Об утверждении региональной программы государственной поддержки неправительственных организаций Костанайской области на 2003-2005 годы Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.07.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай облысының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1 тармағына және «Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы № 253 қаулысына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қостанай облыстық әкімияты ұсынып отырған Қостанай облысының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы бекітілсін (қоса берілген).
Тармақ 2
2. Аймақтық бағдарламаның орындалуына бақылау жасау заңдылық, құқықтық тәртіп және қоғамдық ұйымдармен байланыс мәселелері жөніндегі облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Басқа 3. Қостанай облысының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы
Қостанай облыстық мәслихатының 2003 жылғы 25 шілдедегі № 310 шешімімен бекітілген Қостанай облысының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы Мазмұны
Тармақ 1
1. Паспорты
Тармақ 2
2. Кіріспе
Тармақ 3
3. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау
Тармақ 4
4. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері
Тармақ 5
5. Бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі бағыттары және тетігі
Тармақ 6
6. Бағдарламаны қаржылық қамтамасыз ету
Тармақ 7
7. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер
Тармақ 8
8. Қостанай облысының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары
Тармақ 9
9. Қабылданған қысқартулар
Тарау 1. 1. Бағдарламаның паспорты
1. Бағдарламаның паспорты Бағдарламаның толық атауы Қостанай облысының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы Бағдарламаны әзірлеу үшін негіздеме Ел Президентінің Қазақстан халқына 1997 жылғы 11 қазандағы «Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының жақсаруы» жолдауы Ел Президентінің Қазақстан халқына «Ішкі және сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған негізгі бағыттары туралы» жолдауы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» 2003 жылғы 17 наурыздағы N 253 қаулысы Бағдарламаның әзірлеушісі «Қостанай облысының ішкі саясат департаменті» мемлекеттік мекемесі Бағдарламаның негізгі мақсаты Азаматтық қоғамның бір бөлігі ретінде Қостанай облысының үкіметтік емес ұйымдарының тұрақты дамуы үшін жағдайлар жасау және мемлекеттік билік органдарымен өзара іс-қимыл жасау және олардың тарапынан қолдау көрсету негізінде қоғамның әлеуметтік маңызы бар мәселелерін шешудегі олардың рөлін күшейту Бағдарламаның негізгі міндеттері Мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жүйесін жетілдіру; әлеуметтік мәселелерді шешетін Қостанай облысының үкіметтік емес ұйымдарын ақпараттық, консультативтік, әдістемелік, ұйымдастыру-техникалық қолдау; үкіметтік емес ұйымдардың қызметін қамтамасыз ететін құқықтық базаны жетілдіру; мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жүйесін қалыптастыру; аймақтарда азаматтық бастаманың артуына жағдай жасау; үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жасау мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілерді даярлау және біліктілігін көтеру жүйесін құру; үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне тұрақты мониторинг пен зерттеулер жүргізу; Бағдарламаны орындаушылар Қалалар мен аудандардың әкімдері Қостанай облысының ішкі саясат департаменті Қостанай облысының ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы Қостанай облысының әділет басқармасы Қостанай облысы әкімиятының Мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау аймақтық орталығы Қостанай облысының ҮЕҰ қауымдастығы Бағдарламаны жүзеге асыру мерзімдері Бағдарлама 2003-2005 жылдарға арналған Бағдарламаны қаржыландыру көздері Бағдарламаны қаржыландыру облыстық бюджет, қалалар мен аудандар бюджеттері және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тиым салынбайтын басқа көздер қаражаты есебінен жүзеге асырылады Күтілетін нәтижелер Бағдарлама жүзеге асса, келесі нәтижелерге жетуге болады: мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы әріптестік қатынастардың тұрақты, әрі тиімді жүйесін әзірлеу және енгізу; елдің үкіметтік емес секторын одан әрі дамыту үшін құқықтық, әдіснамалық жағдайлар жасау; облыста азаматтық бастаманың өсуі үшін жағдайлар жасау
Тарау 2. 2. Кіріспе
2. Кіріспе Азаматтық қоғам институттарының бұдан әрі дамуы болашақта стратегиялық міндеттердің бірі болып табылады. Азаматтық қоғамның қалыптасу және даму процесі үкіметтік емес сектордың дамуынсыз жылжымайтыны мәлім. Қазіргі уақытта үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік құрылымдармен нақты ынтымақтастығы тең құқылы әріптестік қағидаттарда маңызды мәнге ие болып отыр. Қостанай облысының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың бағдарламасын (бұдан әрі - Бағдарлама) әзірлеу үкіметтік емес секторды қолдау әрі олармен өзара іс-қимылдың кешенді және мақсатты бағытталған мемлекеттік саясатын әзірлеу қажеттілігінен туындап отыр. Бағдарлама облыстың мемлекеттік органдары мен үкіметтік емес ұйымдары арасында орнықты әрі тиімді әріптестік қатынастар жүйесін құруға бағытталған.
