Об утверждении региональной программы «Газификация Костанайской области на 2003-2005 годы» Қолданыста
Басқа 0
«Қостанай облысының 2003-2005 жылдарға арналған газдандыру» аймақтық бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ :
Тармақ 1
1. «Қостанай облысының 2003-2005 жылдарға арналған газдандыру» облыс әкімиятымен берілген аймақтық бағдарламасы бекітілсін (қоса беріліп отыр).
Тармақ 2
2. Осы бағдарламаның орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің бірінші орынбасары В.В. Мейстерге және облыстық мәслихаттың экономика, басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Басқа 3. «ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫН 2003-2005 ЖЫЛДАРДА
ГАЗДАНДЫРУ» АЙМАҚТЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ
Қостанай
облыстық мәслихатының
2003 жылғы 4 шілдедегі
№ 295 шешiмiмен бекiтiлген
«ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫН 2003-2005 ЖЫЛДАРДА
ГАЗДАНДЫРУ» АЙМАҚТЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ
Тармақ 1
1. МКК - мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын
Тармақ 2
2. ММ - мемлекеттік мекеме
Тармақ 3
3. ААҚ - ашық акционерлік қоғам
Тармақ 4
4. ЖШС - жауапкершілігі шектеулі серіктестік
Тармақ 5
5. ЖК - жеке кәсіпкер
Тармақ 6
6. ЭҚ - электрохимиялық қорғау
Тармақ 7
7. ГТС - газ таратқыш станциясы
Тармақ 8
8. т/қ - төмен қысым
Тармақ 9
9. о/қ - орташа қысым
Тармақ 10
10. ж/қ - жоғары қысым
Тармақ 11
11. АГРС - автоматтандырылған газ тарату станциясы
Тармақ 12
12. ГРП - газ реттеуші пункт
Тармақ 13
13. ШРП - шкафты реттеу пункті
Тармақ 14
14. ГҚШД - газ құбырының шартты диаметрі
Тармақ 15
15. ПҚК - пайдалы қозғалыс коэффициенті
Тармақ 16
16. АҚП - астық қабылдау пункті
Тармақ 17
17. ЖЭО - жылу электр орталығы
Тармақ 18
18. ЖМК - жылжымалы механикаландырылған колонна
Тармақ 1
1. Бағдарламаның паспорты
Тармақ 2
2. Кіріспе
Тармақ 3
3. Проблеманың қазіргі жағдайына талдау жасау
Тармақ 4
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Тармақ 5
5. Бағдарламаны жүзеге асырудың тетігі және негізгі бағыттары
Тармақ 6
6. Бағдарламаны қаржыландыру көздері
Тармақ 7
7. Бағдарламаның жүзеге асырылуынан күтілетін нәтиже
Тармақ 8
8. Бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары
Бөлім 1. 1. Бағдарламаның паспорты
1. Бағдарламаның паспорты
Бағдарламаның атауы
Қостанай облысын 2003-2005
жылдарда газдандыру» аймақтық
бағдарламасы
Бағдарламаны әзірлеу үшін негіздеме
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 25 «Қазақстан Республикасының газ саласын 2015 жылға дейін дамытудың тұжырымдамасын мақұлдау туралы» қаулысы
Қысқаша мазмұны
Осы бағдарламада облысты газбен мазмұны қамтамасыз етудің қазіргі жағдайына талдау жасалған, осыған байланысты облыс қалалары мен аудандарын газдандырылуға нақты шаралар кешені белгіленуде, олардың жүзеге асыру жоспары беріліп, келесі басымдылығы анықталған:
табиғи газ тұтынушыларының санын көбейту;
табиғи газдың тұтыну көлемін көбейту;
газ құбырларын салу және қайта құру;
газ құбыры мен ондағы құрылыстардың техникалық жағдайын қолдау және жөндеу шараларын жүзеге асыру.
