қарамастан (900 мың. теңге) мемлекеттiк кәсiпорындардың пайдасынан түскен түсiмдер маңызды болуға мүмкiн. Қостанай облысының көптеген мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорындары объективтi себептер және субъективтi себептер бойынша: тиiмсiз басқару, мемлекеттiк басқару органдар жағынан бақылауды» жоғы, шығынды болып қалады. Шығынды мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорындарға қатысты келесi iс-шараларды қолдану керек: мемлекеттi» мүддесiн және оларға жүктелген мақсаттарды есепке ала отырып, олардың мемлекеттiк кәсiпорындар мәртебесiнде болуының мақсаттылығын анықтап оларды жекешелендiру, заңды тұлғалардың басқа да ұйымдастыру-құқықтық нысандарына қайта ұйымдастыру немесе жою мүмкiндiгiн қарастыру. Сонымен қатар мемлекеттiк басқару органдар жағынан кәсіпорынның қаржы-заң қызметiне бақылауды нығайтуды, коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындар басшыларының қаржы жағдайы үшiн жауапкершiлiгiн жоғарылатуды талап ету керек.
Тармақша 3
3) Жарғы капиталында мемлекеттiк қатысу бар заңды тұлғаларды басқару 2003 жылдың 1 қаңтарына Қостанай облысының 25 акционерлiк қоғамда және 4 шаруашылық серiктестiкте қатысу үлесi бар. Заңды тұлғалардың көрсетiлген санынан 23 ұйым нақты iс-әрекет жасамайды, олардың көбiсiнде кредиторлар талабын қанағаттандыру үшiн мүлiктерi жоқ . Осындай ұйымдарға қатысты оларды Заңды тұлғалардың мемлекеттiк тiркеуiнен алып тастау жөнiндегi iс-шараларын қолдану керек. Осыған қарамастан, бiрнеше мемлекеттiк қатысу үлесi бар ұйымдар пайдалы болып табылады және таза пайданың бөлiгiн мемлекеттiк бюджетке аударып отырады: Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне түскен үлеспайдалар бойынша мәлiметтер келесi түрде көрiнiп түр: Мезгiл Жергiлiктi бюджетке акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне үлеспайданың түсуi, мың. теңге 2000 жыл 2 245,8 2001 жыл 898,0 2002 жыл 2 341,1 Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне үлеспайданың бюджетке тұрақсыз аударылуы бiр жақтан Қостанай облысының қатысу үлесi бар ұйымдардың аз саны болып табылады, екiншi жақтан акциялардың мемлекеттiк пакеттерi (қатысу үлесi) коммуналдық меншiкте бар болатын акционерлiк қоғамдардың (серiктестiктердiң) қаржы-шаруашылық қызметтерi нәтижесiне оларды бақылайтын мемлекеттiк органдардың жағынан тиiмдiлiгi жеткiлiксiздiк бақылау туралы куәлiк етедi.
Тармақша 4
4) Мемлекеттiк коммуналдық мүлiктi есепке алу Қостанай облыстық мәслихатының 2001 жылғы 2 ақпандағы № 95 шешiмiмен бекiтiлген 2001-2003 жылдардағы Қостанай облысының мемлекеттiк коммуналдық мүлкiн басқару бағдарламасы шеңберiнде коммуналдық заңды тұлғалар және мемлекеттiк қатысы бар тұлғаларды» тiзiлiмi құрастырылған. Көрсетiлген тiзiлiмнен басқа мемлекеттiк коммуналдық мүлiктi тиiмдi есепке алу мақсатымен 2000-2002 жылдары бойы Қостанай облысының» коммуналдық мүлiк және мемлекеттiк сатып алу департаментiмен коммуналдық заңды тұлғалар мүлiгiнiң тiзiлiмi құрастырылып, жүргiзiлiп жатыр. 2003 жылдың 1 қаңтарына Қостанай облысы ие болатын игiлiк (мүлiк) 28 604 369 502 теңгенi құрайды: ғимараттар мен құрылыстар 26 177 092 072 теңге сомасына; көлiк 1 827 277 430 теңге сомасына. Осы уақытқа дейiн техникалық мүмкiншiліктердiң және қаражаттардың жоқ болуына байланысты коммуналдық заңды тұлғалармен Қостанай облыстық мәслихатының 2001 жылғы 2 ақпандағы № 95 шешiмiмен бекiтiлген 2001-2003 жылдардағы Қостанай облысының мемлекеттiк коммуналдық мүлкiн басқару бағдарламасымен қарастырылған бас мәлiметтер базасын мемлекеттiк коммуналдық мүлiктi басқаруға уәкiлеттi бiрыңғай органда жүргiзумен тiзiлiмдi жүргiзу жүйесiн электронды тасуға айналдыратын бухгалтерияны компьютерлау жоспары орындалмаған. Бiрақ осы жұмысты Бағдарламаны жүзеге асыру барысында осындай мүмкiндiлiк пайда болған кезде өткiзу керек. Бұдан әрi Қостанай облысы ие болған бүкiл активтердi (негiзгi құрал-жабдықтар) енгiзу тәсiлiмен мемлекеттiк коммуналдық мүлiктiң тiзiлiмiн кеңейту керек.