Тарау 3. 3. Қостанай облысының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдау проблемаларының қазіргі жай-күйін талдау
3. Қостанай облысының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдау проблемаларының қазіргі жай-күйін талдау Бүгінгі таңда үкіметтік емес сектор жергілікті билікпен тең құқылық серіктік принциптерінде шынайы ынтымақтасудың маңызды мәні бар. Жергілікті билік органдарының Қостанай облысының үкіметтік емес секторымен ынтымақтастығы 2001 жылғы қаңтар айынан бүгінгі күні 55 үкіметтік емес ұйымдардан құрылатын ҮЕҰ қауымдастығы құрылған сәттен басталды. ҮЕҰ қауымдастығы қызметінің назары Қостанай облысында үшінші сектордың потенциалын күшейту және дамыту мақсатымен Каунтерпарт Консорциумімен қаржыландырылатын «Азаматтық қоғамды қолдау орталығы жобасын сапалы жүзеге асыруға және әлеуметтік серіктік шеңберінде мемлекеттік органдармен қарым-қатынасты дамытуына аударылады. Осы кезден атқарушы, уәкілетті билік пен үкіметтік емес ұйымдар (бұдан әрі - ҮЕҰ) арасындағы қарым-қатынастың және ынтымақтасудың дамуына әсер ететін маңызды іс-шаралар өткізілді: 2001 жылғы 11 шілдедегі облыстың ҮЕҰ мемлекеттік қолдау мәселесі жөніндегі көпшілік тыңдауы, 2002 жылғы қаңтардағы «Билік органдарымен және ҮЕҰ араларындағы әлеуметтік серіктіктің тетігі» атты тақырыпқа арналған облыстық конференция және семинар, 2002 жылғы ақпандағы ҮЕҰ жәрмеңке-тұсау кестіруі, 2002 жылғы ақпандағы облыс әкімиятының жанындағы атқарушы және уәкілетті биліктердің үкіметтік емес ұйымдармен қарым-қатынасының кеңесінің республикадағы алғашқылардың бірі болып құрылды. Көптеген ҮЕҰ билікпен бірлесіп қоғамның әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу үшін жұмыс жасайды: нашақорлықпен күресу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, кедейшілікпен және жұмыссыздықпен күресу, атаулы әлеуметтік көмек көрсету. Облыста ҮЕҰ көтерілген және дамыған сәттен бастап келесі бағыттар бойынша топтар құрылғанын талдау көрсетеді: спорттық, балалар мен жастар, білім беру, әлеуметтік, экономикалық, құқық қорғау, экологиялық, медициналық, әйелдер топтары. ҮЕҰ дамуының бос жері - бұл үкіметтік емес сектордың теңсіз дамуы. Облыстық әділет басқармасының мәліметтері бойынша Қостанай облысындағы тіркелген ҮЕҰ (190) жалпы есебінен көпшілігі, 92% облыс орталығында шоғырланған және барлығы 8% аудандық деңгейде орналасқан. Бұдан басқа да көптеген шешілмеген мәселелер бар: қаржыландырудың жетіспеушілігі, материалдық - техникалық базаның төмендігі; үкіметтік емес ұйымдармен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттік қызметкерлердің тәжірибесінің жоқтығы, ҮЕҰ басшыларының мемлекеттік органдармен қарым-қатынас жасау тәжірибесінің жоқтығы; ҮЕҰ лидерлері мен мүшелерінің босаң белсенділігі және кәсіби білімі; ҮЕҰ аяқталмаған заңнамалық базасы. Мәселелерді шешу үшін келесі шешу жолдары ұсынылады: ҮЕҰ лидерлері мен мүшелерін маңызды жобаларды әзірлеуге жобаны қорғауға, және қаражат тарту әдістерін қолдауға оқыту; Үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін іс-тәжірибелік семинарлар өткізу; «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы», «Қазақстан Республикасындағы үкіметтік емес ұйымдар туралы» заңдарды қабылдау.