Бағдарламаны дайындаушы
«Қостанай облысының энергетика, өнеркәсіп және құрылыс департаменті» мемлекеттік мекемесі және «Қостанайгаз» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Бағдарламаны жүзеге асыру мерзімі
2003-2005 жылдар аралығы
Бөлім 2. 2. Кіріспе
2. Кіріспе
«Қостанайгаз» МКК Қостанай облысында табиғи газды таратушы желілер арқылы жеткізуді және тұтынушыларға табиғи газды таратуды қамтамасыз ететін бір ғана кәсіпорын болып табылады.
Табиғи газ экологиялық таза, әрі өте қолайлы отын. Жоғары тиімді қуат тасушы ретінде, ол өндірістің көптеген буындарында кеңінен пайдаланып, ауыл шаруашылық және өнеркәсіп өнімдері шығуының көбеюіне және сапасына тікелей ықпал етіп, еңбек өнімділігін арттырады. Табиғи көгілдір отты пайдалану өнеркәсіптік және энергетикалық құралдар жұмысының қарқынын күшейтуге мүмкіндік жасайды. Қатты отынды газды отынға ауыстыру, жоғары пайдалы қолдану коэффиценті бар қалалар мен селолық елді мекендердегі қазандықтар жылу агрегатын пайдалануына жағдай жасай отырып, отынның сыбағалы шығысын азайтып, еңбек жағдайын жақсартады.
Тұтынушылар санының көбеюі және табиғи газ тарату көлемінің өсуі, жеткізілген газдың өзіндік құнын төмендетуге, өнім шығаруда шығын бөлігінің азаюына, сондай-ақ жоғары озық технологияны қолдану мен өркендеуіне, ауадағы зиянды қалдықтардың қысқаруына мүмкіндік туғызуына жеткізеді.
Белгілі себептермен облыстың елді мекендеріндегі газ құбыры көптеген көрсеткіштері мен техникалық жағдайлары қазіргі заман талабына сәйкес келмейді. Басты бір себебі топырақтың тотығуы және кезбе тоқтар арқылы пайда болатын тотығу болып табылады. Бұл қазіргі, әрі тиімді қорғау жүйесінің әдістерінің қажетті түрде енуіне себепші болады.
Осы жобада облысты газбен нақты жабдықтау үшін инвестицияны тарту қаралады.
Жүзеге асырылу мерзімі бойынша Бағдарлама орташа мерзімділікке жатады.
Бөлім 3. 3. Проблеманың қазіргі жағдайына талдау жасау
3. Проблеманың қазіргі жағдайына талдау жасау
Қостанай облысын газбен қамтамасыз ету Бұқара-Орал магистралды газ құбырынан басталып үш магистралды газ құбыры арқылы жүзеге асырылады:
Қарталы - Рудный - Қостанай, қашықтығы - 287 км
Бреді - Жітіқара, қашықтығы - 65 км
Дәмді - Боскөл, қашықтығы - 5 км
2003 жылдың 1 қаңтарына дейін»«Қостанайгаз» МКК пайдалануындағы газ құбырларының қашықтығы төмендегідей:
Барлығы - 1646,51 км
оның ішінде: жоғары қысымдағы - 552,94 км
орта қысымдағы - 104,25 км
төменгі қысымдағы - 989,32 км
Қостанай облысы бойынша 2003 жылдың 1 қаңтарына дейін көгілдір от тұтынушылар саны мынаны құрайды:
тұрғындар - 154108 абонент
коммуналды-тұрмыстық - 367 абонент
өндірістік-кәсіпорындар - 150 абонент
Газ құбырының (12 млн.м 3 /тәулік ) жалпы өткізу қабілеті барын ескере отырып, Қостанай облысы орта есеппен тәулігіне 3 млн.м 3 /тәулік (арту коэффиценті 25 % құрайды) пайдаланса, облыстың газбен қамтамасыз етілген аудандарын есептемегенде, келешекте облыстың қалалар мен аудандарын газдандыруға мүмкіндік бар.
Жер асты болатты газ құбырларын топырақтық тотығудан және кезбе тоқтан пайда болатын тотығудан қорғау, электрохимиялық қорғау құралдары мен қондырғылар арқылы жүзеге асады. Бүгінгі күнге ЭХҚ (электрохимиялық қорғау) қондырғыларының саны 440 бірлікті құрайды, оның ішінде: катодты қорғау станциясы - 280 дана, протекторлы - 160 дана.