Тармақша 5
5) Мемлекеттiк коммуналдық мүлiктi жалға алу Мемлекеттiк меншiк объектiлерiн жеке секторға беруiне байланысты коммуналдық меншiк мүлiгiн жалға беруден түскен түсiмдер көлемiнiң жалпы төмендеуiне қарамастан мемлекеттiк мүлiктi жалға беруi жергiлiктi бюджеттi құрастырудың пайдалы көзi болып қалады. Мемлекеттiк коммуналдық мүлiктi жалға беруден түскен түсiмдер жөнiндегi мәлiметтер: 2000 жыл 2001 жыл 2002 жыл Түсiмдер сомасы, мың» теңге 60 541,1 49 642 43 248,5 Қостанай облысы әкiмiнiң 2000 жылғы 19 қыркүйектегi № 177 шешiмiмен бекiтiлген Мемлекеттiк коммуналдық мүлiктi жалға беру тәртiбi туралы Ережесiмен осы көзден бюджетке түсетiн түсiмдер деңгейiнiң салыстырмалы тұрақтылығын қамтамасыз ететiн мемлекеттiк коммуналдық мүлiктi конкурс арқылы беруге жергiлiктi атқарушы органдардың мүддесi қарастырылған. Осыған қарамастан мүлiкке шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығымен ие болған заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттiк басқару органдар жағынан мемлекеттiк коммуналдық мүлiктi оңтайлы пайдалануға бақылауды нығайту қажет.
Тармақша 6
6) Мемлекеттiк коммуналдық мүлiктi жекешелендiру 2000-2003 жылдары бойы Қостанай облысында 274 мемлекеттiк коммуналдық мүлiк объектiсi жекешелендiрiлген. Жекешелендiру көлемiнiң жалпы төмендеуiне қарамастан, мемлекеттiк коммуналдық мүлiктi сату мемлекеттiк бюджеттi толтырудың әлi де ен тиiмдi көзi болып табылады. Мемлекеттiк коммуналдық мүлiктi жекешелендiруден түскен түсiмдер жөнiндегi мәлiметтер: 2000 жыл 2001 жыл 2002 жыл Түсiмдер сомасы, мың» теңге 263 439,2 38 433,4 51 341 2003-2005 жылдарда жекешелендiрудiң негiзгi мақсаты болып табылады: мемлекеттiк меншiкте болуы экономикалық жағынан мақсатқа лайық емес мемлекеттiк коммуналдық мүлiгiн жеке секторға беру; жекешелендiрудiң әр түрлi тәсiлдерiн қолданып, экономикаға инвестицияларды тарту; мемлекеттiк коммуналдық мүлiктi жекешелендiру үдерiсiнiң бәсекелесуiн және ашықтығын қамтамасыз ету.
Тармақша 7
7) Жекешелендiруден кейiнгi бақылау 2003 жылдың 1 қаңтарына дейiн жекешелендiруден кейiнгi бақылауға 12 мемлекеттiк коммуналдық меншiк объектiлерiн сату-сатып алу келiсiм-шарты жатады. Жекешелендiруден кейiнгi бақылау келесi мақсаттарды шешуге мiндеттi: уақыттың анықталған мерзiмi барысына жекешелендiрiлген объектiлер қызметiнiң профилiн сақтау; iс-шараларды қажеттi уақытта жедел қабылдау үшiн жекешелендiрiлген объектiлердiң қызметiне мониторинг жасау. Жекешелендiрiлген объектiнiң иесiмен өзiне алған мiндеттемелердi (уақытты»анықталған мерзiмi барысына жекешелендiрiлген объектiлер қызметiнiң профилiн сақтау) орындауға тексерiс объектiнi көз мөлшерiмен қарау арқылы, сондай-ақ жекешелендiрiлген объектiсiне салынған шығындар (инвестициялар) туралы меншiк иесiмен ұсынған мәлiметтердi талдау арқылы жүргiзiледi. 2000-2002 жылдардағы жекешелендiруден кейiнгi тексерiстердiң нәтижесi 2000-2003 жылдары сатылған мемлекеттiк коммуналдық меншiк объектiлерi иелерiмен олардың бағыты бойынша пайдаланылатынын көрсеттi. Сауда-саттықта белгiлi бiр шарттармен сатылған мемлекеттiк коммуналдық меншiк объектiлер стратегиялық маңызды және iрi объектiлерге жатпайды, сондықтан да жекешелендiруден кейiнгi бақылауды жүргiзу кезде консалтингтік ұйымдарды тартуға қажетi жоқ.