Тарау 4. 4. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері
4. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері Бағдарламаның негізгі мақсаты азаматтық қоғамның бір бөлігі ретінде Қостанай облысының үкіметтік емес ұйымдарын тұрақты дамыту үшін жағдайлар жасау және өзара іс-қимыл мен мемлекеттік билік органдары тарапынан қолдау негізінде әлеуметтік маңызы бар проблемаларды шешудегі олардың рөлін күшейту болып табылады. Бағдарламаның негізгі міндеттері: мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдардың өзара іс-қимылы мен ынтымақтастық жасау жүйесін жетілдіру; әлеуметтік мәселелерді шешетін облыстың үкіметтік емес ұйымдарына ақпараттық, консультативтік, әдістемелік, ұйымдастыру-техникалық қолдау көрсету; облыста азаматтық бастамалардың өсуі үшін жағдайлар жасау; үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жасау мәселелері бойынша мемлекеттік қызметкерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін құру; үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне тұрақты мониторинг пен зерттеулер жүргізу.
Тарау 5. 5. Бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі бағыттары мен тетігі
5. Бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі бағыттары мен тетігі Бағдарламаны жүзеге асыру мынадай басым бағыттар бойынша: ұйымдастырушылық-құқықтық іс-шаралар; аймақта азаматтық бастамаларды дамыту; үкіметтік емес ұйымдардың қызметін ақпараттық қамтамасыз ету; үкіметтік емес ұйымдарды консультативтік және әдістемелік қолдау; үкіметтік емес ұйымдарды ұйымдастыру-техникалық қолдау; үкіметтік емес сектормен өзара іс-қимыл жасау мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру жөніндегі іс-қимылдардың жүйелілігі мен кезеңділігін көздейді. Бағдарлама Қостанай облысының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдауды іске асырудың, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың одан әрі ынтымақтастығының тиімділігін арттыруға бағытталған. Бағдарламаны іске асыру тетігі облыстың мемлекеттік органдары мен үкіметтік емес ұйымдарының бірлескен іс-қимылдарын алдын-ала қарастырып отыр.