Газ құбырының қорғау дәрежесі 94,5 % құрайды.
Бөлім 4. 4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Мақсаты: Облыс тұрғындарын жеткілікті көлемде тоқтаусыз және апатсыз табиғи газбен қамтамасыз ету, халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту, оның ішінде:
облыстың газдалмаған аудандарын газбен қамтамасыз ету;
пайдаланудағы газ тарату желілерін тиімді жұмыс істету;
табиғи газ тұтынушыларының саны мен тұтыну көлемін көбейту;
зиянды қалдықтардың қысқаруын қамтамасыз ету;
өндірістің санитарлық-гигиеналық деңгейін көтеру;
облыстың газ шаруашылығы жұмысының тиімділігін көтеру және табиғи газ шығынын төмендету;
газдың өзіндік құнын төмендету.
Міндеттері:
жаңадан салынып жатқан газ құбырлары мен газ жабдықтары ең жетілген құралдарды енгізумен іске қосу;
жылыту құралдарын қатты және сұйық отындардан ең қолайлы жылу таратушы-көгілдір отқа көшіру;
шығыршықтандыру құрылысын орындау.
Бөлім 5. 5. Бағдарламаны жүзеге асырудың тетігі және негізгі
бағыттары
5. Бағдарламаны жүзеге асырудың тетігі және негізгі
бағыттары
Қостанай облысын газдандыру бағдарламасын жүзеге асырудың бағыттары төмендегідей:
1) газ тарату желілеріне жаңа тұтынушыларды қоса отырып, Қостанай, Қарабалық аудандарын, Қостанай және Рудный қалаларын газдандыру;
2) жаңа газ құбырларын жобалау және салу жолдарымен облыс аудандарын газдандыруды келешекте дамыту, ол:
«Перелески - Денисовка» магистралды тармағы;
Затобол, Қарабалық, Тобыл, Притобольск кенттеріндегі, Садовое, Заречное селоларындағы, Мехколонна-58 аумағындағы және Қостанай-2-дегі коммуналдық-тұрмыстық объектілерді және тұрғындарын газдандыру үшін жоғары және орташа қысымдағы өткізілген газ құбыры мен газ тарату орындары;
3) жылу қазандықтарын қатты отыннан газға көшіру кезінде ауадағы зиянды қалдықтардың қысқаруын қамтамасыз ету, ол:
Қарабалық кенті бойынша: аудандық орталық ауруханасы, ауыл шаруашылық колледжі, «Молоко» АҚ өндірістік кеңістіктер ауданында;
Садовое селосы бойынша: бұрынғы консерві зауытында;
Бөскөл селосы бойынша: мектеп жылу қазандығы мен НҚО (нан қабылдау орнының) астық кептіргіштері;
4) облысты газбен тұрақты және апатсыз қамтамасыз ету ішкі кварталдық төменгі қысымдағы газ құбырларын шығыршықтау, газ құбырларындағы қолданылып жүрген құрылыстарды қалпына келтіру есебінен (газ құдықтары, сөндіру ысырмалары).
Қостанай облысын газдандыру Бағдарламасының негізгі бағыттары әзірленген шараларға сәйкес жүзеге асырылады (қосымша).
Бөлім 6. 6. Бағдарламаны қаржыландыру көздері
6. Бағдарламаны қаржыландыру көздері
Бағдарлама әр түрлі қаржыландыру көздерін болжамдайды, олар: облыстық бюджет, «Қостанайгаз» МКК мен мекемелердің меншікті қаржысы, тұрғындар қаржысы. Қостанай облысын газдандыру бағдарламасын жүзеге асыру үшін барлығы 186,6 млн теңге қажет.