Тарау 4. 4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi Қостанай облысының мемлекеттiк коммуналдық мүлiгiн басқару саласындағы мемлекеттiң iс-әрекетi келесi мақсаттарға жету үшiн бағытталады: мемлекеттiк мүлiктi тиiмдi пайдалану есебiнен жергiлiктi бюджеттiң пайдасын көбейту; мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорындар және мемлекеттiк қатысу үлесi бар заңды тұлғалар қызметiнiң қаржы-экономикалық көрсеткiштерiн жақсарту; мемлекеттiң стратегиялық маңызды мүддесiне байланысты мемлекеттiк меншiк жүйесiн оңтайландыру. Қойылған мақсаттарға жету үшiн келесi мiндеттердi шешу керек: мемлекеттiк қатысы бар ұйымдары мен мемлекеттiк ұйымдар қызметiн басқару жүйесiн жетiлдiру; коммуналдық мемлекеттiк заңды тұлғаларды есепке алуын және жүктелуiн жүргiзудi қамтамасыз ету; мемлекеттiк коммуналдық мүлiктiң есепке алу жүйесiн коммуналдық заңды тұлғалармен электрондық бухгалтерлiк есепке алуды жүргiзу жолымен жетiлдiру; стратегиялық маңызды емес мемлекеттiк коммуналдық мүлiктiң объектiлерiн жекешелендiру.
Тарау 5. 5. Бағдарламаның негiзгi бағыттары және iске асыру тетiгi
5. Бағдарламаның негiзгi бағыттары және iске асыру тетiгi Бағдарламамен қойылған мақсаттарды және мiндеттердi iске асыру үшiн бiр қатар iс-шараларды өткiзу көзделедi.
Тармақша 1
1) Мемлекеттiк қатысы бар мемлекеттiк ұйымдарды және заңы тұлғаларды басқару. Мемлекеттiк коммуналдық заңды тұлғалар қызметiнiң» тиiмдiлiгiн арттыру үшiн мемлекеттiк басқару органдарына келесi iс-шараларды өткiзу керек: кәсiпорындар қызметiнiң басымды бағыттарын анықтау; мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорындардың шаруашылық қызметiнiң ағымдағы және перспективтi жоспарларын қарастыру және бекiту; мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорындардың қаржы-шаруашылық қызметiнiң жоспарлы көрсеткiштерiн орындауын бақылау және талдау; мемлекеттiк кәсiпорындардың әкiмшiлiк шығыстарына Қазақстан Республикасының Үкiметiмен белгiленген тәртiпте оларды оңтайландыру мақсатымен мониторингтi жүзеге асыру; мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорынның мүлiгiн бағыты бойынша пайдалануын бақылау. Жергiлiктi бюджеттiң пайдалы бөлiгiн қамтамасыз ету мақсатымен мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорындардың таза пайда бөлiгi түсiмдерi мемлекеттiк органдар жағынан бақылауды нығайтуды талап етедi. Мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорындардың таза пайда бөлiгiн толық аударуына бақылау жасау мақсатымен құзырлы мемлекеттiк органдары олардың қаржы-шаруашылық қызметiне жүйелi тексерiс өткiзуi керек. Қазiргi уақытта бiрқатар мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорындар қызметтерiнiң түрлерi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар «Мемлекеттiк кәсiпорын туралы» Жарлығына сәйкес келмейтiн мәселесi маңызды болып жатыр. Осындай кәсiпорындарды, сондай-ақ мемлекеттiк органдар маңайында құрылған кәсiпорындарды анықтау мақсатымен Қостанай облысының коммуналдық кәсiпорындар қызметтерiне тексерiс