Тарау 6. 6. Қаржыландырудың қажетті ресурстары мен көздері
6. Қаржыландырудың қажетті ресурстары мен көздері Бағдарламаны қаржыландырудың негізгі көздері болып тиісті бағдарламамен алдын-ала қарастырылған қаражат шамасында облыстық бюджет, қайырымдылық қаражаты, Бағдарлама орындаушыларының өз қаражаты белгіленген. 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламаны жүзеге асыру үшін бюджеттік қаражаттың ең аз есептік қажеттілігі 6 миллион 300 мың теңгені құрайды, оның ішінде: 2003 жылы - 300 мың теңге; 2004 жылы - 3 миллион теңге; 2005 жылы - 3 миллион теңге; 2003 жылы облыстық бюджеті қаражаты есебінен 50 мың теңге облыстың ҮЕҰ ақпараттық анықтамалығын шығаруға, 250 мың теңге облыстың үкіметтік емес ұйымдарын дамыту жөніндегі іс-шараларды өткізу үшін бөлінетін болады. 2004 жылы 2 млн.300 мың теңге - ҮЕҰ әлеуметтік маңызды жобаларына тендер өткізу үшін, 100 мың теңге - Бағдарламаны жүзеге асыру барысы туралы әлеуметтік зерттеу үшін, 510 мың теңге - облыстың ҮЕҰ қолдау жөніндегі іс-шаралар үшін, 90 мың теңге облыстың ҮЕҰ ақпараттық анықтамалығын және құқықтық құжаттар жинағын шығаруға бөлінеді. 2005 жылы 2 млн.300 мың теңге - ҮЕҰ әлеуметтік маңызды жобаларына тендер өткізу үшін, 520 мың теңге - облыстың ҮЕҰ қолдау жөніндегі іс-шаралар үшін, 50 мың теңге облыстың ҮЕҰ қызметі туралы ақпараттық анықтамалығын шығаруға, 130 мың теңге мамандарды шақырумен ҮЕҰ қызметінің мониторингін өткізу үшін бөлінеді. Бағдарламаның іс-шараларын жүзеге асыруға арналған қажетті қаражаттың көлемі тиісті жылға арналған облыстық бюджетті әзірлеу және құру кезінде анықталады.
Тарау 7. 7. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер
7. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер Қостанай облысының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың аймақтық Бағдарламасын іске асыру нәтижесінде: облыста үкіметтік емес секторды одан әрі дамыту үшін құқықтық, әдістемелік, ұйымдастыру-техникалық жағдайлар жасалады; мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес сектор арасындағы әріптестік қатынастардың тиімді жүйесі жасалады және енгізіледі; облыста азаматтық бастамалардың өсуіне жағдайлар жасалады; әлеуметтік саясаттың шешім қабылдауында ҮЕҰ қатысуын кеңейтіледі. Көрсетілгендерді, тұтастай алғанда азаматтық қоғамды дамыту мен нығайтуға, облыстың әлеуметтік және гуманитарлық әлеуетін арттыруға жәрдемдесетін болады.
Тарау 8. 8. Қостанай облысының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
8. Қостанай облысының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары Р/с № Іс-шаралар атаулары Аяқтау нысаны Орындалуына жауаптылар 1 2 3 4 Бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі ұйымдастыру-құқықтық іс-шаралар 1 Қалалардың, аудандардың әкімияттары ҮЕҰ қолдау бойынша 2003-2005 жылдарға арналған іс-шараларды әзірлесін Қалалар, аудандар әкімияттарының іс-шаралар жоспары Қалалар, аудандар әкімдері 2 Облыс әкімиятының мәжілісінде аймақтық бағдарламаны жүзеге асыру барысын жыл сайын қарау Облыстық әкімиятқа арналған ақпарат «Ішкі саясат департаменті» мемлекеттік мекемесі 3 ҮЕҰ тіркеуден өту, құқықтық нормалары бойынша құқықтық кітапшаларды шығару ҮЕҰ арналған құқықтық кітапша «Ішкі саясат