Бағдарламаны жүзеге асыру үшін облыстық қаржыдан 79,4 млн.теңге бағыттау болжамдануда, оның ішінде:
2003 ж. - 19,3 млн.теңге
2004 ж. - 23,9 млн.теңге
2005 ж. - 36,2 млн.теңге
Мекемелер мен кәсіпорындардан бөлінген қаржы 53,6 млн.теңгені құрайды, оның ішінде:
2003 ж. - 25,6 млн.теңге
2004 ж. - 23,0 млн.теңге
2005 ж - 5,0 млн.теңге
«Қостанайгаз» МКК қаржысынан 46,9 млн. теңге, оның ішінде:
2003 ж. - 25,4 млн.теңге
2004 ж. - 19,5 млн.теңге
2005 ж. - 2,0 млн.теңге,
2003 ж. тұрғындар қаржысынан 6,7 млн. теңге бөлінеді.
Бөлім 7. 7. Бағдарламаның жүзеге асырылуынан күтілетін нәтиже
7. Бағдарламаның жүзеге асырылуынан күтілетін нәтиже
Қостанай облысын 2003-2005 жылдарда газдандыру»облыстық бағдарламасын жүзеге асыруға мүмкіндік береді:
газ құбырларын апатсыз пайдалануды қамтамасыз етуге;
облысты газбен үздіксіз және сенімді қамтамасыз етуге;
қашықтығы 38,84 км газ құбырын қолданысқа енгізуге;
газ пайдалану 183,8 млн.м3/жыл дейін
өсім 41,9 млн.м3/жыл көлемін арттыру
абоненттер санын арттыру:
тұрғындар 160254 дейін
өсім 6146;
коммуналдық-тұрмыстық
объектілер мен өнеркәсіп 549 дейін
өсім 32
Облыстың елді мекендерін газдандыру кезіндегі оң өзгерістер облыс қалалары мен аудандарындағы кәсіпорындардың шаруашылық қызметін өте нәтижелі түрде жүргізуге, мекемелердің жұмысын жақсартуға, әлеуметтік инфрақұрылымды, сондай-ақ, халықтың тұрмыстық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.
Бөлім 8. 8. «Қостанай облысын 2003-2005 жылдарда газдандыру»
аймақтық бағдарламаның жүзеге асыру іс-шараларының ЖОСПАРЫ
8. «Қостанай облысын 2003-2005 жылдарда газдандыру»
аймақтық бағдарламаның жүзеге асыру іс-шараларының ЖОСПАРЫ
№
Шаралар
Аяқталу түрі
Орындауға жауаптылар (жүзеге асыру)
Орындау мерзімі (таратылуы)
Болжамды шығындар, млн.
теңге
Қаржыландыру көзі
1
2
3
4
5
6
7
БАРЛЫҒЫ:
186,6
Қостанай қаласы барлығы
59,4
оның ішінде:
1
Пушкин көш, ГТО-12 және ГТО-30 аралығындағы т/қ газқұбырын шығыршықтау
Пайдалануға беру
«Костанайгаз» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын
IV тоқсан 2003 ж.
0,5
«Костанайгаз» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын
2
Жастар көш, ГТО-1 және ГТО-18 аралығындағы т/қ газқұбырын шығыршықтау
Пайдалануға беру
«Костанайгаз» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын
IV тоқсан 2003 ж.
2,0
«Костанайгаз» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын
3
Жастар Мөлтек ауданындағы т/қ махалла аралық газ құбыры
Пайдалануға беру
«Костанайгаз» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын
IV тоқсан 2003 ж.
2,0
«Костанайгаз» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын
4
МК-58 кентіндегі тарату газ құбырының құрылысы
Пайдалануға беру
«Костанайгаз» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын
IV тоқсан 2003 ж.
1,8
«Костанайгаз» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын
5
МК-58 кентіндегі махалла аралық желісінің жобасы мен құрылысы
Пайдалануға беру
Қостанай обл. Энергетика өнеркәсіп және құрылыс департаменті
I-IV тоқсан 2004 ж.
10,0
Облыстық бюджет
6
1 Май көш, (клуб «Строитель» ауданы) өткізілген газ құбыры және ГТО
Пайдалануға беру
«Костанайгаз» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын
IV тоқсан 2003 ж.
3,5
«Костанайгаз» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын
IV тоқсан 2004 ж.