өткiзу қажеттi. Анықтап шығарғаннан кейiн осындай кәсiпорындарды жою, қайта ұйымдастыру немесе жекешелендiру керек. Акциялардың мемлекеттiк пакеттер (мемлекеттiк қатысу үлесi) үлеспайданың бюджетке түсуiн көбейту үшiн Қостанай облысының мемлекеттiк коммуналдық мүлiгiн басқаруға уәкiлеттi органға келесi iс-шараларды өткiзуге қажеттi: сәйкес ақпаратты облыс әкiмиятына ұсынумен акциялардың бақылау пакеттерi (қатысу үлесi) мемлекетке жататын акционерлiк қоғамдардың (шаруашылық серiктестiктер) қаржы-шаруашылық қызметiне талдау жасау; акциялардың бақылау пакеттерi (қатысу үлесi) мемлекетке жататын акционерлiк қоғамдардың (шаруашылық серiктестiктер) әкiмшiлiк шығыстарына Қазақстан Республикасының Үкiметiмен белгiленген тәртiпте оларды оңтайландыру мақсатымен мониторингтi жүзеге асыру; акциялардың бақылау пакеттерi (қатысу үлесi) мемлекетке жататын акционерлiк қоғамдардың (шаруашылық серiктестiктер) ағымдағы және перспективтi жоспарларын орындауына бақылау жасау. Мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорындардың және мемлекеттiк қатысуы бар ұйымдардың пайдалы қызметiн қамтамасыз ету мақсатымен олардың әкiмшiлiк шығыстарына, оның iшiнде басшы жұмыскерлердiң еңбегiне ақы төлеу бойынша шығыстарға да кешендi талдау жасау керек. Мемлекеттiк кәсiпорындарды талдау нәтижесi бойынша негiзсiздiк шығыстарды болдырмайтын нормативтiк актiлердi қабылдауға болады. Мемлекеттiк ұйымдардағы және мемлекеттiк қатысуы бар ұйымдардағы менеджменттiң сапасын аттестациялау мен бiлiктiлiктi арттыру жүйесiн енгiзу жолымен жоғарлатуға болады. Сонымен қатар нақты iс-әрекет жасамайтын мемлекеттiк қатысуы бар заңды тұлғаларға да назар аудару керек, оларды Заңды тұлғалардың мемлекеттiк тiркеуiнен алып тастау жөнiнде шаралар өткiзу қажеттi.
Тармақша 2
2) Мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiру 2004-2005 жылдары мемлекеттiк коммуналдық мүлiктi жекешелендiру оның мемлекеттiк меншiкте болуының мақсаттылығы принципi бойынша жүргiзiледi. Мемлекеттiк қажеттiлiгi жоқ, сондай-ақ оны мемлекетпен басқаруы стратегиялық маңызды емес болып табылған мемлекеттiк коммуналдық мүлiктiң объектiлерi бүкiл мүмкiн процедураларды қолданумен экономиканың жеке секторына тапсырылатын болады: ашық сауда-саттықта сату, коммерциялық және инвестициялық сауда-саттықтарды өткiзу, кейiн меншiкке беру құқығымен жалға немесе сенiмдi басқаруға беру, оның iшiнде экономиканың жеке секторын дамыту, өндiрiстiң көлемiн көбейту, халықты жұмыспен қамтуды арттыру, салық салу базасын кеңейту мақсатымен шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне беру.
Тарау 6. 6. Қажеттi ресурстар және қаржыландыру көздерi
6. Қажеттi ресурстар және қаржыландыру көздерi Осы Бағдарламаның iске асырылуы жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметiнiң шеңберiнде қарастырылады. Осыған байланысты Бағдарламаның iс-шараларын iске асыру жөнiндегi шығындар бюджет бағдарламаларымен қарастырылған шегiнде бұл органдарды жергiлiктi бюджеттен ағымды қаржыландыру есебiнен жүзеге асырылады.