департаменті» мемлекеттік мекемесі, Әділет басқармасы (келісім бойынша) 4 ҮЕҰ әлеуметтік маңызды жобаларына тендер ұйымдастыру және өткізу Облыстық әкімиятқа арналған есептер мен ақпарат «Ішкі саясат департаменті» мемлекеттік мекемесі 5 ҮЕҰ қызметінің мониторингін өткізу: үкіметтік емес сектордың даму проблемалары бойынша сараптық сауалнама; облыстағы ҮЕҰ мемлекеттік қолдаудың аймақтық бағдарламасын жүзеге асыру барысын әлеуметтік зерттеу; мамандарды шақыра отырып, ҮЕҰ қызметінің мониторингін өткізу Облыстық әкімиятқа арналған ақпарат әлеуметтік сауалнама МАҚКМ ақпарат МАҚКМ ақпарат «Ішкі саясат департаменті» мемлекеттік мекемесі, Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы (келісім бойынша) 6 ҮЕҰ мемлекеттік қолдаудың аймақтық бағдарламасын іске асыру барысы туралы МАҚКМ ақпарат беру Бағдарламаның мониторингі МАҚКМ ақпарат «Ішкі саясат департаменті» мемлекеттік мекемесі 7 Уәкілетті және атқарушы биліктің ҮЕҰ қарым- қатынасы жөніндегі кеңес туралы ережені әзірлеу Уәкілетті, атқарушы билік және ҮЕҰ қарым- қатынасының кеңесі туралы ереже «Ішкі саясат департаменті» мемлекеттік мекемесі, ҮЕҰ қауымдастығы (келісім бойынша) Аймақта азаматтық бастаманы дамыту 8 ҮЕҰ «Үкіметтік емес сектор: проблемалары және болашағы» облыстық ғылыми - іс-тәжірибелік конференциясын өткізу Облыстық әкімиятқа арналған ақпарат, қорытынды жинақты шығар «Ішкі саясат департаменті» мемлекеттік мекемесі, Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы (келісім бойынша), ҮЕҰ қауымдастығы (келісім бойынша) 9 «Қоғамдық дамудағы бизнестің әлеуметтік рөлі: корпоративтік қайырымдылық және демеушілік» облыстық ғылыми- іс-тәжірибелік конференциясын өткізу Облыстық әкімиятқа арналған ақпарат, қорытынды жинақты шығару «Ішкі саясат департаменті» мемлекеттік мекемесі, Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы (келісім бойынша), ҮЕҰ қауымдастығы (келісім бойынша) 10 ҮЕҰ бірлесіп қайырымдылық, мәдени-көпшілік, ерікті және басқа акцияларын өткізу Облыстық әкімиятқа арналған ақпарат «Ішкі саясат департаменті» мемлекеттік мекемесі, Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы (келісім бойынша), ҮЕҰ қауымдастығы (келісім бойынша) 11 Қалалық, облыстық мәслихаттары депутаттарымен ҮЕҰ дөңгелек үстелдер жұмыс тәртібіндегі кездесулерді өткізу. Депутаттарды қолдау Облыстық әкімиятқа арналған ақпарат «Ішкі саясат департаменті» мемлекеттік мекемесі, Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы (келісім бойынша), ҮЕҰ қауымдастығы (келісім бойынша) 12 Әлеуметтік маңызды проблемалар бойынша ҮЕҰ лидерлерімен тоқсан сайынғы «дөңгелек үстелдерді» өткізу Облыстық әкімиятқа арналған ақпарат «Ішкі саясат департаменті» мемлекеттік мекемесі, Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы (келісім бойынша), ҮЕҰ қауымдастығы (келісім бойынша) 13 «Ауылда азаматтық бастамалықты дамыту» облыстық ғылыми-іс- тәжірибелік конференциясын өткізу « Облыстық әкімиятқа арналған ақпарат Аудан әкімдері, «Ішкі саясат департаменті» мемлекеттік мекемесі, Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы (келісім бойынша), ҮЕҰ қауымдастығы (келісім бойынша) 14 Өзекті мәселелер бойынша облыстық конференциялар өткізу Облыстық әкімиятқа арналған ақпарат «Ішкі саясат