3,0
7
2-4а махалла және ГТО-12 арасындағы т/қ газ құбырын шығыршықтау (Набережный - Аль-Фараби көш.)
Пайдалануға беру
«Костанайгаз» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын
IV тоқсан 2003 ж.
3,1
«Костанайгаз» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын
8
ГТС-ЖЭО (3 ысырмалар Ду 500) ж/қ газ құбырына сөндіру ысырмасын орнату және ГТО-7 ден о/қ газ құбырының
Ду 400 ысырмасын шығару
Пайдалануға беру
«Костанайгаз» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын
III тоқсан 2003 ж.
3,5
«Костанайгаз» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын
9
Қостанай-2 қаласында, газ құбырларының тарату құрылысы
Пайдалануға беру
Қостанай обл. «Энергетика өнеркәсіп және құрылыс департаменті» мемлекеттік мекеме, «Костанайгаз» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын
I-IV тоқсан 2005 ж.
10,0
Облыстық бюджет
10
Притобол кентіндегі газ құбыры мен ГТО тарату құрылысы
Пайдалануға беру
Қостанай обл. «Энергетика өнеркәсіп және құрылыс департаменті» мемлекеттік мекеме, «Костанайгаз» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын
I-IV тоқсан 2005 ж.
20,0
Облыстық бюджет
Лисаковск қаласы барлығы
5,0
оның ішінде:
11
Лисаковск қаласы, о/қ газ құбырын шығыршықтау
Пайдалануға беру
«Костанайгаз» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын
IV тоқсан 2004 ж.
5,0
«Костанайгаз» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын
Рудный қаласы барлығы
12,0
оның ішінде:
12
Рудный қаласы, 23-1үа Мөлтек ауданында т/қ газ құбырын шығыршықтау
Пайдалануға беру
«Костанайгаз» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын
IV тоқсан 2003 ж.
2,5
«Костанайгаз» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын
13
Рудный қаласында, 20-19 Мөлтек ауданы (II ширет) т/қ газқұбырын шығыршықтау
Пайдалануға беру
«Костанайгаз» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын
IV тоқсан 2003 ж.
1,5
«Костанайгаз» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын
14
Свердлов көшесінен Горняков көшесіне дейінгі ГТО-3 (8 Мөлтек ауданы) ГТО-8 (7 кв.) т/қ ғазқұбырын шығыршықтау
Пайдалануға беру
«Костанайгаз» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын
IV тоқсан 2004 ж.
7,5
«Костанайгаз» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын
15
Рудный қаласында, Свердлов көш. Бойындағы т/қ Ду 80-нен Ду 150-ге газқұбырын ауыстыру
Пайдалануға беру
«Костанайгаз» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын
IV тоқсан 2004 ж.
0,5
«Костанайгаз» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын
Денисов ауданы барлығы
8,7
оның ішінде:
16
«Перелески - Денисовка» магистралдық газ құбырының құрылысының жобалау жұмыстары
Жобаны дайындау
Қостанай обл. «Энергетика өнеркәсіп және құрылыс департаменті» мемлекеттік мекеме
I-IV тоқсан 2004 ж.
2,5
Облыстық бюджет
I-II тоқсан 2005 ж.
6,2
Облыстық бюджет
17
Глебов кентінде абонент санын 170-тен 200-гедейңн (30-ға) көбейту
Пайдалануға беру
Аудан әкімі, «Костанайгаз» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын
IV тоқсан 2005 ж.
Облыстық бюджет
Тобыл кентігі барлығы
10,7
оның ішінде:
18
Зиянды қалдықтарды қысқарту мақсатында Тобыл кентінің жылу жүйесі көмір отыннан газға көшіру
Пайдалануға беру
Қостанай обл. «Энергетика өнеркәсіп және құрылыс департаменті» мемлекеттік мекеме, аудан әкімі
I-IV тоқсан 2003 ж.
10,7
Облыстық бюджет
Қостанай ауданы барлығы
18,5
оның ішінде:
19
Затобол кентіндегі көп қабатты үйлерге Ду 70-тен Ду 100-ге ГТО-21 ден ішкі махалла аралық газ құбырын ауыстыру
Пайдалануға беру
«Костанайгаз» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын
IV тоқсан 2003 ж.