Тарау 7. 7. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтiлетiн нәтиже
7. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтiлетiн нәтиже Бағдарламаны жүзеге асырудан келесi нәтижелер күтiледi: Қостанай облысының мемлекеттiк коммуналдық мүлiгiн басқарудың тиiмдiлiгiн жоғарылату; мемлекеттiк қатысу бар ұйымдар мен мемлекеттiк ұйымдардың тiзбесiн оңтайландыру, олардың қызмет көрсеткiштерiн жақсарту; мемлекеттiк коммуналдық мүлiктi жекешелендiру, жалға немесе сенiмдi басқаруға беру шеңберiнде пайдаланудан бюджетке түсетiн түсiмдердi көбейту; мемлекеттiк коммуналдық мүлiктiң есепке алуын қамтамасыз ету; облыс экономикасының жалпы жақсартылуы. 2003 жылы Қостанай облысының жергiлiктi бюджетiне мемлекеттiк мүлiктi пайдаланудан акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне үлеспайданың түсiмi 2000 мың. теңге сомасында, мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорындар пайдасының үлесi 1100 мың. теңге сомасында, коммуналдық меншiк мүлiгiн жалға беруден 36500 мың. теңге сомасында күтiледi. Осы Бағдарламаны орындауға бағытталған iс-шараларды iске асыру барысында мемлекеттiк мүлiктi пайдаланудан мемлекеттiк бюджетке түскен түсiмнiң» сомасы 2003-2005 жылдар бойы анықталып отырады.
Тарау 8. 8. Бағдарламаны жүзеге асыру жөнiндегi 2003-2005 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары
8. Бағдарламаны жүзеге асыру жөнiндегi 2003-2005 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары р/б№ Iс-шаралар Аяқтау нысаны 1 2 3 Нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру 1 Коммуналдық меншiктегi мемлекеттiк мүлiкке иелiк ету және басқару мәселелерiн реттейтiн ведомстволық нормативтiк құқықтық актiлерiн заңнама актiлерiне сәйкес келтiру Қазақстан Республикасының Үкiметiне есеп беру, Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне (бұдан әрi-ММЖК) ақпарат беру Мемлекеттiк мүлiктi басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру 2 Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн құжаттық растау арқылы түгендеу (тапсыру- қабылдау актiсi, сенiмдi басқару№а тапсыру келiсiм-шарты, акционерлер тiзiлiмiнен көшiрмелер) Қазақстан Республикасының Үкiметiне есеп беру, ММЖК ақпарат беру 3 Мемлекеттiк кәсiпорындардың шаруашылық қызметiнiң ағымдағы және болашақтағы жоспарларын қарастыру және бекiту туралы ақпаратты ұсыну ММЖК ақпарат беру 4 Шаруашылық қызметтiң ағымдағы және болашақтағы жоспарларын мемлекеттiк кәсiпорындармен орындауды бақылау Қазақстан Республикасының Үкiметiне есеп беру, ММЖК ақпарат беру 5 Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындардың таза пайда бөлiгiн толық және уақытында аударуын, сондай-ақ қазыналық кәсiпорындардың сметадан үстем алған пайдасын есептiк жылдың қорытындысына сәйкес бюджет пайдасына түскендi бақылау Қазақстан Республикасының Үкiметiне есеп беру, ММЖК ақпарат беру 6 Қаржы-шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындардың, акция пакеттерi (қатысу үлесi) мемлекетке жататын акционерлiк қоғамдарды» (жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң) қаржы-шаруашылық қызметi туралы жылдық ақпаратты бекiтiлген нысан бойынша ұсыну ММЖК ақпарат беру 7 Бекiтiлген мемлекеттiк кәсiпорындар қызметiне талдау жасау ережесiне сәйкес шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындардың» қаржы-шаруашылық қызметiне жылдың қорытындысы бойынша талдау жасау Қазақстан Республикасының Үкiметiне есеп беру, ММЖК ақпарат беру 8 Бекiтiлген жарғы капиталында мемлекеттiң» қатысы бар мемлекеттiк емес заңды тұлғалар тиiмдiлiгiнiң негiзгi көрсеткiштерiн анықтау ережелерiне сәйкес жылдың» қорытындысы бойынша акция пакеттерi (қатысу үлесi) мемлекетке жататын акционерлiк қоғамдардың» (жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң) қаржы-шаруашылық қызметiне талдау жасау Қазақстан Республикасының Үкiметiне есеп беру, ММЖК ақпарат беру 9 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 24 шiлдедегi N 998 қаулысымен бекiтiлген