департаменті» мемлекеттік мекемесі, Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы (келісім бойынша), ҮЕҰ қауымдастығы (келісім бойынша) 15 ҮЕҰ жобаларының жәрмеңкесін өткізу Облыстық әкімиятқа арналған ақпарат «Ішкі саясат департаменті» мемлекеттік мекемесі, Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы (келісім бойынша), ҮЕҰ қауымдастығы (келісім бойынша) 16 Облыстың қалаларында, аудандарында ҮЕҰ дамыту әлеуетін зерделеу Облыстық әкімиятқа арналған ақпарат «Ішкі саясат департаменті» мемлекеттік мекемесі, ҮЕҰ қауымдастығы (келісім бойынша) Үкіметтік емес ұйымдар қызметін ақпараттық қамтамасыз ету 17 Әлеуметтік маңызды проблемаларды шешуде ҮЕҰ жұмысының тәжірибесі бойынша ҮЕҰ қызметі туралы бұқаралық ақпараттар құралдарына үнемі рубрикалар, телебағдарламалар енгізу Облыстық әкімиятқа арналған ақпарат «Ішкі саясат департаменті» мемлекеттік мекемесі, Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы (келісім бойынша) 18 ҮЕҰ ресурстық орталығына деректерді берумен БАҚ үшін мемлекеттік тендерлердің қорытындыларын жарияла Ресурстық орталыққа ақпарат, БАҚ хабарландыру «Ішкі саясат департаменті» мемлекеттік мекемесі, Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы (келісім бойынша) 19 Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде қаржыландырылған ҮЕҰ жобаларының орындалу нәтижелерін жариялау Облыстық БАҚ ақпарат «Ішкі саясат департаменті» мемлекеттік мекемесі, Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы (келісім бойынша) 20 Облыстың ҮЕҰ ақпараттық анықтамалығын шығару Ақпараттық анықтамалық «Ішкі саясат департаменті» мемлекеттік мекемесі, Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы (келісім бойынша), ҮЕҰ қауымдастығы (келісім бойынша) 21 Облыстық веб-сайтына ҮЕҰ жөнінде ақпараттар шығару Веб-сайтқа арналған ақпарат «Ішкі саясат департаменті» мемлекеттік мекемесі, ҮЕҰ қауымдастығы (келісім бойынша) Үкіметтік емес ұйымдарды консультативтік және әдістемелік қолдау 22 Әр түрлі ҮЕҰ қалауы бар мүшелері үшін азаматтық қоғамының қолдау орталығында интернет тренингін өткіз Облыстық әкімиятқа арналған ақпарат «Ішкі саясат департаменті» мемлекеттік мекемесі, ҮЕҰ қауымдастығы (келісім бойынша) 23 ҮЕҰ ұйымдық дамыту бойынша тренингін өткізу Облыстық әкімиятқа арналған ақпарат «Ішкі саясат департаменті» мемлекеттік мекемесі, ҮЕҰ қауымдастығы (келісім бойынша) 24 Облыстың ҮЕҰ мәліметтер базасын құру және толықтыру Облыстық әкімиятқа арналған ақпарат «Ішкі саясат департаменті» мемлекеттік мекемесі, ҮЕҰ қауымдастығы (келісім бойынша) 25 Облыста үкіметтік емес ұйымдардың активімен жұмысы бойынша оқыту семинарларын әзірлеу және өткізу Облыстық әкімиятқа арналған ақпарат «Ішкі саясат департаменті» мемлекеттік мекемесі, ҮЕҰ қауымдастығы (келісім бойынша) Үкіметтік емес ұйымдарды ұйымдастыру-техникалық қолдау 26 ҮЕҰ ресурстық орталығын құру Облыстық әкімиятқа арналған ақпарат «Ішкі саясат департаменті» мемлекеттік мекемесі, ҮЕҰ қауымдастығы (келісім бойынша) Үкіметтік емес сектормен қарым-қатынас мәселесі жөніндегі мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін даярлау және арттыру 27 Үкіметтік емес сектормен қарым-қатынас мәселелері жөнінде мемлекеттік қызметкерлер үшін семинарлар ұйымдастыру