0,8
«Костанайгаз» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын
20
Затобол кентіндегі 3 қабатты үйлер ауданын, ПМК үйлерін Ду 50-тен Ду 100-ге ішкі махалла аралық газ құбырын ауыстыру
Пайдалануға беру
«Костанайгаз» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын
IV тоқсан 2003 ж.
0,6
«Костанайгаз» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын
21
Затобол кентіндегі Попович көшесінде (ГТО-22 ШТО Гидрологияның) газ құбырын шығыршықтау
Пайдалануға беру
«Костанайгаз» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын
IV тоқсан 2003 ж.
1,1
«Костанайгаз» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын
22
Титов-Островский көшелерінің ауданында ГТО-ның құрылысымен өткізілген газ құбыры
Пайдалануға беру
«Костанайгаз» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын
IV тоқсан 2004 ж.
3,5
«Костанайгаз» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын
IV тоқсан 2005 ж.
2,0
23
Заречный кентінде мектеп жылу қазандығын газдандыру
Пайдалануға беру
Аудан әкімі
IV тоқсан 2004 ж.
5,0
Мекемелер қаржысы
24
Садовое селосында ГТО және тарату желілерін салу, бұрынғы консерві зауытының жылу қазандығын көмірден газға көшіру
Пайдалануға беру
Аудан әкімі, «Костанайгаз» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын
IV тоқсан 2004 ж.
2,5
«Костанайгаз» МКК
III тоқсан 2004 ж.
3,0
Мекемелер қаржысы
Қарабалық ауданы барлығы
72,3
оның ішінде:
25
Қарабалық кентіндегі Заводской көшесінде ГТО-11, ШТО-12 о/қ газ құбырын мен 23 шарушылық субъектілерінің қоса т/қ тарату желілерін салу
Пайдалануға беру
Аудан әкімі, «Костанайгаз» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын
III тоқсан 2003 ж.
10,1
Мекемелер қаржысы
26
Қарабалық ауданының Қарабалық кентінде газ құбырын салуды жүзеге асыру
Пайдалануға беру
Қостанай обл. «Энергетика өнеркәсіп және құрылыс департаменті» мемлекеттік мекеме, аудан әкімі
I-III тоқсан 2003 ж.
8,6
Облыстық бюджет
I-III тоқсан 2004 ж.
11,4
Облыстық бюджет
27
Северный мөлтек ауданында тұрғын секторының 70 абонентін газдандыру
Пайдалануға беру
Аудан әкімі
IV тоқсан 2003 ж.
6,7
Тұрғындар қаржысы
28
Сүт зауытына баратын газ құбырына қосалған өндірістік тұтынушыларды газдандыру
Пайдалануға беру
«Костанайгаз» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын, Айтказин ЖК
IV тоқсан 2003 ж.
5,0
Тұрғындар қаржысы
«Транзит» АҚ
IV тоқсан 2004 ж.
5,0
Тұрғындар қаржысы
III тоқсан 2005 ж.
5,0
Тұрғындар қаржысы
29
Боскөл кентіндегі мектеп жылу қазандығын және астық кептіргішін газдандыру
Пайдалануға беру
Аудан әкімі, «Боскөл НҚО» ЖШЖ
IV тоқсан 2003 ж.
10,5
Мекемелер қаржысы
III тоқсан 2004 ж.
10,0
Мекемелер қаржысы
Жітіқара ауданы барлығы
оның ішінде:
30
Забеловка кентінде абоненттер санын 300-ге дейін көбейту
Пайдалануға беру
Аудан әкімі, «Костанайгаз» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын
IV тоқсан 2005 ж.
Мекемелер қаржысы
31
Тоқтаров кентіндегі абоненттер санын 110-нан 170-ке (60-қа) дейін көбейту
Пайдалануға беру
Аудан әкімі, «Костанайгаз» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын
IV тоқсан 2005 ж.
Мекемелер қаржысы