Ережеге сәйкес кешендiк мониторингтің объектiсi болып табылатын коммуналдық меншiк объектiлерiнiң жағдайы туралы мәлiметтердi ұсыну ММЖК ақпарат беру 10 Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекеттiк мекемелерге бекiтiлген мүлiктi мүлiктiк жалдауға (жалға) берудiң мониторингiн жүзеге асыру ММЖК ақпарат беру 11 Есептiк жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттiк бюджетке мемлекеттiк кәсiпорындарымен таза табыс бөлiгiн, акционерлiк қоғамдарымен акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне үлес пайдаларының, сондай-ақ мемлекеттің» қатысуымен серiктестiктердегi қатысудың мемлекеттiк үлесiне таза пайда есептелуiнiң, толық және уақытында аударылуына тексерiс өткiзудiң кестесiн әзiрлеу және бекiту. Облыс әкiмiнiң өкiмi 12 Қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес есептiк жылдың қорытындысы бойынша акциялардың бақылау пакетi мемлекетке жататын акционерлiк қоғамдар акционерлерiнiң жалпы жиналысын өткiзудi» кестесiн құрастыру Облыс әкiмиятына ақпарат беру 13 Есептiк жылдың қорытындысы бойынша акционерлiк қоғамдардың акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне үлеспайданың толық және уақытында есептелуi мен аударылуына бақылау жасау. Қазақстан Республикасының Үкiметiне есеп беру, ММЖК ақпарат беру 14 Жарғы капиталында мемлекеттiң қатысуы бар заңды тұлғаларды, мемлекеттiк кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру, жою және жекешелендiру жөнiнде ұсыныстарды енгiзу Облыс әкiмиятына ұсыныстар Мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiру 15 Жекешелендiруге жататын мемлекеттiк меншiк объектiлерiнiң сатылуын қамтамасыз ету ММЖК ақпарат беру 16 Жоспарланған көлемде мемлекеттiк меншiк объектiлерiн жекешелендiруден түскен қаражаттардың мемлекеттiк бюджетке түсуiн бақылау Қазақстан Республикасының» Үкiметiне есеп беру, ММЖК ақпарат беру Жекешелендiруден кейiнгi бақылауды жүзеге асыру 17 Экономиканың стратегиялық саласындағы ұйымдардың жекешелендiруден кейiнгi дамудың мәселелерi бойынша орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың өзара байланыс тетiктерiн нығайту жөнiнде шаралар қабылдау Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат беру 18 Келiсiм-шарттар бойынша мемлекеттiк меншiк объектiлерiн сатып алушыларымен, сенiмдi басқарушыларымен, концессияшылармен және жалға алушыларымен келiсiм-шарт мiндеттемелерiн орындауына бақылау жасау қазақстан Республикасының» Үкiметiне есеп беру, ММЖК ақпарат беру таблицаның жалғасы Р/б № Орындалуына жауаптылар Орындалу мерзiмi Болжамды шығыстар Қаржыландыру көздерi 1 4 5 6 7 Нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру 1 Коммуналдық мүлiк және мемлекеттiк сатып алу департаментi (бұдан әрi-КММААД) 2003 жылдың 3 тоқсаны Жоқ - Мемлекеттiк мүлiктi басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру 2 КММААД Жыл сайын, 4 тоқсан Жоқ - 3 КММААД Жыл сайын, наурыз Жоқ - 4 КММААД Жыл сайын, есеп беру мерзiмнен кейiн келетiн екiншi айдың 15 күнiнен кем емес Жоқ - 5 КММААД Жарты жылда 1 рет Жоқ - 6 Мемлекеттiк басқару әкiмшiлiк- аумақтық бiрлiктердiң» әкiмдерi Есептiк мерзiмнен кейiн келетiн төртiншi айдың 15 күнiнен кем емес Жоқ - 7 КММААД Есептiк мерзiмнен кейiн келетiн бесiншi айдың 15 күнiнен кем емес Жоқ - 8 КММААД Есептiк мерзiмнен кейiн келетiн алтыншы айдың 15 күнiнен кем емес Жоқ - 9 КММААД Қажеттiлiк шегiнде Жоқ - 10 КММААД Әр тоқсан сайын, есептiк мезгiлден кейiн келетiн айдың 10 күнi Жоқ - 11 КММААД Жыл сайын 1 тоқсан Жоқ - 12 КММААД Жыл сайын сәуiр Жоқ - 13 КММААД Жарты жылда 1 рет Жоқ - 14 КММААД Жыл сайын желтоқсан Жоқ - Мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiру 15 КММААД Әр тоқсан сайын есептiк мезгiлден кейiн келетiн айдың 5 күнi Жоқ - 16 КММААД Есептiк жартыжылдық- тан кейiн келетiн айдың 25 күнi Жоқ - Жекешелендiруден кейiнгi бақылауды жүзеге асыру 17 КММААД Жыл сайын желтоқсан Жоқ - 18 КММААД Есептiк жарты жылдан кейiн келетiн екiншi айдың 10 күнi Жоқ -