және өткізу Облыстық әкімиятқа арналған ақпарат «Мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау аймақтық орталығы» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) таблицаның жалғасы Р/с N Орындау мерзімі Болжамды шығыстар (млн. теңге) Қаржыландыру көздері 1 5 6 7 Бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі ұйымдастыру-құқықтық іс-шаралар 1 2003 жыл 3 тоқсан Қаражат тартусыз - 2 2003-2005 жылдар маусым, желтоқсан айлары Қаражат тартусыз - 3 2004 жыл 1 тоқсан 40 мың теңге Облыстық бюджет қаражаты есебінен 4 2004 жыл 2 тоқсан 2005 жыл 2 тоқсан 2 млн.300 мың теңге 2 млн.300 мың теңге Облыстық бюджет қаражаты есебінен 5 2003 жыл 4 тоқсан 2004 жыл 4 тоқсан 2005 жыл 3 тоқсан Қаражат тартусыз 100 мың теңге 130 тыс.теңге - Облыстық бюджет қаражаты есебінен Облыстық бюджет қаражаты есебінен 6 2003, 2004, 2005 жылдар қаңтар Қаражат тартусыз - 7 2003 жыл 2 тоқсан Қаражат тартусыз - Аймақта азаматтық бастаманы дамыту 8 2003 жыл 3 тоқсан 100 мың теңге Облыстық бюджет қаражаты есебінен 9 2003 жыл 70 мың теңге Облыстық бюджет қаражаты есебінен 10 2003, 2004, 2005 жылдар Бюджеттік қаражатты тартусыз Қайырымдылықтан түскен қаражат есебінен 11 2003 жыл 4 тоқсан 2004 жыл 2,3 тоқсан 2005 жыл 1,3 тоқсан 10 мың теңге 20 мың теңге 30 мың теңге Облыстық бюджет қаражаты есебінен 12 2003 жыл 2004 жыл 2005 жыл 30 мың теңге 80 мың теңге 80 мың теңге Облыстық бюджет қаражаты есебінен 13 2004 жыл 1 тоқсан 100 мың теңге Облыстық бюджет қаражаты есебінен 14 2005 жыл 1,3 тоқсан 170 мың теңге Облыстық бюджет қаражаты есебінен 15 2004 жыл 1 тоқсан 120 мың теңге Облыстық бюджет қаражаты есебінен 16 2003, 2004, 2005 жылдар Бюджеттік қаражатты тартусыз - Үкіметтік емес ұйымдар қызметін ақпараттық қамтамасыз ету 17 2003, 2004, 2005 жылдар Мемлекеттік ақпараттық саясатты өткізуге арналған қаражат шамасында - 18 2003, 2004, 2005 жылдар Мемлекеттік ақпараттық саясатты өткізуге арналған қаражат шамасында - 19 2003, 2004, 2005 жылдар Мемлекеттік ақпараттық саясатты өткізуге арналған қаражат шамасында - 20 2003 жыл 3 тоқсан 2004 жыл 3 тоқсан 2005 жыл 3 тоқсан 50 мың теңге 50 мың теңге 50 мың теңге Облыстық бюджет қаражаты есебінен 21 2003, 2004, 2005 жылдар Бюджеттік қаражатты тартусыз - Үкіметтік емес ұйымдарды консультативтік және әдістемелік қолдау 22 2004 жыл 3 тоқсан 2005 жыл 2,3 тоқсан 20 мың теңге 40 мың теңге Облыстық бюджет қаражаты есебінен 23 2004 жыл 2,3 тоқсан 2005 жыл 1,3 тоқсан 85 мың теңге 100 мың теңге Облыстық бюджет қаражаты есебінен 24 2003, 2004, 2005 жылдар Қаражат тартусыз - 25 2003 жыл 4 тоқсан 2004 жыл 2,4 тоқсан 2005 жыл 2,4 тоқсан 40 мың теңге 85 мың теңге 100 мың теңге Облыстық бюджет қаражаты есебінен Үкіметтік емес ұйымдарды ұйымдастыру-техникалық қолдау 26 2003 жыл 3 тоқсан Бюджеттік қаражатты тартусыз - Үкіметтік емес сектормен қарым-қатынас мәселесі жөніндегі мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін даярлау және арттыру 27 2003 жыл 3 тоқсан 2004 жыл 2 тоқсан Бөлінетін бюджеттік қаражат шамасында Облыстық бюджет қаражаты есебінен
Тарау 9. 9. Қабылданған қысқартулар
9. Қабылданған қысқартулар МАҚКМ - мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі ҮЕҰ - үкіметтік емес ұйымдары млн. - миллион